Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 02:41

АЙМАҚ ХАБАРЛАРЫ

Қарағандыда тілдерді дамыту басқармасының бастығы зерттеу кітабын шығарып тергеуге қалды

Облыстық тілдерді дамыту басқармасының жұмыс аясы тағы да тексеріс нысанасына айналды. Прокуратура басқармадағы күдікті жемқорлық бойынша тергеу амалдарын жүргізіп жатса, басқарма бастығы Бақытқали Мұсабеков адвокатымен бірге өзінің ақтығын дәлелдеуге күш салатынын айтады.

Бақытқали Мұсабеков, Қарағанды облыстық тілдерді дамыту басқармасының бастығы. Қарағанды, 16 ақпан 2010 жыл.
x
Бақытқали Мұсабеков, Қарағанды облыстық тілдерді дамыту басқармасының бастығы. Қарағанды, 16 ақпан 2010 жыл.
Мәтін көлемі - +

2009 жылдың тамыз айында Қарағанды прокуратурасы облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма жұмысына тексерістер жүргізіп, ондағы тендерді бөлудегі заңсыздықтарды тапқан еді. Осы тексеріс нәтижесі бойынша басқарма басшылығы мен 3 лауазымды қызметкер облыс әкімінің қатаң сөгісін алған болатын. Ол турасында Азаттық сайтында жазылған болатын.

 

Араға 2-3 ай уақыт салып, өткен жылдың желтоқсан айында облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма бастығы Бақытқали Мұсабековтың үстінен «қызметтік лауазымын асыра пайдаланды» деген айыппен ҚР қылмыстық кодекстің 307 бабының 2 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды.

 

-Мұсабеков мырза ономастика саласындағы атқарылған зерттеу жұмыстарын қабылдап, құжаттарға заңсыз қол қойған. Ал негізінде кітап боп басылып шыққан ол еңбектің ономастика саласына еш қатысы жоқ деп санаймыз,- дейді Қарағанды облысы прокуратурасының басқарма прокуроры Руслан Нұрғалиев.

 
Ал осы жылдың қаңтар айында жергілікті басылымның бірінде өз аты-жөнін Әділ Шындықов деп көрсеткен азаматтың Қазақстанның үкімет басшысына жолданып, жергілікті билікке «назарға алыңыздар» деп бағытталған ашық хаты жарияланған. Ол хатта Бақытқали Мұсабековтың жергілікті билік пен құзырлы орындар прокуратура мен қаржы полициясынан көріп отырған қысымы жайлы айтылған.  


- Ол хат бізге де бас прокуратура арқылы жетті. Анонимді түрде жолданған хат болғандықтан бұл хатқа байланысты біз еш шара қолдана алмаймыз. Ондағы жазылғандарды дәлелдейтіндей дерек- дәйектер жоқ және оның бәрі жалған,- деп кесіп айтты облыстық прокуратураның басқарма прокуроры Руслан Нұрғалиев.

 

Ал облыстың тілдерді дамыту жөніндегі басқарма бастығы Бақытқали Мұсабеков ҚР премьер-министріне жолданған хат бір жағынан оны ақтап жазылғандай болғанымен, одан келіп жатқан пайдадан зиянның көптігін тілге тиек етті. Мұсабеков ондай хатты жазған адамның кім екенін өзі білмейтінін айтады. Себебі, бұл хаттан кейін тексеріс те, тергеуші де көбейді дейді ол. Тіпті қаржылық бақылау басқармасының өзі, 2008 жылы тендер өткізудің өздері бекітіп берген ережесінен танып, басқарма жұмысынан түрлі "былықтарды тауып" жатқанын әңгімелеген Мұсабеков ондай хатты жазған адамның кім екенін өзі білмейтінін айтады.

 

-Мысалы тендер өткізудің ережелерін өздері бекітіп берген. Содан ауытқымай 2 жыл бойы жұмыс жасап келе жатырмыз ғой. 2 жыл бойына неше тексерістер жүрді. Барлығы жақсы боп келді де, осы даудың шеті басталғалы бері бұлардан да түрлі сәйкес келмеушіліктер шыға бастады,- дейді Бақытқали Мұсабеков.

