Accessibility links

Зимановтың ұлы - түрмеде, немерелері - шетелде


Академик Салық Зимановтың ұлы Мұхтар Зиманов. Отбасы архивіндегі фото.
Академик Салық Зимановтың ұлы Мұхтар Зиманов. Отбасы архивіндегі фото.

«Мұхтар Зиманов ісінің» назарға ілігуіне әкесінің Қазақстан конституциясы авторларының бірі болғаны ықпал етті. Зимановтар әулеті «зиялылардың елден кетуінің» классикалық үлгісіне де айналған.

«Қорғас ісі» деп аталған сыбайлас жемқорлыққа қатысты шулы оқиғаның негізгі кейіпкерлері, алаяқтық пен пара берді деп айыпталған кәсіпкер Мұхтар Зиманов пен басқа да күдіктілердің апелляциялық шағымдары қанағаттандырылмады. Тергеу ісі күдіктілер сыбайлас жемқорлықтың негізгі кейіпкері Талғат Қайырбаевты босату үшін пара бермек болған дегенге негізделген. Ақыр соңында олардың өздері түрмеден бір-ақ шықты. Сотталушылар мен олардың қорғаушылары айыптауды жалған, әдейі ұйымдастырылған шара дейді.

Шілденің 22-сі күні Алматы қалалық апелляциялық алқасының судьясы Күлпәш Өтемісова «Мұхтар Зиманов ісіне» қатысты үкімге сәл ғана өзгеріс енгізді. Мұхтар Зимановтың әкесінің үйін тінткен кезде табылған ақшаларды отбасына қайтару керек деп шешті. Бірақ Зимановтың түрмедегі мерзімін өтеу уақыты өзгеріссіз қалды.

62 жастағы кәсіпкер Мұхтар Зиманов ірі көлемде алаяқтық жасаған адам ретінде 13 жыл өмірін түрмеде өткізуге тиіс. 44 жастағы Ұлан Әубәкіров те сондай
«Қоғас ісіне» байланысты айыпталғандар сотта отыр. Алматы, 20 маусым 2013 жыл.
«Қоғас ісіне» байланысты айыпталғандар сотта отыр. Алматы, 20 маусым 2013 жыл.
айыппен 12 жылға кесілді, 47 жастағы Қайрат Құсманов аты-жөні анықталмаған ресми тұлғаға аса ірі мөлшерде пара бергені үшін 11 жыл түрмеде отыруға тиіс болса, нақты кәсібі жоқ 32 жастағы Руслан Юсупов 12 жылға бас бостандығынан айрылды.

«Мұхтар Зиманов ісінің» қоғам назарына ерекше ілінуіне оның әйгілі ғалым, заңгер, Қазақстан конститутциясының авторларының бірі Салық Зимановтың ұлы екені себеп болды. Мұхтар Зиманов пен оның екі ересек ұлы талай уақыттан бері шетелде тұрады, әрқайсы сырттан өз орнын тапқан. Бірақ «зиялылардың елден кетуінің» классикалық үлгісі болған Мұхтар Зиманов аяқ астынан Қазақстанға келе қалғанда «Қорғас ісіне» қатысты ұсталды. Енді өмірінің ұзақ мерзімін отанында, түрмеде өткізуі тиіс.

АКАМЕДИК ЗИМАНОВТЫҢ ҰРПАҚТАРЫ

Салық Зимановтың 3 баласы бар: 2 қызы мен ұлы Мұхтар. Қазақта дәстүр бойынша ата-бабасының ныспысын ер балаға береді. Марқұм академиктің фамилиясы ұлы мен екі немересі 29 жастағы Ермек пен 28 жастағы Ербол Зимановтарға берілді.

Совет Одағы кезінде Алматыдағы университеттің химиялық факультетін бітірген Мұхтар Зиманов химия институтында қызмет етті. Қайта құрудан соң кәсіпкерлікпен айналысты. Совет Одағы кезінде Угандада жеке әуекомпаниясын ашты. Бұл компания дамушы елдерге гуманитарлық көмек көрсетумен айналысты.

