Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 04:01

ӘЛЕУМЕТ / Жаңаөзен - 2011

«Үркітіп-қорқыту күшейді» дейді жаңаөзендіктер

Ақпанның 25-інде шеру өткізуге берген тұрғындар арызын қараған Жаңаөзен әкімдігі наразылық шарасын өткізуге рұқсат бермеді. Бұл туралы Азаттық тілшісіне Жаңаөзен тұрғыны Тамара Ерғазева хабарлады. Оның айтуынша, «адамдар бәрібір алаңға шығайын деп отыр» және ақпанның 25-і таяған сайын Жаңаөзенде қорқытып-үркіту күшейе түскен.

Жаңаөзен тұрғыны Тамара Ерғазева журналистермен әңгімелесіп тұр. Жаңаөзен, 14 ақпан 2012 жыл.
Мәтін көлемі - +

Күйеуі Жаңбыр Ерғазев Жаңаөзен оқиғасына байланысты Ақтаудағы абақтыда жатқан Тамара Ерғазева Азаттық тілшісіне «полиция мені қорқытып-үркітуге кірісті» деп хабарлады. Үкімет күштері оны кеше Жаңаөзенге барған Еуропарламент депутаты Петр Бориспен кездестірмеуге тырысқан. 

"ҚОРЫҚҚАННАН ҚОЛ-АЯҒЫМ ДІРІЛДЕЙДІ"
 
 - Кеше тергеуші: «Күйеуіңізбен кездесу ұйымдастырып қойдық, Ақтауға өзіміз милициямен апарып, алып қайтамыз» деді. «Таңертең кездесейік» десем, мені қудалап, көк 
Тамара Ерғазева - ақпанның 25-інде шеру өткізуге Жаңаөзен тұрғындары өтішін әкімдікке алып келген белсенді. 14 ақпан. 2012 жыл.
x
Тамара Ерғазева - ақпанның 25-інде шеру өткізуге Жаңаөзен тұрғындары өтішін әкімдікке алып келген белсенді. 14 ақпан. 2012 жыл.
​​​​машина артымнан еріп жүріп, «кездесуге келіңіз, жүріңіз, кездестіреміз, құжаттарыңыздың бәрін өзіміз дайындап қоямыз, машинамен өзіміз апарамыз» деп қорқытып жүрді. Артымнан қалмаған соң журналистердің кеңсесіне барып тығылдым. Солармен бірге жүрдім, қорыққаннан аяқ-қолым дірілдейді, түнімен сөйтіп шықты, - дейді Тамара Ерғазева.

Оның айтуынша, журналистердің арқасында полиция аңдуынан құтылып, Еуропарламент депутаты Петр Бориспен кездескен. Еуропадан Жаңаөзенге арнайы келген депутатқа жаңаөзендік белсенді: "ИВС-та (уақытша қамау абақтысы - ред.) тергеуде отырған адамдардың бәрі - жазықсыз. Ал атқан адамдар ештеңе болмағандай жұмыстарында отыр. Тергеу дұрыс жүріп жатқан жоқ" деген сөзді айтып үлгерген.

Ерғазеваның айтуынша, Петр Бориспен кездесу бар болғаны 15-20 минутқа созылған. Кездесуге 40 шақты адам келген.
Біресе абақтыдағы күйеуімді қорқытады, біресе өзімді қорқытады. Тіпті үйге баруға қорқып жүрмін.

 - Ер адамдар сөйлеген жоқ. Өйткені, олар сөйлесе қамалады. Сол сөйлегені үшін қамалып жатқан жоқ па балаларымыз, шындықты айтқаны үшін, - дейді Тамара Ерғазева.

Еуропарламент өкілі "Шындықты айтыңыздар, біз шындықты білу үшін келдік" дегеннен кейін Ерғазева оған "шындықты айтқаным үшін, міне, мені қазір милиция қамағысы келіп отыр. Қайта-қайта тыным беріп жатқан жоқ, үйіме келіп үркітіп-қорқытып жатыр. Біресе абақтыдағы күйеуімді қорқытады, біресе өзімді қорқытады. Тіпті үйге баруға қорқып жүрмін" деген.    