 

Бақытқали Мұсабековтың айтуынша, ономастика саласына қатысы жоқ деп отырған еңбек нағыз сол ономастиканың бастау алатын жерін қамтыған ғылыми еңбек болып саналады екен.

 

- Кітаптың аты «Қазақ тілінде іс жүргізудің орталық комиссиясының 1923-1925 жылдардағы қызметі» деп аталады. Демек, бұл еңбекте  біз тарихи құжаттарды көтеріп, зерттеуді мақсат етіп қойған едік. Сол арқылы тарихи жер атауларына сүйене отырып, жалқы есімдердің түпкі мағыналарын зерттеуді көздедік,- дейді Бақытқали Мұсабеков. 

 

Ал прокуратура өкілдері ономастика саласына деп қыруар қаражат бөлінудің арқасында жарық көрген бұл еңбек сараптамаға жіберілді  дейді.

 

-Қазақ тілінің мәртебесін көтеруде облыста қыруар іс-шаралар атқарылып жатыр. Өңірімізде «Сарыарқа» оқыту-әдістемелік орталығы жұмыс істейді. Республикалық байқау қорытындысы бойынша жүлделі орынды иеленіп жүрміз.Жұмысымыз әрқашанда ашық түрде өтеді. Семинарлар мен түрлі байқауларды өткізуде біздің басқармамыз үлгі боларлық, тілді дамытуға байланысты түрлі зерттеу жұмыстарын жүргізуден де талмай келеміз,- деп Бақытқали Мұсабеков басқармада атқарылып жатқан істерді тізбеледі.

 

Прокуратура өкілдері тергеу жұмыстарының қызу қарқында жүріп жатқанын айтса, Бақытқали Мұсабеков қорғаушы көмегіне жүгініп, өзінің ақтығын дәлелдеуге барлық күш жігерімді саламын деп отыр.   




CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Мұстақым
18.02.2010 18:26
+0 / -0
Бұл Бақытқали Мұсабеков деген бір жылмиған қу шал. Қолынан түк келмейтін, Абайша айтсақ : "ауызбен орақ орған өңшең қырттың" бірі. Ақашаны тонаса тонаған шығар, ол жағын нақты білмедім, бірақ анау орыстанып кеткен Қарағандыда тілді дамыту үшін дым істеген жоқ. Сен тимесең, мен тиме бадырақ көздің нағыз өзі. Ономастика саласында пара алып қол қойыпты дейді, пәле. Ана бір жылы Қарағандының мықты жігіттері, Мәдиге, Әлейхан Бөкейханұлына, көше атын береміз деген бұл мысттанның жебрейлерге тісі батпай қалған деп бөсті ғой біздің газеттер. Сөйтсек пара дәм етіп жүр екен ғой. Оны білгенде елден жылу жинасақта осының аузына бірдеңе тығар едік қой, әлгі ата бабамызға жөні түзу көшенің атын беру үшін де.

Кімнен: Мұхтар Қайдан: Қарағанды
18.02.2010 18:53
+0 / -0
Қазақстан билігінің ең меңгерген өнерлерінің бірі пәле жабу өнері. Егер Қазақ тілі туралы айта бастасаң, қақсана бастасаң, немесе тарихи шындықтарды аша бастасаң, онда қалтаңа есірткі салып жіберуден, пара жеп жатыр деп пәле жабудан жалтармайды олар. Мұндағы әңгіме парада емес мемлекеттік тілді қалай амалын тауып басып-жаншуда.

