Сенбі, 25 мамыр 2013, Алматы 04:15


ӘЛЕУМЕТ / Ереуілдер

Атырауда Sinopec жұмысшылары ереуілге шықты

Атырау мұнай өңдеу зауытына қарасты хош иісті көмірсутектер зауытын салып жатқан қытайлық Sinopec Engineering компаниясының мердігері "Евразия строй капитал 2007" компаниясының 200-ге тарта жұмысшысы мамырдың 2-сінде ереуілге шығып, жұмыстарын тоқтатты. Жұмысшылар бүгін "Нұр Отан" партиясының облыстық филиалына шағым түсірмек.

Қытайлық Sinopec Engineering компаниясының мердігері "Евразия строй капитал 2007" жұмысшылары наразылық білдіріп тұр. Атырау, Балықшы ықшам ауданы, 3 мамыр 2012 жыл.
Қытайлық Sinopec Engineering компаниясының мердігері "Евразия строй капитал 2007" жұмысшылары наразылық білдіріп тұр. Атырау, Балықшы ықшам ауданы, 3 мамыр 2012 жыл.
Мәтін көлемі - +
Жұмысшылар негізінен жұмыс жағдайын жақсарту, жалақыдағы айырмашылықты жою, жатын орын, тамақтану сияқты мәселелерді шешу сияқты талаптарды қойып отыр. Олардың барлығы - Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған, көпшілігі Қытайдан келген оралмандар.

Вахталық әдіспен жұмыс істейтін жұмысшылардың айтуынша, олар тіпті мереке күндері де жұмыс істегенімен, жалақылары толық есептелмейді.

- Тіпті зейнетақы қорына аударылатын ақшамыз да бір жыл бойы аударылмай келген. Біз 40 күн жұмыс істеп 40 мың теңге алсақ, өзімізбен қатар жұмыс істейтін қытай азаматтарының ең төменгі айлығы - 230 мың теңге, - дейді жұмысшылардың бірі.

Жұмысшылар осы мәселелерді көтеріп, компанияның бас директоры 
Sinopec Engineering компаниясының мердігері "Евразия строй капитал 2007" жұмысшылары наразылық білдіріп тұр. Атырау, 3 мамыр 2012 жыл.Sinopec Engineering компаниясының мердігері "Евразия строй капитал 2007" жұмысшылары наразылық білдіріп тұр. Атырау, 3 мамыр 2012 жыл.
x
Sinopec Engineering компаниясының мердігері "Евразия строй капитал 2007" жұмысшылары наразылық білдіріп тұр. Атырау, 3 мамыр 2012 жыл.
Sinopec Engineering компаниясының мердігері "Евразия строй капитал 2007" жұмысшылары наразылық білдіріп тұр. Атырау, 3 мамыр 2012 жыл.
Чин Еге өткен жылдың желтоқсаны мен биылғы қаңтар айларында бірнеше рет өтініш жасағандарын айтты. Бірақ олардың талап арызына басшылық көңіл бөлмеген.

Ал мамырдың 2-сінде жұмысшылар жоғарыдағы талап-арыздарын облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаментіне, прокуратураға айтқан.

Бүгін олар "Нұр Отан" партиясының облыстық филиалына шағым түсірмек.


Бұл мәселеге орай Азаттық тілшісі "Евразия строй капитал 2007" фирмасының  директоры Чин Еге хабарласқан еді. Бірақ телефон тұтқасын көтерген оның орынбасары Алтай Томақаев мәселеге қатысты ешқандай түсінік бермейтінін айтты.

Ал жұмысшылар талаптары орындалғанша жұмысқа шықпайтындарын мәлімдеді.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
03.05.2012 12:07
+0 / -0
Ал, "Нұр Отан" енді не істейсің? Тағы да оқ атасыңдар ма?!
Пікір алмасу

Кімнен: Аспанберді Қайдан: Таудағы жұрт
03.05.2012 19:35
+0 / -0
Ешқандай таңырқаларлығы жоқ. Аңқау, оңы мен солын ажырата алмаған, шетелдің алдына бәрін жайып салғыш, өз ұлтының мүддесіне қараудан қорқатын, жан-жағындағы ірі елдердің қабағынан жасқаншақ, момын, тілі мен дінін аяққа таптатқан, жемқор басшылардың сөзіне ергіш, "Білмей қалдым, мені алдаған екен" дейтін басшысына қайта-қайта иланғыш елдің көретін күні осындай болмақ.
Қазақстанның болашағын көргілерің келсе, шырақтарым, қазіргі Шығыс Түркістанға (Шынжаңға) барыңдар да жергілікті ұлттардың жағдайымен танысыңдар. Сонда өздеріңнің және өз ұрпақтарыңның болашақтарын көресіңдер.
Қытайларды ентелеп кіріп кетпей тұрғанда "Сенопекімен" қоса қуу керек, аластау қажет елімізден.
Нұр-Отан мен жергілікті әкім-қараларға үміттеріңді артпай-ақ қойыңдар - олардың қолынан мұндай ірі іс келмейді, қайта сол қытайлардың итаршыларына айналып баратыр.

