Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 03:40

ӘЛЕУМЕТ / Жаңаөзен - 2011

Қазақ полициясы кісі өлтірмейтін қару ұстамақ

Қазақстан ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов блогындағы сауалдарға жауап берген кезде «полицейлерге адам өлтіре алмайтын қару берілетінін» айтты. Шеруді тарқату үшін қару қолдану мәселесі Жаңаөзен оқиғасынан кейін – полиция қарусыз халықты атқан соң айтыла бастады.

Тәуелсіздік монументі түбіндегі жиынды бақылауға бара жатқан полицейлер. Алматы, 17 желтоқсан 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
Мәтін көлемі - +

Министр Қалмұханбет Қасымовтың жазуынша, 2013–2015 жылдарға арналған бюджетті жоспарлау кезінде адам өлтірмейтін қару сатып алатын қаржы да сөз болады.

Адам өлтірмейтін қаруды қолдану «құқық бұзушыларға өте тиімді әсер етіп, көңіл-күйі агрессиялы топты денсаулықтарына зақым келтірмей-ақ, әжептеуір қашықтықтан таратып жібереді» дейді Қалмұханбет Қасымов.

«КАЛАШНИКОВ» – ПОЛИЦИЯНЫҢ ТАБЕЛЬДІК ҚАРУЫ»

Соғыс қаруын қолдану мәселесі 2011 жылы 16-17 желтоқсан күндері Маңғыстау облысында болған оқиғадан кейін көп айтылды.

Қазақстан ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов желтоқсанның 18-і Азаттық радиосының тілшісі Қазис Тоғызбаевтың сауалына жауап берген кезде шеруді тарату үшін қару қолдануды жақтады.



Министр Қасымовтың айтуынша, Жаңаөзенде полицияның қару қолданудан басқа амалы қалмаған. Оның сөзіне қарағанда, «оқиға басталған кезде полицейлер қарусыз болған, одан кейін ғана бірнеше полицей ішкі істер басқармасына барып, Калашников автоматын алып келген».

Қасымовтың сөзінше, Калашников автоматы мен Макаров тапаншасы – полицейлердің табельдік қаруы. «Гонг» жоспары іске қосылған кезде полицейлердің бәрі қаруын алады. Ол жоспарды Жаңаөзен қалалық ішкі істер басқармасының бастығы жария еткен» дейді министр Қалмұханбет Қасымов.

Ресми есеп бойынша, Маңғыстау облысында 2011 жылы 16-17 желтоқсан күндері болған оқиғалар барысында 17 адам қаза тауып, жүздеген кісі жараланған. Жергілікті тұрғындар мен құқық қорғаушылар жапа шеккендердің бұдан да көп екенін айтады.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Арыс Қайдан: Шымкент
17.02.2012 21:07
+0 / -0
Министр Қалмұханбет Қасымовтың жазуынша, 2013–2015 жылдарға арналған бюджетті жоспарлау кезінде адам өлтірмейтін қару сатып алатын қаржы да сөз болады.

2013-2015 жылдарға арналған бюджет қаржысын әлі бекітеді дейді. Оған ана Жаңаөзендегі халықты қырып тастауға бұйрық берген N қол қоя ма екен бірден? "Жо, жоқ, батыс жақтың қазақтарын қырдық, әлі Оңтүстіктің көбейіп кеткен қазағын қыруымыз керек емес пе, жо, жоқ асықпаңдар" деуі де мүмкін. Оның үстіне ол N "Адам өлтірмейтін қарудан" қандай "кайф" алмақ?

Кімнен: айкүн
17.02.2012 22:27
+0 / -0
"Жау кеткен соң, қылышыңды боққа шапқанмен" бірдей болды ғой, министр мырза. Сонша жазықсыз адамдарды қырып тастағаннан соң халқыңның жүрегіндегі жара жазыла қоярма екен?! Еңбекақыңды да адам қатарлы сұрауға құқығың жоқ елдің билігінде не қадір, не қасиет!!!!?
Пікір алмасу

Кімнен: zheltocsan
18.02.2012 01:56
+0 / -0
мұнайшылар алаңда шырылдап тұрғанда Козлов, Сапарғалилер оларға қолдау білдіріп, жүгіріп жүрген екен. Енді оларды қамап соттайын деп жатқанда мұнайшылар белсенділері бір-бір креслоға қонжиып отырып алыпты. Ұят қайда ағайындар-ау?!
Пікір алмасу

Кімнен: АДАЙ
20.02.2012 09:56
+0 / -0
Желтоксан сен Хасен Кожахмет емесин бе? 1правакатор. креслога конжиган мунайшылардын аты жонин жазшы корейк отирик блапыттамай былгамай ортаны
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
20.02.2012 13:35
+0 / -0
желтоқсан бауырым, мұнайшы лидерлері Т.САҚТАҒАНОВ,Р. ТӨЛЕУТАЕВА . ҚАЛҒАН АЛТАУыда сапарғалидан сәл алдын түрмеге тоғытылған. СОНДЫҚТАН СІЗДЕГІ ҚАТЕ МӘЛІМЕТ БОЛАР.
Пікір алмасу

Кімнен: zheltocsan
20.02.2012 17:41
+0 / -0
Әділбек Сағындықов деген алаңда тұратын белсенді болушы еді, соларды жинап алып креслоға отырғызып қойыпты. К плюстен көріп таң қалып қалғанмын. Енді ю-тюбтен таба алмай отырмын... "Бізге алаңда тұрған жеті айымызға 100 мыңнан берсе болады" деп қояды ақшыраңдап қалғырлар, ал өздерін қолдап қамалғандар туралы "оларды босатcын!" деген бір сөз айтқан жоқ.
Пікір алмасу

Кімнен: мұнайшы Қайдан: жаңаөзен
21.02.2012 14:55
+0 / -0
zheItocsan, айналып кетейін-ау қателеспе! Онсыз да қара жамылған мұнайшыларды олай кінәлама. Бұл НӘН кімге берекет беріп жатыр дейсің. Мұнайшылар белсенділерін де, жараланғандарды да "жығылғанға жұдырық" дегендей сол Владимир, Сапарғали секілді қамап тастап отыр. Олардан хабар-ошар жоқ, ашынған халық не істерге амал таппай қиналуда. Ай, қырғын осымен бітпейді-ау!

Кімнен: Есен Қайдан: Алматы
17.02.2012 22:32
+0 / -0
Бұлар кейін біз адам өлтірмейтін қарумен аттық, халық өздерін-өздері өлтірді деп айтудан ешқашан ұялмайды

Кімнен: Ауылдың қазағы Қайдан: Алматы
17.02.2012 23:18
+0 / -0
Ендігі жерде халыққа қандай қару қолдансаңдар да Жаңаөзеннің қанынан ешуақытта тазара алмайсыңдар, сендер ғана емес немере-шөберелеріңнен дағы кетпейтін қара таңба болады маңдайларына басылған!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
17.02.2012 23:58
+0 / -0
Қазақ полициясы кісі өлтірмейтін қару ұстамақ .
- сүйінші! - деп қойсай!

Кімнен: ОҚ Қайдан: ОҚ АТЫЛҒАН ЖЕР
17.02.2012 23:53
+0 / -0
МЫНАУ қасымов ҚАРУ ҚОЛДАНАМЫЗ АТАМЫЗ ДЕП ОТЫР БЕТІ ШІМІРІКПЕСТЕН ӘУ БАСТА ГОНГ ЖОСПАРЫН ҚҰРЫП АТУҒА БҰРЫННАН ДАЙЫНДАЛҒАНЫН КӨРСЕТІП ТҰР БҰЛАРҒА СЕНУГЕ БОЛМАЙДЫ ТАҒЫДА АТАДЫ ДА СОЛ ЖЕРДІҢ БАСШЫЛЫҚТА ОТЫРҒАН ПОЛИЦИЯСЫНА АУДАРА САЛАДЫ

Кімнен: Бахытжан Қайдан: stepnogorsk
18.02.2012 00:55
+0 / -0
бұыл біір жақсы жаңалыққои көреміз шын жаны көзіне көрінгенде ризина оқ таусылып қалды деп айтпайма ай не знайуау

Кімнен: Ағлен Қайдан: Атырау
18.02.2012 10:34
+0 / -0
Халықтың қарғысы атсын сені, министрсымақ!! Халыққа неге оқ аттың жауыз!! Сол халық емес пе, сені асырап отырған салық төлеп!!Жүзіқара!

Кімнен: Адай Сарбазы Қайдан: Маңғыстау
18.02.2012 11:01
+0 / -0
Халықты әбден атып-атып болғаннан кейін аккөңіл ағаларға рахмет қаруды жеңілдеткендерің үшін, Хэй ақмақтар адам өлтірмейтін қару Қазақстанда енді ғана қолданыла бастадыма, халық тағы көтеріліп жатса айтатын шығар енді өлтірмейміз ойыншық пистолетпен атамыз деп, хэх , Өзенде 100 шақты адам өлді деп қадап айтам бәріңе, халыққа келіп жалынсаңдарда кешірім сұрап, бәрі бір кшірілмейтін күнә , сондықтан тек тозаққа дайындала берің билік басшылары! дайындалың, ал ана жаныңызға адам өлтірмейтін қаруларыңызды ала жүріңіз!
Пікір алмасу

Кімнен: Ызалы маңғыстаулық
18.02.2012 14:33
+0 / -0
Москвада өткен пресс-конференцияда Жаңаөзенде кемі 73 адамның өлгені турапы айтылды, мұны Қасымов білмейді емес, біледі. Біле тұра отставкаға кетпеуі - бұл адамдардың адамшылық қасиеттен жұрдай, ар-ұят деген атымен жоқ, нағыз барып тұрған жауыз екендіктерін көрсетеді. Заман өзгеріп, әділ сот болып, атылар алдында мұндайлардың барынша ақталып, "президенттен қорыққаннан осылай жасадық" деп шыр-пыр болатындықтарына сенімім мол.
Пікір алмасу

Кімнен: Мәйкөш
18.02.2012 16:57
+0 / -0
Ойбай, қолында қаруы жоқ қарақасқа полицайларды автомат, зеңбірек, пушке, наган, қылыш, семсер т.б.мен мұздай қаруланып, бес аспабын мойындарына асынған жаңаөзендік қатындар жайратып салмасын құрсын!
Енді қайттік?
Қарақасқалар-ау, тым болмаса қолдарыңа малдың жапа, тезектерінен домалақ жасап қаруланып алыңдар, жаппаның ортасына тас салып. Гонг ойнап кеп кеткенді осы тезектерді атасыңдар.
Өздеріңді бір ЕБке тапсырдым!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
18.02.2012 17:36
+0 / -0
Өздеріңді бір ЕБке тапсырдым! - не деп сандырақтап отырсың ей! Бір Аллаға тапсырдым деуші едік.
Пікір алмасу

Кімнен: мұнайшы Қайдан: жаңаөзен
21.02.2012 15:10
+0 / -0
Мәйкөш десе, дегендей екенсің, топас неме. Сол Жаңаөзендік әйелдердің күнін берер саған, құдайдың бар екені шын болса, бір Алла жар болсын! Жапа-тезек деп не ойынға айналдырып отырсың? Халықпен ойнама, халық кектенсе, сенің "Гонг" ойнағаныңды да "бір жеріне" қыстырмас.

Кімнен: күрең
18.02.2012 16:33
+0 / -0
қалмұқамбет, атың тарихта қалды, жағмпаз жендет қалмұқамбет боп
Пікір алмасу

Кімнен: Керей Қайдан: Алматы
18.02.2012 17:32
+0 / -0
Құрметті азаттык және оқырмандар! төмендегі;
СРОЧНО! Сегодня 18.02.2011г. в Жанаозене собрался народ! Люди выставили список из 108-ми пропавших без вести, в котором и дети и женщины и мужчины, требуют дать ответ где все они, где трупы! Вышли и стар и млад, все родственники пропавших, говорят, будете стрелять стреляйте, все равно!!!!!! - деген хабар шын ба? мәлімет бере аласыздар ма?
Пікір алмасу

Кімнен: Модератор
18.02.2012 19:21
+0 / -0
Құрметті Керей! Бүгін біздің тілшілеріміз Жаңаөзенге хабарласып көрген еді, әзірге бұл ақпарат расталған жоқ.
Назар аударғаныңызға рахмет.
Пікір алмасу

Кімнен: Керей Қайдан: Азаттыққа
18.02.2012 19:32
+0 / -0
Сіздерге де рахмет! істеріңізге сәттілік тілеймін!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
18.02.2012 18:13
+0 / -0
Жауыз, жендеттер, енді осындай қаруды да сынап көрмек ғой халыққа. Бұл ат төбеліндей биліктің дайындығы,өздеріне тықырдың таянғаны.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
18.02.2012 21:17
+0 / -0
Қасымовтың "тағы да атамыз "-дегені үшін соттау керек.Оның орны түрмеде
Пікір алмасу

Кімнен: Керей Қайдан: Алматы
18.02.2012 22:41
+0 / -0
Қасымовтың сөзіне қарасақ, оның басында ақыл мен адамгершілік аз екенін аңғара аласың. Бар шамасы келетіні өз халқы болғасын, керек болса тағы атамыз деді. Жалпы бізде билік милиция мен әскерді халықты басып-жаншу үшін ұстауда, әйтпесе біз әскерді басқа елмен соғысу үшін ұстасақ, керегі жоқ, өйткені біздің күшіміз ешқандай елмен соғысуға жеткіліксіз. Кезінде өзіміздегі атом қаруларын сақтап, басқа елдерге керек болса, құқай көрсетуге болар еді, бірақ оны Президент пысығымыз Америкаға жағыну үшін, бас тарта салды ғой, өмірбақи Қазақта Хан да, шегара да болмаған - деген пысығымыз барлық қаруды шетелге берді.

Кімнен: Білгіш
19.02.2012 03:18
+0 / -0
Әсіресе,ішкі істер органдарында есі дұрыс адам жұмыс істемейтінін бұрыннан білетінмін, кейбіреулердің баста есі дұрыс болса да, кейін бұзылатыны да бәрімізге белгілі ғой.
Ал, енді, мынадай есі ауысқан, басында торғайдың миындай да миы жоқ, Қасымов сияқты кеміс генералды көрсем көзім шықсын.

Кімнен: Асау Барақ Қайдан: жайықтан
19.02.2012 10:57
+0 / -0
Қасымов - сенің орның түрме! Сен қазақтың қарғысына, АЛЛАның қаһарына ұшырадың! Бұл сенің, болмаса ұрпағыңның алдына келеді! Сен ақша үшін, басыңның амандығы үшін халыққа оқ аттың, сондықтан сен қан жылаған қазақ анасының, оққа ұшқан ер азамат жарының лағнетіне көмілдің, енді сен тірі жүрсең де, түсіңнен кетпейтін қарғысқа душар боласың. Өз туған ұрпағың осы үшін саған топырақ шашып, лағнет айтады!!!
Пікір алмасу

Кімнен: мұнайшы Қайдан: жаңаөзен
21.02.2012 15:17
+0 / -0
Қасымов байғұстың миының жеткен жері сол ғой, НӘН-нің бұйрығын құрақ ұшып орындамаса басынан айырылады ғой. Ондай басты көтеріп жүргенше, баяғыда-ақ домалата салмай ма, бәтшағар.

Кімнен: Мақсат Қайдан: Алматы
20.02.2012 19:09
+0 / -0
Жаңаөзенде халыққа оқ атқан полиция қызметкерлеріне және бұрық берген басшыларға қарғыс болсын. Аумин.
Маңғыстау жұрты, қазақ елі сендермен бірге.
Ағайын, енді ауызбіршілікте болайық. Өзімізден басқа бізді ешкім ойламайды.
Алла бізге амандық берсін