"БАЛАЛАРЫМЫЗДЫҢ ҚАНЫ ТӨГІЛГЕН ЖЕРГЕ ШЫҒАМЫЗ"

Тамара Ерғазева ақпанның 25-іне шеру өткізу үшін жазылған өтінішке қол қойған 23 жаңаөзендіктің қуғын мен қысым көріп жатқанын хабарлады. 

 - Шеруге шығуға әкімдік рұқсат бермеді. Бірақ халық деген сонда да шығамыз деп отыр 25-іне, - дейді Тамара Ерғазева.
Ақпанның 25-інде қаланың орталық алаңында шеру өткізуге берілген тұрғындар өтініші. Жаңаөзен, 14 ақпан 2012 жыл. Суретті тәуелсіз блогшы Дина Байділдаева түсірген.
x
Ақпанның 25-інде қаланың орталық алаңында шеру өткізуге берілген тұрғындар өтініші. Жаңаөзен, 14 ақпан 2012 жыл. Суретті тәуелсіз блогшы Дина Байділдаева түсірген.
​​
Оның айтуынша, билік арызға қол қойғандарды "соттаймыз" деп қорқытып отыр. 

- Шеруге жазылған өтінішке қол қойғандардың барлығының үйіне барып, прокуратураға, КНБ-ға, РОВД-ға шақыртып, қорқытып-үркітіп, "соттаймыз" деп, "шеруге  шықпаймыз, алаңға бармаймыз" деген қолхат жаздырып алыпты. 23 адам еді ғой қол қойған. Соның бәрін қорқытып-үркітіп жатыр. Бірақ ақпанның 25-іне адамдар шығамыз деп отыр. Сағат оннан бастап, мұнайшылар жеті ай тұрған, балаларымыздың қаны төгілген жерге шығамыз деп отыр, - дейді жаңаөзендік белсенді.

Азаттық тілшісі Тамара Ерғазеваға және шеру өткізу туралы өтінішке қол қойған жаңаөзендік 23 адамға неліктен жергілікті өкімет тарапынан қысым күшейіп, үркіту-қорқыту шаралары жасалып жатқанын Жаңаөзен қаласының ішкі істер 
Шеру өткізу туралы өтінішке қол қойып жатқан жаңаөзендік әйелдер. Жаңаөзен, 13 ақпан 2012 жыл. Суретті түсірген тәуелсіз блогшы Дина Байділдаева.
x
Шеру өткізу туралы өтінішке қол қойып жатқан жаңаөзендік әйелдер. Жаңаөзен, 13 ақпан 2012 жыл. Суретті түсірген тәуелсіз блогшы Дина Байділдаева.
​​басқармасының бастығы Амангелді Досахановтан телефон арқылы сұраған еді.

Досаханов тілшінің Алматыдан хабарласып тұрғанын білгеннен кейін: 

 - Маған келіңіз, мен телефон арқылы жауап бермеймін. Келсеңіз ғана жауап беремін, - деді.

Азаттық тілшілері шеруге рұқсат берілмеуінің себептерін сұрау үшін Жаңаөзен қаласының әкімдігіне де хабарласқан еді. Әкімдіктің ресми телефондары жауап бермеді.

"ЖОҒАЛЫП КЕТКЕН АДАМДАР БІРЕУ-ЕКЕУ ЕМЕС»

Азаттық тілшісі Жаңаөзендегі "үркітіп-қорқыту" оқиғалары туралы қоғамдық комиссия мүшесі Рысбек Сәрсенбайұлымен де хабарласты. 

- Еуропарламент депутаты Петр Борис тұрғындармен кездесті. 15-ақ минутқа. Жаңаөзен қаласының әкімімен, прокуратура өкілдерімен кездесті. Олардың «тескереміз, өйтеміз-бүйтеміз» деген уәделерін алыпты. Халықпен кездескенде екі-
«Жас алаш» газетінің бас редакторы Рысбек Сәрсенбай наразылық акциясында сөйлеп тұр. Алматы, 28 қаңтар 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
x
«Жас алаш» газетінің бас редакторы Рысбек Сәрсенбай наразылық акциясында сөйлеп тұр. Алматы, 28 қаңтар 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
үш адамның басындағы жағдайды  ғана естіді. Біз: "Шындықты білу үшін келдік деп отырсыздар. Халықпен көбірек кездесу керек еді. Шындықты халық айтады, билік айтпайды" дедік, - дейді ол.

Рысбек Сәрсенбайұлы қоғамдық комиссияның да жұмысына тоқталды. Оның айтуынша, адамдар арыз-шағымдарымен келіп жатыр. 

- Бұрынғы деректерден, ресми қорытындыдан тыс, қосымша анықталып отырғаны – бір адамның мүрдесінің тұрғын үйдің жертөлесінен табылғаны. Марқұмның қолын қайырып, ОМОН-дардың, полицейлердің әкетіп бара жатқанын бір адам көрген. Сүйегі 2011 жылы желтоқсанның 23-і бірақ табылған. Сондай-ақ, бір келіншек келіп, күйеуінің мүлде із-түзсіз жоғалып кеткенін айтты. Жаңаөзенде наразылық күшті, - дейді Рысбек Сәрсенбайұлы.  

Рысбек Сәрсенбайұлы жараланған адамдарға көмек беру мәселесінде түйткілдер бар екенін айтты.

- Жараланған адамдар тиісті көмек алуға әкімдікке барған жерлерінен қамауға, тергеуге алынып жатыр, - дейді ол.
Қазақстан полицейлері оқ тиіп жараланған адамды дойырмен ұрып жатыр. Жаңаөзен, 16 желтоқсан 2011 жыл.
x
Қазақстан полицейлері оқ тиіп жараланған адамды дойырмен ұрып жатыр. Жаңаөзен, 16 желтоқсан 2011 жыл.
​​
Рысбек Сәрсенбайұлы Жаңаөзен тұрғындары үшін қазіргі ең басты мәселе – "қуғынды тоқтату, адамдарды соттатпау, жоғалған адамдарды табу, олар және біреу-екеу емес, оқ атқандарды жазалау, тергеуде жатқандар үшін білікті, батыл қорғаушылар табу" екенін айтты. 

"Басқан ізімізде аңдушы бар" деген комиссия мүшесі:

- ҰҚК үрейленіп отыр "Жасалған қылмыс ашылып қала ма?" деп. Халық көп шындықты айтуы мүмкін. "Тергеу-тексеру, соттау өздері жоспарлағандай іске аспай қала ма?" деп олар қауіптенеді, - деді.  

Рысбек Сәрсенбайұлы Жаңаөзендегі әлеуметтік жағдайдың да ауыр екенін айтты.

 - Көп адамдар қаражаты жоқ, мұқтаждық көріп отыр. Ереуілге қатысқаны үшін жұмыстан шығарылған адамдар келіп мұң-зарларын айтты. Олар қайтып күн көреді? "Аш отырмыз" дейді. 12 миллион теңге түсіпті Жаңаөзенге көмек қорына. Ол қаражат неге сондай адамдарға берілмей отыр? Қоғамдық комиссия осы жағына қозғау салмақшы, - деді комиссия мүшесі.

Қоғамдық комиссия мүшелері бүгін жұмыс істейтін орын, яғни ғимарат іздеуге кірісті.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Ақтас Қайдан: Almati
22.02.2012 14:12
+0 / -0
Мына Тамара Ерғазева қасқаның нағыз өзі екен. Бір өзі неге тұрады?!
Пікір алмасу

Кімнен: Нағыз Адай-Ер Қосай! Қайдан: Картада жоқ Төлеп ауылы
23.02.2012 00:34
+0 / -0
Адай деген - адуын, тентек халық,
Ерлігі мен серілігі ертек халық.
Қан жұтқызып қасарған қас жауларын,
Сергелдеңде жататын серті ақталып.

Көмілгенде ақ шаңға атамекен -
Ақ асмасы ашумен қатар екен.
Ауыл болып бір кезде су үшін де
Ат ойнатып, "аттандап" жатады екен.

Қаны қайнаса, қабағы қатуланып,
Жары үшін де жатады жанды беріп.
Қайың мінез, қайыспас қайсар ру,
Майыспайтын мәрт халық мәңгі берік.

Есті сөзің елірген елге өтпеген,
Замана ғой - оятқан ойды оқпенен,
Шешен тілмен төкпектеп, шешілгенде
Ауыздыға сөз беріп, сөйлетпеген.

Бура-бұлтын төбеден жайған аспан
Алма-кезек тағдыр ғой тайталасқан,
"Иә, БЕКЕТ!" - шапқанда ақкөз АДАЙ,
Аруағы дұшпанның айға қашқан.

Босағасы - бақыт та, төрі - құтты,
Қасиетін кейбіреу кейін ұқты.
Басын кесер болсаң да, бағынбайтын,
Өн бойында өр рух өріліпті.

Қор етуге кім құштар көктегісін -
Сезем, баба, соңыңа өкпелісің,
Ұяламын бүгінде мақтануға,
Ұрпақтары ұсақтап кеткені үшін...
Ұяламын Адайлар сендер үшін...
Соколова,Наташа,Тамарадай
Қатындарды әулие етіп, сүмірейіп,
Артынан сүмеңдеп ергенің үшін!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
23.02.2012 20:19
+0 / -0
наталья АЖИҒАЛИЕВА, ТАМАРА ЕСҚАЗИЕВА Адайдың азамат қыздары. олар бұғып жүрген туфли жалағыш зияндылардан көп жақсы

Кімнен: Ауылдың қазағы Қайдан: Алматы
22.02.2012 14:28
+0 / -0
Халықты - қазақты бір рет қорқытарсың, екі рет қорқытарсың, тіпті мейлі үш рет қорқытарсың, ал енді ғұмыр бақи тізерлетіп, дірілдетіп ұстаймын деу нағыз есуастың жұмысы!
"Пружинаны" неғұрлым қысқан сайын оның серпуі де соғұрлым қатты болмақ...
Пікір алмасу

Кімнен: Амангелді Қайдан: Қарағанды қаласы
22.02.2012 17:54
+0 / -0
"Пружина" деп керемет астар берген екенсіз ауылдың қазағы. Дегенменде үкіметті келсін келмесін кінәләй берудің реті де жөні де жоқ. Жаратушымыз Аллах Субхана Уа Тағала не деді, үкімет туралы пайғамбарымыз (с.ғ.с) не деп айтып еді. Былай демеппе еді : "Эй, естеріңде болсын, халық қандай болса мен сол халыққа лайық басшы тағайындаймын" демеппе еді.Анау мынау деп кім көрінгенді кінәлей бергенімізше, бір акция сияқты бірдеңе ұйымдастырып сол жақтағы ағайындарға неге қол ұшын бермеске?!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
22.02.2012 18:15
+0 / -0
БАЙҒҰС Амангелді! алдаушы үкіметке сене берейік пе? перғауынға? фараонға? Өз туысыңды атпаса болды. сен сияқтылар үкіметке разы. ЗАМАБЕКТІ 3 РЕТ АТҚЫЗДЫ. РАЗЫМЫЗ. АЛТЫНБЕКТІ 2 КӨМЕКШІСІМЕН БІРГЕ КНБ АЛЫП КЕТТІ. РАЗЫМЫЗ. ЖАҢАӨЗЕНДЕ қанша атқандарын жасырып әлек. біз былдырлаймыз. қашанғы?

Кімнен: Асау Барақ! Қайдан: Жайықтан!
22.02.2012 15:11
+0 / -0
Сорлы билік, дымсыз қалдың ау. Уа ха, ха ,ха! Енді алаңға шыққандарға оқ атып көр, не болар екен? Тас талқандарың шығады.....
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
22.02.2012 15:49
+0 / -0
Тамара апайымыз азамат екен. Жоғалған Жаңаөзендіктер аты-жөні анықталып айтыла беру керек. Үкімет қорқытып тастаған өлтірілгендердің туыстары да , құқұқ қорғау орындарының алдағанына көнбей шындық айтыла беру керек.

Кімнен: Атымды айта алмаймын Қайдан: Атырау жақ
22.02.2012 16:01
+0 / -0
Халқым-ау, мына үкімет балдар алған кредитті жабамыз деп қағаз алып жатыр ғой. Зарпылаты аз, жұмысы ауыр мұнай жағында жүрген жұмысшы балдар. Мойында 320 мың теңге бережағы бар еді банкке, кредит алып 2 жыл болды бере алмай жатқан. Енді қарастырып, мүмкін болса жұмыс орын жауып береді деген уәде берген екен.
Мені сөкпеңдер, қасқа үкімет те көмек бергісі кеп жатыр балдарға. Жәйімен жағдайларың жақсарады депті. Күтсек болмас па. Көшеге шыққанмен көрдіңдер ғой, қарақасқаларды қырып салды. Бұлай бола берсе елде ер азамат қалмай қалмасын, соны ойлайық. Күшпен тілегімді жасатам деген не зат. Жарайды, аналар мен қыз-келіншектер шығып, зарын білдірсін. Күйіп жатыр ғой, оны халық түсініп отыр.
Ел басы да ойланар, ойланбас деймісің. Ұзақ отырып елді шаршатып алдым-ау деп. Өзі де орын босатар. Ол қасқа да не жасауды біле алмай басы қатып жатқан болар.
Күтейік айналайын халқым-ау!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
22.02.2012 16:37
+0 / -0
Ойбу, атымды айта алмаймын деген, Атырау жақтың қазағы сізге айтам. Сіз айтқан Қасқа үкімет кредитіңіздің үстіне тағы ақша қосып борышыңызды одан сайын көбейтіп жібермесін. Кімге сеніп отырсыз, қасқырға қой бақтырған қойшы құсап.
Пікір алмасу

Кімнен: Атымды әлі айта алмаймын
23.02.2012 00:22
+0 / -0
Айналайын балам-ау, енді үкімет те алдай қоймас. Алдап болды ғой. Анау алған кредиттен құтылсақ, балдар да тыныш ұйықтар еді. Мойында қарыз ілініп тұрғанда балдар тұр ғой, бізде де ұйқы жоқ, күлкі жоқ жүрміз.
Алла қарыз алып, оны бере алмай сандалғаннан сақтасын. Ең қиыны борыш екен.
Қасқаның, айта бергенде не шығады, бір жөні болар. Жібі түзу бір басшы келмес дейсің бе. Жетіліп кетпес дейсің бе елді.
Алла қарадай қырылғаннан сақтасын қазақ балдарымды. Менің ақылым осы, шыдап күтейік.
Пікір алмасу

Кімнен: батыстың қызы Қайдан: астанадан
22.02.2012 17:45
+0 / -0
Ай, сенгіш қасқа қазағым - ай! Солардың айтқандарына қалай ғана сенуге болады? Олардың бір де бір сөзіне сенуге болмайды. Алдап кетеді ғой. Саған деген ақшаны өзінің атына аударып алады олар. Ал; сен аузыңды ашып; аңқиып отыра бер ендеше.