Кімнен: Алаш баласы Қайдан: ҚАЗАҚИЯ
03.05.2012 12:25
+0 / -0
Тағыда арты көтеріліске ұласпаса болар ... Мына бііздің билікке жүдә ем жоқ екен , Жаңаөзеннен қорытынды шығармауы мүлдем орынсыз ...

Кімнен: Асау Барақ! Қайдан: Жайықтан!
03.05.2012 12:43
+0 / -0
Негізі Атыраудың жағдайы өте қиын. Ауасы адамды өлтіреді, қара халықтың жағдайы билік жыл сайын айтып жүргендей керемет емес. Тұрғын үй Атырауда өте көп салынып жатырса да қара халыққа тиер емес, жемқорлық кеңінен етек жайып алған. Оны барлығы да біледі. Салынып жатырған тұрғын үйлер өте сапасыз. Оны облыс басшысы өте жаксы біледі. Бірақ оны айтсаң бұлданып, дікеңдеп шыга келеді, Мен құсап бірде бір әкім жұмыс жасап жатырған жоқ, Атырау республика бойынша алдыңғы қатарда келеді деп мақтанады. Ал шетелдік мұнай компанияларында жұмыс жасайтын қара қазақтың жағдайы өте нашар. АНПЗ да қытайлар қазақты қорлап отыр. Жалақы өсір деп сұрасаң, 1-2 мың қоссам жарай ма деп келемеш қылады екен. Жұмысшылардың талабы өте орынды. "Нұр Отанның" қолынан ештеңе келмейді. барлығы да Үкімет пен облыс басшыларының қолында. Қытайларды қолдарынан сүйреп алып келген де солар, енді шешсін мәселені!!!
Пікір алмасу

Кімнен: алдаспан
04.05.2012 15:51
+0 / -0
сен жұртқа жер сатып, үй сатып байыған , сосын кісі сабап, тонаған, Астанаға нән бастық болам деп ақша тасыған Нақпаевтың құйыршығы екенсің ғой. осы ала шапқын болып жүрген сорлы түріңе қанша алдың екен

Кімнен: қазақ баласы Қайдан: қазақ даласы
03.05.2012 13:31
+0 / -0
жетесіз біздін басшылар осы шет елден келген келімсектерге оз қазағымызды құл қылып басканын созін сөйлеп арын таптатып койды гой ертен өзінің ұрпағы құл болатынын білмейтін неткен жетесіз ел басынан бастап әкім каралар нұр отанынан пайда жок ол жердегілер тек кеудесінде жаны бар біреудін айтканымен отырган адамдар оданда сол кытайды куу керек елден сол кезде біледі қазақтың қақарын бу

Кімнен: Арыс Қайдан: Шымкент
03.05.2012 13:46
+0 / -0
Әй Назарбаев! Осы сенің Құдайдан үмітің бар ма негізі? "Шалқып жүргенім осы елдің байлығы, халқының момындығы" деген бір ой келе ме саған анда-санда? Жоқ әлде "маған қарсы шыққандарды ЖӨ-дей қырып тастап жүре беремін" деп ойлаймысың? Елдегі мұнайды қанымызбен бірге сорып отырған қытай да, әмериканың тек сені тыңдайтынын білесің. Жергілікті басшыларды оларың көзіне де ілмейді. Ал осыларды орнына қоятын сен болсаң қай-қайдағы бір сағыз "қуалап" әлек болып жүрсің. Егер Қарағандыдан 20-шақты шахтер осылайша шығар болса сен БАЭ-дан бар тірлігіңді тастап жетер едің.

164-3-тің адамысың ғой сен, 164-3 тің...

Кімнен: қазақ Қайдан: қазақстан
03.05.2012 14:47
+0 / -0
балақтағы бит басқа шықты деген осы. Қайдағы бір қытайлар қазақтарды басқарып билеп отыр деген сөздің өзі ауыр тиеді екен адамға. Өз жерінде бейшара күн кешіп, қара қытайдың қас - қабағына қарап отырған қайран қазақ. Қан мен жанмен қазақ жерін қытай, жоңғарлардан қорғаған ата - бабамыздың аруақтарынан ұят. Қорғап сақтап қалған жерімізде қытайға тәуелді болып жүрген қазақтар ай.

Кімнен: Адай Қайдан: Атырау
03.05.2012 16:06
+0 / -0
Батысты енди токтата алмайсындар нур-отанды нурландырып жургендер

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
03.05.2012 16:26
+0 / -0
оте дурыс.мандай тер енбек акынды биреуге жегизген адам,алсиз адам.сол ушин есептескендери орынды.осы бир сагат артык истесем,бастык алдына барып есептесип жаздыртып коямыз.

