Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 03:48

ҚАЗАҚСТАН

Назарбаев: Қазақстан қоғамы көппартиялы парламентке мұқтаж

Президент Назарбаев Қазақстан қоғамы көппартиялы парламентке мұқтаж болып отырғанын алға тартып, мәжілісті тарату туралы ұсыныс бойынша тиісті жарлық жобасын қарастыратынын айтты. Палата спикерлері мен премьер-министр елде мерзімінен бұрын парламент сайлауын өткізу туралы ұсынысқа қолдау білдірді.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Мәтін көлемі - +
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қарашаның 15-і күні парламент сенатының төрағасы Қайрат Мәми, парламент мәжілісінің төрағасы Орал Мұхамеджанов және премьер-министр Кәрім Мәсімовпен мәжілісті тарату жөніндегі ұсынысқа қатысты кеңес өткізді. Бұл туралы ақпарат сейсенбі күні түстен кейін Ақорда сайтында жарияланды.

Премьер-министр мен парламент палаталарының төрағалары мәжілісті таратып, кезектен тыс парламент сайлауын өткізу туралы бұған дейін мәжілістің бір топ депутаты жасаған ұсынысқа қолдау білдірген.

Президент Назарбаев депутаттардың мәжілісті тарату туралы бастамасы бірнеше факторға негізделіп отырғанын атап айтқан. Біріншіден, Қазақстан конституциясына енгізілген өзгерістерге сәйкес, мәжілісте кемінде екі саяси партия өкілдері болуы тиіс. Екіншіден, Қазақстан 2008-2009 жылдары күрделі әлемдік дағдарысты өткеріп, одан енді шығып келе жатқан шақта, әлемдік экономика өте құбылмалы жағдайды бастан кешіп отыр дейді президент.

– Біз Еуропада не болып жатқанын, үлкен жиырмалықтың кездесуінде қандай мәселелер талқыланғанын бақылап отырмыз. Экономика тұрақтанып келе жатыр деп айтуға келмейді. Еуропа одағындағы оқиғалар бізге тікелей әсер етеді. Еуропа мемлекеттері – Қазақстанның маңызды әріптестері ғана емес, сонымен бірге инвесторларымыз және біздің тауарларымызды тұтынатын нарық. Біз жағдайдың әрқилы өрбуіне дайындалып жатырмыз. Өткен дағдарыстан абыроймен шықтық. Қазақстан дағдарысты еңсерудің үздік бағдарламаларының бірін жүзеге асырды, – деді Қазақстан президенті.

Сонымен бірге Назарбаев өткен әлемдік дағдарыс кезінде мәжілістің «маңызды шешімдерді заңның сапасына нұқсан келтірмей шұғыл қабылдағанын» айта келе, қоғамның көппартиялы мәжіліске мұқтаж болып отырғанын атап көрсеткен.

Жаңарған парламент елдегі ауқымды модернизация үшін қажет деген Назарбаев, егер келесі дағдарыс бола қалған жағдайда сайлау өткізу ел басшылығының, үкімет пен аймақтардың жұмысын қиындататындығын айтқан.

– Сіздердің бұл мәселе бойынша ұстанымдарыңызды ескере отырып, мен мәжілісті тарату және сайлау өткізу туралы тиісті жарлық жобасын қарастырамын, – деген президент Назарбаев.

Кездесуге президент әкімшілігінің жетекшісі Аслан Мусин де қатысты деп хабарлайды Ақорда сайты.

Бұның алдында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев парламенттің қос палатасының төрағалары және үкімет жетекшісімен мәжілісті тарату жөніндегі ұсынысқа қатысты кеңес өткізгені туралы ақпарат қарашаның 15-і күні премьер-министр Кәрім Мәсімовтің twitter-блогында жарияланған еді.

Сол күні «Қазақстан жаңалықтары» агенттігіне берген сұқбатында президент Назарбаевтың кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев Қазақстанда кезектен тыс парламент сайлауын өткізу туралы жарлыққа Назарбаев сейсенбі күні қол қоюы мүмкін деген пікір білдірді. 

Өткен бейсенбіде Астанада Қазақстан парламенті мәжілісінің 53 депутаты атынан мәжіліс пен жергілікті мәслихаттарды таратып, елде мерзімінен бұрын сайлау өткізуді сұрап президент Назарбаевқа жазылған үндеуді мәжіліс депутаты Нұртай Сабилянов жария еткен еді.

Қазақстанның қолданыстағы заңнамасына сәйкес, ел президенті парламент палаталарының спикерлері және үкімет жетекшісімен кеңескен соң, мәжілісті таратып, мерзімінен бұрын жаңа сайлау өткізу туралы шешім қабылдай алады.

Қазақстан Конституциясы бойынша, парламенттің кезектен тыс сайлауы мәжiлiстiң өкiлеттiгi мерзiмiнен бұрын тоқтатылған күннен бастап екi ай iшiнде өткiзiлуi тиіс.

Қазір тек жалғыз саяси партия – «Нұр Отан» мүшелерінен құралған Қазақстан парламентінің мәжілісі 2007 жылы тамыздың 18-і күні бес жыл мерзімге сайланған.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
15.11.2011 13:11
+0 / -0
Ертісбаев солай деп сайрап жатса онда бүгін жарлыққа қол қойылады деген сөз, бірақ қазір бұл ешкімге жаңалық емес, орыстар айтпақшы "кто бы сомневался, Нурик!" ;)

Кімнен: Расул
15.11.2011 13:22
+0 / -0
менімше мажилис вообще керегі жоқ, сенат отыр ғой, сол жетеді. Барибир карк кылып жаткандары шамалы. Сондыктан мына мажилисти таратып жиберу дурис, ал кайта мажилис сайлауын өткізіп керек жок. Ақша үнемдеу керек, кризис келе жатыр, Сабялянов сол деп дурус айтты. Сабялянов, колга курек алып, ауылга барып шаруа исте, бос созди кой!

Кімнен: Құрбақа
15.11.2011 13:26
+0 / -0
осы Нұртайға дейін Нұрбақ Рұстемов деген бір көсем болған еді, сол қайда? Кім біледі?
Пікір алмасу

Кімнен: ара Қайдан: уядан
15.11.2011 14:16
+0 / -0
ол ана туркистандагы "акку", "сункарларды" "крышавать" етедi
Пікір алмасу

Кімнен: Астана қазағы Қайдан: Астана
15.11.2011 15:20
+0 / -0
Түркістандағы "аққулар" мен "сұңқарлардың" "крышасы", Парламент Мәжілісін таратқыш "көсемдердің" бірі және екінші Меккеде зікіршілер үшін арнайы тұрғызылған мешіттің демеушісі және қожайыны Нұрбақ Рүстемов қазіргі кезде өзінің жеке бизнесінен қолы қалт етіп босай қалған кезді пайдаланып, Қазақстанның Ирандағы елшісі деген ресми лауазымды атқарады.
Пікір алмасу

Кімнен: Үсен Қайдан: Алматы
15.11.2011 17:58
+0 / -0
Құрбақа бақылдамай тыныш отыр. Нұрбақ мықты азамат. Қазақтың қамын жеп жүрген жігіт.
Пікір алмасу

Кімнен: Астана қазағы Қайдан: Астана
15.11.2011 21:30
+0 / -0
Нұрбақ деген мықты азамат қазақтың қамын жеп жүр ме, жоқ, әлде өзінің қалтасының қамын ойлап жүр ме, ол жағы Сіз бен бізге емес, сол Түркістанның қарапайым қара халқына ғана белгілі жайт. Сондықтан ол кісіге адвокат болып, ара түсіп, шыр-пыр болудың қажеті шамалы.

Кімнен: Ұлт Қайдан: Алматы
15.11.2011 14:15
+0 / -0
Н.Назарбаев сорлы қазақты құл етіп, орыстардың табанына тағы да салып бергелі отыр. Н.Назарбаевтың көзін жоймай - Қазақ ел болмайды. Қазақ, атқа қон, аттан!!!

Кімнен: Амантай Нұрбеков
15.11.2011 14:26
+0 / -0
Президентіміздің шешімі дұрыс, қолдаймын, өйткені жаңа жылда жауапты кезеңде жаңа парламент керек бізге. Дағдарыстан шығу үшін президенттің саясатын дұрыс түсінетін парламент болғаны дұрыс деп ойлаймын
Пікір алмасу

Кімнен: Жиенбай
15.11.2011 15:14
+0 / -0
осы біреу жағымпаз билік туралы ащы шындық айтыла бастаса жылимып шыға келеді екен осы сайттан. Ей, Нұрбекіп, сонда мына парламент сеніңше президентіңнің емеурінін "түсінбей", оған қарсы келіп, қасарысып табандап жатып алып па еді халыққтың қамын жеп? Өзің секілді нағыз супер-пупер жағымпаз-жәдігөй болудан бұлар әлемдік рекорд орнатқан жоқ па еді?! Қанша жерден ұры басшыларыңның табан-тесігін түк қалдырмай жаласаңдар да, елбасыларың сендерді әбден пайдаланып, халық алдында масқара етіп, әлгі бір рәзеңке бұйым құсап лақтырып тастайтынын ылғи көрсетіп келе жатқан жоқ па? ай, сонда да қоймайсыңдар ғой, артына сабынсыз кіріп, тоқішегінің түбіне дейін бойлап еніп аласыңдар, қарап отырып біз жиіркенеміз.

Кімнен: иілмеген қазақ Қайдан: Ақтау
15.11.2011 14:26
+0 / -0
Көпшілігі ССРО-ның партия, совет, профсоюз мектептерінен оқып үлгі алған бұл депутаттар, бұрынғы комсомол, компартия уақытында да жақсы қызметтерде жасап еді, әлі де соның жемісін жеп келе жатыр. Істен гөрі, бос сөзге шебер жандар.Жағымпаздық пен жантықтық та бұлардың таптырмас қасиетері. Эмиратта үйі жоқ депутат, ол депутат емес деп жүр ғой. Келесі мерзімінде не істер екен,Европаға ауыз салатын шығар, ол жақта қымбатырақ қой, бірақ уақыт өткен сайын олардың да араны ашыла түседі ғой.
Өздері түсіне ме екен, елдің қобалжып жатырғанын, Тунис, Египет, Ливия, алдымызда Йемен мен Сирия , соларға ілесіп дегендей. Әлде шетелге қашып тығылып құтыламыз деп ойлайды ма екен, олары да болмай қалуы мүмкін ғой,себебі сол қашып тығылатын елдердің саны да күн санап азайып келе жатыр емес пе. Әй соған бастары жетпейді -ау солардың. Шалқып жүре береміз деп ойлайтын сияқты ғой. Олай болса оңбай қателесіп жүр бұл азаматтар.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
15.11.2011 14:34
+0 / -0
"біреу тоңып секіреді, біреу тойып секіреді" деген. Ана Семейде жұрт тағыда үйінде жылу жоқ қатып жатыр, Таразда мемлекетті қорғаймын деп қаза тапқандарға 1 млн теңге ғана бөліп, қоғамдық ұйымдар сұрағанына қарамастан ең болмағанда траур жариялауға жжармаған билік, енді қыруар ақша төгіп сайлау өткіззбек. Әкең...!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
15.11.2011 17:02
+0 / -0
Мүмкін, осы жаңа Парламентке үміт артайық. Елін, ұлтын сүйетін, қателіктерден нәтиже шығаратын өкзі ашық, көкрегі ояу,намысшыл азаматтар келер.Өйткені, көп партиялы болайын деп тұр гой.
Пікір алмасу

Кімнен: Мына биліктен Қайдан: үміті үзілген
15.11.2011 20:20
+0 / -0
Мына Назарбаев тұрғанда оның өзінен де, Үкіметтен де, Парламеттен де үмітіңді үзбейтін қандай адамсың өзің? Адамды бір ай, бір жыл алдауға болар, бірақ мына көксоққан Назарбаев сияқты өзінің басы қара жерге кіргенше бүкіл халықты алдауға болады ма? Осыны ойланыңдар бауырлар!

Кімнен: Қайран Нарын
15.11.2011 17:06
+0 / -0
Ел іші астан-кестең....атыс-шабыс. ал билік есікті ішінен іліп алып, сайлау өткіземіз деп арқа-жарқа...не болар екен?

Кімнен: Жаңа Ақжол Қайдан: Қазақстан
15.11.2011 17:27
+0 / -0
Сайлауды тез өткізу керек. Жаңа парламент жаңаша жұмыс істейтіні анық. Өйткені, жаңа адамдар тың идеялар алып келетіні сөзсіз. Ал мерзімінен бұрын болды деп шулау ол оппозициялардың дағдылы әдеті. Қанша жылдар бойы уақытынан бұрын өткізіп келе жатырмыз. Демек, олар үнемі дайын күйде болуы тиіс қой. Жылдар бойы ұйықтап жүреді де , сайлау таянғанда қимылдағаннан не қайыр? Саясатқа кірдің бе, ертерек қимылда! Болжай біл! Жау кеткесін қылышын б...-ға шапқаннан ештеңе өзгермейді. Жеңілген адамның сөзін сөз деп жүргендер ойланыңдар. Қайта бізде саясат түсінікті, логикаға сай өрбіп жатыр...

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
15.11.2011 18:27
+0 / -0
_Өзінің жерлестерін сотқа беріп күн көріс қамын жасайды! Сабеляновтарың!

Кімнен: kazak Қайдан: china
15.11.2011 19:34
+0 / -0
Jalhez partya jaretpaytenen tusinip jetken syakte.

Кімнен: Арыс Қайдан: Шымкент
15.11.2011 20:52
+0 / -0
Қазақ даласын тағы да бір Ө Т І Р І К атты жел, ауа, бұлт басып келеді десеңдерші?

Кімнен: Сакен Қайдан: Астана, тай-тобе
15.11.2011 22:17
+0 / -0
осы арамзанын фотосын калай сайкес тура табасыздар? Оте керемет! Корсын халык бозөбала шалдын турын...

Кімнен: сайламаушы
16.11.2011 00:52
+0 / -0
Көппартиялы керек болса өзің емеспе бірпартиялы мықты болады деген, қай бөскеніңе сенеміз. Әдірем қалсын, қарақалыққа түк пайдасы жоқ солардың, ал нағыз қажет болса тіркелген тіркелмегені бар, барлығынан өткізсін депутаттарын, болмаса артты қысып жайыңа жүрген бір ғанибет емеспе?

Кімнен: Түркімен Адай
16.11.2011 00:53
+0 / -0
Шалдың көзі ағара бастаған екен.

Кімнен: Aslan Қайдан: Mongolya Ulanbator
16.11.2011 11:33
+0 / -0
DUNYADAGI BARLIK ELDIN PREZIDENTTERI TURA NAZEKEN SIYAKTI BOLSA EDI DUNYA BASKASHA BOLATIN EDI
NAZEKE JASAYBER DURUS SHESHIDERINNEN ALLAH AYIRMASIN
BIZ BASKA ELDE SIZBEN JANE KAZAKISTANIMIZBEN MAKTANIPJUREMIZ ..

Кімнен: СолДАТ Қайдан: Алматы
23.11.2011 15:10
+0 / -0
АГАмыздын саясаты мыкты! Алдымен Ертисбаев аркылы халыктын кулагын уйретип алды! Ертисбай тилин ербелеңдетіп бирак газетке сухбат береди! БолдЫ! артынша айтканы айдай келеди! Кулык...