Кімнен: Мұнайшы ардагер
22.02.2012 16:57
+0 / -0
Неге қоюлата бересіңдер,жұмыстан шығарылғандар түгел жұмысқа қабылданып,жұмыс жасамаса да бұрынғы айлық жалақысын төлеп жатыр емес пе,әне Ерсайлықтарға ондай жағдай жасалған жоқ қой,әрине адамдарды қанап келгені рас,жалпы әу бастан дұрыс емес,промысель 6 000 адамға шақталған,ал адамдар жұмыссыз болмасын деп нағыз маман алатын айлықты 2-3 адамға бөліп беріп жұмыссыздар санын азайту үшін адам санын көбейткенін неге адамдар түсінбейді,әркім өзін маман ретінде сезінеді,на самом деле олай емес қой,сөзім өтірік десеңдер промысельді тексеріп қараң,төгілген май,шашылған быт. отход,маман адамдар олай жасамайды,тек жауапсыздар ғана осылай істейді,үйтіп-бүйтіп күн өткізгенге мәз,ал ақшаға келгенде қақшаң-қақшаң етеді.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
22.02.2012 17:31
+0 / -0
Ардагер екенсіз, мүмкін сізді сыйлар, атуға бұйрық бергендерді Астанаға барып, алып келерсіз? Үкімет неге 1,5 ком.сағат жариялады? куәгерлердің айтуы бойынша өлгендер санын азайтып, туыстарын қорқыту үшін.

Кімнен: Рая Қайдан: Актау
22.02.2012 18:06
+0 / -0
кой мына биликтен коркайын дедим мен, карсы шыккан адамнын барин тек жок кылдырып жатыр. 100 ден астам адам жок деп жатыр адамдар. Бас котерип шыккан адамнын барин жалмап жатыр жалмауыздар..32-жыл Репрессия болып тур казир. Алла оздеринизге сабыр берсин аптал азаматтар, жауыздарга 1000 сан рет ЛАГНЕТ!!!!!

Кімнен: Бахытжан Қайдан: stepnogorsk
22.02.2012 18:07
+0 / -0
халықтың кәзіргі жағдайы отанға деген сенімі жоқ есебі кәзір ондайдың жолы әрмен біреу жарым соғыс ашып жіберсе быт шыт қылып тастайды халық кімді қорғайды шалды қорғайма я Нұр Отанды қорғайма я сол ментердіма я сол ұры байлардыма я солар қорғаймекен отанды бірінші болып сатылып немесе қашып кетеді неге соны түсінбеиді екен анау өзбектерің бақылаушы ұшақтары кірп шығып жүр оларда мазақ қылып жүр сол билікте қазақ деген бар мекен

Кімнен: лиза Қайдан: актау
22.02.2012 18:28
+0 / -0
ХАЛАЙЫК мундай кайгыны адам басына бермесин. НЕ деген СУМДЫК 2айдан бери балдарын оли тирисин билмейди демек 2айдан бери уйкы жок деген соз гой уайым кайгы кундиз туни Жанаозен халкында. атканымен коймай камап жатыр. Буны токтату ушин тек букил казак халкы митингиге шыгып талап ету керек шыгар болмаса оздигинен коятын тури жок кой. Жанаозен айелдери шыкпаса коймай тур гой баска жолы барма

Кімнен: Арыс Қайдан: Шымкент
22.02.2012 18:32
+0 / -0
Негізі халықты қорқытып-үркітудің артында биліктің басқаға емес, өз-өзіне сенімсіздігінің кеткенін көрсетіп отыр. Жүйе шаршады. Елімізде енапат жер ресурстары бола отырып өз халқының әлеуметтік мәселелерін шешуді қолына ала алмады. Байлығымыз ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетті.

Биліктің өзіне деген сенімсіздігінің артында өткен жылғы Президент сайлауында Назарбаевтың 95,5 пайыз дауыс алмақ түгілі, 7 пайыз да алмағанының беті ашылды. Болмаса 100 пайызға жақын алған, өзіне сенімді адам неге халқын қуғын-сүргінге салады? Өзінің өтірігін осылайша аймандай ашып отыр ол. Оның өтірігі сонау 1991 жылдан басталған болатын. Әрине бір өтірік айтқан адам оны орнына дұрыстап қоя алмағандықтан қашан көзі бозарып жерге енгенше осылай өтірік айтумен кетеді.

Халықты қорқытып-үркітіп ұстай алмайтындықтарыңды ойланыңдар билік басындағы қай-қайсыларың болса да!!!!!!
Пікір алмасу

Кімнен: Медет Қайдан: Торғайдан
22.02.2012 20:03
+0 / -0
Әй албасты,Нұр отанның баласы,
Бізге де бір көңіл бөліп қарашы!
Бар Қазақты жығып бердің Қытайға,
Жер мен көктей болса да оның арасы.

Халық отыр қорқынышпен үрейлі,
Сау басына сақина кім тілейді.
Сабаңа кел,еліңді ойла,тасыма,
Мұның арты жақсылыққа келмейді?

Халық отыр билікпенен айтыс боп,
Екеуара түсінік жоқ тартыс көп.
Сен әкелген саясаттың кесірі,
Кетті қыршын талай боздақ қайтыс боп.

Ойлан,ойлан кеш емес қой әліде,
Жек көреді сені бүгін бәріде.
Ең болмаса тағыңды бер,жастарға,
Нұр отан деп сала бермей әніңе?

Көп қайнаса дәмі кетер сорпаның,
Әлде солай жасайсыңба жорта мың.
Саясатты жүргізсеңші жөнімен,
Шырайыда кетіп барад ортаның.

Бастаған топ бүгіндегі Мәсіміп,
Деп айтып ең бұқты бәрі жасырып.
Ал ендеше оны неге күшейтіп,
Мәртебесін қойдың елден асырып.

Елді аралап жұрт жағдайын көріп кел,
Дей алмаймын жағдайы бес көрікті ел?
Жаңаөзенге жаның шындап ашыса,
Байлығыңның үштен бірін бөліп бер.

Жағдайы жоқ ел жұртыма алаңмын,
Заңдылығы дей алмаймын заманның.
Ақшалары аз емесқой қызыңмен,
Милядер болған күйеу балаңның.


Кімнен: Жоран Қайдан: Жазық
22.02.2012 23:05
+0 / -0
Қара алтынның үстінде отырған ҚАЗАҒЫМ жағдайың мүшкіл - шындық, ақиқат іздеп - жантүршігерлік азапта жүрсің!!! Барлық қазақ атаулы құлағын түріп, екі көзі төрт болып елеңдеп отыр - не күтіп отырмыз? КІМНЕН қандай жақсылық күтеміз - оның сыры бір Аллаға ғана мәлім - Әділ басшы, нағыз Демократияны ТҮСІҢДЕ көрерсің ... Талаптарға құлақ асатын жер қайда бар ... Инеттің барына шүкір бәрі осы жерден бір кіжініп алады да барлығынан өшін алып отырады.

Кімнен: иілмеген қазақ Қайдан: Ақтау
23.02.2012 13:23
+0 / -0
Халықты қырып салып отырған қанішерлер қылмысын жабу үшін бәрін жасайды, үркітіп-қорқытады, әрине. Үндемей отыра берсең,бәрібір соттайды. Сондықтан, халықта шындықты аша бергеннен басқа амал жоқ. Олар шындықтан өлердей қорқады. Әйгілей беру керек, талап ете беру керек.
Митингілерде де талап ете беру керек,Қабылов, Қасымовтарды ұстатпай ,тоқтамау керек.

Кімнен: Адай баласы Қайдан: Батыс
23.02.2012 13:34
+0 / -0
Ассаламуғалайкум құрметті қалайық! Бұл заманда әркім өзіне мән беруден бұрын, өзгені сынға алуға құмар болып алды. Қарап отырсақ сын жазғыш, халықтың қамын ойлағыш асыл жандар уақыттарының көбін интернет басында өткізетін әуесқой жандар болар деп ойлаймын. Мақұл халқымның тұрмыс-тіршілігі нашар болсын, оның қамын ешкім ойлап жатпаған болсын, бірақ ақылды Аллаһтың құлы кім болсада өзгені сыртынан ғайбаттап босқа дөрекі сөздерімен уақытын ысрап етіп, өмірін зая кетіргенше және халқымның берекесіне сызат түсіргенше бар қабілетін көрсетіп басқа шауып төске өрлеп биіктен көрініп ісін дәлелдесе болмаспа еді. Бос сөзден қурдақ қуарғаннан қарағанда ұйқысы келсе біраз жантайып алғаны жөн болар. Баршамыз қылығымызды адам пенделерден жасырып тапқырлық қылғанымызбен, Ұлы Жаратушымыз Аллаһ тағаладан жасыра алмайтынымыз анық. Олай болса оның құзырындағы есеп күнімізді еске алып уақытымызды ұтымды пайдалануға тырысқанымыз дұрыс болар еді. Шын жанымыз ашыған болса сол бейнет тарқан жандарға қол ұшымызды берелік. Мен таңқаламын! себебі көшеде жығылып жатқан алқаш біреу көрсе адамдар еш нәрсе болмағандай басынан аттап жүре беретін болды. Сонда қане біздің жанашырлығымыз. Олда Құдайдың жаратқан бір пендесі емеспе еді? Біз көшеміздегі итімізге дейін өз отынымыздың байлығы Аллаһтың бізге берген нығметі деп түсінбесек қадір-қасійетін білмесек, Аллаһ оны қай жолмен болсада қолымыздан кері алып қояды. Бұны ұмытпасақ, бізде дауда жауда жоқ ағайын!

Кімнен: қазақ Қайдан: Қазақстан
23.02.2012 13:40
+0 / -0
мына биліктік түрі жаман, қарсы шаққан адамдарды репрессияға ұшыратып жатыр. Пікіршілер бізде репрессияға ұшыраймыз.
Пікір алмасу

Кімнен: Адай-ескелди Қайдан: Жанаозен
23.02.2012 16:16
+0 / -0
Түбі біздіде сонына апармасын!

Кімнен: Адай-ескелди Қайдан: Жанаозен
23.02.2012 16:13
+0 / -0
Ашылган сон шекерасы кысык коздин!
Куйылып даламызга коши барды
Кой дейтин кожасы болмаган сон
1-1 ден компаниясын ашып алды
Кытайлар бар байлыкты басып алды
Казахтарга атасынын басы калды
дегендей Нурмат Мансуров

Кімнен: Адай-ескелди Қайдан: Жанаозен
23.02.2012 16:15
+0 / -0
Жаратушым ози басса екен Жаңаозеннин дауылын,
Буйыртпады ау әкімдердіңде тәуірін
Қурып кетсе екен косемдер,Құрт жеп койган буырын!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
23.02.2012 20:22
+0 / -0
БҮКІЛ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘКІМДЕРІНІҢ 99 ПАЙЫЗЫ ЖЕМҚОРЛАР. ІШІНДЕ АЗДАП ЖҰМЫС ІСТЕЙТІНІНІҢ БІРІ ҚЫРЫМБЕК КӨШЕРБАЕВ ЕДІ.
Пікір алмасу

Кімнен: Еркін Қайдан: Алматы
24.02.2012 15:17
+0 / -0
Жаңаөзендіктердің қасіреті жанымызға батады. Бұл режимнің фашистік режимнен несі кем. Қаталдығы, зұлымдығы жағынан Гитлер мен Сталиннен де асып түсті. Не істеу керек, қалай төзуге болады. Қолдан не келеді. Не істейін, ертең митингіге барамын.Ең болмаса әділ сөз естіп, көңілімді жұбатайын.
Пікір алмасу

Кімнен: Алмат Қайдан: Ақтау
25.02.2012 18:13
+0 / -0
Ескелді Айнұрдың 2010-жылы айтқан сөзін несіне қайталадың? Өз пікірің жоқ болса кіріңді жуып үйіңде отыршы жиенің Алмат

Кімнен: Айгер1м Қайдан: жанаозен
27.02.2012 02:07
+0 / -0
мен халкымды айаймын. канша жас балдарымызды октын астына алды.25акпанда эйелдер аланага шыгады деп ед1 б1рак адам аз болды келес1де аузымыз б1р болып б1р1г1п шыгайык.Атылып олген бауырларымыз уш1н