Кімнен: Әлім төре Қайдан: Аөқтөбе
19.02.2010 16:56
+0 / -0
Мұхтардікі жөн. Қазақ тілін көгертем деп бірдеңе істеуге талпынсаң болды, сенен жаман адам жоқ. Алдымен біздегі қалыптасқан халықтар достығына сызат түсіресің, сосын өзге халықтың құқын аяққа басасың, ал ең бастысы--орыстанып кеткен билік басындағы санасыздардың ата жауына айналасың.Сосын сені құртуға прокуроры бар, басқасы бар аттандап шыға келеді. Өзгесін былай қойғанда анау ана тіліміз үшін шыбын жанын шүберекке түйіп жүрген Шахановқа не істемеді. Ешбір газетке жолатпады, жүрек талмасына ұшырағанда ешкім де көмектеспеді, тіпті "ойбай Шаханов билікпен ауыз жаласыпты" деп қып-қызыл өсек таратып, мәз болып жатыр.Оның қасында Қарағандыдағы тіл басқармасының бастығы деген не тәйірі. Ертең-ақ соттап жібереді. Мұны өзгелер байқап жүрсін деп әдейі істейді.Анау бір кездері Тіл комитетін басқарған адал азамат Ерден Қажыбекке қанша жала жабылды десеңізші. Қайда сол айқай-шу? Қазір бәрі тып-тыныш. Өйткені Ерден амалсыз шетелге қашып кетті. Енді міне құда да тыныш, құдағи да тыныш.Бұл енді біздің биліктің қазіргі тіл саясатының басты бағыты,құйтырқы, армза әдісі.

Кімнен: Иман Қазақ Қайдан: Қарағанды
20.02.2010 13:08
+0 / -0
Бұл Мұсабеков дегенді соттап, түрмеге тығу керек. Істеп жүрген былықтарын Қарағандыда жүрген соң, тікелей білеміз. Басқармаға бас сұқсаңыз, ашына әйелдері қаптаған. Өзі жұмысқа алған барлығын. Бәрі дерлік сауатсыз. Талай байқау ұйымдастырды. Ол байқау, оқулар деген тәрізді шараларға жарты миллион теңгеге дейін қаражат бөлінеді. Жүлдегерлерге алынған сыйлықтары, қазыларға, өзге ұйымдастыру шараларына тең жартысы ғана жұмсалады. Қалған ақшаны қалтасына басып келеді. Туған тіліне жаны ашымай, басқарманы сауын сиыр ретінде пайдаланып отыр... Мұхтар мен Әлім төре Қарағандыға келіп, көріңіздер: Ресейдің провинциялық қаласына еніп кеткендей боласыздар. Ал, мақалада аты аталған Әділ деген соның өзі ғой. Мен жеке өз басым, аталмыш басқармада қызмет істейтіндердің бәрін танимын. Бақытқалидың да былжырақ әңгімесін талай естігенбіз. Әй, оңбайды-ау...

Кімнен: Анахарсис Қайдан: Ертіс-Еділ
20.02.2010 17:49
+0 / -0
Әр обылыстағы тілдерді дамыту басқармасының не істеп-не қойып жатқаны неге ашық жазылмайды. Кейбіреулері ғана болмаса. Тек Қарағанды ғана емес, басқа обылыстардағы біреу тойға айналғанда біреу қойға айналыпты демекші, тілді желеу етіп бизнес жасап жүргендердің жолын кесу керек және әр обылыстың сондай басқармаларын кім басқарып отырғанын, оның тіл туралы, қазақ тілі жөнінде нендей ұлттық еңбегі бар екенін уақ-уақ жариялап тұратын кез келді емес пе!
Сосын Тілдерді дамыту басқармасы деген сөз дұрыс емес. Шаласауаттар ғана осындай ат ойлап табады немесе мұның астарында әлсіздік тұр. Қалай олар тілді "дамыта" алсын. Олардың міндеті жалпыластыру, үгіттеу, тарһату ғой. ОНы Мемлекеттік тіл басқармасы, немесе Қазақ тілін жалпыластыру орталығы деп өзгерткен жөн.

Кімнен: Әділгүл Қайдан: Қарағанды
23.02.2010 18:34
+0 / -0
Мұсабековті сотқа беру керек, ол жемқоршы. Тілдің жанашыры тек сөзде, ісі болса - ақшаны жеу.

Кімнен: Нағыз Қазақ Қайдан: Қарағанды
25.02.2010 10:39
+0 / -0
мен Мұсабековтің "Орталық Комиссияның 1923-1925 жылдардағы жұмыс" атты кітабын көргем. Кітаптың ешқандай кұндылығы жоқ, кітапты жазған автор өзігің туысқаны Ж.Сәдуақасовтың қызметі туралы жазған. Осы кітапқа 1,5 млн.теңге жұмсалды, бірақ "ғылыми еңбек" тарих факультеті студентінің курс жұмысы тәрізді, сапасы төмен, мазмұны ашылмаған... Кітаптың өзіндік құны 400 мың теңге дейді сарапшылар, қалған ақшаның қайда кеткенін ешкім білмейді. Ал Орталық Қазақстан ономастикасы туралы жинақ жазылмай, шығарылмай қалды.

