Accessibility links

Арон Атабек бастаған бес тұтқын түрмеден хат жазды


Арон Атабек. Алматы, 2007 жылдың қазаны.
Арон Атабек. Алматы, 2007 жылдың қазаны.
Қарағандыдағы АК 159/22 колониясында жазасын өтеп жатқан бірнеше сотталушының атынан жазылған хат интернетте жарияланды. Хат иелері құқықтары тапталып, азап көріп, қысымға душар болғандарын айтқан.

Хатқа Қаражалдағы АК 159/22 колониясында отырған бес сотталушы (Арон Атабекұлы Едігеев, Игорь Терехов, Игорь Брагин, Дмитрий Зобнин, Азамат Жағыпаров) қол қойған.

Хаттың абақтыдан келгенін Арон Атабектің ұлы Асқар Айдархан растады.

Қыркүйек айының басында жазылған хаттың мәтіні aronatabek.com сайтында, әлеуметтік желілерде жарияланды.

ТҮРМЕНІҢ САНИТАРЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ

Хатта Қаражал колониясының өте нашар санитарлық жағдайы да айтылған. «Сотталушылар ішетін суды шұңқырдан тазартпай әкеледі. Тұтқындар дизентерия сияқты түрлі ауруларға шалдыққан. Дәретхана қоқысқа бітелгені соншалық,
Сотталушының туысы тұтқындардың түрмеден шығарылған киім-кешегіне қарап тұр. Қарағанды облысы, 1 қыркүйек 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
Сотталушының туысы тұтқындардың түрмеден шығарылған киім-кешегіне қарап тұр. Қарағанды облысы, 1 қыркүйек 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
жаңбыр жауған кезде ондағы бүкіл лас заттардың бәрі сыртқа лықсып шығып, лагерьді басып қалады. Әзірше түрме тырысқақ пен обадан ғайыптың күшімен аман отыр» деп жазады хат авторлары.

Өткен ғасырдың 40-жылдары салынған «СУС»-тың (өзге барактардан оңаша тұрған ғимарат) төбелері шіріп, әбден тозғаны, жаңбыр жауған кезде су тамшылап, суықтан тұтқындардың басым бөлігі туберкулезге шалдыққаны да хатта жазылған. Тұтқындардың айтуынша, өмірі жөндеу көрмеген барактарда тұратын олардың жейтін негізгі тамағы – құрғақ картоп пен шіріген балық, мерзімі өтіп кеткен ет.

СТАЛИНДІК КЕЗЕҢ «МҰРАСЫ»

Хатта сталиндік кезеңнің «мұрасы» – тұтқындарға қысым көрсетудің түрлі амал-әдістері туралы да жазылған.

«Сталиндік кезеңдегідей бүгін де АК 159/22 колониясында карцерге («кича») қамау жазасы бар. «Кича» – тастан қаланған, еденнің орнына әр жерге айқыш-ұйқыш
Түрмедегі тұтқынның туысы қылмыстық атқару жүйесі комитеті алдында жылап отыр. Астана, 14 тамыз 2010 жыл. (Көрнекі сурет)
Түрмедегі тұтқынның туысы қылмыстық атқару жүйесі комитеті алдында жылап отыр. Астана, 14 тамыз 2010 жыл. (Көрнекі сурет)
тақтай қойыла салған желдеткішсіз карцер. Мұнда зэктерді (тұтқындарды) торға кісенмен асып қойып сойылмен жиі ұрады. Бұдан да асқан қорлау түрлері кездеседі. Тұтқындарды күндіз жатын орынның қабырғасына іліп қояды, тек түнде ғана түсіреді. Зэктер тіпті бір кесе ыстық су сұраса да бермей қояды» деп жазады хат авторлары.

Тұтқындардың жазуынша, «2011 жылы 29 желтоқсанда АК 159/22 колониясында «маски-шоу» деп аталатын «бүлік» (погром) ұйымдастырылды. Онда тіпті азық-түлік пен қымбат заттарды бүлдіріп, қорлауға дейін (дәрет сындырып, бояу төкті) барды» дейді хат жазған тұтқындар.

ТҮРМЕДЕГІ «ЖҰМБАҚ ӨЛІМДЕР»

Хат иелері колонияда «жұмбақ жағдайда» мерт болған адам өлімі көбейгенін де жазады.

«2009 жылы қаңтар айында тігін цехында Ербол (тегі анықталып жатыр) есімді сотталушы асылған күйінде табылды. 2012 жылы сотталушы Рүстем Дәкенов
Балқаш түрмесінде қаза болған тұтқын Сергей Григорьевтің анасы Лариса Григорьева. Алматы, 7 қараша 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
Балқаш түрмесінде қаза болған тұтқын Сергей Григорьевтің анасы Лариса Григорьева. Алматы, 7 қараша 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
өз-өзіне қол жұмсап, асылып өлген. Өлерде жазған хатында бұған колония басшылығы кінәлі екенін жазады» дейді хат иелері.

Хатта Қарағанды түрмесінде «жұмбақ жағдайда мерт болған» Шамиль Ярославлевтің өлімі туралы да айтылған. Бұл оқиға жайлы Азаттық радиосы толық жазған.

Хат соңында сотталушылар «егер біріміз өлсек немесе қандай да бір төтенше жағдайға ұшырасақ, мына адамдарды кінәлі деп есептеулеріңізді сұраймыз» деп, колония басшысы мен жергілікті қылмыстық атқару жүйесі комитетінің бастығының атын көрсеткен.

«Президент Назарбаев 2005 жылы-ақ Қазақстандағы пенитенциарлық жүйе (түрме-лагерь) толықтай еуропалық стандартқа көшті деген. Бірақ АК 159/22 мекемесіндегі оқиғаға қарағанда: а) не президент – дүние жүзін алдап отырған өтірікші, б) не қылмыстық атқару жүйесіндегі ойына келгенін істейтін ісі бұзық шенеуніктер оны арандатып отыр» дейді хат авторлары.

АТАБЕКТІҢ ТУЫСТАРЫНЫҢ ҚАУПІ

Хатта Арон Едігеевтің (әдеби ныспысы – Арон Атабек) ауыр жағдайы туралы да айтылған. Ондағы мәліметке сүйенсек, Арон Атабек «Шаңырақ» оқиғасы кезінде ауыр жарақат алғанына қарамастан, ылғи карцер («киче»), «СУС» немесе «ПЛС» («пожизненное лишение свободы» – «өмір бойы бас еркінен айырылғандар» деп аталатын арнайы бөлім) сияқты жазалағыш камераларға ғана қамалып отыр.

Бұған қоса Арон Атабекке үйінен келген заттар жетпейді. Оған әсіресе кітап, газет, интернет жазбаларды алуға мүлде тыйым салынған.

Тұтқынның ұлы Асқар Айдархан бұл хат жария болғаннан кейін Атабекке қысым
Асқар Айдархан әкесіне берілген Freedom to Create сыйлығын алып тұр. Каир, 26 қараша 2010 жыл.
Асқар Айдархан әкесіне берілген Freedom to Create сыйлығын алып тұр. Каир, 26 қараша 2010 жыл.
қайтадан үдей түсуі мүмкін деп ойлайды.

– Ең әуелі Атабектің жағдайына ерекше мән беруіміз керек. Оны шұғыл түрде басқа лагерьге ауыстыруы мүмкін деген ақпарат бар. Сол баяғы байланыс та жоқ, кездесуге рұқсат берілмейтін «жабық» түрмеге тоғытуы мүмкін, – дейді Асқар Айдархан.

Оның айтуынша, Арон Атабек түрмеде отырған алты жылдың төрт жарым жылын «оқшауланған», ауасы тар «шатырда» (крыша) өткізген, тек бір жарым жыл ғана лагерде болған.

Туыстары «туберкулез дертіне шалдыққан Арон Атабектің денсаулығы мүлде нашарлап кете ме» деп үрейленеді.

Асқар Айдархан түрмедегі жағдайды тәуелсіз комиссия тексеру керек деп есептеп, хатқа байланысты бас прокуратура және жергілікті прокуратураға арыз жазғанын айтты.

Дүйсенбі күні бұл мәселеге орай Қаражал түрмесіне хабарласқанымызбен, жауап ала алмадық. Ал республикалық қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметінің жетекшісі Ғалымжан Хасенов «бұл жайттардан хабары жоқ» екенін, «тікелей түрмеге хабарласу керек» екенін айтты.

Арон Атабектің ұлының хатына байланысты бас прокуратураға ресми сауал жолдадық. Әзірге оған жауап келмеді.

Диссидент ақын, Шаңырақ оқиғасы бойынша 18 жылға (2006 жылдан 2024 жылға дейін) сотталған Арон Атабек (1953 жылы туған) Қаражал түрмесінде жазылған «Назарбаевщина и революция», «Назарбаевщина и поэзия» атты шығармаларынан кейін Арқалықтағы «жабық» түрмеге ауыстырылған. Биыл мамыр айында оны қайтадан Қаражал түрмесіне апарған.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG