Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 02:48

МӘДЕНИЕТ

Қытайда үйқамақта отырған Қажығұмар Шабданұлы дүниеден өтті

Ақпанның 15-і Қытайда қазақ жазушысы Қажығұмар Шабданұлының өмірден өткені туралы суыт хабар жетті. Бұл ақпаратты Азаттық радиосына марқұмның туыстары растады. Қырық жылға жуық Қытай абақтысында тұтқын болған қаламгер ғұмырының соңында үйқамақта отырған еді.

Мәтін көлемі - +

Сейсенбі күні Қытайдың Шәуешек қаласында 86 жасқа қараған шағында қазақ жазушысы Қажығұмар Шабданұлы ұзаққа созылған ауыр науқастан соң дүниеден өткені туралы хабарды Азаттық радиосына марқұмның Алматыда тұратын күйеу баласы Тілек Кенжебек растады.

– Бүгін таңертең ол кісінің өмірден қайтқаны туралы хабар алдық. Бейсенбі күні Шәуешекте жерленеді, – деп қысқа ғана қайырды ол.

Қажығұмар Шабданұлы 1925 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Таңсық елді мекенінде туған. 1930 жылдардың басында Қазақстанды жайлаған ашаршылықтан бас сауғалап, ата-анасымен Қытайдың Дөрбілжін ауданына ауып барған.

1944 жылы Үрімжіде оқып жүрген кезінде ұлттық азшылықтар көтерілісіне байланысы бар деген айыптаумен Қытай билік орындары тарабынан қудаланып, абақтыға түскен. 1952 жылы қызмет бабымен Үрімжі қаласына шақырылып әуелі «Одақ» журналының, кейін «Шұғыла» журналының бас редакторы қызметтерін атқарған. 1958 жылы «оңшыл», «солшыл» деген саяси айыптаулармен бас бостандығынан айрылып сотталған 22 жыл бойы Такламакан шөліндегі Тарым лагерінде айдауда болған.

1980 жылы жазасын өтеп әрі ақталып бостандыққа шығады.

1986 жылдың желтоқсан айының отызы күні тұтқындалып, «ұлттық дербестікті көздейтін «Үміт» атты партия құрды және Қазақстанның астыртын ұйымдарымен байланыс жасады» шетел жансызы деген
Қажығұмар Шабданұлының алты томдық «Қылмыс» романы 2009 жылы Қазақстанда басылып шықты.
айыптаулармен 15 жылға бас бостандығынан айырылады. Жаза мерзімін Үрімжі қаласының №1 түрмесінде өтейді.

Түрмеден шыққаннан кейін өмірінің соңына дейін Қытай билігі оны үйқамақта ұстады.

Қытай үкіметі тарабынан саяси себептерге байланысты заңсыз қудаланғаны үшін Қажығұмар Шабданұлы қамауда отырған кезде штаб-пәтері Лондон қаласында орналасқан Amnesty International адам құқығын қорғау ұйымы оны «ар-ождан тұтқыны» деп танып, Қытайдың құзыретті ресми орындарынан ол кісіге байланысты әділ тергеу мен ашық сот жүргізуін жүйелі түрде талап еткен.

Қарт қаламгер өзінің кіндік қаны тамған жері – Қазақстанға оралу арманын айтып, 2006 жылы Қазақстан президентіне хат та жолдаған болатын. Арада бірнеше жыл өткенде тағы хат жазды. Бірақ бұл арманы орындалмай, қазақ қаламгері ақтық демі үзілгенше туған жерге жетуді аңсап өтті.
Әшейінде абыройымыз асқақ, дүние бізбен санасады дейміз. Бірақ, бір жазушыны құтқаруға жетпеді ғой дәрменіміз.

Қазақстанда тұңғыш рет 2009 жылы толық көлемде Алматыдағы Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының «Атажұрт» баспасынан екі мың данамен жарық көрген Қажығұмар Шабданұлының «Қылмыс» романын 2010 жылы қаңтар айында мәдени саясат және өнертану институты Қазақстанның мемлекеттік сыйлығына ұсынған болатын.

Бірақ сыйлық тағайындайтын комиссия «бұл шығарманың Қазақстанға қатысы жоқ» дегенді көлденең тартып, оны тізімінен алып тастады, мемлекеттік сыйлыққа Қазақстан президенті мен Астана қаласын мадақтаған шығармалар лайықты деп танылды.

Азаттық радиосының тілшісіне Қажығұмар Шабданұлы туралы қысқаша естелік айтқан қазақ жазушысы Қабдеш Жұмаділов марқұмды "қазақтың үлкен, классик жазушысы, Шыңжаң әдебиетінің негізін салушылардың бірі. Түрмеде ең ұзақ отырған және негізгі шығармаларын қамауда жазған аз жазушының қатарында" деп сипаттады.

Қабдеш Жұмаділовтың айтуынша Қажығұмар Шабданұлы Қазақстан президентінің атына елге оралғысы келетінін айтып екі мәрте өтініш жазған.
"Менің төркінім де, ием де, арт жақтағы іздеушім де – сендер. Бар тілегім – туған жерге жетіп жығылу, топырақ бұйырса деген арман. 12 томдай жазбаларымды көшіріп, буып-түйіп отырмын. Кейінгі ұрпақтың қолына тигізсем".

- "Менің төркінім де, ием де, арт жақтағы іздеушім де – сендер. Бар тілегім – туған жерге жетіп жығылу, топырақ бұйырса деген арман. 12 томдай жазбаларымды көшіріп, буып-түйіп отырмын. Кейінгі ұрпақтың қолына тигізсем" деуші еді. Президенттің аппаратына да жолдағанбыз, «Қазақ әдебиеті» газетіне де шыққан. Бірақ, ешкім қол ұшын берген жоқ... Әшейінде абыройымыз асқақ, дүние бізбен санасады дейміз. Бірақ, бір жазушыны құтқаруға жетпеді ғой дәрменіміз, - деді жазушы Азаттық радиосына.

Қабдеш Жұмаділовтың айтуынша Қажығұмар Шабданұлының күйеу баласы мен немере інілері Шәуешекке барып марқұмның сүйегін сұрап алсақ, Үржардағы ата-бабасының зиратына қойсақ деген ниетте.

- Оны туысқандарына бере ме, бермей ме, көз жетпейді. Ал үкімет араласса, әрине берер еді. Бірақ, араласып жатқан ешкімді біле алмадым, - деді Қабдеш Жұмаділов.

Туыстарының хабарлауынша, Қажығұмар Шабданұлы бейсенбі, ақпанның 17-і күні Қытайдың Шәуешек қаласында жерленеді.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір жарияланған бет , жиыны 3
    Келесі 
Кімнен: Роза Қайдан: Астана
15.02.2011 15:17
+0 / -0
Біз дәстүрге-дәрмен, пәктікке-пәрмен, араздыққа-араша, татулыққа-тамыр болған батырларымызды, ақындарымызды, жазушыларымызды қашан қастерледік?
Сөзі мен ісі қабыспайтын қырсық қоғамның ісіне күйінген бұл кісі басқалар сияқты жағымпазданып жүргенде, бұндай күйге түспес еді... Өкініштісі туған жеріне жете алмай кетті. Не дегенмен бұл кісіні қастерлеу керек. Еңбектері бағаланып, ұрпақтан ұрпаққа жетеді дегенге сенімдімін.

Кімнен: шер
15.02.2011 15:21
+0 / -0
Қытай ажал абақтысында салып қырық жыл ұстаса да қазақтың ар-намысын жоғары ұстап, қазақы рухын жоғалтпаған асыл ақсақалым, иманың жолдас болсын!! Қайтейін, бүкіл ел болып сені алдыруға да жарамадық-ау, дәл қазір өзекті өртеп отырған ең үлкен өкініш сол...

Атамекенге жетуді аңсап жазған хаттарыңды оқымаған да шығар мынау байлық пен билікке қара жерге кірмей көзі тоймайтын дүниеқоңыз, іс-қылығы аумай - доңыз тексіздер...
Пікір алмасу

Кімнен: ссс
15.02.2011 15:30
+0 / -0
Бүркіттер кетіп жатыр, тек бір құзғын ғана тағына жабысып қалған.

Кімнен: Бөрібай Қайдан: Астана
15.02.2011 15:21
+0 / -0
топрағы торқаболсын иманы жолдас болсын жарықтықтың, аманына жете алмай кеткені өкінішті, қазақ боласы олдасаған бірсын асіресе ел басына

Кімнен: қазақ қызы Қайдан: қазақстан
15.02.2011 15:46
+0 / -0
Жатқан жері жайлы, иманы саламат болғай, Атамыздың көрмеген рахатын ұл-қыздары көрсін! Осындай ұлтжанды аталарымыз өз елімізде болғанда, мынадай тоқырау заманға тап болмас ек, "Аузы қисық болса да, бай баласы сөйлесіннің" кебін киген кітап сияғы жоқ Жақсыбеков, Қалетаев, Тасмағамбетов, Ертісбаев тағы- тағылардың кітап па, альбом ба мағынасы түсініксіз "жүлделі" шығармалары, бұл атамыздың кітабының бір парағына да татымайды. Оны халық біледі.

Кімнен: Мерей Қайдан: Семей
15.02.2011 15:56
+0 / -0
Иманы жолдас болсын асыл ағамыздын!

Құрметті редакция!
Азаттық радиосының "Кітап сөресіне" Қажығұмар ағамыздың "Қылмысын" орналастырып қоюларыңызды сұраймын.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
15.02.2011 18:55
+0 / -0
Кітаптың білім құқын Қабдеш Жүмәділ бере қоймайды қой! Кәзір ол кітап Қабдештің иелігінде! Содан сұраңдар!

Кімнен: Ауылдың қазағы Қайдан: Алматы
15.02.2011 15:57
+0 / -0
Шіркін дүние-ай, туған елінің топырағында қастерленіп қойылуы керек еді! Топырағы торқа, жаны жанатта болсын.

Кімнен: Арыс Қайдан: Шымкент
15.02.2011 16:49
+0 / -0
"Қайтсем де қасиетті ата-бабаларымның топырағы бұйырсын" деп жат жерде жүрсе де көзі Қазақ еліне қараумен, сол жерге жетсем деген арманмен кетті-ау ақсақал. Жатқан жері жайлы болсын!
Ол кісі мына Назарбаевты қазақтың қамын ойлап жүр деген алдамшы үмітпен кеткенінің өзі не тұрады?

Бірақ... Бірақ сол Назарбаевы өзін алдыруға қорқып жүргенін, ол адам келсе қазақ оянып кете ме деген қаупі барлығын жасырып, Қытай үкіметі бермей отыр деуменен оны алдап та келді-ау?

Ай, алдамшы қу өмір-ай?!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
15.02.2011 16:57
+0 / -0
"Қылмыс пен жазаны" қай жерден алуға болады екен?

Кімнен: обай
15.02.2011 17:19
+0 / -0
"Кылмыскер" болып омирге келді,"қылмыскер" боп өмірден өтті. Нағыз азаматтың өлімі мен өмірі осылай болады! Қажыкеңнің бір ақ қылмысы болды Ол қазақ ұлтын бар жанымен жақсы көргені. Иманды болсын! "Қылмыскерлер" азаймай, кобейсе екен.

Кімнен: нурсултан Қайдан: Амстердам
15.02.2011 17:34
+0 / -0
жатқан жері жаннат топрағы торқа болсын марқум қаламгердың,
марқумға ата мекенынен бір уыс топрақ буирмады алемдегі оркениетті
50 елдің ішіндеміз деп жар салған Қазақстаң қазақтың бір батырын туған
жеріне қаитарып акелуге қауқары жетпеді.

Кімнен: Сыр қазағы
15.02.2011 17:36
+0 / -0
Жаныңыз жұмақта болсын, Қажығұмыр-АТА! Атыңызға затыңыз сай аңыз адам едіңіз. Қазақтың кішкентай сары шалынан Қытай билігі де, Қазақстан билігі именіп өтті. Адам деген атын жоғары көтере білген қазақтың асыл тұлғасы едіңіз. Есіміңіз миллиондаған ұлтжанды қазақтың санасында сақталады деп есептеймін.

Кімнен: Ришат
15.02.2011 17:43
+0 / -0
Мың бір жапа, мың бір азап пен тозақта өмір кешіп жүріп, Адам ата мен қауананың "Ұжымақтан алманы ұрлап жеген қылмысынан" басталған қылмыстың түрі бүгінге жеткен "Қылмыс" ты жазып, заңғар жазушылық шыңға шыққан Қажығұмар Шабыданұлы қаймана қазақтың жадында жатталып, есінде мәңгі сақталып қалады деп ойлаймын. Жазушы туралы мемлекеттік сиылыққа ұсынуды Жас Алаш жазды. Қайғылы қазасын Азаттық жеткізді. Билік тілін жұтып үнсіз қалды. Бақұл бол аға. О дүниенің "қылмыс жазасы" "тозақтан" сақтасын Жаратқан Ием. Жаның жәннатта болсын.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
15.02.2011 17:49
+0 / -0
Иманыныз жолдас болсын Ел агасы!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
15.02.2011 18:52
+0 / -0
Гимн Казахстана

Алтын кун аспаны, Голубой небосвод
Алтын дэн даласы, золотые поля -
Ерлiктiн дастаны, Здесь живет мой народ,
Елiме карашы! Здесь мой дом и семья.
Ежелден ер деген, Не утрачена совесть,
Данкымыз шыкты гой. В душах мужество есть.
Намысын бермеген, наша древняя доблесть
Казагым мыкты гой! Наша тюркская Честь
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
15.02.2011 22:50
+0 / -0
Мен бир нарсени тусинбеймин. Қазақтын анураны қазақ тилинде гана жазылмай ма? Ресейдин ануранынын қазақ тилиндеги нускасын кашан кординдер? Алде бул кулдыкка бой усынудын басы ма?
Сосын Әнұраннын бул жерде не катысы бар, соны айтшы?
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
16.02.2011 00:26
+0 / -0
дегемен маркум Кажигумар нагыз Казак Азаматы.Соган кателеспыз бе ?!

Кімнен: оралмаған
15.02.2011 18:08
+0 / -0
Қош бол, Қажы ата!
Ұлтсыз билікке үмітпен қарай қарай ақыры бір үзілдің-ау. Былтыр Қасен Өралтай, биыл Қажекең. Осымен шетелдегі ең әйгілі екі қазақ екеуі де дүниеден өтті. Енді ұлтсыз, дарақы билікке жақсы болды, көрінгендер қарғыбау ретінде тағып жүрген мемсый-на ортақтаспайтын болды, иттің ұлы байқотанға көрсетіп жүрген қалың қошаметтеріне таласпайтын болды! Енді сендерді мазалайтын қазақ жоқ! Шүршітті, қаңғыған-бұтығандарды, келімсектерді сыйлап жыртыл билік, шашыл билік!

Кімнен: Марат Қайдан: Орал
15.02.2011 18:38
+0 / -0
Абыз ақсақал! Туған жерге деген сағынышпен ғұмыр кештің ау.
Иманың саламат болсын.Нұрың пейіштің төрінде шалқысын.Әттең, деп бармақ шайнағаннан басқа амал бар ма?
Сіздің шығармаларыңыз ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді деп осындайды айтқан.Тәубә, жатқан жеріңіз жарық болсын Қажығұмар ата!!!

Кімнен: Асау Тарпаң
15.02.2011 19:41
+0 / -0
Артында тәуелсіз елінің құрметі қалды! Мәңгі өлмес рухы қалды! ТОм-том "қылмысы" қалды! Атамыз бақытты! Өздерін бақытты санап кердеңдеп, кекірейіп жүргендердің жеткен биігі бұл ағамыздың бақытына салыстырғанда тиынға да татымайды. Атамызға Бақаның бақытын берген жоқ, Самұрықтың зарын берді! Тәңірі атамызға өмірде қатал болса да, бақытта жомарттық етті! Бәлкім бүгінгі байлық деп, билік деп, басқа деп арын сатып, ас ішіп, уақытын жеп қоқсық жиып, жұрттан озам деп ентігіп жүрген пысықтар мен судырлар бұл бақытты сезіне алмауы мүмкін, бірақ нағыз бақыттың өзі осы екен. Рухы қайсар Қажықұмар атамызды өмір бойсындыра алмады, енді өлім де бойсындыра алмайды, ол кісінің жігерін.

көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған.

Өлсе өлер табиғат, адам өлмес,
Бірақ ол қайтып келіп ойнап күлмес!
Мені мен менікінің айрылғанын,
Өлді деп ат қойыпты өңкей білмес! (Абай)

Кімнен: SAYLAW Қайдан: AQTAW
15.02.2011 21:07
+0 / -0
Қажығұмар ата денең өлгенмен, рухың тірі. Сіздің ісіңіз, біздің ісіміз. Сол ұлт үшін күресті жалғыстырамыз! НӘНнің мәңгүртизмді насихаттайтын Хабар мен Қазақстан каналдары үнсіз қалды. Неге үнсіз қалғандарын білеміз, ақымақ емеспіз.
Пікір алмасу

Кімнен: Айдос Қайдан: Алматы
16.02.2011 22:06
+0 / -0
"Хабардың" жай белгілі ғой... "Қазақстан" телеарнасы айтпаған соң не дейсің...
Пікір алмасу

Кімнен: Сергелдең Қайдан: Қостанай
17.02.2011 11:35
+0 / -0
"31" телеарнаның "Информбюро" бағдарламасы өзінің сол күнгі шығарылымын Қажығұмардың қазасына көңіл айтудан бастады. Былайынша келгенде, жалпы жұртқа естіртті десе де болады. Өзге телеарналарда қазақы қаны бар журналистер қалмағанға құсайды. Шаханша айтқанда, бәрі "ТЖ" болып кеткен бе?

Кімнен: Бір жан. Қайдан: Шалқардан.
15.02.2011 21:15
+0 / -0
Жаны жәннатта болсын, атамыздың. Дұғада болармыз.

Кімнен: Дубек Қайдан: Хюьстон
15.02.2011 22:40
+0 / -0
Атамыздың Жатқан жері жәйлі, топырағы торқа болсын. Еліне өшпес мұра қалдырды ғой.

Кімнен: Марат УАТҚАН
15.02.2011 23:00
+0 / -0
Туған жерден бір уыс топырақ та бұйырмай шерменде кеткен, қажымас, қайсар жазушының топырағы торқа болсын!
Пікір жарияланған бет , жиыны 3
    Келесі