Accessibility links

«Шаңырақ оқиғасының» ізі көмескіленіп барады


Шаңырақ тұрғындарының пікірі
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:18 0:00

Шаңырақ тұрғындарының пікірі

Тұрғындар «Шаңырақ оқиғасынан» кейінгі жеті жылда ауылда біраз өзгерістер болғанын, өмірлерінің жақсарғанын айтса, кейбірі ол оқиғаны әлі ұмыта алмаған.

Кезінде «заңсыз иеленді» деп саналған жер телімдеріндегі қараша үйлерді қорғау қозғалысы Алматыдағы баспана үшін туған ең ірі әлеуметтік толқуға айналған еді.

Полиция мен тұрғындар қақтығысқан Шаңырақ ауылы қазір кеңейіп, ықшамауданға айналған. Жеті жыл бұрынғы оқиғаның ізі де жоқ.

2006 жылғы оқиға болған тұсқа, тұрғындар Тереңсай деп атап кеткен маңда «Шаңырақ оқиғасының» куәгерін кездестірдік. Елуді еңсерген, сылтып басатын жігіт ағасы өзін «Дайрабай Қабдышевпын» деп таныстырды.

«ХАЛЫҚ ЖАСҚАНЫП ҚАЛҒАН»

– Оқиғаның басы-қасында жүрдім. Көп нәрсені көрдім. Оқиға кезінде видеоға түсіп қалған жүз жігітті полиция алып кетіп, кейін 25 адамды сотқа тартты. Төртеуін соттап жіберді. Төртеуінің отбасы осы ауылда тұрып жатыр. Адам өлімі болған соң біреулерді жазалау керек болды. Жазаланды, – деді ол.
Дайрабай Қабдышев, Шаңырақ тұрғыны. Алматы, 15 шілде 2013 жыл.
Дайрабай Қабдышев, Шаңырақ тұрғыны. Алматы, 15 шілде 2013 жыл.

Дайрабай Қабдышев ауылдағы «Шаңырақ оқиғасы» болған сай маңына жол төселгенін, оқиғаны еске салатын бірде-бір белгі қалмағанын, ескерткіш те орнатылмағанын айтып күрсініп алды.

Оның сөзінше, «Шаңырақ оқиғасынан» кейінгі жеті жылда көп нәрсе өзгерген – жолдар жөнделген, халық жерлерін заңдастырып алған.

– Әркім өз өмірін сүріп жатыр. Бірақ халық «Шаңырақ оқиғасы» туралы ашық айтудан, әлеуметтік мәселелерін көтеруден жасқанып қалған. Әкімдікке мәселелерін айтып, шағымданудан қорқады. Бәрі «осы өмірімізге шүкір» деп жүр. Халық өз жағдайын өзі жасап отыр. Суды да, газды да, жарықты да өздері тартып алды. Біз жерімізді заңдастырып алдық. Бастысы – сол, – деді Дайрабай Қабдышев.

«Шаңырақ тұрғындарының жасқанатынын» осы ауылға тоғыз жыл бұрын көшіп
Айдархан Әбілов, Шаңырақ тұрғыны. Алматы, 15 шілде 2013 жыл.
Айдархан Әбілов, Шаңырақ тұрғыны. Алматы, 15 шілде 2013 жыл.
келген, 43 жастағы Айдархан Әбілов те айтты. Ол кісі «оқиғаға бастан аяқ-қатысқанын, оқиға кезінде және одан кейінгі даулы мәселелерге байланысты шыққан сот шешімімен келіспейтінін» айта келе:

– Шүкір, қазір өміріміз жақсы. Мектеп, балабақша бар, жолымыз жөнделіп жатыр. Бірақ «Шаңырақ оқиғасының» жарасы әлі бар. Халық жасқаншақ болып қалған. Бұл оқиға туралы көп нәрсе айта бермейді, – деді.

«ЕКІ МЕКТЕП, БІР АУРУХАНА САЛЫНДЫ»

Мектеп, балабақша және жол мәселесін Шаңырақтың тағы бір тұрғыны Әсия Бағашарова да оң өзгеріс есебінде айтты. Оның сөзінше, «ауылдың іші – тыныш, халықтың өмірі – жақсы».

– Мектеп, балабақшада орын жеткілікті. Ауылда жастар көп, бәрі жұмыста. Әкімдіктен көмек сұрасақ, көмектеседі. Шаңырақ жыл сайын дамып келеді, – дейді ол.

Азаттық тілшісі Шаңырақ ықшам ауданы қарайтын Алматы қаласы Алатау ауданы
Алатау ауданының әкімшілігі.
Алатау ауданының әкімшілігі.
әкімдігіне хабарласып, «Шаңырақ оқиғасынан» кейінгі жеті жылда бұл маңда нендей өзгеріс болғанын сұрады.

– 2006 жылдан бері Шаңырақта 1000 орындық екі мектеп, 200 адамға арналған бір аурухана салынды. Шаңырақ пен қаланы қосатын негізгі жолдарға, ауыл ішіндегі жолдарға асфальт төселді. Бұлардың барлығы «Шаңырақ оқиғасынан» кейін салынған, – деп жауап берді әкімдік өкілі.

2006 жылдың шілде айында Алматыдағы «Шаңырақ» шағын ауданында «жер телімдерін заңсыз иеленіп үй салды» деп айыпталған тұрғындар мен полиция арасында қақтығыс болып, сол оқиға кезінде бір полиция қызметкері қаза тапқан еді.

Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, төрт азамат – Арон Атабек, Құрманғазы Өтегенов, Ерғанат Тараншиев және Рүстем Тұяқов ұзақ мерзімге сотталған.
XS
SM
MD
LG