Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 02:45

ӘЛЕУМЕТ / Ереуілдер

Ереуілші мұнайшылар «Нұр Отанға» партбилеттерін қайтарып берді

Бүгін Жаңаөзен қаласындағы «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалының мұнайшылары «Нұр Отан» партиясы қатарынан шығу жөніндегі арыздары мен партиялық билеттерін ресми түрде тапсырды.

«Нұр Отан» партиясының Астанадағы қалалық филиалының кеңсесі. (Көрнекі сурет)
Мәтін көлемі - +

Жаңаөзендік мұнайшылар билеттері мен партия қатарынан шығу туралы арыздарын Жаңаөзен қаласындағы «Нұр Отан» партиясы филиалына апарып тапсырғандарын айтады.

МҰНАЙШЫЛАР БЕРГЕН «ТӨРТ ЖАРЫМ МЫҢДАЙ АРЫЗ»

– Үш мыңға жуық арызды Жаңаөзендегі «Нұр Отан» партиясы филиалы басшысы Көшбай Қызанбаевқа апарып тапсырдық. Оған тағы бір мекемеден келіп тапсырылған мың жарымдай арыз қосылды, – деп хабарлайды «Өзенмұнайгаз» компаниясы машинисі Роза Төретаева.

Оның айтуынша арыз тапсырғандардың біразы қолда бар партия билеттерін қоса өткізген.

– Бірақ көбі партбилеттерін бере алмады. Өйткені олар оны бұған дейін жыртып тастаған еді, – дейді Роза Төретаева.

Мұнайшылар белсендісінің сөзіне сүйенсек, арыздарын тапсырған мұнайшылар «бәрі қолында бола тұра талаптарының жүзеге асырылуына
Жаңаөзен қаласындағы әкімдік ғимараты жанындағы "Тәуелсіздік" алаңына жиналған мұнайшылар және олардың отбасылары. Жаңаөзен қаласы, 10 шілде 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

септігі тимеген билікке көңілі қалғандарын» жергілікті партия басшысына тағы бір рет ескерткен.

– Бірақ Жаңаөзен қалалық «Нұр Отан» партиясы басшысы «қолымызда билік жоқ, біз тек ықпал етеміз, билік – әкімде» деп алдаусыратқысы келді. Сонда қалай – полиция, сот, әкім барлығы осы партия мүшелері емес пе? Сот отырысының барлығы бір жақты өтеді. «Осы уақытқа дейін сотқа беріп, жеңіске жеткен бірде-бір жұмысшыны көргеміз жоқ» деп шығып кеттік, – дейді Роза Төретаев.

Оның айтуынша, мұнайшылар арыздарын кеше, тамыздың 10-ынан бері өткізе бастаған. Бірақ онда арызданушылардың жұмыс орыны көрсетілмегендіктен қабылданбаған екен.

«НҰР-ОТАН» АЛҒАН 1089 АРЫЗ

Алайда Жаңаөзен қалалық «Нұр Отан» партиясы филиалының төрағасы Көшбай Қызанбаев «арызданушылардың оншалықты көп еместігін» айтады.

– Біздің санауымыз бойынша берілген арыздар саны – 1089. Партияда мүлдем жоқ адамдар да арыз жазған. Енді ережеге сай бастауыш партия ұйымдары жиналыс өткізіп, әр мүшені бір-бірлеп шақырып, шығу себебін анықтайды. Содан соң хаттамалар жасалып, ол орталық филиалға, одан әрі бюрода қаралып, шешім қабылданады, – деп мәлімдеді Көшбай Қызанбаев Азаттық тілшісіне.

Естеріңізде болса, тамыздың 8-і күні Жаңөзен қаласындағы әкімшілік маңындағы орталық алаңға топтасқан мұнайшылар «Нұр Отан»
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзі басқаратын "Нұр Отан" партиясын парламент сайлауында жеңіске жетуімен құттықтады. Астана, 18 тамыз 2007 жыл. (Көрнекі сурет)

партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына хат жолдап, өздерінің партия қатарынан шығатындарын мәлімдеген болатын. Олар мамыр айының соңынан бері созылып келе жатқан ереуілдеріне биліктен де, партиядан да қайыр болмағанын айтып, реніштерін білдірген еді.

Бірақ тамыздың 9-ы күні баспасөз мәлімдемесін таратқан «Нұр Отан» партиясы бұл ақпаратты жоққа шығарып, керісінше сол ереуіл жүріп жатқан мамыр-тамыз аралығында партия қатарының 882 адамға толыққанын, соңғы аптада партия қатарынан шығуға ешбір өтініш түспегенін хабарлаған еді.

«Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы ақпараты мәлімдемесіне сүйенсек, Жаңаөзен қаласындағы мүшесі – 10 мың адам. Оның 7265-і – «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалы жұмысшылары.

«ДЕРБЕС КӘСІПОДАҚ КЕРЕК»

«Ақтау» тәуелсіз кәсіподағы төрағасы Мұхтар Үмбетовтің пікірінше, үш айға жуық ереуілдегенімен, нәтижеге жете алмай тұрған  жаңаөзендіктер мен қаражанбастықтардың басты проблемасы – ортақ ұйымның жоқтығында.

– Олардың басында тіркеуден өткен, жарғысы бар ұйым тұруы керек. Басқа жағдайда ереуілдеген мұнайшылар  тек анархия, түрлі авторитеттер мен бастамашылар түрткі болатын топ ретінде ғана көзге түседі және мәселесі шешілмейді. Оларға дербес кәсіподақ керек. Бірақ,  өкінішке қарай, жұмыс беруші мұндай кәсіподақтармен жұмыс жасауды құптамайды, – дейді Мұхтар Үмбетов.

Жұмысшылар өздерінің  ондай құқықтары бар екенін де білмейді. Ең бастысы – олардың құқықтық сауатын ашуға ешкім де ұмтылмады. 

– Ереуілге шыққан мұнайшылар енді бір ұйымның төңірегіне топтасу арқылы ғана талаптарына жете алатынын түсінуі керек. Мұндай ұйымның қажет екенін уақыт өзі діттеп келеді, тек оны ешкім мойындамай отыр. «Өзенмұнайгаз» бен «Қаржанабасмұнайдағы»  жағдай Қазақстан кәсіподақтары федерациясының  жұмыс істеуге әлі келмейтіндігін көрсетіп отыр, – дейді Мұхтар Үмбетов.

Дүйсенбі күні Ақтау қалалық соты «Қаражанбасмұнай» компаниясы мұнайшыларының белсендісі, кәсіподақ заңгері Наталья Соколованы «әлеуметтік жанжал тудырды» деген айыппен 6 жылға бас бостандығынан айырған еді.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі 
Кімнен: Алматы
11.08.2011 16:26
+1 / -0
Дұрыс! Зорлап топ-тобымызбен кіргізіп еді,Нұротаннан шығудың өзін қиындатып қойыпты ғой. Әр адаммен жеке сөйлесед дейд! Олардың уставына енді түкіргеніміз бар ма!

Бюджеттегілер шықса, онда көздеріне шыбын үймелейді!
Пікір алмасу

Кімнен: Сауле Тасболатова Қайдан: Атырау
11.08.2011 18:38
+0 / -0
Шынымен, бюджеттің құдайы ғой бұлар. НӘН өлмей құрымайды нұротан. Сосын Т.Құлыбаев келсе билікке ТимОтан бола ма или ҚұлОтан болар ма екен әлде Тасмағамбетов келіп ТасОтан болар ма екен, Шіркін Отан

Кімнен: БЕК Қайдан: ШЫМКЕНТ
11.08.2011 16:56
+0 / -0
ҚАЗАҚТАР!!! БӘРІМІЗ БІРІГІП МҰНАЙШЫЛАРДЫ ҚОЛДАЙЫҚ, НҰРОТАННАН ШЫҒАЙЫҚ! НҰРОТАН СІЗГЕ ОСЫ УАҚЫТҚА ШЕЙІН НЕ БЕРДІ? ТЕКҚКАНА ҚЫБАТШЫЛЫҚ ПЕН ЕЛДІ ТОНАҒАННАН БАСҚА ЕШНӘРСЕ ОЛАРДЫҢ ҚОЛДАРЫНАН КЕЛМЕЙДІ. ОН БЕС МИЛЛИОН ХАЛЫҚТЫ ЯҒНИ ШЕТЕЛДЕ БІР МЕГАПОЛИСКЕ ТЕҢ ХАЛЫҚТЫ, ЖАҒДАЙЫН ЖАҚСАРТА АЛМАСА ОНДАЙ ПАРТИЯНЫҢ БАРЫНАН ЖОҒЫ ЖАҚСЫ.

Кімнен: Тәкең Қайдан: Елден
11.08.2011 18:23
+1 / -0
"Бірақ тамыздың 9-ы күні баспасөз мәлімдемесін таратқан «Нұр Отан» партиясы бұл ақпаратты жоққа шығарып, керісінше сол ереуіл жүріп жатқан мамыр-тамыз аралығында партия қатарының 882 адамға толыққанын, соңғы аптада партия қатарынан шығуға ешбір өтініш түспегенін хабарлаған еді."
Шындық деген осы деп... енді үлкен кісіге 882 кісілік мәліметті жеткізіп, қалған шындықты бүгіп қалады!

Кімнен: Боғанай Қайдан: Қазалы
11.08.2011 18:34
+0 / -0
Еріккен, тойынған мұнайшылар семірейін деген екен. Жұмссыз қаңғытып жіберу керек бәрін, өзбек пен қалпақ құсап жүрсін, ел жағалап. Шүкіршілік дегенді ұмытайын деген екен.
Пікір алмасу

Кімнен: Нағыз қазақ Қайдан: Маңғыстау
13.08.2011 16:54
+0 / -0
Сен солай журе бер калпак озбек болып
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
15.08.2011 12:50
+0 / -0
Боғанай,Қазалы! Азалысың ғой,кім ренжітті?..

Кімнен: Полымбет (мұнайшымын) Қайдан: Ақтау
11.08.2011 18:43
+0 / -0
Бұл қайдағы өсект.... Куәліктерін тапсырғандардың тізімін көрсете ала ма екен...
Мен тапсырғаным жоқ, біздің цех бойынша солай, партбилетіміз өзімізде. Бізде 200 адам қызмет етеді
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
11.08.2011 20:46
+0 / -0
Мындағы өсект....«НҰР-ОТАН» АЛҒАН 1089 АРЫЗ

Алайда Жаңаөзен қалалық «Нұр Отан» партиясы филиалының төрағасы Көшбай Қызанбаев «арызданушылардың оншалықты көп еместігін» айтады.

– Біздің санауымыз бойынша берілген арыздар саны – 1089. Партияда мүлдем жоқ адамдар да арыз жазған. Енді ережеге сай бастауыш партия ұйымдары жиналыс өткізіп, әр мүшені бір-бірлеп шақырып, шығу себебін анықтайды. Содан соң хаттамалар жасалып, ол орталық филиалға, одан әрі бюрода қаралып, шешім қабылданады, – деп мәлімдеді Көшбай Қызанбаев Азаттық тілшісіне.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
12.08.2011 00:19
+0 / -0
Ой тоба! Бұларға дауа жоқ екен! Өтірік партияның мүшесі болу позоры менің еншіме берілмепті. Нұротан, талақ! талақ! талақ! Ал, ендеше.

Кімнен: САКЕН Қайдан:
11.08.2011 19:09
+0 / -0
Мигула урысултан, куртты елымызды!!! Онбаган тоймайтын мешкей ит!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
11.08.2011 19:45
+0 / -0
Әй, өзбек, көзіңді ашып оқы, саған Ақтау емес Жаңаөзендегі болған
жағдайды айтып жатыр, түсінбесең партбилетіңді бір жеріңе қысып тыныш
отыр.
Пікір алмасу

Кімнен: Полымбет
12.08.2011 01:32
+0 / -0
Әй, Ешкібас үйім Ақтауда өзенде жұмыс жасаймын. Мен өзбек емеспін, сен қазақ емес қатынсың, атыңды көрсетуға шамаң келемейді.
Пікір алмасу

Кімнен: Полымбет
12.08.2011 01:35
+0 / -0
Мен өзбек емеспін, Сіз басыңызды айнадан қарап көрдіңізбе, сосын әжетханаға барып басыңызды екінші баспен салыстырып қараңыз, одан төменннен партбилетті ізде, тапсаң жырта сал!

