Accessibility links

Астана Ілияс Храпуновты Интерпол арқылы іздетіп жатыр


Ілияс Храпуновқа іздеу жариялаған ақпарат Интерпол сайтында тұр.
Ілияс Храпуновқа іздеу жариялаған ақпарат Интерпол сайтында тұр.

Қазақстан үкіметі бұрынғы шенеунік Виктор Храпуновтың ұлы әрі оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязовтың күйеу баласы Ілияс Храпуновқа Интерпол арқылы іздеу жариялады.

Ілияс Храпуновқа іздеу жариялаған ақпарат Интерпол сайтында тұр. Қазақстан үкіметі Швейцариядағы 30 жастағы кәсіпкерге ұйымдасқан қылмыстық топ құрды және басқарды, қаржыны және заңсыз жолмен келген мүлікті заңдастырды деген айып таққан.

Ілияс Храпуновтың ата-анасына – Алматы қаласының бұрынғы әкімі Виктор Храпунов пен бизнесмен Лейла Храпуноваға да Қазақстан тарапынан іздеу жарияланған. Қазақстанның қаржы полиция Виктор Храпуновқа арасында қызмет бабын асыра пайдаланды деген де айып бар ауыр жемқорлық айыптарын тағады. Ал Лейла Храпунованы ірі көлемдегі алаяқтық жасаған деп айыптайды. Алматы билігі бұрынғы әкімін АҚШ-тың Калифорния штаты сотына беріп, оны 300 миллион доллар жымқырды деп айыптағанын мамыр айында қазақстандық ақпарат агенттіктері хабарлады.

Виктор және Лейла Храпуновтар 2007 жылы Швейцария астанасы Женеваға көшіп кетіп, сонда тұрып жатыр. Кеткеннен соң бірер жылдан кейін Қазақстан оларға жемқорлық айыбын таққан ақпараттық кампания ұйымдастырған. Виктор Храпунов Алматы қаласы әкімі, кейін төтенше жағдайлар министрі болған.

Азаттық Ілияс Храпуновтан не оның ата-анасынан жедел жауап ала

Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі.
Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі.

алмады, электронды хатымызға әзірше жауап бермеді.

2011 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты ашық сынаған Виктор Храпунов өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарып, оларды негізсіз және саяси мәні бар деп атады. Биыл Еуропада оның «Айыптаймын. Нұрсұлтан Назарбаевтың диктатурасы туралы» деген кітабы жарияланды. Ол отбасының қуғын көргені жайлы тарауда ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев билігінің жалғыз ықпалды қарсыласы Мұхтар Әбляовпен туыстығы үшін баласы Ілиясқа Қазақстан билігі наразы екенін жазған.

Ілияс Храпунов 2007 жылы қазір Францияда қамауда жатқан оппозицияшыл саясаткер және бұрынғы банкир Мұхтар Әбляовтың қызы Мәдина Әблязоваға үйленген. Астана Мұхтар Әбляов 2009 жылғы ақпанға дейін басқарған БТА банкін национализациялап, Англияға саяси эмиграцияға кеткен оған қаржылық алаяқтық жайлы айып таққан.

XS
SM
MD
LG