Сәрсенбі, 3 қыркүйек 2014, Алматы 03:10


САЯСАТ

«Нұр Отанның» сьезі Назарбаевты мадақтауға ұласты

Қазақстан билігін жасақтаушы «Нұр Отан» партиясының 10 жылдығына арналған он екінші съезі Тәуелсіздік сарайының бес мың орындық залында өтті. «Нұр Отанның» съезіне осы партияның делегаттарымен қатар, елдегі барлық саяси партияның жетекшілері де қатысты.

"Нұр-Отан" партиясы сьезінің делегаттары Тәуелсіздік сарайына бет алып барады. Астана,15 мамыр, 2009 жыл."Нұр-Отан" партиясы сьезінің делегаттары Тәуелсіздік сарайына бет алып барады. Астана,15 мамыр, 2009 жыл.
x
"Нұр-Отан" партиясы сьезінің делегаттары Тәуелсіздік сарайына бет алып барады. Астана,15 мамыр, 2009 жыл.
"Нұр-Отан" партиясы сьезінің делегаттары Тәуелсіздік сарайына бет алып барады. Астана,15 мамыр, 2009 жыл.

НАЗАРБАЕВҚА МАДАҚ, ӘЛИЕВКЕ ЛАҒНЕТ

Партияның он жылдығы қоса атап өтіліп отырған съезд бір жағынан үлкенді-кішілі шенеуніктерге арналған той болды десе де болады. Оған ауыл әкімдерінен бастап, Астанадағы жоғары лауазымды тұлғалардың бірі қалмай жиналды. Бәрі тойға келгендей, бір-бірлерін «мерекелеріңмен» деп құттықтап жатты. Ал съезде сөз сөйлегендер партияның ісі жөнінде емес, партияның көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке басын мақтап, мадақтуға жарысқа түсті десе де болады. «Менің президентімсің, президенттен де жоғарыға лайықсың» деген сөздерде шек болмады.

Мәселен, Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Конституциясының, «Нұр Отан» партиясының, елдің ұстасысың, әрі ұстазысың деген мәжіліс депутаты Кенжеғали Сағадиев президенттің бұрынғы күйеу баласы Рахат Әлиевтің істеп отырған шаруасын сынға алды.

«Шалшықтан шығарып алып, ханзада жасаған президентке күйе жағумен әлек болып жүрген, жауыз, қылмыскер Рахат Әлиев туған әкесін де аямай, үй қамақта ұстап отыр, бұдан асқан қаныпезерлік жоқ»,- дейді Кенжеғали Сағадиев.

ҒАЛАМДЫҚ ДАҒДАРЫСТАН ШЫҒУ ЖОЛЫН ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ ҒАНА БІЛЕДІ

Сьезде Н. Назарбаевтың әрбір сөйлеген сөзі мен айтқан пікірлері қол шапалақтаумен жалғасып отырды. "Нұротандықтардың" ерекше ілтипатына бөленген партияның көшбасшысы тіптен экономикалық дағдарыстан шығар жолды әлемдік деңгейде менен басқа ешкім айтып бере алмай отыр дегенге сай пікірін айтты.

- Әлемге танымал Нобель сыйлығының лауреаттары, эксперттер ешнәрсе айта алмай отыр. Ең үздік деп танылатын Гарвард, Оксфорд университетінің түлектері де ешнәрсе айта алмайды. Олар шымкенттік университеттің түлектерімен бірдей болып қалды. Ешқайсысы ешнәрсе демейді. Тек бәрі менің "Дағдарыстың кілттері" деп жазған мақаламның төңірегінде ғана жүр, - дейді мемлекет басшысы.

ПРЕЗИДЕНТТІҢ БАЯНДАМАСЫНДА САЯСИ РЕФОРМА АЙТЫЛМАДЫ

Жалпы президент баяндамасын тек елдегі экономикалық жағдайға арнады. Саяси реформа жөнінде бір ауыз сөз болмады. Ол елдің шикізатқа тәуелділігінің салдарынан инновация, ғылымның дамуы артта қалғандығын жасырмады. Осы олқылықтарды жою үшін алда бес жылға арналған инновациялық жобаның жүзеге асатынын жеткізді.

«Нұр Отанның» съезіне тек партия мүшелері емес, елдегі барлық саяси партияның жетекшілері, Қытайдан, Ресейден, Франциядан, көрші Қырғыз елінен қонақтар келді.

«Нұр Отанның» оппоненттерінің ішінде «Азат» партиясының төрағасы Болат Әбілов президенттің сөздерінен ешқандай жаңалық естімегенін айтады.

- Бір-екі кәсіпкер шығып, бәрі керемет, жақсы деп жатыр. Дегенмен, бұған салмақпен қарау керек. Шын мәнісінде, үлкен проблемалар тұр. Келесі жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етеміз. Олар бізден шағын мекемелердің жағдайын сұрамайды. Адамзаттық тұрғыда даму мәселесін сұрайды. Ал бұл жағынан әлі ешқандай дамуды көріп тұрғаным жоқ. Бұл әдеттегі пиар шара болып отыр. Экономикалық жағынан естідік, он миллиард доллар қаржы бөлінді. Бірақ ол ақшаның қайда кеткені белгісіз. Дағдарыстың 70 пайызының басы саяси жағынан. Билік Америка, доллар кінәлі дейді. Жоқ, олай емес. Барлығы ішімізде жатыр, - дейді Болат Әбілов.

Жалпыұлттық социал демократиялық партиясының жетекшісі Жармахан Тұяқбай болса осыдан он бес жыл бұрын істеліну керек шаруаны енді көтеріп отыр дейді.

- Қазіргі кезде реттеуші механизмдерді қоспаса іс насырға шабуы мүмкін. Сондықтан да бес жылдық жоспар құруы дұрыс мәселе деп ойлаймын. Алайда бұлардың барлығы тек саяси жүйе өзгерсе ғана іске асады. Ал саяси рефома жөнінде ләм деп ешнәрсе айтылған жоқ, - дейді Жармахан Тұяқбай.

НАЗАРБАЕВ "НҰР-ОТАН" БИЛІГІНІҢ МӘҢГІЛІК БОЛҒАНЫН ҚАЛАЙДЫ

Президенттің сөзінен әдетте қоғам күткен мәселелер айтылса, енді кейде көкейіңде жүрген ойлар айтылмай қалады деген «Ақ жол» партиясының төрағасы Әлихан Бәйменов Азаттық радиосына төмендегідей пікірін жеткізді:

- Президент баяндамасында экономикалық дағдарыстың ішкі себептерін, қателіктердің болғанын ашып айтты. Және де экономиканы жан-жақты дамыту ісінде үкіметтің ешқандай жетістіктерге жете алмағандығын да атап көрсетті. Сонымен бірге соңғы кезде ТМД елдерінде алдыңғы қатарлымыз деп жүрген қаржы жүйесінің алғашқы сынаққа шыдай алмағанын, оның шамадан тыс несие көздеріне тәуелді болып қалғанын жасырмай айтты. Бұл оң құбылыс, себебі, кез келген аурудың алдын алу үшін, оны емдеу үшін жасырмау керек,- деген Бәйменов көкейіндегі мынадай мәселелердің айтылмай қалғанына да назар аударды:

- Байланыс жағынан әлемдегі ең қымбат интернет, ұялы байланыс жүйелерін пайдаланып келе жатырмыз. Бұл ақпарат заманында бәсекелестікке қабілеттілікті шектейтін фактор. Екінші жағынан білім саласында атқарылмай жатқан шаралар жөнінде басымдылық ретінде айтылады деп мен күткен едім. Бұл жолы бес жылдық алғашқы индустриялық-инновациялық деп айтылды. Ал инновациялық деген ғылым мен білімсіз жүзеге асырылмайтын дүние. Ал әкімшілік реформа мен саяси реформалардың айтылмағаны әрине қынжылтады, - дейді Әлихан Байменов.

Елдегі биліктің оппоненттері осылай пікірін айтып жатқанда Нұрсұлтан Назарбаев өзі төрағалық ететін «Нұр Отанның» мәңгілік билеу мүмкіндігін алға тартып, қырық жылдан бері билікті бір ғана партия билеп келе жатыр деп Малайзия елін мысалға алды.
Бұл форум жабық. Бірақ пікірталасты Азаттықтың Facebook-парақшасында жалғастыра аласыз: https://www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: қоишыбек Қайдан: арқа
16.05.2009 09:46
+0 / -0
бастарыңа тышқызып қоиып осылаи отыра берсеңдер баріде әлі-ақ "керемет" болып кетеді!

Кімнен: 007 Қайдан: алматы
16.05.2009 09:59
+0 / -0
Нәкеңнің шымкенттің университетін төмен қылып көрсетуі өзінің беделін түсіріп алғанындай. Осы сөзі құлаққа ерсіз естіледі

Кімнен: tollllllllll Қайдан: qetay
16.05.2009 14:30
+0 / -0
кезінде ійрақта садам осылай болған ,ійлайім аман болсын

Кімнен: Бетм-ай
16.05.2009 14:37
+0 / -0
Бурын бала кезимде адам алжып кетти дегенде ойлаушы едим сол адамды корсе гой деп...еее енди тусиндим ондай адамдардын кандай болатынын

Кімнен: Aibalta Қайдан: Astana
16.05.2009 14:48
+0 / -0
Кеңес одағын құлатқан осы мадақ еді. Үлкен кісі ойланса игі. К.Сағадиев сияқты жағымпаздар түбімізге жетеді.

Кімнен: Lu dengyu Қайдан: Kitai
17.05.2009 05:04
+0 / -0
Men Kitai adamy, kazaksha biledi, sen kazaktar bizge keyin kul bolady, oitkeni sender maktaw jaksy koredi

Кімнен: dos
17.05.2009 16:22
+0 / -0
oce bukil Kazakhte khuretep oterghan bir ghana adam,osendai adamde elimizding bace dep aitewdan uialamen,ata-babamez khan togip kholgha keltirghen jerimizdi satep,Khteigha,Oreckha,Ozbekke berip khurtte,Cadam buytip aljep soilegenimen,eshkhashan jerin,elin satkhan jokh,bul adam Cadam ghurle bola alghan jokh.ose adam octip tura beretin bolca jaman Kheteigha khul bolamez.<br />jumece jokh,ash oterghan khaleng Kazaghemde korghende juregim awerade,xen jurekten elim ushin khezmet korcetetin adam khashan tuwar eken eken,alladan tileimin!! Kazaghemde,elimdi,jerimdi bir alla cakhtaghaiceng!!

Кімнен: Көріпкел
18.05.2009 09:46
+0 / -0
Билік осылай кете берсе мынау шексіз мадақтау, жеке басқа табыну, Қазақстан мемлекетінің болашағы бұлыңғыр болады.

Кімнен: Әлім Қайдан: Сапақ
18.05.2009 10:24
+0 / -0
&quot;Балық басынан шіриді&quot; деген осы да. Анау ата сақалы аузына біткен Сағадиевтікі не?Күйеу баланың қылығы сьезд секілді алқалы жиында айтылатын сөз бе еді? Алдымен ақыл айтып, жұртты жөнге салатын ақсақалымыз осылай алжыса, өзгелерге не жорық? Жалпы бұл партияның құрылтайынан гөрі КППС-тің кезекті сьезіне ұқсап кеткен сыңайлы.

Кімнен: kipshakh Қайдан: qitay
21.05.2009 15:10
+0 / -0
muhtar.shahan el basi bolganda gana .......

Кімнен: Айша хажы Қайдан: Астана. Казақстан.
23.05.2009 01:28
+0 / -0
Әлхамдулилла! &quot;Нұротанның&quot; жұмысына Аллаһ береке берсін! Барлық салаға араласып, жақсы жұмыс жасап жатыр, иншалла! Мәңгілік партия болса несі бар, болсын! Олар оған лайық, шүкір!

Азаттық - әлеуметтік желілерде

Редактор таңдауы

Азаматтық белсенді Нұрлан Төреханов (оң жақта). Алматы, 30 тамыз 2014 жыл.

Украинаға көмек жайын талқылады

Алматыда өткен «Украина мен Қазақстан – Украинаның шығысындағы әскери қақтығысты бейбіт жолмен реттеудегі азаматтық қоғам» тақырыбын талқылауға қатысқандар көбінесе Путинге қарсы сөз сөйледі. Толығырақ