Кімнен: Шындық
03.05.2012 17:42
+0 / -0
Атырау облысы баилығы бола тұра басқа облыстарға қарағанда артта қалған , бізде шындық жасырылады , жемқорлық бетімен кетіп милйондап жұтып жатыр . Жақында сотталған бұрынғы қала әкімі соның аиғағы . Эколгиясы бүлінген өте лас аимақ . Кемшіліктер жалғыз АНПЗ да емес , Қарабатанда , Тенгизде орын алған тәртіп жоқ . Шетелдіктер бетімен кеткен , еңбек ақыңды дұрыс төлемеу берік қалыптасқан жағдаи . Үстеме табыстарды аисайын жұмысшыларға бермеседе басшылар өзара бөліске салып отырады . Атырауда қағаз жүзінде бәрі керемет , тіпті жылтырап тұр , іс жүзінде барлық сала тоқырау атты ауруға шалдыққан . Осы берекесіз қаладан әділеттілікті іздеудің өзі азап . Бітпеитін , таусылмаитын қағаз бастылық , шындығы аитылмайтын қалада шетелдіктердің мереиі үстем , екі ортада жүріп өлетің қазақ .
Пікір алмасу

Кімнен: Шындыққа
03.05.2012 21:22
+0 / -0
Айтқаның дұрыс қой. бірақ ол жалғыз атырау емес,бүкіл қазақстандағы жағдай.Оңтүстік өлкеде бәрі пара.20000 тенгелік жұмысқа кіру үшін 1000 доллар пара бересің.Бастықтар жарты құдай.Сондықтан ол еліміздегі ауру.Сол жемқорлық.Халықты телевидениемен тойдыру.

Кімнен: Айбар Қайдан: Маңғыстау. Мұнайшы
03.05.2012 18:14
+0 / -0
Дұрыс Атыраулық бауырлар жыламаған балаға емшек жоқ деген тиісті затты сұраң,алың тілектеспіз.Қазағын қытайға құл қылған Назарбаевтың саясатынан құтылмай,қазаққа теңдік жоқ.Шыдамдылықпен жеңіске жетенше таймаңдар,алдар,арандатар Нұр Отанғада әкімгеде сенбендер. Аузымыз күйген мұнайшымын НӘН -ге жазың барың тағы білмей естімей қалып жүрер соны ұмытпаң.

Кімнен: Атырау тұрғыны! Қайдан: Атырау қаласы.
03.05.2012 18:44
+0 / -0
Облыс әкімі Бергей орнынан кетпей Атырау аймағынан жемқорлық, бандитизм, халықты тонау ешқашан жойылмайды! Мәжіліс депутаты болып кеткен бауыры Атыраудағы барлық құрылыс нысандарын қолына ұстап отыр. Өзіне сай келеді ау деген кәсіпкерлердің барлығын тұқыртып, жерлерін, жасап отырған кәсіптерін тартып алып менмендік жасап отыр. Облыс әкімі халыққа қарап ұрсатын болды. Жалпы облыстың жағдайы әкім қаралар мақтап айтқандай өте жаксы емес, керісінше, өте жаман болып кеткен. Жемқорлық жөнінен тіптен айтарым жоқ. Бүкіл обл. қала әкімшілігіндегі жай мамандарға дейін ақша дәметіп, сұрап, алуға тырысып, бермесен кеуденнен кері итеріп тұрады. Жергілікті қазақтардың жағдайы нашар. Облыс әкімшілігіндегі жиындар көбіне орыс тілінде өтеді. Ал әкімдер қазақша облыспыз деп мақтанады. жағдай осылай....
Пікір алмасу

Кімнен: атыраудан
04.05.2012 15:49
+0 / -0
Облыс әкімшілігіндегі жиындар көбіне орыс тілінде өтеді. Ал әкімдер қазақша облыспыз деп мақтанады. жағдай осылай.... мынауың қып қызыл өтірік. рысқалиев келгелі бүкіл жиын қазақша өтеді, тим миллер мен лучиано васкес жиындарда қазақша сөйлегенін көргем. енді саған атаңның басы керек болып отырма осыдан артық не керек. Қазақ тілі бойынша Атырау жері республикада ең алда. Барды бар деп айту парыз. Жамандаудың реті осы екен деп қаралай бермесеңші

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
03.05.2012 20:49
+0 / -0
Аткат төлейді халыққа ойына келгенін істейді

Кімнен: Лашын Қайдан: Шетпе
03.05.2012 22:18
+0 / -0
Жаңаөзеннің 10000 жұмысшысы ештеңе жасай алған жоқ, 200 адамды не қылсын. Шығарып жібереді де,басқаларды алады. Ал,қазақта ар жоқ, біз қырғыз емеспіз. Басқалары сол шығарылған қазақтардың орнына ұялмастан жұмысқа кіреді. Маңғыстауда солай болды да. Ауызбіршіліктің жоқтығын пайдаланып отыр.

Кімнен: Шүкіршілік етуші Қайдан: Атырау
03.05.2012 23:01
+0 / -0
Босқа байбалам саласыздар осы. Атырауда шүкір, бәрі жақсы, апта сайын қалалық жұмыспен қамту орталығында наурыздың басынан бері вакансиялар жәрмеңкесі өтуде. Жұмысқа кірмесек те болашаққа нық сенім артып, әр аптаның дүйсенбісінде сол жерге барып қаз-қатар тізіліп жайғасқан шетел және жергілікті компаниялардың жарқылдаған қыздары мен жайсаң өкілдеріне барып түйіндемемізді тапсырып, тізімге тіркелген соң көңіліміз орнына түсіп үйге қайтып, сол тапсырған 3-4 түйіндемеден келесі дүйсенбіге дейін үміт етіп, бұның өзі де жұмыс деп өзімізді, әйел, бала-шағамызды жұбатып шүкіршілік етеміз.
Пікір алмасу

Кімнен: Қабақай Адай Қайдан: Атырау
04.05.2012 17:40
+0 / -0
Бос былшылыңды қойшейші. Осы сендей шүкіршілік етушілердің кесірінен қазақты кім көрінгеннің басынуы. Ез екенсің еркек басыңмен жұмыссыз жүргенің. Жүре бер солай шүкіршілік етіп. Шетелдіктер мұнайымызды сорсын, пайдасын солар мен әкім қаралар көрсін, қыз-қарындастарымыз солардың қойнына жатқанға, жас мамандарымыз сол шетелдіктердің барып кел шауып келдеріне жүгіргендеріне подачкаларына мәз мәйрәм болсын, Әттең ай әттең не деген бос кеуде халыққа айналып біткеніміз бе. Халық емес тобырмыз. НӘН дұрыс айтқан секілді

Кімнен: Намыс
04.05.2012 16:17
+0 / -0
Шүкіршіге қосарым аитарым бар еді .Осылаи шындықты аиытпай шүкірміздеп жүре берер болсақ билік басымызға мініп құртып тынары белгілі жағдаи . Сол сен тіркелетін мекемеде таныстарын , ақша берсең жақсы жерге орналастыратынын білмеитінің жаман екен . Бәрі жақсыдеп қаидерекке сүиеніп аитып отырсың . Атырау басқа облыстарға қарағанда лас , жемқорлығымен аты шыққан , экологиясы бүлінген , суы лас артта қалған аимақ , қымбатшылықтың көкесіде осы қалада , ауылдық жерлер шаңы шығып жұмыссыздық етек алған , тонауда , өлтіруде осы ауылда . Сапасыз салынған жолдар , сапасыз үилер арзан материалдардан салынған шынаиы ақшасын компания басшылары әкімдермен бөліседі . Кім көп береді сол тендерде жеңімпаз атанады . Қалаға бес көпір салынды сапасыз құрылыс материалдары қолданған , құлап сегіз адамның өлуі соның аиғағы , бине бір ескі көпірлерді басқа жақтан әкеліп қоиа салған сиқты , сұқындары анық көрсетіп тұр. Шетелдіктер қанымызды ішіп бола келді , қарындастарымызды зорлап аз ақшаға алдап мәз болып жүр , гостинцыларда шетелдіктер қазақ қыздарымен оиына келгенін жасаиды .Бізден он есе көп алатын шетелдіктер құтырмағанда кім құтұрады , осындаи жағдаиға әкелген әкімдерде , көкемізде бас жоқ . Аита берсем Атырауда кемшіліктің шеті жоқ , бәрін аитып жеткізу мүмкүн емес . бұндаи жағдаи Қазақстанды түгел қамтыған өздерің паиымдай беріңіздер осының бәріне кім кінәлі . Былықтарды көзбен көріп жүріп шүкірміндеп аита алмаимын .

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
04.05.2012 22:13
+0 / -0
Тұбімізге жетеді шұкіршілік

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
05.05.2012 07:20
+0 / -0
Осы бар ғо, шүкір мен сабыр-сабыр деп жақсы сөзді қор қылмаңдаршы! мысалы, еліңе келіп, көрші обылысты жау шауып жатса да шүкірміз, сабыр-сабыр деп отырасыңдар ма? Ойлансаңдаршы, тубойлар!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
06.05.2012 16:44
+0 / -0
мадис

Назарға көп іліккен

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

"Қазақмыс", Eurovision және "Хезболла"

Сұрақ 1/ 4

Сұрақтың фотосы
"Қазақмыстың" жаңа басшысы болып кім тағайындалды?