- 1990 жылдардың басында ол Чехия мен Словакияда «Қазақстан
Академик Салық Зиманов.
Академик Салық Зиманов.
темір жолы» компаниясының өкілі болды, кейін «Баттал» компаниясын құрып, Еуропадан постсоветтік елдерге және кері бағытта темір жолмен жүк тасуды қолға алды, - дейді әйелі Жанат Зиманова.

Оның айтуынша, компанияның табысқа жетуіне екі құрылтайшының бірі – Мұхтар Зимановтың Совет Одағынан шыққаны себеп болған. Қайта құру жылдарында Еуропадағы барлық жүк тасушылар жағдайы жақсы батыс елдерімен байланыс орнатса, «Баттал» біртіндеп ТМД елдерімен тауар тасымалдауды ұйымдастырған. 2010 жылы Зимановтың компаниясы «Кедентрансервис» АҚ (Ресей-Қазақстан) жобасына оператор ретінде қатысады. 2011 жылдың наурыз айында Қытайдан (Чунцин) Еуропаға (Дуйсбург, Германия) сынақ мақсатында екі жүк пойызы жолға шығады.

Алайда, тергеу ісі мен «Қорғас ісі» бойынша басталған сот көптеген жобалардың жолын кесті, оның ішінде теміржол жобалары да бар. Содан бері Мұхтар
«Қорғас» кеден бекеті, Алматы облысы.
«Қорғас» кеден бекеті, Алматы облысы.
Зимановтың ісі кері кетті, аяғында 2012 жылдың қаңтарында тұтқындалып, 2013 жылы сот үкімі шықты.

Мұхтар Зимановтың отбасы ұзақ уақыт бойы Чехияда тұрды, Зимановтың кәсібі сол жерде тамыр жайды. 2002 жылы отбасы АҚШ-қа көшті.

Салық Зимановтың екі немересі де атасының жолын қуды. Үлкені Ермек Зиманов – заңгер, халықаралық келісімшарт бойынша маманданған. Қазір ол Чехия мен Словакиядағы әкесінің компаниясында қызмет етеді. Кішісі Ербол Зиманов Вашингтондағы (АҚШ) Джордж Вашингтон университетін тәмамдап, әскери прокуратураға баруды ұйғарды. Бірақ алдымен ондағы өмірді жіті білу үшін әскерге кетті. Атасы дүние салып, әкесі тұтқындалған кезде ол Ауғанстанда Америка әскері құрамында жүрген болатын. Ерболдың жағдайын түсінген әскери басшылық соғыс ардагеріне тән барлық жеңілдігін сақтап, ерте қайтуына рұқсат еткен.

Қазір Ербол соңғы уақыттағы келеңсіздіктер кесірінен қараусыз қалған Америкадағы отбасылық істі қалпына келтірумен айналысып жатыр. Жанат Зиманованың айтуынша, алдымен оның әпкесі, кейін анасы, сосын атасы – Салық Зиманов дүние салған, кейін күйеуі тұтқындалды.

Жанат Зиманова кіші ұлы Ерболдың 2011 жылы Америка әскері қатарында қызмет етіп жүргенде, түнгі күзет кезінде Ауғанстандағы терең құдыққа құлап
Жанат Зиманова.
Жанат Зиманова.
кеткенін, бірақ аман қалғанын мақтанышпен еске алады. Сол кезде оның үстінде 40 келі тартатын әбзелдері мен қолында ауыр рациясы болған.

– Басында түнде көруге арналған құрылғысы бар дулығасы болыпты. Кенеттен құлап, құдыққа түсіп кетіпті. Физикалық дайындығы жақсы болғандықтан тынымсыз әрекет етіп, суға тұншығып кетпей, ескі ағаш баспалдақты тауып алады. Суда тырбаңдап жатып карабинін түсіріп алған. Сол кезде күзет солдаттары келіп, алдымен Ерболды, сосын карабинін алып шығады, - дейді Жанат Зиманова.

Ұлдарының қауіпсіздігіне алаңдаған Жанат Зиманова қазір оларды Қазақстанға шақыруға қорқады. Азаттық тілшісі соңғы түскен отбасылық суретті көрсетуді сұрағанда ол:

- Осы жағдайға тап болған соң ғана сіз сұрағандай суреттің жоқ екенін аңғардым. Төртеуміз түскен бір де бір сурет жоқ. Үнемі істе, сапарда жүріп, бірге болған сәттеріміз өте сирек екен, - деді.

ДОС БАСЫҢА ІС ТҮСКЕНДЕ СЫНАЛАДЫ

Мұхтар Зимановтың тұтқындалып, айыпталғанын естігендер алдымен оның әкесі Салық Зимановты еске алады. Мұхтардың анасы – химик, химия ғылымдарының докторы, академик Шәрбан Батталованы еске алатындар аз. Шәрбан Батталова 1960 жылдан бері Ұлттық ғылым академиясының химия институтының табиғи сорбенттер зертханасына жетекшілік еткен. Ол 2000 жылы 79 жасында өмірден озған.

– Қазақстанда отбасындағы ерлі-зайыптылар бірдей СССР академигі болған 2 отбасы ғана бар: біріншісі – академик Найля Базанова мен Мұхамеджанов. Екіншісі – Зиманов пен Батталова. Шәрбан Батталова – 190 ғылыми жұмыстың, 2 монографияның авторы, 9 авторлық куәлігі бар. Оның ғылыми жұмыстарының нәтижесі Қазақстандағы түрлі компаниялардың өндірісіне енгізілген. Ол Гурьев мұнай өңдеу зауытын іске қосқандардың қатарында болды. Онда Батталованың мұнай өңдеу катализаторына қатысты еңбегін пайдаланды. Мұхтар Зиманов та анасының жолын қуды, ол да химик, - дейді Жанат Зиманова.

Салық Зиманов 2011 жылғы қарашаның 4-інде «Қорғас ісі» мен оның басты кейіпкері Талғат Қайырбаевқа қатысты тергеу жүріп жатқан кезде дүние салды. Сол кезде тергеушілер Салық Зиманов пен оның ұлы Мұхтарға қызығушылық таныта бастады, себебі тергеу ісінде академиктің өзі Қайырбаевты заңсыз босатуға қатыспақ болды, ол дүние салған соң Мұхтар Зиманов әкесінің таныстарын пайдаланып, ісін жалғастырды делінген.

Тергеушілер басында атақты академикке қатысты қылмыстық іс қозғады. Ол көз жұмған соң да іс жабылмады. Салық Зимановтың қазасынан бір жыл өткен соң – 2010 жылдың қыркүйегінде оның достары, төрт танымал ғалым Алматыда баспасөз мәслихатын өткізген соң ғана іс жабылды.

«Бірақ Салық Зимановтың басқа достары мен шәкірттері академиктің атына кір келтірмеу үшін әрекет етпеді, ойдан құрастырылған істің кесірінен түрмеге түскен ұлына көмекке келмеді» дейді Жанат Зиманова.

– Бұрын осындай «достардың» болатыны туралы айналамдағы адамдардан естіген едім. Бірақ өз басыңнан өткерген ауыр екен, - дейді Жанат Зиманова.

Академик Салық Зимановтың есімі советтік кезеңдегі дәстүр бойынша Қазақ гуманитарлық-заң университетінің іргелі және қолданбалы ғылымдар академиясына берілді. Оның алдында Еуразия ұлттық университетінің заң факультеті негізінде академик Салық Зиманов атындағы заңдық білім берудің ғылыми-зерттеу орталығы құрылған болатын.

Орысшадан аударған – Динара Әлімжан
  • 16x9 Image

    Қазис ТОҒЫЗБАЕВ

    Қазис Тоғызбаев 2008 жылғы қыркүйектен бастап өмірінің соңына, яғни 2021 жылғы 28 ақпанға дейін Азаттықтың Алматыдағы тілшісі ретінде еңбек етті. Азаттыққа дейін оппозициялық "Сөз" және "Азат" газеттерінде, kub.info сайтында тілші болған.

XS
SM
MD
LG