Кімнен: КАЗАК КЫЗЫ Қайдан: МАНГИСТАУ
11.08.2011 19:46
+0 / -0
поламбет, КУТТЫ БОЛСЫН. ШЫКПАГАНЫН ЖАКСЫ БОЛГАН. ОТИРИК АНДЕРИНДИ ЖАЛГАСТЫРА БЕР. ПАРТБИЛЕТИНДИ ЖАСТЫГЫННЫН АСТЫНА САЛЫП КОЙ, АЙТПЕСЕ УРЛАП КЕТИП КИЫН БОЛАР. кОПШИЛИГИ ШЫГЫП ЖАТЫР. СЕНБЕСЕНДЕР К+ти КАРАНДАР.
Пікір алмасу

Кімнен: Полымбет
12.08.2011 01:42
+0 / -0
Неге түсінбейсіңдер мұнда бәрін шетелдік тыңшылармен, олардың осындағы жансыздарының жасап әдейі ұйымдастырып отырған ереуілі бұл. Қазақ елінде АҚШ, Ресей, Қытай шпиондары қаптап жүр ғой, әдейі ел ішіне іріткі салу үшін. Бізге бәрінен де бұрын тұрақтылық қажет. Бұны ұйымдастырып отырғандарды да білем, әдейі журналистпіз деп келіп шетінен азығырып жүр. Олардың есебі түгел осы қызметі үшін мол қаржы алып жүр, ал сорлап қалатын баяғы халық. Ешкімге ермей жұмысымызды жалғастырайық ағайын!!!
Пікір алмасу

Кімнен: Ақтау
12.08.2011 08:50
+0 / -0
Саған қандай тұрақтылық қажет?
Сыбайлас жемқорлық? Әділетсіздік? Екіжүзділік? Имансыздық? Сен сияқты үрейде отырғанның санын көбейту? Сен сияқты алдау-арбауда отыру ма? Онда отыра бер өзің сол тұрақтылықта! Шеттен жау іздеп өзіңді өзің алдап Назарбаев айтпақшы "Қыңқылдамай мыңқылдамай жұмысыңды істе" Сенің өрең осы. Ойласаңшы ұрпағыңның ертеңін!
Пікір алмасу

Кімнен: Полымбет Қайдан: Ақтау
12.08.2011 12:33
+0 / -0
Ақымақ, осы тұрақтылық болмаса, жүрер едің қалпақ пен өзбек құсап, ел кезіп.

Кімнен: Ызалы, шарасыз қазақ
11.08.2011 19:48
+0 / -0
Ой алла, мұндай да болады екен-ау? Ешкімге керегі жоқ нұротаннан шығу үшін түсініктеме жазып, сосын бюро шешімін күтіп отыруым керек екен, бұлардың адам құқығын таптағандары сонша - әрбір адамды шырмауықша шырмап, енді шамалы уақыттан кейін жұтқан ауамызга өтемақы сұрауға жақындап-ақ қалған екен.

Кімнен: отемисулы Қайдан: маханбет
12.08.2011 00:10
+0 / -0
хан емессин каскырсын кас албасты баскырсын достарын келип табалап душпанын сени баска урсын хан емессин ылансын аиыр куирык жылансын каргыс атсын сени

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
12.08.2011 00:38
+0 / -0
Нұротанның кукольный партия екені кішкене баладан бастап еңкейген кәріге дейін біледі ғой.Оған кірген адам тек қана карьера жасау үшін кіруі мүмкін. Баяғы КПСС тің жұрнағына да татымайды.КПСС мүшесі жұмысшы да сауыншы да немесе үлкен қызметкер болуы мүмкін еді.Олардың сөзі барлық жерде жүретін.Мұнайшылар шықпағанда не істесін,ондай партиядан еш қайыр болмаса.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
12.08.2011 08:54
+0 / -0
Қазақта Полымбет деген ат жоқ, РД енді өзбектерден штрейхбрекер
жалдауға көшкен екен.
Пікір алмасу

Кімнен: Полымбет Қайдан: Ақтау
12.08.2011 12:08
+0 / -0
Мен қазақпын, Полымбет Темірбаевпын, әкем Асқар Маңғыстауда бұрыннан тұрады, аталарымыз Жетібайда тұрған, құнанорыс Адаймыз, Ал сен қатынсың, атыңды көрсете алмайсың. Менің атымда шаруаң болмасын.
Пікір алмасу

Кімнен: Полымбет Қайдан: Ақтау
12.08.2011 12:13
+0 / -0
Полымбет деген ат қазақта ертеден бар, тарихта Адайлардың түрікпендермен соғысы кезінде адайдан Полымбет деген қолбасшы болған. Әкем тарихшы болған, сол кісінің атын ырымдап қойған

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
12.08.2011 10:07
+0 / -0
http://www.youtube.com/user/kplustvkaz#p/u/0/faZvW1EoK-E
мында видео партиядан шығып жатқндары туралы...

Кімнен: Мурат Султангалиев Қайдан: Ақ Жайық
12.08.2011 11:14
+0 / -0
Ағайындар елдігімізді, бірлігімізді сақтайық !!!
Ешкімге ермей өз қызметімізді атқарайық, тойкен-тойынып жазады.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
12.08.2011 11:32
+0 / -0
Ей мұнайшылар сендер кімді қорқытатын ойларың бар? Өз жағдайларыңды өздерің ойлаңдар. Сендер өліп қалсаңдар да ескерілмей қалуларың мүмкін! Онсызда қанша айқайласаңда, дауыстарың шықпай жатыр. Сондықтан тоқтатыңдар!

Кімнен: Полымбет Қайдан: Ақтаудан
12.08.2011 12:15
+0 / -0
Енді мені қазақ емес десеңдер, сайттың әкімшілігіне арызданам! қатын кілең
Пікір алмасу

Кімнен: қазақ
12.08.2011 16:51
+0 / -0
Сен қазақ емессің, неге 5000 қазаққа қарсы шығасың әйтпесе

Кімнен: азиалық адам
12.08.2011 13:05
+0 / -0
Мына ақпараттардың қайсысына сенеміз; біреу шықты, біреу қайта тықты дейді

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
12.08.2011 17:15
+0 / -0
Полымбет
Неге түсінбейсіңдер мұнда бәрін шетелдік тыңшылармен, олардың осындағы жансыздарының жасап әдейі ұйымдастырып отырған ереуілі бұл. Қазақ елінде АҚШ, Ресей, Қытай шпиондары қаптап жүр ғой, әдейі ел ішіне іріткі салу үшін. Бізге бәрінен де бұрын тұрақтылық қажет. Бұны ұйымдастырып отырғандарды да білем, әдейі журналистпіз деп келіп шетінен азығырып жүр. Олардың есебі түгел осы қызметі үшін мол қаржы алып жүр, ал сорлап қалатын баяғы халық. Ешкімге ермей жұмысымызды жалғастырайық ағайын!!!
---------------------------------------------------------------------------------------------------------
Полымбет. Сен қазақ болсаң қазақ шығарсың, бірақ надан қазақ екенсің. Мынауың не сөз, не сандырақ? Сен http://abai.kz/node/9610 кіріп Ивановтың хатын оқышы. Бұл бүгінгі неокомунист-недодемократтық жүйеде атадан балаға мирас болып қалған тәрбиенің тұзағы ғой. Абай атамыз "Атаның ұлы болма, Адамның баласы бол" деген. Ойлансаңшы,
Пікір алмасу

Кімнен: Бауыржан Қайдан: Мангыстау
13.08.2011 17:06
+0 / -0
Ия саган косыламын Полымбеттики дурыс емес заявчикко ол))))

Кімнен: Діндар Қайдан: Түркістан
12.08.2011 17:33
+0 / -0
Елбасымыз Аллахтың жердегі көлеңкесі. Әкімдер Аллахтың сүйікті құлдары. Бәрі де бір Аллахтың қалауымен болған. Ондайларға тіл тигізу күпірлік болады. Осы Адайларда тәубе, қанағат деген жоқ па? Барға шүкіршілік қылыңдар.
Пікір алмасу

Кімнен: Муслим Абдуллаһ
16.08.2011 08:42
+0 / -0
"Елбасымыз Аллахтың жердегі көлеңкесі"-деу арқылы дінен шығып кеткен жоқсыз ба, егер де Исламда болсаңыз.....

Кімнен: Якубжан Қайдан: Кентау
12.08.2011 17:50
+0 / -0
Полымбет бауырым дұрыс айтады. Қазақта Полымбет деген ат бар. Кешегі сендердің әкімдерің Болат Полыммбетовті ұмыттыңдар ма? Жұмысқа шықпаймын дегендерді зорламау керек. Біздің Шымкентте жүздеген мың жұмыссыздар бар. Соларды неге мұнайға кіргізбейд. Біздер көп талап қоймаймыз. Барға қанағат етіп жүреміз. Адайлар секілді аранымыз ашылған жоқ.
Пікір алмасу

Кімнен: Әбеке
12.08.2011 20:46
+0 / -0
Ол рас, Маңғыстауда оңтүстіктің жігіттері көп. Бізді жергіліктілер ұнатпайды. Әсересе полициядағыларды. Бізді сосын менттар сатқындар дейд.Біздің жігіттерді с удовольствием жұмысқа алады. Біз қанағатшыл келеміз.
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі