Accessibility links

Алатау ауданында жер дауы толастар емес


Бәтес Тұрғанбаева тұрып жатқан контейнер. Алматы, Алатау ауданы 7 маусым 2012 жыл.

Бәтес Тұрғанбаева тұрып жатқан контейнер. Алматы, Алатау ауданы 7 маусым 2012 жыл.

Алматы қаласы Алатау ауданының тұрғындары кезінде «заңсыз салынды» деп күреліп тасталған үйлерінің орнына өзге біреулердің қайтадан баспана тұрғызып алғанын айтады. Мұның себебін сұрағанда, аудан әкімі қалалық жер басқармасына сілтеді.

Бәтес Тұрғанбаева екі жылдан бері Алатау ауданына қарасты «Шаңырақ-1» ықшам ауданында жиырма тонналық контейнерде тұрып жатыр. Үлкен баласы биыл 11-сыныпты бітірді. Кішісі – төрт жаста. Өзі екі жылдан бері туберкулезбен ауырады. Екінші топтағы мүгедек. Бір өкпесін алдырып тастаған.

«ЖЕРІМДІ БАСҚА БІРЕУГЕ РӘСІМДЕП БЕРДІ»

Бәтес Тұрғанбаева«Шаңырақ-2» деп аталатын ықшам аудандағы №1032 жер учаскесін 2006 жылы Әуезов ауданының әкімшілігінен легализициядан өткізіп беруді өтініп, арыз жазыпты.

– 2006 жылы 11 желтоқсан күні менің өтінішіме байланысты «Сіздің жеріңіз суға жақын және жардың шеті болғандықтан заңдастыруға жатпайды» деп заңдастырудан бас тарту туралы шешім шығарып берген болатын. Алайда бір жылдан кейін менің сол жерім Әуезов аудандық әкімшілігінің мүлікті заңдастыру туралы комиссиясының 2007 жылғы 1 тамыз күнгі шешімімен Қайрат Рысмендиев деген азаматқа берілген. № 20-321-035-264 кадастрлік нөмірі бойынша сол кісінің атына тіркелгенін 2009 жылы Алатау ауданы әкімінің орынбасары Құрманбек Асанов мырза айтты, – дейді Бәтес Тұрғанбаева.

Ол жоғарғы сотқа дейін шағымданса да, еш нәтиже болмаған.

– Ең соңында мемлекеттік арна ғой деп «Хабардағы» «Таразы» бағдарламасына қатыстым. Бірақ құлақ асқан ешкім болмады. Сот шешімі сол күйінде қалды. Сосын еріксіз өз қолыммен тұрғызған үйімді бұздым. Себебі жаңа қожайыны «Егер кетпесең трактормен әкеп күреймін» деп, күнде келіп қорқыта берді. Содан бері, міне, екі жыл болды – алыстан туысатын жамағайын кісінің ауласында, осы контейнерде тұрып жатырмын, – дейді жерінен айрылған жесір келіншек.

Бәтестің айтуынша, жолдасы әйелінің науқасқа ұшырағанын білгеннен кейін тастап кетіпті.

«... ТУРГАНБАЕВАНЫҢ ЖЕР УЧАСКЕСІНІҢ ШЫҒЫСЫНДА ОРНАЛАСҚАН»

Азаттық радиосы Алматы қалалық жер қатынастары басқармасының бастығы Қуанышбек Кашкинбаевтың атына хат жолдап, мәселенің мән жайын сұраған еді. Бастықтың бірінші орынбасары Н. Кулболдиновтың атынан мынандай жауап келді (хаттың стилі сақталды – ред.):

«Кад. №20-321-035-264 жер учаскесі Б.Х.Рысмендиевке Алматы қаласы Әуезов Бәтес Тұрғанбаеваның үйі мына үйдің орнында тұрған. Алматы, Алатау ауданы, 7 маусым 2012 жыл.

Бәтес Тұрғанбаеваның үйі мына үйдің орнында тұрған. Алматы, Алатау ауданы, 7 маусым 2012 жыл.

ауданы бойынша жылжымайтын мүлікті жария ету жөніндегі комиссия шешмінің негізінде жер учаскесіне 2007 жылғы 01 тамызда жеке меншік құқығы берілген. Жер учаскесіне шығып зерттеу барысында аталған жер учаскесінде тұрғын үй құрылысы анықталды және Б.Х.Турганбаеваның жер учаскесінің шығысында орналасқан».

Бәтес Тұрғанбаева бұл жауапты көріп, қайран қалды. Оның айтуынша, соттасып жүрген кезінде өзінің бұрынғы жерінің және кейінгі иесіне бөлінген телімнің сызбасын жер басқармасынан арнайы алдырған.

– Құжатта Қайрат Рысмендиевке берілген телім бұрынғы жердің үстіне түскені анық көрініп тұр, – дейді Бәтес Тұрғанбаева.

Бәтес Тұрғанбаеваның сөзіне қарағанда, 2011 жылы тамыз айында Алатау ауданының әкімі Бағдат Мәнізоров оған жаңа жер телімін ұсынған. Бірақ Алматы қаласының жер қатынастары басқармасы Мәнізоров көрсеткен жерге қатысты «Жер комиссиясының қорытындысына сәйкес жер учаскесіне құқық беруден бас тарту туралы шешім» қабылдаған.

«ОНДАЙ АДАМДЫ ТАНЫМАЙМЫН»

Жерінен әрі жер алу құқынан осылайша айырылған тек Бәтес Тұрғанбаева ғана емес. Өзін Гүлбаршын Мамырова деп таныстырған келіншектің де мұңы бір басына жетерлік.

Гүлбаршын Мамырованың айтуынша, оның да баспанасын 2009 жылы заңсыз тұрғызылған үй ретінде күреп тастаған. Бірақ кейін белгісіз біреулер сол аумақты қоршап, үйдің іргетасын құйып тастапты.

– Бұл жерді мен 2007 жылы Аяпбергенов деген кісіден 18 мың долларға сатып алып, екі бөлмелі үй тұрғызған болатынмын. 2009 жылы қайын атам қайтыс болып, Гүлбаршын Мамырова Бәтес Тұрғанбаеваның контейнерінде отыр. Алматы, Алатау ауданы 7 маусым 2012 жыл.

Гүлбаршын Мамырова Бәтес Тұрғанбаеваның контейнерінде отыр. Алматы, Алатау ауданы 7 маусым 2012 жыл.

ауылға кетсем, әкімшіліктің адамдары келіпті де, үйімнің шаңырағын ортасына түсіріп кетіпті. Кейін құжаттарымды топырақтың астынан тауып алдым. Алайда осы 2009 жылдың желтоқсанында аталған жердің заңды иесі ретінде Талғат Игілікұлы Медеубаев деген кісіге шешім шығарылған. Міне, содан бері бармаған жерім, баспаған тауым қалмады, – дейді күйіне сөйлеген Гүлбаршын Мамырова.

Гүлбаршын Мамырованың сөзіне қарағанда, үйін күреп тастап, жерін тартып алған – сол кездегі «Ұлжан» шағын ауданының өзін-өзі басқару комитетінің жетекшісі болған Алма Игілікқызы Медеубаева.

Біз бұдан кейін Алма Медеубаеваға хабарластық. «2009 жылы Алатау ауданына қарасты «Ұлжан» ықшам ауданында «Өзін-өзі басқару комитетінің» жетекшісі болдым» деп танысқан Алма Медеубаева Азаттық тілшісіне телефон арқылы:

– Мен ондай адамды (Гүлбаршын Мамырованы – ред.) танымаймын. Сондықтан мен тартып алды десе, сотқа барсын, – деп қысқа қайырды.

«НЕҒЫП ҚАПТАП КЕТКЕН ҚЫЗЫЛ СЫЗЫҚ?»

Бәтес Тұрғанбаева пен Гүлбаршын Мамырова секілді үйі мен жерінен айрылып, далада қалғандар Алатау ауданы бойынша 700-ге жуық адам екен.

Бұл мәліметті аудан әкімдігінде маусымның 13-і күні болған жиында әкім Бағдат Мәнізоров айтты.

– Сіздердің осы мәселелеріңізді шешіп беру мақсатында өткен жылы құрамы 14 адамнан тұратын қоғамдық комиссия құрып, іргетасы құйылған 680 жер телімін Гүлбаршын Мамырованың күрелген үйінің жұрты. Алматы, Алатау ауданы, 7 маусым 2012 жыл.

Гүлбаршын Мамырованың күрелген үйінің жұрты. Алматы, Алатау ауданы, 7 маусым 2012 жыл.

анықтадық. Біз сараптан өткізе келе соның 217-сіне «үй тұрғызуға болады» деп құжаттарды рәсімдеп, қалалық жер басқармасына жіберген едік. Қалғандары уақытында құжаттарын әкелмегендіктен, қабылданбады. Біз сіздерге хабарландыру беріп, екі мерзім күттік. Бірақ сол 217-нің 50-іне ғана жер басқармасы рұқсат беріп отыр. Қалғандары қызыл сызыққа, су белдігіне жақын болғандықтан отказ берілді, – деді Алатау ауданының әкімі Бағдат Мәнізоров.

Алайда Гүлбаршын Мамырова әкімнің сөзін жоққа шығарып, «Өзіне отказ шыққан жерге өзгелердің үй салып жатқанын» айтты. Оның сөзін қостаған жұрт «жерден 40 метрге дейін қазып су шығара алмай отырғандарында жер бөлімі ол жерден қандай судың жақындығын көрген», «отказдың барлығында қызыл сызыққа жақын екені көрсетілген» деп шуласып:

– Бұл неғып қаптап кеткен қызыл сызық? – деген сауал қойды.

Жұрттың әкімге айтқан тағы бір наразылығы – қатар тұрған үш іргетастың екі шетіндегісіне рұқсат беріліп, ортасындағысына «отказ» шығатындығы, өздеріне рұқсат етілмеген жерлерге өзге біреулердің үй салып жатқандығы.

– Сен елдің сөзін сөйлеудің орнына жер бөліміндегілердің сөзін сөйлеп отырсың. Біздің жерімізді өздерің бірлесіп сатып отырсыңдар, – деді жұрт әкімге.

«МЕНІҢ ҚОЛЫМ ТАЗА»

Өзінің қазіргі мүшкіл жағдайын әкімге жылап тұрып айтқан Бәтес Тұрғанбаева:

– Егер менің мәселем шешілмейтін болса, әкімшіліктің алдында өзімді өртеуге дейін барамын, – деді.

Тұрғындар Алатау ауданы әкімі Бағдат Мәнізоровқа «Егер жұмыс істей алмасаң, талтайып неғып отырсың?» деді әкімшіліктегі жиында.

– Жаңаөзендегі жағдайда дәл осындайдан туындаған болатын. Егер халықтың мұң-зарын дұрыс шешпесеңдер, сол қадамға баруға тура келеді, – деді әкіммен кездесуге келген жұрт.

Ал аудан әкімі Бағдат Мәнізоров өзінің жазығы жоқ екенін айтты.

– Менің қолым таза. Алланың алдында ақпын. Мен жер бөліміне «Егер рұқсат берсеңдер 217 іргетасқа түгел беріңдер. Әйтпесе бәріне отказ беріңдер. Жұрттың Алатау ауданының әкімі Бағдат Мәнізоров. Алматы, 28 маусым 2011 жыл.

Алатау ауданының әкімі Бағдат Мәнізоров. Алматы, 28 маусым 2011 жыл.

арасында іріткі туады» дегенмін. Бірақ олай болмады. Менің бизнесім де, жерім де болған адаммын. Қазір сіздерге қызмет етейін, көмегімді тигізейін деп жүрмін, – деді Алатау ауданы әкімі.

Ол содан соң қалалық жер қатынастар басқармасының өкілі Дәурен Сартовтан:

– Жұрттың айтып отырғаны қаншалықты шындық? Неге екі шетіндегі іргетасқа рұқсат беріледі де, ортасындағы қызыл сызық немесе суға жақын болады, – деп сұрады.

– Оны анықтау керек, – деп жауап берді Дәурен Сартов бұл сауалға.

Бәтес Тұрғанбаева мен Гүлбаршын Мамырова да әкім айтқан 217-нің ішінде болған екен. Алматы қалалық жер қатынастар басқармасының өкілі Дәурен Сартов ол екі азаматтың жеріне байланысты:
"Алматы жер басқармасының" Бәтес Тұрғанбаеваның жер телімі жөніндегі Азаттық сауалына жазбаша жауабы. Алматы, 25 маусым 2012 жыл. Суретті үстінен бассаңыз, үлкейеді.

"Алматы жер басқармасының" Бәтес Тұрғанбаеваның жер телімі жөніндегі Азаттық сауалына жазбаша жауабы. Алматы, 25 маусым 2012 жыл. Суретті үстінен бассаңыз, үлкейеді.


– Бәтес Тұрғанбаеваның жері су белдігіне жақын орналасқан. Ал Гүлбаршын Мамырованың жері күл-қоқыстың орны, сондай-ақ қызыл сызыққа таяу орналасқан, – деп жауап берді.

Бәтес Тұрғанбаева үй салған жерге қазір басқа адам баспана салып жатқанын мақаланың басында айттық.

Гүлбаршын Мамыроваға тиесілі жерді де арнайы барып көрдік. Ұзын жолдың бойында орналасқан үйлердің арасында тұрған жалғыз жер телімінен күл-қоқысты көре алмадық.
  • 16x9 Image

    Нұртай ЛАХАНҰЛЫ

    Нұртай Лаханұлы. 1973 жылы дүниеге келген. 1998 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің филология факультеті бойынша тәмамдаған.  «Қазақстан-Заман» газеті мен «Қазақ радиосында» қызмет еткен. 2010 жылдан бері Азаттық радиосында  жұмыс істейді.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG