Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 03:39

САЯСАТ

Назарбаев Жаңаөзендегі төтенше жағдайдың созылмайтынын айтты

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылы қаңтардың 27-сінде парламенттің біріккен отырысында халыққа жолдауын арнады. Назарбаевтың биылғы жолдауы Жаңаөзен оқиғасынан кейін бір жарым ай өткенде жасалды.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев халыққа жолдауын оқып тұр. Астана, 27 қаңтар 2012 жыл.
Мәтін көлемі - +

Былтырғы жолдауында Қазақстан президенті «шынайы ризашылығымды білдіремін (президент өкілеттігін 2020 жылға дейін ұзарту туралы референдум өткізу ұсынысына қатысты - ред)», «мерейлі белес»  деген сияқты сөздерді көбірек пайдаланса, биылғы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» деп аталған жолдауында «ішіміздегі тыныштық керек», «мемлекетті басқару күрделеніп барады» деген сөздерді айтты.

«ІШІМІЗДЕГІ ТЫНЫШТЫҚ КЕРЕК»

​Назарбаев сөзін «2011 жылы Қазақстан экономикасы 7,5 пайызға өсті. Жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім 11 мың доллардан асты» деп бастады. Бұдан ары жекешелендіру кезінде сатылған ірі өнеркәсіп активтерін мемлекет меншігіне қайтадан сатып алатынын айтты.

ENRC тау-кен корпорациясының акционері Александр Машкевич (сол жақта) және Eni мұнай-газ корпорациясының атқарушы директоры Паоло Скарони. Астана, 18 мамыр, 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
x
ENRC тау-кен корпорациясының акционері Александр Машкевич (сол жақта) және Eni мұнай-газ корпорациясының атқарушы директоры Паоло Скарони. Астана, 18 мамыр, 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
​​- Бұрын сатылған активтердің едәуір бөлігі мемлекет меншігіне қайтарылды. Енді «Богатырь», Қарашығанақ, Қашаған кен орындары мен ЕNRС, «Қазақмыс» компанияларының басым активтері мемлекет иелігінде болады. Бұған дейін Қазақстан Қарашығанақ консорциумының 10 пайыз акция үлесіне ие болған. Ал "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры "Қазақмыс" акциясының 11 пайызын сатып алған болатын. Кезінде мен «мынадай жағдайларға байланысты сатып жатырмыз, қазір жекешелендіру керек, уақыты келгенде қайтарамыз» деп айтып едім. Міне, енді бәрі қайтарылуда. Барлық акциялардың пакеті Қазақстанда. Енді өзіміз барлығына ықпал жасайтын боламыз. Қазақстан халқы біртұтас, бірлігі мызғымас кемел елге айналды. Дегенмен, біз күрмеуі қиын, қайшылығы мол алмағайып заманда өмір сүрудеміз, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
 
«ӘЛЕУМЕТТІК ҚАТЕРГЕ ЖАҚЫН» ҚАЛАЛАР

Қазақстан президенті жолдауында «Жаңаөзен - өндірістің бір ғана саласын тірек еткен қала» дей келіп:

- Жаңаөзендегі жағдай бір салалы шағын қалалардың әлеуметтік қатерге жақын екенін көрсетті. Мемлекет Жаңаөзенде төтенше жағдай жариялап, қаладағы ахуалды қалпына келтіру бойынша кешенді шаралар жасауға мәжбүр болды. Өздеріңіз оны білесіздер. Қазіргі уақытта ондағы ахуал қалыпты арнасына түсті. Мәжіліс сайлауында Жаңаөзен тұрғындарының басым көпшілігі «Нұр Отан» партиясына дауыс берді. Бұл олардың мемлекет саясатын толық қолдайтынын көрсетеді. Сондықтан мен Жаңаөзендегі төтенше жағдай режимін бұдан ары созбау жөнінде шешім қабылдадым. Алайда бұл оқиғадан біз тиісті түйін жасап, одан сабақ алуымыз керек, - деді.
Жаңаөзен оқиғасында қару қолданылғанына қарсы наразылық шарасы. Ақтау. 18 желтоқсан, 2011 жыл.
x
Жаңаөзен оқиғасында қару қолданылғанына қарсы наразылық шарасы. Ақтау. 18 желтоқсан, 2011 жыл.
​​​​
Осы ретте Назарбаев «Үкіметке бір салалы шағын қалаларды дамыту туралы арнайы бағдарлама жасауды тапсырамын. Онда қаланың экономикасындағы әрбір нақты бағытты әртараптандыру, әлеуметтік саланы дамыту ескерілуі қажет" дейді.  

Президенттің айтуынша, халықты бір салалы шағын қалалардан гөрі "өсу нүктелеріне" шоғырландыру қажет. "Өсу нүктелерінің" қатарына ол Алматы, Астана, Шымкент, Ақтөбе сияқты ірі шаһарлармен қатар Ақтауды да қосты. Бұл нүктелерде "халықты жұмыспен қамту мақсатында жаңа зауыттар мен инфрақұрылым салынады".
   
«ПРЕЗИДЕНТ КАДРЛАРЫНЫҢ КОРПУСЫ»

Назарбаев Жаңаөзен оқиғасы кезінде кезекшілікте болған полицейлермен кездесіп тұр. Фото Ақорданың ресми сайтынан алынды. 22 желтоқсан, 2011 жыл.
x
Назарбаев Жаңаөзен оқиғасы кезінде кезекшілікте болған полицейлермен кездесіп тұр. Фото Ақорданың ресми сайтынан алынды. 22 желтоқсан, 2011 жыл.
​​Қазақстан президенті 2012 жылдың бірінші жартысында "президент кадрларының корпусы" жасақталатынын айтты.

- Ол корпусқа кіретіндерді арнайы комиссия үміткерлердің білімі мен кәсіпқойлығына, жоғары моральдық қасиеттеріне, бұрынғы тапсырылған учаскедегі жұмысына қарап таңдайды, олардың жалақысы бизнес саласындағы айлық табыспен теңдес болады. Бұл өте маңызды, - деді Назарбаев.      

Қазақстан президенті соттар корпусы мәселесіне дe тоқталды. Ол "соттар заң мен ар-ожданды басшылыққа ала отырып тағдырларды шешу керек" деді. Алайда "қаралған істерді апеляциялық шешіммен төменгі соттарға қайтадан қарауға жіберуді қысқарту" туралы да айтты.

- Соттардың өздерінің заңды бұзуы - төтенше жағдай болып саналуы тиіс. Ол туралы барлығы да білуі керек, - деді Қазақстан президенті.

Құқық қорғау жүйесі туралы сөзін президент "Биыл жаңадан әзірленіп жатқан қылмыстық-процессуалдық кодекс жобасын бітіру керек, және құқық қорғау жүйесі мен арнайы қызметтердің құрамын толық аттестациядан өткізу қажет" деп аяқтады.   

«1 МИЛЛИОН ШАРШЫ МЕТР» 

Жолдауда "жарты миллионнан астам жас отбасыны жеке баспанамен қамтамасыз ету, ол үшін жалға берілетін тұрғын үй алаңын 1 миллион шаршы метрге жеткізу" туралы да айтылды.

Шаңырақ ауылындағы халықтың заңсыз салған баспаналарын су алып кетті. Алматы, 22 мамыр, 2009 жыл. (Көрнекі сурет)
x
Шаңырақ ауылындағы халықтың заңсыз салған баспаналарын су алып кетті. Алматы, 22 мамыр, 2009 жыл. (Көрнекі сурет)
​​- Қаражаты мен мүмкіншілігі барлар жалдау ақысын төлеп, кейіннен үйді өздеріне сатып алатын болады. Ал мүмкіндігі жоқтар жағдайы келгенше ұзақ мерзімді жалға ұстай беретін болады. Осы екі түрлі жолды қарастыруымыз қажет, - деді Назарбаев.

«МӘСЕЛЕНІ ОСЫЛАЙ ШЕШУ ҚАЖЕТ»

Қазақ тілінің дамуы туралы айтқанда Нұрсұлтан Назарбаев көрші мемлекеттерді есіне алды.

- Бізге мемлекеттің келешегі, болашақ дамуы үшін не керек? Ол үшін мемлекеттің ең негізгі сыртқы саясаты – көршілермен тату болуымыз керек. Онсыз мемлекеттің болашағы бұлыңғыр болады, - деді Назарбаев.

Президенттің айтуынша, "Қазақ тілі, біздің мемлекеттік тіліміз өсіп-өркендеп келеді. 2020 жылға қарай мемлекеттік тілді меңгергендердің қатары 95 процентке дейін жетеді".  

Қазақстан президенті "Еліміздегі барлық мектептер мен оқу орындарында қазақ тілінде оқыту үрдісі жүріп жатыр. Осының бәріне депутаттар мен мемлекеттік қызметтегілер өз үлестерін қосулары керек. Мәселені осылай шешу қажет" деді.

«ОНЫ БІЗ 20 ЖЫЛДЫҚТА АЙТТЫҚ»
Жаңаөзен қаласындағы постер. Жаңаөзен, 19 желтоқсан 2011 жыл.
x
Жаңаөзен қаласындағы постер. Жаңаөзен, 19 желтоқсан 2011 жыл.
​​
Былтырғы жолдаудың алдында президент өкілеттігін 2020 жылға дейін ұзарту бойынша референдум өткізу туралы бастама болған еді.

Сол ұсыныстан кейін 2011 жылы желтоқсанның 28-інде жасаған жолдауында Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттік мерзімін ұзартудан бас тартып, белсенділік танытқандарға рахмет айтып, «шынайы ризашылығын білдірген».

Сол жолы «Менің ғұмырым ел тағдырымен еншілес» немесе «Бақ берерде елге ырыс қонады, ұстанған жолы дұрыс болады» деген көркем сөздер айтып, Қазақстанның жетістіктерін санамалап шыққан еді.

Нұрсұлтан Назарбаевтың бүгінгі жолдауы «Біз бұдан бұрын да биік белестерді бағындырдық. Оны біз 20 жылдықта айттық... Осы мерейлі белесте баршаңызға мол табыстар тілеймін!» деп аяқталды.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі 
Кімнен: 55 Қайдан: 55
27.01.2012 11:44
+0 / -0
ватиканға барып папасының қолын сүйгенге мәз боп тұр ма?

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
27.01.2012 12:09
+0 / -0
жанаозенди айтып жылагысы кеп отырган тарiзди гой
Пікір алмасу

Кімнен: мен ғой Қайдан: сол жерден
29.01.2012 17:16
+0 / -0
Желтоқсанда елдің басына Қайраттың қанымен келіп,енді тағы да желтоқсанда адайдың қанын мойнына жүктеп алып,есі кеткен кезінде еңсесі түспей қайтсін,оңай емес қой.Айранын ішіп,желегін жалаттырып кеткен қай жәлептің сан соқтырып кеткенін өзі де білгісі кеп,елге де жариялағысы кеп отырған жоқ па.Тек жолын таба алмай отыр.

Кімнен: Сандыбай Бекмағұлов Қайдан: Ақтау
27.01.2012 12:09
+0 / -0
Сөзің құрсын! Бұдан да сөйлемей отырғаның жақсы еді, сенің өтіріктерің кімге дәрі? Сөйлеген сайын халықтың ызасын келтіресің! Алматы мен Астананы білмеймін, Шымкент пен Ақтау өсу нүктесі болса, басқа өңірлердің жағдайы не болғаны. Ақтауда жұмыссыз халық өріп жүр, келген адамды қайда тығайын деп едің, ал Шымкентте жұмыссыздың көп екенін сенен басқаның бәрі біледі. Айдан түстің бе! Әлде ұйқыңнан шошып ояндың ба!

Кімнен: али Қайдан: Кулсары
27.01.2012 12:14
+0 / -0
шал болыптыго каусаган енди демалса боладыго.

Кімнен: АманЕсен Қайдан: Кіші жүз
27.01.2012 12:19
+0 / -0
Қазыр Қазақстанда басқаша ойлайтындарды жаппай қудалай мен түрмеге жатқызу жүріп жатыр. Оны күнделікті жағдайлардан көрәіп отырмыз. Жаңаөзен жағдайына кінәлілердің ешқайқайсы жауапқа тартылған жоқ. Осылардың бәрін дүниежүзіне естірту керек. Ақпанда мысалы үшін Назарбаев Германияға баратын сияқты. Сондықтанда Германиядан Назарбаевты қабылдамаңдар деп талап ету керек, өйткені ол адам құқысына түкіріп отыр.

Кімнен: Маңғыстаулық
27.01.2012 12:47
+0 / -0
Карта бойынша Қазақстанның қақ ортасы Жезқазған қаласы сияқты, сондықтан осы Жезқазғаннан үлкен бір мегаполис салайық та басқа қалаларды сонда көшірейік. 16 млн. деген не тәйірі, бір ғана Шанхай қаласының санындай-ақ.
Ал, қалған жерді арендаға берейік, мысалы, соя егуге. Менің осы ұсынысымды қолдап дауыс берулеріңізді сұраймын, бұл менің депутаттақ бағдарламам.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
27.01.2012 12:49
+0 / -0
Назарбаевтың өтірігіне тойып болдық, бұдан әрі төзу мүмкін емес, сондықтан оған импичмент жәриялау керек:
Импичмент! Импичмент! Импичмент!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
27.01.2012 13:29
+0 / -0
өтірік айтып шал болдын го. кете койшеиш.кет дегенде итте кетеди го.халық енді саган сенбейді.турін куросын ЖАЛМАУЫЗ.түзакта отқа қайна

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
27.01.2012 13:21
+0 / -0
Менің байқауымша Назарбаев екеу секілді, мынауы шын Назарбаевв, ал келесісі жас назарбаев. көшірме. келесісі тың, ал мынау қаусай бастаған. Сенбесеңіздер ол кісінің әр рет көрінген кезін жақсырақ бақылаңыздаршы!

Кімнен: Бахытжан
27.01.2012 13:21
+0 / -0
қалған өліктерді өртеп тығатынын тығып айтатындарн көзін жоиып болдыма енді дым білмегндеи бір екі құлдарын құрбандықа шалып сүтен ақ судан таза болам деп сонымен болды деп НҰР ОТАН Қазақстан Нұрсұылтан Қазақстан деп
Пікір алмасу

Кімнен: түсінбедім Қайдан: алматы
27.01.2012 22:47
+0 / -0
бүгін елбасы сөйлегенде үкімет мүшелері мен депутаттар сенатымен бірге 10р-е-т ұшып түрегелді1-кластың оқушылары сияқт ы.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
27.01.2012 14:10
+0 / -0
Жыл сайын мылжыңдағанша, бір рет мынадай жасамай ма:

"Эмир Абу-Даби и президент Объединенных Арабских Эмиратов шейх Халифа ибн Зайд ан-Нахайян объявил в четверг, 26 января, о погашении долгов 6830 граждан страны на общую сумму в 540 млн долларов, передает NEWSru Israel."

Кімнен: Жаңаөзендік Қайдан: Маңғыстау
27.01.2012 14:16
+0 / -0
Мына оқырмандардың пікірлері тақырыпқа мүлдем сәйкес келмейді ғой. Жігіттер, сендер бос сөзді қайтесіңдер? Біз жаңаөзендіктер бұл жолдауды үмітпен күттік. Кеш батса болды, қаламыз өлі тыныштыққа айналады. Қару асынған әскерилердің сыртымыздан бақылап жүргені - ашындырады. Садақа берілген үйлерге де емін-еркін бара алмай қалдық. Елбасының "Жаңаөзендегі төтенше жағдай режимін бұдан ары созбау жөнінде шешім қабылдадым" дегені басқа-басқа, біздерді қуантып тастады. Сондықтан елдіктің сөзін айтайық. Іріткі сөз абырой әпермейді.
Пікір алмасу

Кімнен: Маңғыстаулық
27.01.2012 14:45
+0 / -0
Қуануға сәл ертелеу. Оның сөзі мен ісінің арасы қанша шақырым екенін білесің, асықпай тұра тұр. Төтенше жағдайды созбағанмен де әскерді алып кетпеуі мүмкін, сондықтан әскер толық шығарылмайынша сену қиын бұл шәйтанға. Мұнысы шет ел үшін жасап отырған пияр-акциясы болуы да мүмкін
Пікір алмасу

Кімнен: zheltocsan
27.01.2012 14:49
+0 / -0
25 мыңнан бүгін 250 теңге алып кетуді ұмытпа
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
27.01.2012 15:10
+0 / -0
дурыс айтасыз,Жанаозендеги бауырларымыз не болса да енди зансыз кудалаудан аман болсын.Бос соз неге керек. Онсыз да ат тобелиндже аз,ари анкау,ари сенгиш,ари момын елмиз.Жанаозендиктердин рухы кушейе туссин, Казир алмагайып,киын,кара тунек кезде омир сурип жатырмыз.Артык соз сойлеп ,бастарымызгша пале тимлермиз. Баягы 37-нын ызгары бар
Пікір алмасу

Кімнен: оқ Қайдан: оқ атылған жер
27.01.2012 17:08
+0 / -0
сіздің айтқаныз дұрыс шығар бірақ адамдарды атып қырып болып басқа жақтан келгендей сөйлейді тіпті Жаңа өзенге Шетпеге әскер кіргізу дұрыс емес әскердің орнына өзі келіп жағдайды дұрыс шешкенде бұның біріде болмайтын еді қалай болғанда да бәріне кіналы өзі өзі жасаған жемқор үкімет кіналы бұл күнасын жуып шая алмайды тарихта осылай жауыз диктатор болып қалады сөзіне сенуге болмайды ертең басқа жерде де ОҚ атып қырады да басқа біреуге аударып салады ал дұрыс БАСШЫ о бастан бәрін дұрыс жасайды
Пікір алмасу

Кімнен: қазақшыл Қайдан: алматы
27.01.2012 22:35
+0 / -0
Біздің Алматыдағы 70-разездегі бригаданың жартысын,Қапшағайдағы десантбригадасының көбісін,талдықорғандағы әскери бөлімдердің бір бөлігін жаңа жылдыңалдында Маңғыстауға алып кеткен болатын.қытай шекарасына300 км тұрған әскери бөлімдер неге3000 км алысқа кеткен.БАСҚОЛБАСШЫМЫЗ ӘЛДЕ ТЕХНИКАЛАРЫМЕН ОЛАРДЫ сайлауға апарды ма екен.
Пікір алмасу

Кімнен: қазақ Қайдан: шқо
27.01.2012 23:56
+0 / -0
Осы сайттың орысша порталындағылардың пікірлеріне көз салыңдаршы! Не бір "сен тұр, мен атайын" пікірлерді көруге болады. Күрделі саяси, әлеуметтік, экономикалық мәселелер талқыланып жатады. Ал осы, қазақ тілді порталда, бір жөні түзу сөз көрмейсің! Ылғи сұйық, нәрсіз, жел сөздер. Қарақтарым-ау, Қазақстанға бір үлкен өзгеріс жақындап келе жатыр! Билікке талас күшейіп келе жатыр! Тағы да билікке анау, батысшыл, орыс тілді пысықтар ұмтылуда! Ертең тағыда отырасыңдар "Мына билік тілімізге, дінімізге мән бермеді, ауыл баласына қызмет бермеді" деп! Ол пысықтарға сенің тілің не керек, дінің не керек, билікке жетіп, Батыстың қолтығына кіргесін тағыда сені,қазақ, сатады да кетеді! Тірілсеңдерші! Қалай ел болмақсыңдар, шырақтарым-ау?

Кімнен: zheltocsan
27.01.2012 14:22
+0 / -0
халыққа тиесілі меншіктерді сыбайластарына почти тегін береді де, артынан сол меншіктерді тап сол халықтың есебінен миллиардтаған долларға мемлекетке қайта сатып алады. Не деген ақылды десеңші!!! Ал халық дым білмейтін бір мәжнүн..
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
27.01.2012 16:00
+0 / -0
Ондiрiстiк активтердi мемлекет сатып алуы керек дейдi,сол активтердiн барлыгы назарбаевтiki емес пе?! Мемлекетке сатып,акшаны калтага басып "лыжига" отырып кетпекшi гой. Батып бара жаткан кемеден бipiншi егеукуйрыктар (крысалар) кашады деген рас екен гой.

Кімнен: Есберген Әлімбай Қайдан: Ақтау
27.01.2012 14:24
+0 / -0
Мынау әлі Жаңаөзендегі төтенше жағдайды тоқтату жөнінде указға қол қойған жоқ қой. Қол қоймай жатып неге айтып жатыр, осынысында бір шикілік бар. Жаңаөзендіктер сақ бола көрің, 31 не дейін бірлеңе жасап, мысалы, полицияға шабуыл жасап,немесе бомба жарып, сондай бірдеңе жасауы мүмкін. Сөйтіп, төтенше жағдайды "амалсыздан" созатын болар. Сосын мен ұзартпайын деп едім,жағдай солай болды,енді маған не дейсіңдер деп шыға келетін адамның сойы сияқты. Ал енді айтпады демеңдер, мен бұл кісінің алдауына тойып болған адаммын.

Кімнен: шөлдеп жүрген адам Қайдан: мөлдір бұлақ ауылы
27.01.2012 14:41
+0 / -0
Назарбаев та ,жыл саиын орындалмаитын жолдауын жолдауға шаршамаиды екен .Оны аиналасындағылар аузының суы құрып талқылаудан жалықпаиды екен .ал қара халықтың тыңдаи,тыңдаи құлақтары сасып болды .жиырма жыл боиы ішіп келе жатқанымыз сап сары дат су ауылдық жерде .осыдан кеиін біле бершеиші ,жолдауының жарға аитылып жатқанын .осындаи жағдаида отырып ,тыңдағың келмеи күиінесің.

Кімнен: кука Қайдан: кукастан
27.01.2012 14:47
+0 / -0
Жанаөзендіктер шынымен Нұр-Отанға дауыс бердіңдерме?
ондаша кімге өкпелерің бар,жараларыңды соған қасытыңдар.

Кімнен: КӨКТҮРІК Қайдан: КАЗАҚ даласы
27.01.2012 15:04
+0 / -0
нурекеннин шылги отириктен куралган жасанды жолдауы тагы да отирикпенен басталды. Қазақ елінің экономикасы 7,5 пайызды кураганымен инфляция денгейін ауыздыктай алмаганын соз етпеди. жане де дагдарыста курылыс нысандарын салу аркылы, тургын уй 2020 бағдарламасымен, озгеде таяз тусиникти идеямен жену ол кумга шелектеп су токкенмен тен

Кімнен: Ауылдың қазағы Қайдан: Алматы
27.01.2012 15:22
+0 / -0
Қандыбалақ қанішер неме-ай, қазақтарды қынадай қырып салып, енді халық алдына не бетіңмен шығып отыр екенсің жүзіқара?!
Өтіріктеріңе тойып ақ болдық емес пе қырық бір өтірікші!
2030 жылға дейін кім бар кім жоқ, ал бірақ қазақты қырғаның үшін бәрібір басыңмен жауап бересің! Осы сөзіме құдайдан сен!

Кімнен: Alash_azamaty Қайдан: Almaty
27.01.2012 15:40
+0 / -0
Мына шал шынымен алжыпты. Мынау айтқандарына екі түрлі анықтама бар. Біріншісі, шал елдегі жағдайдын не болып жатқанын білмей айтып отыр. Айналасындағылардың мүддесіне қайшы келетін болғандықтан бұл айтылғандар бәрібір орындалмайды.
Екінші, шал сол баяғыдай өтірік айтып отыр. Алдағы уақытта баяғыдай өз байлығын, билігін сақтауға тырысады. Тағыда ештене өзгермейді.
Ал енді сіздер айтыныздар!

Кімнен: Баянсұлу Қайдан: Атырау
27.01.2012 16:26
+0 / -0
Беті күлтілдеп ісіп тұр екен, жанын күтіп жатпай ма

Кімнен: Латыш Қайдан: Рига
27.01.2012 16:48
+0 / -0
Орыс тілін Канститутциядан мүлде алып тастамай Ана тіліміз ешқашан Ақорданың төріне шықпайды. Қазақ елінің президенті бола тұрып, жолдауының жүзден бірін ғана қазақша жасағаны зығырданымды қайнатып тұр. Бұл көзқамандық, мәңгүрттік, космапалиттік, мутанттық, сатқындық деп білемін. Өз Ана тілінен жерігендер хайуаннанда кейін шығар. Өйткені ит өз тілінде үреді, қой өз тілінде маңырайды, қасқыр өз тілінде ұлыйды, харам шошқа өз тілінде қорсылдайды!!!!!
Пікір алмасу

Кімнен: А. Мұқабай Қайдан: Алматы
27.01.2012 18:13
+0 / -0
Жолдауды мұқият тыңдадым, қазақ көші туралы бір ауыз сөз болған жоқ! Сонда шеттегі қандастарымыздың Қазақстанға көшіп келіп, қоныстану мәселесі Қазақ Үкіметінің алдағы бағдарламасынан, күн тәртібінен бір жола түсіп қалғаны ма? Ұлт ретінде жойылып кету қаупі алдында тұрған шеттегі 5000000 қазақтың тағдыры ұмыт қалғаны ма? Қалай ұлттық мемлекет құрамыз біз сонда???
Пікір алмасу

Кімнен: қазақ Қайдан: Қазақстан
27.01.2012 18:17
+0 / -0
Қазақ тілінің орыс тілімен қатар жүреді дегені ауылдағы қазақтардың қалаға барып жұмысқа орналасуына үлкееееееееееееен кедергі болады
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
27.01.2012 21:06
+0 / -0
А не проше ли НАНу каждый год официально посылать народ казахстана на три буквы,чем из года в год утруждать себя сочинением длинных и бредовых послании.
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі