Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 03:00

ӘЛЕУМЕТ / Ереуілдер

Ереуілшілер заңгерінің соты басталды

Ақтауда маңғыстаулық мұнайшылардың құқығын қорғаушы тәуелсіз заңгер Наталья Соколованың соты басталды. Ал «Өзенмұнайгаз» компаниясы мұнайшыларды жұмысқа шығуға үндеген парақшалар таратып жатыр.

Заңгер Наталья Соколова. Сурет Ольга Ярославскаядан алынды.
Мәтін көлемі - +

Шілденің 28-і күні сағат 15-те басталған тәуелсіз заңгер Наталья Соколоваға қатысты сот ісі кешкі сағат 20-ға дейін созылды. Оған «Қаражанбас» компаниясы құрамындағы мекемелер басшыларымен қатар кеніш мұнайшылары өкілдері де қатысты.

ЗАҢГЕРДІҢ ІСІ ЖАБЫҚ ТҮРДЕ ҚАРАЛДЫ

- Менің ұққаным - сот процесіне қатысушы әкімдік, прокуратура, компания мекемелері өкілдерінің бәрі мұнайшылардың ереуілі себебін Соколоваға артқысы келеді. Оған «халықты өз жеке бас мүддесі үшін пайдаланды» деген кінә артып отыр, - деп мәлімдеді «Қаражанбас» кеніші мұнайшыларының белсендісі Қуаныш Сисенбаев Азаттық тілшісіне.

Оның айтуынша, сотқа «Қаражанбас» компаниясы басшысы Юань Му да қатысқан.

- Юань Му мырза өзінің аудармашысымен келді. Өзіне қойылған сауалдарға жауап берген ол істі қазақ басшыларға аудара салды. «Мен
Наталья Соколованың сот отырысы. Ақтау қаласы, 28 шілде 2011 жыл

қағазда не жазылғанын білмедім, тек қол қой деген соң қойдым» деді, - дейді Қуаныш Сисенбаев.

Мұнайшылардың айтуынша, оның бұл сөзі процеске қатысушы компания жұмысшыларының наразылығын тудырған. «Бұл жерде адам тағдыры тұрған жоқ па? Қалай ол көзін жұмып қол қояды?»  дейді сотқа қатысушы жұмысшылардың бірі.

- Сот отырысы ертең жалғасады. «Қаражанбас» кеніші мұнайшыларының куәгерлігін тыңдауға өтініш жасадық, - дейді Қуаныш Сисенбаев. 

Оның айтуынша, сот отырысына қатысуға рұқсат алған неміс тілінде шығатын Deutsch газетінің тілшісін кейін залдан шығарып жіберген.

Ал «Ақтау» тәуелсіз кәсіподағы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мұхтар Үмбетовтің Азаттық тілшісіне хабарлауынша, сотқа Соколованың жақын туыстарының бірде-бірі қатыстырылмаған.

- Оның адвокаты да билік ұсынған «көлденең адвокат» болып отыр. Сондықтан Соколованы шын мәнінде қорғай алатынына күмәндімін, -
дейді Мұхтар Үмбетов.

Маусымның 1-інде босатылуы тиіс Наталья Соколоваға алдымен «заңсыз митинг ұйымдастырды» деген айып тағылған еді. Кейін «Қаражанбасмұнай» компаниясының басшысы Юань Мудың арызы негізінде Наталья Соколоваға қылмыстық кодекстің 164-бабына сәйкес «әлеуметтік жанжал тудырды» деген басқа бір айып тағылған. Ал маусымның 10-ында қалалық сот Соколованы екі айға қамау туралы шешім шығарған.

Тәуелсіз кәсіподақ белсендісі Мұхтар Үмбетов енді осы жолғы Соколова сотының нәтижесі Маңғыстау облысындағы мұнайшылар наразылығының ары қарай қалай өрістейтінін көрсетеді деп отыр.

«ҚАЗМҰНАЙГАЗ» МҰНАЙШЫЛАРДЫ ЖҰМЫСТАН ШЫҒАРА БАСТАДЫ

Шілденің 27-сі күні ресми баспасөз мәлімдемесін таратқан «Қазмұнайгаз» барлау өндіру» акционерлік қоғамы екі күннің ішінде 30 жұмысшымен еңбек келісімінің бұзылғанын жария етті.

«Заңсыз наразылық акциясы басталғалы бері өндірістік филиалда барлығы 373 адам жұмыстан шығарылды. Өз кезегінде «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалының кадр бөлімі босаған жұмыс орындарына аймақ тұрғындарынан келіп түскен 3400-ге жуық түйіндемені қарау үстінде. Қазіргі таңда жұмыстан шығарылғандарды алмастыратын 30 маманды жұмысқа қабылдау рәсімдері аяқталғалы отыр» деп жазылған баспасөз хабарламасында.

«Еңбек тәртібін бұзғандарды» жұмыстан шығарып, олардың орнына жаңа мамандарды алу жұмыстары Қаражанбасмұнай бірлескен кәсіпорнында да жүріп жатыр.

Бұл хабарламада наразылық акциясына қатысушылардың қатары аздап сиреп, шілденің 27-і күнгі жағдай бойынша 748 адам ғана жұмысқа шықпағаны айтылады.

«ӨЗЕНМҰНАЙГАЗДЫҢ» ҮНДЕУІ

Ал жаңаөзендік мұнайшылар алған беттерінен қайтпайтындықтарын айтып отыр.

- Жаңаөзен жасыл желекке бай емес. Әр жерде бір шолтиған теректердің түбінде жиналып тұрмыз, - деді ереуілшілердің бірі.

