Жексенбі, 20 сәуір 2014, Алматы 19:22


ӘЛЕУМЕТ / Ереуілдер

Мұнайшылар белсендісі Наталья Соколова алты жылға сотталды

Тамыздың 8-і күні Ақтау қалалық №1 сот «Қаражанбасмұнай» компаниясы мұнайшыларының белсендісі, кәсіподақ заңгері Наталья Соколованы «әлеуметтік жанжал тудырды» деген айыппен соттады.

Наталья Соколова сот залында. Ақтау қаласы, 28 шілде 2011 жыл.
Наталья Соколова сот залында. Ақтау қаласы, 28 шілде 2011 жыл.

Мультимедиа

Дыбыс
Мәтін көлемі - +

Үкімді оқыған судья Гүлмаржан Әділ-Сұлтани Соколованың  6 жылға бас  бостандығынан айырылғанын мәлімдеді. Наталья Соколова жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейтін болады.

– Наталья Соколоваға бұдан бөлек 3 жылға дейін заңгерлік қызметпен айналысуға, қоғамдық жұмыстарға қатысуға да тыйым салынды, – деп хабарлайды сотқа қатысқан мұнайшылардың бірі. 

ЕКІ АЙЫППҰЛ, БІР ҚАМАҚ

Маңғыстау өңіріндегі мамыр айынан бері ереуілдеп жатқан мұнайшылар кәсіподағының заңгері Наталья Соколова «әлеуметтік жанжал тудырды» деген айыппен қылмыстық іске іліккенше үш рет әкімшілік жауапқа тартылған еді.

Оған 23 мамыр күні «17 мамырда рұқсатсыз митинг өткізгені үшін» 22 680 теңге айып салынған. 24 мамыр күні тағы да «21 мамырда рұқсатсыз
Маңғыстау мұнайшыларының наразылығы. 2011 жылдың мамыры. (Сурет Ольга Ярославскаянікі)

жиын өткізді» деген айыппен 30 240 теңге айып төлеуге үкім шығарылған.

Наталья Соколованы 25 мамыр күні Маңғыстау облысы ішкі істер департаменті жанында «рұқсатсыз қарсылық акциясын өткізгені үшін» 8 тәулікке қамаған.

Ол маусымның 1-інде босатылуы тиіс еді. Алайда кейін «Қаражанбасмұнай» компаниясының басшысы Юань Мудың арызы негізінде Наталья Соколоваға қылмыстық кодекстің 164-бабына сәйкес «әлеуметтік жанжал тудырды» деген басқа айып тағылды.

Маусымның 10-да қалалық сот Соколованы екі айға қамау туралы шешім шығарды.

АДВОКАТ

Наталья Соколова қамауда отырған кезде күйеуі Василий Чепурной әйелін сотта қорғамақ болған адвокат Марина Капланмен келісім-шартты бұзғанын айтқан.

– Марина Капланның жұмысына көңілім толмады. Қазіргі кезде адвокат жоқ. Бұл тергеу қызметінің міндеті болғанмен, мұны істеуге олардың
Наталья Соколованың жолдасы Василий Чепурной. Алматы, 30 мамыр 2011 жыл.

құлқы жоқ, – деген еді Василий Чепурной маусымның 23-і күні Азаттық тілшісіне.

Ол Наталья Соколованың құқын сотта қорғайтын адвокат іздестіріп жатқанын, бірақ әлі таппағанын айтқан. Оның пікірінше, бұл іспен айналысқысы келетін адвокаттар табылғанмен, оларға қысым жасалуы мүмкін. Сөйтіп мұнайшылар кәсіподағының заңгері адвокатсыз қалған.

«Қазақстанның социалистік қарсылығы» қозғалысының айтуынша, Наталья Соколованы мемлекет берген адвокат қорғауға кіріскен.

ҚЫСЫМ

Наталья Соколованың күйеуі Василий Чепурной 23 маусымда берген сұқбатында мамыр айының соңында қамалған әйелін одан кейін бірде-бір рет көрмегенін айтқан еді. Тіпті телефон арқылы да сөйлесуге мүмкіндік берілмеген. Ол әйеліне қатысты соңғы жаңалықтарды тек жұрттан естіп-білген.

– Жағдайы қалыпты екенін тек сыбыстардан ғана естіп-білем. Естуімше, ол мамырдың 24-і күні бастаған аштықты әрі қарай жалғастырып жатыр. Тек су мен шай ғана ішеді. Қазір денсаулығы сыр бергеннен кейін кейін таңертеңгі асын аздап ішіп жүр, – деген еді Василий Чепурной.

Оның айтуынша, Наталья мен оның жақындарына қоқан-лоққы көрсетілген.

Сұхбаттасымыздың сөзіне қарағанда, полиция өкілдері Натальяны «кінәсін» мойындатқызуға тырысқан. «Бейнекамераға өзінің қателігін мойындайтынын, оған өкінетінін, қойған талаптарының заңсыз екенін айтқызуға тырысқан. Бірақ Наталья одан бас тартқан» деген болатын қамаудағы заңгердің күйеуі.

Василий Чепурной үйінде өзі жоқ кезде белгісіз адамдардың есікті бұзып кірмек болғанын айтқан:

– Терезелерге темір тор орнатылған. Темір есіктің екі құлпын бекіткенім қандай жақсы болған. Жоғарғы жағын ашып, төменгісін ашуға ақылы жетпегенге ұқсайды. Бірақ оны дәлелдеу қиын. Себебі есік ашылмаған.

Біз осы жайттарға байланысты Маңғыстау облыстық ішкі істер департаментіне хабарласқанымызбен еш жауап ала алмағанбыз.

ЕРЕУІЛШІЛЕР ЗАҢГЕРІНІҢ СОТЫ

Наталья Соколованың соты 28 шілдеде басталып, жабық түрде өтті. Сотқа туыстары мен таныстары кіргізілген жоқ, тек адвокаты ғана қатысты.

Наталья Соколова сот барысында өзіне тағылған айыпты мойындамады. «Арбитражға қатысу, айлықты салыстыру және коэффициентті талқыға салу, кәсіподақ жиналыстарын өткізу – жұмысшылардың заңды
"Қазмұнайгаз" компаниясының Астанадағы ғимараты. (Көрнекі сурет)

құқықтары, кәдімгі нәрселер» деген еді мұнайшылар кәсіподағының заңгері.

Ал «ҚазМұнайГаз» барлау өндіру» компаниясы Азаттық радиосына берген жауабында Наталья Соколованы «Қаражанбасмұнай»  және «Өзенмұнайгаз» кен орындарында мамырдан бері жалғасып жатқан ереуілдердің ұйымдастырушысы, арандатушы деп атаған.

«Қаражанбасмұнай» компаниясындағы ереуіл 17 мамырда, «Өзенмұнайгаздағы» ереуіл 26 мамырда басталған. Сот 20 және 27 мамыр күндері бұл ереуілдерді заңсыз деп тапты.

Ереуілшілер жалақыны көбейтуді, қосымша өтемақы төлеуді талап етіп тұр. Олардың тағы бір талаптары - кәсіподақ заңгері Наталья Соколованы босату болатын.

Қарсылық акциясы басталғалы жүздеген адам (соңғы дерек бойынша, 416 жұмысшы) жұмыстан шығарылды. Мұнай компаниясы басшылығы босаған орындарға мыңдаған адамнан өтініш түскенін мәлімдеді.

Маңғыстау облысының Бозащы түбегіндегі мұнай кенін игеріп жатқан «Қаражанбасмұнай» акционерлік қоғамы компаниясының 2007 жылғы 12 желтоқсаннан бергі  иелері – Қытайдың  CITIC (China International Trust & Investment Corp.) Group мемлекеттік инвестициялық корпорациясы мен қазақстандық «ҚазМұнайГаз» барлау өндіру» компаниясы.

Наталья Соколова бұрын «Қаражанбасмұнай» компаниясы кадр департаментінің бастығы болған.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ пікірталасты Азаттықтың Facebook-парақшасында жалғастыра аласыз: https://www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі 
Кімнен: Иілмеген қазақ Қайдан: Ақтау
08.08.2011 20:24
+0 / -0
Ағайын Гүлмаржан Әділсұлтанды есте сақтаңдар, ол "қара тізімге" енді.
Яғни, қарабет деген сөз. Ұятсыз!
Пікір алмасу

Кімнен: Ермек қажы Сұлтанұлы Қайдан: Қазығұрт
09.08.2011 00:31
+0 / -0
Иілмеген, "қара тізімің" не? Өлтірмексің бе сонда? Ол өте дұрыс шешім қабылдады, арандатушыны жою керек, ен қазаққа бүлік салып, елді соңына ертіп тұр ау, жүзіқара. Иілмей оқтау жұттыңыз ба Сіз, Соколова иемек түгілі бүктейді Сізді түрмеден шыққан соң.

Кімнен: Намысшыл
08.08.2011 20:51
+0 / -0
Жалпы, атам қазақтың өткен тарихында елдің ішіне іріткі салушыларды қатаң жазаға тартып отырған. Бірақ қазір елімізде жаһандану процесі (ұлтсыздану, мәңгүрттену, отралану) жүріп жатқанда сырттан келген әркім өз білгенін жасап , ерме халықты пайдалана отырып, өздерінің сяси ұпайын түгелдеуге, өзінің арам пиғылды дінін, т.б.с.с ұлтымызға кереғар жат тіршіліктерін жасап кетіп жатыр емес пе? мынау да сондай саяси ойынның бірі. Айналып келгенде қарапайым хаық, бір-біріне жау болып, араздасып, аршып қиналып жатыр.

Кімнен: Ақиқат бар ма? Қайдан: Ақтау
08.08.2011 20:58
+0 / -0
Соколова соталса жазасын өтеп шығар Каражамбастан жұмыстан кеткен 235 адам Өзенмунайгаздан жұмыстан кеткен 635 жұмысшы кайда барады? Алданып, арбалып, сорлап калдынау калын Адайым! Алла реттей гор бір жагдайын!

Кімнен: Адам
08.08.2011 21:21
+0 / -0
Атам қазақтың аруағының алдында ант етемін, сен Соколова мен ғана емес, менің барша тұқым-таяғым үшін Тұлғасың. Үлгісің. Өнегесің.
Пікір алмасу

Кімнен: Мурат Султангалиев Қайдан: Ақ Жайық
09.08.2011 00:25
+0 / -0
Өй, айтқыш екенсің, шырағым! Алла түзу жолға салсын Сізді. Соколовадан үлгі алсаң тұқымың түремшик болад Алһамдуллаһ, осыны ұрпағыңы тілеп отырған Сізде ес жоқ ау осы. Ел ішіне іріткі саған адамды дәріптеп. Ондай ларды мұсылманда жерлегенде де басына белгі қоймаған, осыны тілеп отырсың ба? Онда ойлағаның орындалсын Әмин!

Кімнен: Марат Қайдан: Атырау
08.08.2011 22:46
+0 / -0
Соттарды тағайындаудың нәтижесі осы. Енді қалғаны қол шоқпарға айналған соттың үкімі бойынша бас шабатын адамды тағайындау ғана қалып тұр.
Пікір алмасу

Кімнен: Арманжан Қайдан: Атырау
09.08.2011 00:34
+0 / -0
Марат, айналайын Атырауда отырып осыны түсінбейсің бе? Қайдағыны шығарасың. Жұмыссыздарға жұмыс таубудың амалы ма, әлде. Қиын жұмыс қой бас шабу оңай емес, бірақ резюме тапсырып көрейік

Кімнен: Серік Сапарғали Қайдан: Алматы
08.08.2011 23:40
+0 / -0
Жұмысшыларға жолын, жөнін көрсетіп отырған білімді келіншек нақақтан күйіп кетіп отыр...Халықтан алдына шыққандарды Елден қудалау, түрмеге отырғызу, өлтіру бұл имансыз, арсыз режимнің әдеттегі тірлігіне айналды! Тұрбаев Жақсылық марқұм да сондай қара ниеттің құрбаны деп білемін... Ұлтына емес, ісіне қараңдар, Ағайын! Натальяны да, Ақжанатты да әлі де қорғайтын мүмкіндіктер бар...

Кімнен: Боғанай Қайдан: Қазалыдан
08.08.2011 23:53
+0 / -0
Жат пиғылды Соколова сияқтылардан бойымызды аулақ ұстауымыз керек ағайын, 250-300 мың теңге еңбекақы алып отырып, қосымша ақша сұрайды. Не деген тойымсыз жандар!
60 мыңмен бала-шағамызды асырап отырған бізде шығайық онда, ереуілге. Қазақта "шүкіршілік" деген жақсы сөз бар, осыны ұмытайын деген екен!
Пікір алмасу

Кімнен: Айгүл Қайдан: Атырау
20.08.2011 14:20
+0 / -0
Мұнайды қазып әрі иіскеп көр Сосын айтарсын жалақы туралы! Қазмұнайгаздың басшыларына соны кору керек! Көрерміз сонда жалақы туралы қалай сайрағанын!

Кімнен: Ерболат Қайдан: Орал
08.08.2011 23:54
+0 / -0
"Ағайын Гүлмаржан Әділсұлтанды есте сақтаңдар, ол "қара тізімге" енді.
Яғни, қарабет деген сөз. Ұятсыз! " - қайтсін байғұс, күнкөру оңай ма?, Арсыздарға

Кімнен: Болат
08.08.2011 23:55
+0 / -0
Май айына бери Каражанбасмунайда 416, Озенмунайгазда шамемен 400 адам жумыстан шыгарылды.

Кімнен: Kunanoris Қайдан: Adai
09.08.2011 00:22
+0 / -0
Бір жағына шығайық ағайындар!!!! Мал болып жургеннен еш пайда болмады гой!!! Бұлармен тек қана таяқпен сөйлесу керек!!!

Кімнен: Казмұнай Қайдан: КЗ
09.08.2011 07:27
+0 / -0
Ресей Қазақстанның мұнай саласындағы Қытайдың ықпалын әлсірету үшін түрлі саяси айла-шарғыларды жүзеге асыруда. Ал Н. Соколова сол бағыттағы тапсырысты орындаушы. Енді ресейлік және қазақстандық орыстілді БАҚ аталған қылмыстық іс бойынша шу көтеріп, мәселені тіпті шиеленістіруге тиісті.

Кімнен: мен
09.08.2011 09:15
+0 / -0
Бос сөз неге қажет, білмегендерге түсіндіріп көрейін, егер биліктің
шуылдақтары болмасаңдар. Былтыр март айындағы ереуілде кем
кеткен, алданған, шикі тұстары көп екенін жалпы ішіміз сезетін, бірақ
дөп басып айта алмадық қалай алданғанымызды. Осы келіншек
олқылықтарын шұқып көрсеткен, бірақ обалы некерек көтеріліс, заң
бұзушылыққа үгіттеген жоқ. Құзырлы 4 орынға хат жолданды, қайсы
тұстан қайта қарап толықтырулар енгізуін талап еткен, өкінішке орай
2 ай жауап қатпады, міне ереуілге себеп болған жағдай осы, ал
басшылық заңсыз деуден бір танбай келеді, сонда қара халықтікі
қашан заңды болады. Басында айттық сол әйелді кісендеп алып кел,
өз заңгер-экономистеріңмен айтыстыр, дәлелдең заңсыздығын, соң
итжеккенге айдасаңда еркің білсін деп, жоқ ат-тондарын ала қашты,
"үрының арты- қуыс" деген осы болар, болмаса неге шошиды, бетпе
бет айтысуға, біліп отыр жеңілетіндерін, 2009ж. қаңтарынан бергі жеп қойған ақшаны қайта құсу оңайма? Құлбаев Швецария, Испания
Лондоннан сарай сатып алуы қазынаның ақшасынан, немесе Гога
деген ойнасына ғаламтор ақрылы Қазақ жерін, байлығын әлемдік
саудаға салдырып қоюы, ойнастан некесіз туған көрдемшесін Мәскеу
апарып піштіріп миллион долларға аста-төк той өткізуі заңды да, ал
біздің үкімет қаулысымен 2008ж. июньде қол қойылған жарлығын
орындауын талап етуіміз заңсыз ба, орындай алмайтыны бар неге
ондай заң шығарады, ешкім білмейді сол ақшаны өзіміз жеп отыра
береміз деген жоспар болуы керек сірә. Осындай олқылықтарды
шұқып көрсеткен адам кінәлі де, қол астындағыларды қадаламаған
Назарбаев күнәсіз бе? Біз нұротаннан шығып, ХАЛЫҚ МАЙДАНына
топтасып жатырмыз, ертең қару-жарағын арқалап Тәлібтер келсе
оғанда кіреміз, себебі біз керексіз адамбыз Назарбаевқа, сондықтан
кім оған қарсы біз соларды қолдаймыз.

Кімнен: Қазақия
09.08.2011 11:03
+0 / -0
Расымен де ерме қазақты ертіп өз дегендеріне жетуді мақсат тұтатын жандар қаншама?! Қазақтығымызды көре алмайтын, Мемлекетімізді мойындағысы келмейтін өзгелер елімізге қара жауып, жаман атқа қалдырғысы келеді. АҚШ террорлы мемлекет десе, Стинг билікке разы емес, Мерфи көп жұмыс тындырғандай жағдайды көріп баяндама деп аталатын Қазақстан туралы өсекті Еуропаға жеткізді. Бұның бәрі халқымызға, өзімізге келіп тиіп жатыр. Ешкімге ермейік ағайындар-ау!

Кімнен: Адамның баласы Қайдан: Киелі мекен
09.08.2011 11:45
+0 / -0
Әлеуметтік жанжалды бір адам туғызады ма, алде белгіленген бір жағдайларға байланысты халықтың наразылығынан әлеуметтік жанжал туады ма...?!

Кімнен: Жебе Қайдан: Талдықорған
09.08.2011 11:50
+0 / -0
Ой Аллай қаншама жансыздар қалайша қаптап шыға келеді осы!?
Соколова сотталса қазақтың жағдайын қалай жақсартамын деп сотталып отыр емес пе? Ал мына жансыздар соны әдейілеп бұрмалап жатыр оңбағандар. Биліктен қанша жалақы аласыңдар осыларың үшін?

Кімнен: Қазақ баласы
09.08.2011 13:40
+0 / -0
Ұрыс-керіс кедейшіліктен тумайды, әділетсіздіктен туады. Конфуции

Кімнен: жанузак Қайдан: орал
09.08.2011 17:46
+0 / -0
Мунайшылардын элеуметтик тендик сураган ереулнен бастап, мен казак болып туганыма окинбейтин болдым

Кімнен: Құт Айдар Қайдан: Қазақ елі
09.08.2011 18:58
+0 / -0
Сабыр деген жақсы ғой, бірақ мына арсыздар тұқым-тұянымызбен сатып жіберетін түрі бар.Сондықтан бейбіт түрдегі қарсылықтар әлбетте керек.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
10.08.2011 13:10
+0 / -0
Соколованый орнында Сансызбаева, тіпті Әлжаппаров Әбилов, Қарасаев па мейлі, кім болса да сотталуы тиіс еді.
Мәселе Соколовада емес, мәселе біздің қырсық шалған билік пен олар құрған жүйеде болып тұрған жоқ па?
Соколованы мен де суқаным сүйіп отырған жоқ.
Осы жерде оны арандатушы ретінде соттап отыр. Ал, Жаңаөзенді көзімен көрген адал, дені дұрыс кез келген адам сол Соколова болып кетер еді.
Билік пен құқық қорғау органдарының өзі қазір арандатушылықпен айнылысып отыр.

Кімнен: Расул .М.Г. Қайдан: Мангыстау
10.08.2011 22:21
+0 / -0
Адилетсиз когамнан баринде кутуге болады.Сакалова карапайым енбекшилердин кукын адил коргаймын деп ,енбек акысын корсетилген зан жузинде алып берем деп акыр тубинде коркаулардын темир торына тусти, мунымен омир токтап калмайды.Ер истеи алмаган исти истеди.
Биликте бариде озгерер,озгертуге куш салатын кандай когам болса ,соган кируге,колыма кару алуга да дайынмын.Мундай биликтен тезирек кутылгым келеди.Нагыз Казак елиннин курылганын калаймын.Бодандыктан бостандыкка шигып казирги аким каралар ,соттар мен прокурорлардын басына ангир таяк ойнатар кезди коргим келеди тезирек.
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі 

Азаттық - әлеуметтік желілерде

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

Сұрақтың фотосы

Украинадағы сепаратизм, АҚШ наразылығы және жүргізушілер ереуілі