Кімнен: Арыстан
25.02.2010 15:39
+0 / -0
ееееййййй....қазағым-қазағым...бұл Мұсабеков бір дөкөйдің жолын кесті немесе сол дөкеймен бөлісе алмады-ау шамасы...әйтпесе Қарағандының әкімінен бастап прокуроры болсын, финполы болсын біреуіде қазақша білмейді ғой....Бірақ бар ғой Қарағандыда ЛЕНИН атаның ескерткіші әлі тұр...ХА-ХА-ХА....тура қаланың ортасында...Ленин тұрғанда тіл қалай дамысын...міні гәп қайда ...ел егемендігін алғаннан бері Қарағандыға әкім болған қазақтар:
М.Есенбаев, К.Мұхамеджанов,Н.Нығматулин, қала әкімі болған Ш.Оразалиновтер сол ескерткішті ала алмады ғой...Енді Ахметов не істейді екен?

Кімнен: Ақиқаттанушы
26.02.2010 10:01
+0 / -0
Мұсабеков Шындық Әділов атынан ҚР Премьер-министрінің атына жазылған анонимдік хатты өзі жазды. Сол хатта өзін ақтап, адалмын және тазамын деп, ал прокуратураның, қаржы полицияның, қаржы бақылаудың қызметкерлерін жамандап, олар маған қысым жасап жатыр деп жазған.

Кімнен: Әділораз Қайдан: Қарағанды
26.02.2010 12:04
+0 / -0
Шынымен, біз осы біреу жығалса жығылған үстіне жұдырық жұмсауға даярмыз. Ал, сол адамның мінін дер кезінде айта алмаймыз. Қалай дегенмен де бұл жерде Мұсебеков біреудің нысанасына іліккені аян. Ылайым ұлттық тіліміздің абыройы үшін Мұсабеков жеңіп шықса жақсы болар еді. Сона қазақ ұлтының қайсарлығын танытар едік шұбар тілді қандастарымызға!

Кімнен: Қазақ Қайдан: Қарағанды
01.03.2010 09:58
+0 / -0
Еее, Мұсабековтың отырған орны біреуге керек болған ғой... Сорлы қазағым, осындай қазақ тілінің жаны ашитындарды өзіміз батырып, ұрып-соғамыз ғой... Алланың көзі түзу болсын... Пәле жапқыштар, пәле жапқыштардың ұрпағыда оңбайды...

Кімнен: Біртуар Қайдан: Кең дала
09.03.2010 11:33
+0 / -0
Қазақ тілінің жағдайы қашан жақсартылады, егер Мұсабековтер сияқты оны ақшаға ие болудың қайнар көзіне айналдырса.Тілдер басқармасының іс-шараларын өткізгенде Мұсабековтың ұлы бейнетаспаға түсіріп жүрді, келіні синтезаторда музыкаға сүйемелдеді, "Мери Кей"-мен айналасатын қызы осы косметикалық фирманың өнімдерінен приздарды әзірледі. Бөлінген ақша бәрі бір қалтаға кетті

Кімнен: Тіл маманы Қайдан: Серіктес қаладан
18.03.2010 16:38
+0 / -0
2005 жылы мен Мусбековтың басқармасына жұмысқа орналасқам. Жұмысқа орналасу үшін соғым бердім. Өкінішке орай, бір жылдан кейін мені жұмыстан шығарып тастады, бірақ соғымның ақшасын қайтарып берген жоқ.

Кімнен: Айдос Қайдан: Ай дала
18.03.2010 17:29
+0 / -0
Бір кезде менің жолдасым басқарма бастығы Мұсабековтың жүргізушісі болған. Әйелін жұмысқа апарады, жұмыстан үйге алып келеді, немесе дәріханаға апарады, қызын дүкенге апарады, немерелерін ата мен әжесіне әкеледі. Сүйтіп күн өтеді, бастық отбасының жеке тасымалдаушысы болып жүретін