Олар «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалы басшылығының цех бастықтары арқылы үндеу парақшаларын таратып, мұнайшыларды жұмысқа шығуға үгіттеп жүргенін жеткізді. Аты-жөнін айтпауды өтінген мұнайшы үндеу мәтінінің мазмұнын Азаттық тілшісіне оқып берді.

«Еңбек ақысын даулаған заңсыз ереуілдеушілерге ілескендер алаңда топталып тұр. Күннің аптап ыстығында кешке дейін қақталып тұру оңай емес, әрине. Оларды арыға шаптырып, жұмысқа шығармай тұрған желден нәзік, құлаққа жағымды өсектер таратып жүрген біреулер бар. Бір-екі күн 
Еуропа парламенті өкілдері Маңғыстау мұнайшыларымен кездесті. Жаңаөзен, 17 шілде 2011 жыл.

ішінде Еуропа парламентінен біреулер келіп талаптарын орындамақшы екен немесе Астанадан біреулер келіп талаптарын орындауға көмектеспекші екен деген жалған сыбыстар таратады. Осыдан «ереуіл рухы» көтеріледі.

Құрметті мұнайшылар!

Артыңызда аузын ашып, күніне үш мезгіл тамақ сұрап отырған, жоғары оқу орынында оқып жатқан балаңыз, жарларың мен қарияларыңыз бар. Одан қалса, банктерде кредиттеріңіз бен жұмыс берушіден алған несиеңіз бар екенін ұмытпаңыз. Біздікі - тек түсіндіру. Шешім қабылдайтын - өзіңізсіз. Ойлан, мұнайшы! Жұмысыңа орал!» деп жазылған үндеуде.

КОМИТЕТ

Шілденің 28-і күні Қазақстан социалистік қозғалысы ақпарат таратып, елдің батысындағы ереуілдеткен мұнайшылар отбасына қолдау көрсететін қоғамдық комитет құрылғанын жария етті.

Комитеттің мақсаты - мұнайшылар отбасына арнап қаржы, азық-түлік, киім-кешек жинау.

«Алдағы уақытта Қазақстанның өзге өңірлерінде де комитет пункттері ашылады. Ал Маңғыстауда ереуілшілер әйелдері банкте есепшоттарын ашады. Олардың балаларына арналған жаңа оқу жылы үшін мектеп жабдықтары, бұзылмайтын азық-түліктер жиналады» деп хабарлайды комитет.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі 
Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
29.07.2011 11:00
+0 / -0
Ертең оқу жылы да басталарға аз қалды. Бала-шағаға керек - жарақты алып берудің өзі қиын болып кетті ғой өзі. Мұнайшыларға қиын болғалы тұр. Маңғыстауда қазіргі таңда бала саны да артқаны белгілі.

Кімнен: НАмысшыл
29.07.2011 11:36
+0 / -0
нан тепкі жасап не көрінді мұнайшыларға. Енді қалғаны, жеп отырған нанынан жеріп, елден жылу жинауға ұялмайсындар ма мұнайшы бауырлар. Қазақ ұлты мұншалықты азғындағаны өте өкінішті-ақ. Сырттан, іштен, одан қалса шет елден келіп, өздері адасып, басына пәле тілеп жатқан мұнайшылардың құлағын көтеріп, арандатып саяси ұпай немесе өздерін танытып қалуға тырысқандардың айтағына еретіндей не болды бауырлар-ау.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
30.07.2011 12:19
+0 / -0
Намысшыл, кай бетинмен намысшылмын деп отырсын? Сонда сен казактын жас кыз-келиншектерин жумыска аламыз деген Кытайга ма деп апа-карындастарынды бермекшисин ба? Жануарда олай истемейди. Сорлы екенсин, казакты сататындардын биреуи сенсин, мунайшылар саган зару емес айналайын, оданда тилекши болмайсын ба бари амандыкпен шешилсин деп?

Кімнен: Иілмеген қазақ Қайдан: Ақтау
29.07.2011 11:54
+0 / -0
Иілмеңдер, бүгілмеңдер, берілетін көмек жарлы-жақыбайға берілетін садақа емес, өздеріңізбен жаны бірлердің ілтипаты деп қабыл аларсыздар. Бұл мүмкін жұдырық болып жұмылуымыздың басы болатын шығар,иншалла!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
29.07.2011 12:12
+0 / -0
Ей, "намысшыл", егер арты қуыс билік жылу жинатуға арланбаса біз
несіне арланамыз, отырсын сөйтіп бедірейіп, Қазақ мемілекетін мен
құрдым, қойшыларда сотка бар деп, ар жоқ намыс жоқ, саудың асын
ішіп, аурудың сөзін сөйлеп жүрген жандардан не үміт, не қайыр.
Ертең шетел инвестициясын тоқтатса сонда санын бір-ақ соғар.

Кімнен: тайсалмас казак Қайдан: актау
29.07.2011 12:29
+0 / -0
Намысшыл-ау, намысты болсан езилип жаткан бауырларына комектеспейсин бе. Кишкене гана артыгырак алдым деп маз боласын. Ертен кара кытай каптаса , онын устине мына ширик карын бастыктар акшанды жесе будан да айрылып каласын. Одан да коппен бирге оз кукыгыннын тапталмауына жол берме. Оян, татти уйкынды аш. Ереуилшилер, моиымандар.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
29.07.2011 13:18
+0 / -0
Соколованы әулие қылған ақылы аз мұнайшыларым ай,жеңілгендерің ақиқат. Енді не істейсіңдер БАТЫР АДАЙЛАР.

Кімнен: Ойланайық...
29.07.2011 13:23
+0 / -0
Болашағының қамы - бала-шағаның жаны. Сондықтан бала-шағасын ойласын, кішкентайынан бүлік, төңкеріс көріп өскен бала қандай болады. Ауғанның балдары туыла сап автомат ұстайды. Ал қазақтың балдары - туыла сап билікке қарсы шығуға тәрбиелеп жатырмыз ба? Ей, қазақ бауырларым ойланайық. Бұл ешкімге е абырой әкелмейді. Сабырға келіңдер!

Кімнен: Намысшыл
29.07.2011 14:16
+0 / -0
Онда елге күлкі, дұшпанға таба болып, осылай бір-бірімізбен қырқысып жүрген жақсы ма? шеттеріңізден ақылды бола қаласыздар. Оларға басу айтып, ынтымаққа шақырудың орнына жанған отты одан сайын үрлейсің. қасиетті Ораза айында бәрін қойып, сабырға түспесек болмайды. Алланың қаһарына ұшыраймыз ғой.

Кімнен: Расул Қайдан: Кызан
29.07.2011 14:20
+0 / -0
Жан бала шаға деп ар- намысынды елінді жернді сатып отыра бересин ба? Отан жер байлык казахтікі . Киммен келсимге келесин жемкор саткындарменба?Олар баринде сатып болган керек десен анасында сатып жибереди.Мен жерм ушин согыска да бармын.Буданда кйын кездер казахтын басынан откен.Тек жениске жетиндер Мунайшылар.

Кімнен: Амирбек Қайдан: Жана Узень
29.07.2011 15:35
+0 / -0
40jil kirgin bolsa da ajali jetpei olmeidi bauirlar!!! Bul biliktin ewtenege kuwi jetpeitinin janede haliktin tek sailayda kazhet ekenin tagda korsetti!!! Bul bilektin irip wiryi alis emes tek 300juzim aman bolip tursa budanda jaksi kunderdi otkizetinime senimdimin!!! Munaiwilar sender tek kiwi juz adaidin ruhin kotermedinder bukil kazaktin ruhin bir jelpindirip tastadindar!!! Aman bolindar allah kalasa jenis kawanda haliktiki bolgan!!!!

Кімнен: Марат
29.07.2011 16:12
+0 / -0
Алған беттен кайтпаған дурыс, шешінген судан тайынбас деген, егер де осы жерден тастап кетсеңдер ереуілді ешқандай да жаксылык болмайды халыққа, билік одан сайын мойнына мініп алады. Осы уақытқа дейін ақылмен сұрағанға бермеді ме, енді күшпен алу керек, ХАЛЫҚҚА қарсы тұратын ешқандай КҮШ жоқ. Жеңіс Мұнайшы жұмысшылар жақта. Бәрің бірігіңдер жұмысшы қауым!
Ағасын жұмыстан ұуып орнына жұмыссыз інісін алуға билік үйреніп алған, бұл жолы олай бола қоймас.
Неге біздің жұмысымызды, еңбекақымызды басқа шетелдіктер алуға тиіс, неге олар бізден артық жалақы алуға тиіс! Біздің ақылымыз, немесе күшіміз кем бе олардан, жоқ, артық болмасақ кем емеспіз ешкімнен, АЛҒА БАУЫРЛАР!!!

Кімнен: МУНАЙШЫ КЫЗЫ Қайдан: ЖАНАОЗЕН
29.07.2011 16:19
+0 / -0
Неге Айткулов мырзаны Соколованын сотына катыстырмады? Айткулов мырза мунайшылардын ереуілі заңды деп айткасынба? Мен тусинбедим! Осынын барине кинали ЕШМАНОв КИКБАЙ АСТАНАДАН ОСЫ ПРОБЛЕММАНЫ ШЕШУГЕ КЕЛГЕН АЗАМАТТАРДЫ АУЗЫНА ТАМАК АРАК ШАРАП КАЛТАСЫНА АКША КОЙНЫНЫ ОЙНАКТАЙТЫН КЫЗДЫ САЛЫП КЕНДИРЛИГЕ АПАРЫП. БАРИ ЖАКСЫ БОЛАДЫ ДЕП ШЫГАРЫП САЛАДЫ. Ейййй Киікбай ай ай халыктын коз жасына калып журген саган жаксы омир сыйлайды деп ойлайсынба:? 6 баланды ойламайсын олардын омири не болады деп. Алде жетим болып койшы болгасын. бирден жумсак креслога отыргасы акша додалап тускесин барлыгын умыттынба? казакта макал барго ПЕРИШТЕ АЛТЫН КОРСЕ ЖОЛДАН ТАЯР ДЕГЕН осы макал дал озине арналган Киікбайау. Осынын барлыгына о дуниеге баргасын жауап бересин!!!
Пікір алмасу

Кімнен: Нурбай мен Раушан №2 НГДУ Қайдан: Жаңаөзен 4-12
30.07.2011 11:32
+0 / -0
МҰНАЙШЫ ҚЫЗ деп жасырынбай еркек екеніңді мойындап атыңды айтпадың ба? Елді арандатқан Соколова кім соншама Облыстың орынбасары Айткулов баратындай? Кийкбай осы жазда Кендірліге барды ма екен? Автостанцияда ересек 08.00-19.00 де мұнайшыларды жұмысқа шығарып салудан қолы тиер ме екен? Халықтың көз жасына ереуілді бастағандар Естай,Талғат, Роза, Наташа, Акжанат, Танатар, Жанарбек,Орынбасар, Оразбай мен қарғыс атқыр Соколова қалады, Алла тағала сен сияқты оттамайды, ақ пен қараны айырып атады. Жетімнің бәрі қойшы, қойшының бәрі ақымақ деп кім айтып еді? Креслоға отырганнан бері забастовка көріп келе жатқан Кийкбайға кім додалап ақша беріпті? Бүкіл ел алдында "Алланың да адамның алдында арым таза!" деп айтқан Киікбайдай Өзенмүнайгазда бұрын басшы болды ма? Бар жазығы 2010 жылы пенсияға кеткен қарияның оты өшпесін деп орынына баласын кіргізіп, орындалмаған жоспар үшін премя алып бергеніме? Ешкім түкіріп қарамаған Жетімдер үйіне қамқорлық жасап бүкіл дүниесін мен жеке автобусын сыйлағаны ма? Өзенмұнайгазда жасап мүгедек болып далада калган жұмысшының баласын орынына кіргізіп азаматтық жасағаны ма? Қазақта " ЖҮЙЕЛІ ҚАРҒЫС ИЕСІН , ЖҮЙЕСІЗ ҚАРҒЫС КИЕСІН ТАБАР!" деген мақал бар сондықтан "Мұнайшы қыз" деп он жерден жасырнсаң да Алла гайбаттап табалаганың үшін дәл өзіңді атпасын! Киікбайға Алла жар болсын! 33-жаста ол сияқты Елді ойлаған басшылар аз. Жұрттың баласы арақтан қолы тимей сен құсап тасадан тас атып көре алмай отыр, бұлда қазақтың соры ғой. Ел жұртқа Алла сана мен сабыр бергей!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
30.07.2011 12:34
+0 / -0
Сонша таза болса Европарламент мушелери келип, халык алдына шык дегенде неге шыкпайды? Шет елдер бизге жаны ашып жатыр, ал сен оз басынды гана ойлап журсин, басына ис туссе кореди адам халыктын керегин
Пікір алмасу

Кімнен: Каржаубаева Гулжанат Қайдан: Жанаозен 1-17 уй
30.07.2011 15:02
+0 / -0

1. Киікбай өзі жанашырлық танытуымен өзі директор болып тағайындалған жыл ішінде «Өзенмұнайгазға» мүжәлсіз отбасылардың мүшелерінен, жетім-жесір азаматтар арасынан және жоғары білімді жастардан жұмысқа қабылдады. Оның ішінде 70 жұмысшы зейнеткерлік жасқа жетіп, отбасының мүшесін орнына қалдырғандар. 43 адам – соңғы 3-4 жылдықта асыраушысыз қалған, қайтыс болған жұмысшыларымыздың отбасының мұшелері. 28 адам – мүгедетікке қалған және денсаулығы нашарлап кеткен жұмысшыларымыздың орнына, арыздарына байланысты қабылданған адамдар. 76 адам – қала тұрғындары, мүжәлсіз, жанұя жағдайы төмен отбасылардан. 91 адам - өзімізге қарасты мекемелерден келіп түскен хат бойынша, көп жылдардан бері үйінде бір өзі жұмыс жасап жүрген, еңбек озаттары, мұнайшыларымыздың отбасына қабылданған жандар.
2. «Жетім көрсең жебей жүр» деген ата бабалар сөздің шеңберінде К. Ешманов Маңғыстау облыстық балалар үйінің тәрбиеленушілерін қамқорлық қанатының астына алу мақсатында Қамқорлық Кеңесінің құрылуына өзі мұрындық болып, аталған кеңеске орынбасар болып тағайындалды да балалар үйдің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайының жақсаруына лайықты мүмкіндіктер жасауда. Сондай-ақ, Облыстық балалар үйіне көптеген киімдер мен төсектер, тұрмыстық техникалар сатып алынып жаңа автобус берілді.
3. Қызылсай кентін жарықтандруды бастап,ауыл тазалығын өзі қадағалауда. , жұмысшыларға автостанция салуды қызу қолдап жұмыстанып отыр.
жас мамандардың біліктілігін көтеру, тәжірбиесін шыңдау мақсатында К.Ешмановтың бастамасымен Жас мамандар кеңесі құрылды. Бүгінгі таңда аталмыш кеңестің бағдарламасы жасақталу үстінде. 2011 жылдан бастап Жас мамандар кеңесінің жаңа бағдарламасы аясында ауқымды жұмыстар іске аспақ. Жоспар бойынша 18-35 жас аралығындағы жастарды Қазақстан және ТМД мемлекеттерінде орналасқан ірі-ірі кен орындарға жіберіп, өзара тәжірибе алмасу, курстарда оқыту секілді ең негізгі жұмыстарды жүйелі түрде жүзеге асырылады. Сонымен қатар, тұрақты мерзімдерін белгілеп, барлық тақырыптар бойынша ғылыми-тәжірибелік конференцияларды ұйымдастырылады. Бағдарлама аясында өнерлі мұнайшылардың өз өнерлерін өрістетуге мүмкіндік туады. Туған өлкенің тарихи-мәдени жерлерін аралатып, жастардың бойына патриоттық тәрбиені сіңіру үшін кезең-кезеңімен Маңғыстаудың таңғажайып орындарына экспедиция жасау жоспары бар. Сол себепті, оларды тұрғын үй мен басқа да әлеуметтік көмектермен қамту жұмыстары атқарылады.


4. Облыс көлемінде Бекет Ата тойында атқарған, жасаған еңбегі ,жанашырлығы үшін облыс әкімі Қ.Е.Көшербаевтың «Құрмет грамотасымен» марапаталды.

Пікір алмасу

Кімнен: Болат УТТ Қайдан: Уштаган
30.07.2011 15:26
+0 / -0
Шет елдер кашан қазаққа жаны ашып еді? Европарламенттен келген Мерфимен кездесіп бәрін түсіндірді, ол түсініп өзіне керек очкосын жинап еліне кетті. Ирландияның партиясы Жаңаөзеннің Адайын не қылсын! 7000 Халық жұмыста жүр адаскан 980 адам бастары айналып Соколованын етегин устап кун астында ешкимди тындамаганына Кикбай кінәлі ме? Орақ пен басшыларымен бірге Кайта кайта барып жумыска шыкшы дегенде Соколованы алып кел деп куып жиберген оздері гой. Осы аландагылар гипнозбен жур гой неге десен балдарын аямай айелдерін тындамай ажырасып жатыр. Наташа Ажигалиева мен Роза Толетаева куйеуі жок екен оларга семья бала керек емес шыгар а? Ал сен шет ел дейсің Шет ел олсен өміреп кап деп отырганын білемісің өзі! Көзіңді ашып қара сол шет ел сені арандатып тонап зорлап отырган! Шет ел дейсің?
Пікір алмасу

Кімнен: Арман Қайдан: Жаңа Өзен
31.07.2011 13:11
+0 / -0
Нурбай мен Раушан сендер НГДУ -2 де кім болып жасайсыңдар ? Жұмысқа жаңадан кіріп жатырсындар ма?

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
29.07.2011 16:37
+0 / -0
қарғысқа ұшырайтындар біздің еңбек ақымызды жеп әулие ата бабаларымызды таптап жүргендер.

Кімнен: Кәсіподақ Қайдан: Жаңаөзен
30.07.2011 15:05
+0 / -0
Ардақты ағайын! Құрметті мұнайшы!


Талаптардың заңсыз екеніне қарамастан, өкінішке орай, 60 күнен асса да, осыны ұйымдастырған жұмыстан шығарылған мұнайшылар райларынан қайтар емес.
Ереуілдеушінің мұнайшы отбасына да зияны орасан болып отыр. Өзіміздің нанымызды теуіп, бала-шағамызды асырап отырған жұмысымыздан айырылудамыз. Ереуілге қатысып, «жұмысқа шық» деп айтқанды елемеген, түсінбеген еңбек тәртібін бұзған 400-ден аса мұнайшы жұмыстарынан шығарылды. Орынына жұмыссыз қала тұрғындары жұмысқа орналасуда.
Ия, біз лайықты өмір сүргенді қалаймыз. Тұрмысымыздың түзелгенін, жалақымыздың көтерілгенін жақсы көреміз. Сол үшін де соңғы екі-үш жыл көлемінде бірнеше рет ереуіл өтті. Алла Тағаланың өзі қолдап, сұрағаны болды. Бүгінде жұмыс орындарымыздағы әлеуметтік нысандарымызды жаңарттық, 1,8 салалық коэффициентін алып, айлықтың көлемін көтердік. Қазір жаңаөзендік мұнайшылардың басым бөлігі өз жалақыларына көңілдері толады. Мұны мойындауымыз керек.
Ереуілді ұйымдастырып және тоқтатпай жанын салып жүргендердің жалпы халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтап жүрмегені анық. Олар жеке бас пайдалары үшін, кейбір лас саяси ойындарды ойнап отырған тасадағы саясаткерлердің қаржылай көмегімен, тапсырмасымен әрекет етіп отырған болуы да мүмкін.
Облыс әкімдігі, «Қазмұнайгаз» ҰК мен «Қазмұнайгаз» БӨ АҚ Компания басшылығы, Жаңаөзен әкімі мен прокуратурасы, құқық қорғау органдары бұл ереуілдің заңсыз екеніне өз пікірлерін ашық білдірді және ереуілді тоқтауды айтты.

Есігімізден Ораза айы да аттап отыр. «Сабыр — иманның жартысы, ал, ораза — сабырдың жартысы», — деген болатын. Сабырмен қанағат етіп, ойланып көріңіз! Қасиетті мұсылман мерекесінде араздасып қалған кісілермен татуласып, қатынас үзілген туыстардың үйлерін аралаудың да маңызы ерекше. Сол себепті, ардақты ағайын, ереуілдегі мұнайшылар, Сіздерді заңсыз болып танылған 60-күнге созылған ереуілді тоқтатуға шақырамыз! Ойланып көріңіз! Ораза айының бірінші күні, 1-тамыздан бастап жұмысқа кірісіп, шығуыңызды сұраймыз! Жұмысқа шыққандарға қудалау болмайды!

Сіздерге деген шын ниетпен,
«Өзенмұнайгаз» ӨФ басшылығы.
Пікір алмасу

Кімнен: Жаксылык Қайдан: Жана-озен
31.07.2011 16:52
+0 / -0
неге жумыска шыккандар кудаланбайды? ол кай енбек кодексинде бар? мунайшылар 3 сагат емес, 1440 сагат жумыс орнында болган жок, буган ким жауап береди сонда? оздерин бе? Кеше Киикбай мырзанын Европарламент депутаты алдында калай сойлегенин кордик, суттен ак судан таза адамдай еш кимге кысым корсеткен жокпыз, ешкимди урган жокпыз дейди, маскара. Мунайшылардын арасына от салган, халыкты алауыз кылган ким сонда? Озимиздин биликтен жаксылык кутпей, шет елден умит кутип отыр карайган халык, бул дегениниз халык биликке керек емес, билик оз алдына болганы. Карным ашады осыган

Кімнен: Маден Орак Қайдан: Жаңаөзен
30.07.2011 15:10
+0 / -0
Забастовка ұзаққа созылды бұлай болад деп ойламадық. Жұмыстан шыққандар жұмысқа кіре ала ма?
Европарламент депутаты Мерфий сентябрьде парламентте айтам деді.
Ирландиянын көсегесін көгертпеген Жаңаөзеннің босағасын майлап, мұнайшылар дастарханын шәйламас ! Аңқау елге арамза молда көбейіп , кезекпен келіп өз беделін көтергендер өз пайдасынан аса алмай жүр. Алаңда күн астында күйіп тұрғандар 200дей мұнайшы ғана, қалған 680 мұнайшы өз шаруасын шаруалап, больничный аштырып «До конца!» деп азғырып жүр.
25-июльден бастап он бес адамнан увольнение басталдыда Кала тұрғындарын орынымызға жұмыска алып жатыр. Әр мекемеде іріктеу басталады. Осы аштыкты бастаган Ажигалиева Наташа, Тулетаева Роза, Сактаганов Талгат, Тулкибаев Оша, Карашаев Естай жұмыстан шыккан адамдар. Оларга сенин семьян бес тиынга керегі жок.Олар енді Озенмунайгазга директор етип Утенов Кайратты кой деп сандалап кетті. Не болып кетті өзі! Жұмыстан шыккан 400 мұнайшы тагдыры ойыншык па сонда? Біресе алты талап, біресе Аминов пен Соколованы шыгар, біресе анау біресе мынау ! Болды енді «катын» болсак болайык жұмыска шыгам! Мені устамандар, уйде жейтін нан жок, балдар аш!

Кімнен: Юрист Қайдан: Актау
30.07.2011 19:25
+0 / -0
Соколоваға 3-жыл береди ме. Ол аз оган 600 адамнын уволнениеге ушыраганы 600 семьянын аш калуы сонын мойынында! Озенмунайгаз бен Каражамбасмунай жумыссыз калган жумысшылары Оразада таубага келип арыз жазып кеширим сурандар жумыска кайта алып калар мумкин.Ойланындар!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
30.07.2011 20:36
+0 / -0
сен мынаны біреулердің табсырысымен жазған жоқсыңба соған үқсаитын сияқтты, Әділдік женңеді Мүңаишылардыкі дүрыс, сен мүңаишы болыб істеб қара сонда түсінесің,мүңаишылардың ҚАРҒЫСЫНА қалма бауырым, шындықтты жаз,
Пікір алмасу

Кімнен: зангер Қайдан: астана
12.08.2011 23:50
+0 / -0
юрист сен саткынсын арсызсын оданда олiп кал

Кімнен: Даке Қайдан: Жаңаөзен
30.07.2011 20:20
+0 / -0
Мен ӨМГ-де жұмыс жасамаймын, бірақ былтырғы забастовка кезінде неге тұрғандарыңызды ұмытпаған шағарсыздар. Мен сол кезде таныс жігіттерден неге тұрғандарын сұрағанда, айлық төлеу жүйесін өзгертіп жатыр, табыс азайып кетеді екен деді. Мен сол кездегі ұсынылған айлық төлеудің жаңа жүйесін оқып қарадым, оны алдыңғы төленіп жүрген жүйемен салыстырып көргенімде ӨМГ ұсынған жүйе бойынша табыс айтарлықтай көбейіп, жоспар орындалмаған кездегі кесілетін сый ақы көлемі де жанға бататындай кемімейді екен. "Енді осыдан артық не керек сізге деген?" сұрағыма, "Осыны дұрыстап түсіндіретін адам керек." деді. Әрине жұмысшыларға дұрыстап түсіндірілген бірақ "өзің білме білгеннің тілін алма" деген қарғысқа ұшырағанба мекеме басшылары түсіндіре бастаса улап шулап тыңдамай қояды. Адамға ұнау үшін солар естігісі келетін әңгімені айту керек. Бірақ былтырғы забастовкада 1,8 коэфициенті құтқарып кетті ереуілшілерді. Мен биылғы ереуілшілерден де сұрағанмын, кім есептеп берді жаңа айлық көзін 400-500 мың тенге болады деп. Есептейтін адамдар бар ғой дейді. Енді сол адамдар келіп есепті көрсеттіме десем ешкім келіп ештеңе көрсетпеген. Бүгінгі ереуілшілер арасында амалсыздан, әуел баста көпшілікпен бірге тұрып қалып енді қалай айнып қаларын білмей жүргендерде бар.
Бізді шет елден келіп ешкімде көсегемізді көгертпейді.Кешегі европарламенттіктер мен К. Ешманов неге соншама бәрін тәптіштеп түсіндіргеніне мен таң қалдым. Мен Ешмановтың орнында болсам Мерфидің өкілеттілігін сұрар едім осы ереуілергі қатысты мәселе бойынша, ал егер өкіліеттілігің жоқпа, онда есік анау ар жағынан жауып қоюыңызды сұраймын. егер көнбесеңіз, мархабат, ҚР кәсіпорынның ішкі ісіне аралсуына ешқандай шетелдік азаматқа хұқ берілмеген деп обезянникке 1-2 күн қонақтатып жіберу керек еді. Киікбай қойшылықтан келіп, көп ақшаға күрп еткесін бұрынғысын ұмытып кетті дегенді де оқыдым. Қойды қалай бағу керек екенін білеме екен соны жазған адам. Әр нәрсенің орны бар мені ешкім көрмеді ғой деп ойына не келсе соны жаза беруге болмайды. Мен де қой бақтым, совет кезінде Маңғыстауда малшылар мұнайшылардан бай болмаса одан кем болған жоқ. Қара халыққа жаны ашитын болса неге басқалармен бөліскісі келмейді ереуілщілер, неге Жаңаөзен қаласында жұмыссыздықты азайтуға деп бірде бір ұсыныс жоқ. Иә, ұсыныс жоқ, жұмыссыздықты азайту туралы нақты ұсыныс жоқ. Мен өзім жұмыссыз жүрсемде бала шағаға нан тауып беріп жүрмін. Әрине кей кезде нанға жағатын май болмай қалады, ол да рас. Ал мына ереуілшілерге көмек көрсету үшін жылу жинайтындай олардың басына ешқандай күн туып отырған жоқ. Астарында ең қымбат автокөлік, сатсын соларды, әрқайсысы құны бір үйді бір жыл асырауға жетеді. Жаңаөзеннің алаңына барып қараңыз дүние жүзі болмағанмен де, Қазақстан бойынша ең қымбат көліктермен келеді сол жерге "айлығы аз" ереуілшілер.
Пікір алмасу

Кімнен: Басшылармыз Қайдан: Жаңаөзен
30.07.2011 21:32
+0 / -0
Даке ! Сіздің сөзіңіз шындық ! Әй бірақ ереуілде жүргендер сөздің иесі емес екен! Оларға не айтсаңда өтпейді, шулап тыңддамай кет деп қуып жіберіп, ер деп жүрген жігіттер айқай әйелдер артында тығылып тұрганын көріп жаның ашиды. Қайран қазақ ел басына кун туса ер табылар ма екен! Ақша ақша деп абыройдан айырлып барамыз. Даке! Сіздей азаматтарды Өзенмунайгаз жумыска алып жатыр. Өзенмунайгаздың кенсе бөліміне арыз берсеніз Семсер кабылдайды. Болмаса УОС2 ге барыныз.Бул сизди сатып алу емес.Сизге деген курмет деп кабылданыз!
Пікір алмасу

Кімнен: Айым Қайдан: Актау
31.07.2011 15:10
+0 / -0
Ия халыктын кози ашилдима десек. мина кор сокырлар ауздары ауызга жукпаитин немелер типти елинде неболп жатканинан типти хабарсиз жандар ау...Мунайшылар ереулге шикканда енбек акысы гой олар оздерин багалаитин адамдар екенин билшеш... муни типти козге илмеген биликтен не кутип отирсин .... Урпагинды ойлаудан калгансиндар ау шамасы....сиздерге аитарм ен онай жолы Ресеиге косылу . Казакка жанин ашимаса бар....

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
30.07.2011 20:34
+0 / -0
Мұнайшылардың ереуілінің осыншама уақытқа созылуына билік тікелей кінәлі,басталған кезеңнен мәселені шешуге зауқы болмады,мән бермеді,тұрып тұрып кетеді деп ойлады,20 жылдық билік өзінің осы арқылы құрған қоғамының жалған екенін мойындау керек.Жалған абырой 1 минутта шашылып қалу қаупі тұрған сияқты.Тарихта талай болған ғой.НӘН кетсе ешкімнің ештеңесі кетпейді,өмір жалғаса береді,,,

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
30.07.2011 20:36
+0 / -0
Шешудің бірден бір жолы қытайлықтарды қуып шығу! Жұмысшылардың талабы орынды, бізідң биліктің бұралқылары қытайлармен ауыз жаласып, қазақ байлығын бөлісе тонап отыр. Ал мына журналистерде майдан жоқ, бейне бір аспаннан түскендей. Мұндай объективті болғысы келген ақымақтық ештеңені дұрыс түсіндірмейді, қайта мәселенің өзегінен баынша алыстайды. мақала қап-қара өсекке ұқсап қалған.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
31.07.2011 17:25
+0 / -0
Нурбай Раушан сендер Киікбайды жактап отырсындар жарайды. Бірак, Киікбай ондай халыктын конилинен шыгатын жумыс жасап отырган жок. НЕГЕ, КУШТИ БОЛСА АЛАНГА ХАЛЫКТЫН АЛДЫНА КЕЛИП сойлемейди заңсыз деп. Ол ойткени халыктын алдына келуге бети жок озинин артында былыгы коп. Мысалы Елеусинов мырза озинин жумысшыларынын алдына келип сойледи. неге сол сиякты келип шыкпаска халык алдына, Киікбайдын ойы мен халыкты жеңемин деген оймен отыр мысалы мунайшылардын ереуілі заңсыз болса неге ар уйдин есігин соктырып адам жибереди жумыска шыксын деп.... КИІКБАЙ СЕНІКІ ДУРЫС БОЛСЫН ДЕЛІК, БИРАК СЕН ОЗИНИН ЕР АЗАМАТТЫК БЕДЕЛИНДИ ТУСИРМЕЙ ОРНЫНДЫ БОСАТУЫН КЕРЕККО. МУНАЙ САТЫП АКША ТАБАМ ДЕП ШАРШАМАДЫНБА АКША ТАУСЫЛМАЙДЫ АКША СЕНИ ТАУСАДЫ.
Пікір алмасу

Кімнен: Нурбай Раушан Қайдан: Жаңаөзен
31.07.2011 21:36
+0 / -0
Аты жөні көрсетілмегенге айтарымыз. Адам тугілі итте де аты болады.Кушти болсаң адресіңді атыңды толық жаз, егер еркек болсаң! БІРІНШІДЕН Ешманов 27-майда уос-5 ке барып заңсыз деп айтты.Кім тыңдады? Бәрі "Соколованы турмеден босатып алып кел!" деп теріс қарап қашты.Одан соң қала әкімі Орал Сарбопеев аксакалдармен барып жумыска шыгуды, зңсыз екенін айтты КІМ ТЫҢДАДЫ? Былыгы коп дейсің айт тізіп былык деп нені айтады? Урлык дейсің мунай сатты дейсің қайсы факт бар ма? Жаман қатындай абалап уйіңде отырып шатпақ жазып мәзсің! ЕКІНШІДЕН Елеусинов сойледі дейсің , соншама не айтыпты халык ушін? Сол Елеусинов епеспе бір сойлеспестен Шетпе,Шебір, Онды , Тұщықұдық,Жармыш, Жыңғылды жігіттерін жұмыстан топтастырып жұмыстан шығарған.Атыраудан қаңғып келіп Қаражамбаста жасайтын ауылдастарын 56 адамды ереуіл кезінде отпускаға жіберіп по братский алып калды.Осы ма Елеусиновтің азаматтығы? Ал Киікбай "ХАЛЫҚ АДАСТЫ ХАЛЫҚТЫ СОКОЛОВА АРАНДАТТЫ, ХАЛЫҚ БІЗДІКІ, ӨЗЕН КІШКЕНТАЙ ҮЙІНЕ БАРАЙЫҚ ТҮСІНДІРЕЙІК АЛДАНБАСЫН! "деп " жұмысқа шықпай адаскандарга ИТР басшыларды жібергені азаматтық емес деп қалай айтасың соның арқасында 1012 адам жұмыска келіп жумысында жур! ҮШІНШІДЕН азаматтык бедел деген не өзі? Азаматтык бедел дегеніміз елге жасаған жақсылық пен жанашырлық Бұл жерде Киікбай неге кетеді? Кетуі мен келуі сенің қолыңдама еді? Орын бостса сен отырып карқ қыласыңба!? Киікбай айткандай " АЛЛА НЕ ЖАЗСА СОНЫ КӨРЕМІН, ЖАЗМЫШТАН ОЗМЫШ ЖОҚ, МЕН ДЕ БІР ӨКІНІШ БАР ОЛ ХАЛҚЫМНЫҢ СОКОЛОВАНЫҢ АРТЫНАН АРАНДАП ЕРГЕНІ!" деп еді.МУНАЙДЫ ДА МЕТАЛЛОМДЫ ДА САТКАНДАР далада қалған жоқ уялмай елге акыл айтып жур.Бірі директор ғалым, бірі әкім,бірі директор мунайшы. Киікбайды көре алмаушылар Дауылбай Абылханов, Елеусінов шестеркалары! Киікбай айткан әкімшілікте " АДАМНЫҢ ДА АЛЛАНЫҢ ДА АЛДЫНДА АРЫМ ТАЗА! " деп осындай сөзді алдыңғы қай директор айтты? Тек қана ақ адам айтады! Сендей топастар елді былғап болдыңдар , өңкей қатынбас еркектер ! Сендейлер О дуниеде тозақ отына куйесіңдер! Ғайбат ушин!
Пікір алмасу

Кімнен: Гулнур Иманбаева Қайдан: Теңге
31.07.2011 21:54
+0 / -0
Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
31.07.2011 17:25 Сені білдік СЕН БАЙБОСЫНОВА ЗАУРЕШСІҢ РД дан 6млн ақша алып едің ! Енді Айнаштың тапсырмасын орындап отырсың! Айнаш Тілеккабылова (Жаңаөзен әкімі кенесшісі) өзіне Зауреш Байбосынова, Санжар, Таған, Әліпбай, Оразбай дегендерді команда дос кылып, жер беріп ата жауы Киікбайды жоқ қылуға кірісіпті деп еді! О тоба осы Айнашка не жетпей жур екен әкім Орак пен ӨМГ директоры Кикбайдың арасына от сала алмай жур. Екеуі де Шетпенің жігіттері деп еді.Туркменстан, Қарақалпақтан келгендер осы екі местный жігіттерді көре алмай забастовканы бастаған дейді. Ойлары бұрынғы ОМГ директоры болган бір Туркменстан жігітін алып келу екен. Шетпенің жігіттерінде иттік жоқ! Алла бәрін орынына қояды. Рамазан айында шешіліп калар! Кабыл болсын ниетің!
Пікір алмасу

Кімнен: Жәнібек Қайдан: Шайыр
31.07.2011 22:46
+0 / -0
Оттамашы Алла берсін жазаңды! Ғайбаттап өсектей бер! Аққа құдай жақ! Киікбайдікі дұрыс! Оралмандар құтырған!
Пікір алмасу

Кімнен: жаке Қайдан: озен
12.08.2011 21:44
+0 / -0
Айналайындарау не болып барасындар.Әркім істегенін мойнымен көтереді егер еркек аты болса.Сонда көреміз не болатынын.Пендешілік көп ақша аламыз деп Соколованын ізіне өз еріктерімен ерген өздері енді ақ қарасын тек қана сот отырысы шешеді,бала шағамызға не бетімізді айтамыз Киікбай ешкімгеде кет әрі деген жоқ,сендер 1 әйелмен сөйлесе алмайсыңдар видео роликті қара қарайған әйелге еркін жауап беріп тұр.Қалай болсада аққа құдай жақ ақымақтыққа салып ылаң салсаңдар елдің қарғысына қаласындар.Дұрыс неге тұрғанын білмейтіндер әлі көп.Бүгін 720 адам жұмыстан шығарылды.
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі