Дүйсенбі, 20 мамыр 2013, Алматы 06:57


АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ

«Сопылар ісіне» байланысты кассациялық шағым қарала бастады

Сәуірдің 20-сы күні Алматы қалалық сотында «Сопылар ісіне» байланысты берілген кассациялық шағым қаралып, бірінші сот отырысы өтті. Қорғаушы жақ «алғашқы инстанцияда алқа билер құрамына қатысты өрескел заң бұзу болғанын» айтып, сот үкімін кері қайтару туралы өтініш берді.

Сопылық ағым жетекшісі Исматулла Әбдіғаппар сот залында. Алматы, 19 қазан 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
Сопылық ағым жетекшісі Исматулла Әбдіғаппар сот залында. Алматы, 19 қазан 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
Мәтін көлемі - +
Сопылық ағым жетекшілеріне қатысты сот үкімі 2011 жылдың қазан айында шыққан еді. Былтыры қараша айында кассациялық алқаға берілген шағым бес айдан астам уақыттан кейін, бүгін қаралып отыр.

Бұл шағымды судья Әріповтің төрағалық етуімен, құрамында судьялар Елшібаев мен Кейкібаева бар кассациялық алқа қарайды. Отырысқа сотталушылар қатысқан жоқ – бұған екі тарап та қарсы болмады.

«557-БАПҚА ҚАЙШЫ»

«Заң бойынша алқа билердің негізгі және қосымша құрамы сотқа толық қатысуы тиіс» екенін айтқан адвокат Шынқуат Байжанов бірінші сотта он адамнан құралған алқа билер сотының кейбір мүшелері сотқа толық қатыспағанын мәлімдеді.

– Алқа билер сотының мүшесі Шырынай Маханова сот отырысына 25, 27 және 29 шілде, 1  тамыз күндері қатыспаған. Бұған құжаттай дәлелдеріміз де бар. Оған 
Адвокат Шынқуат Байжанов. Алматы, 19 қазан 2011 жыл.Адвокат Шынқуат Байжанов. Алматы, 19 қазан 2011 жыл.
x
Адвокат Шынқуат Байжанов. Алматы, 19 қазан 2011 жыл.
Адвокат Шынқуат Байжанов. Алматы, 19 қазан 2011 жыл.
қоса, сот хаттамасы бойынша, Рафикова сотқа екі ай бойы қатыспаған. Бірақ соған қарамастан сот үкімі шыққан кезде олар сотқа үздіксіз қатысқан алқа билер құрамында болды, – дейді Шынқуат Байжанов.

Адвокаттың айтуынша, бұл қылмыстық кодекстің 557-бабына қайшы келеді. «Мұндай жағдайда сот үкімі кері қайтарылуы тиіс» дейді ол. Қорғаушылардың бәрі бұл ұсынысты қолдады.

Сот алқасының төрағасы Әріпов «бұл мәселе ашық қалатынын» айтып, сот отырысының тәртібін белгіледі.

«ЖӘБІРЛЕНУШІЛЕРДІҢ АЙЫПТАРЫ ДӘЛЕЛДЕНБЕДІ»

Әуелі адвокаттар сөйледі. Олар алғашқы инстанцияда көптеген заң бұзу болғанын қайталап айтты.

Исматулла Әбдіғапардың адвокаты Теңгебек Байымбетов алдын-ала тергеу кезінде өзі қорғап отырған азаматқа қарсы жауап берген жәбірленушілердің «таққан дәлелдері нақтыланбағанын, кейбір жәбірленушілердің сот кезінде жауаптарынан бас тартқанын» айтты.

Ал адвокат Абзал Құспановтың айтуынша, «айыпталушы Саят Ыбыраев қылмыстық кодекстің алты бабы бойынша айыпталып, алты бап бойынша да кінәсі дәлелденбеген». 
Адвокат Абзал Құспанов.Адвокат Абзал Құспанов.
x
Адвокат Абзал Құспанов.
Адвокат Абзал Құспанов.
Адвокаттың сөзіне қарағанда, алдын-ала тергеу кезінде Саят Ыбыраевқа қарсы жауап берген «17 жәбірленушінің төртеуі сотқа мүлде келмеген, қалған 13-інің бірде-біреуі сотта айыпталушыға қарсы жауап бермеген».

– 13 жәбірленушінің бірде-біреуі «мені Саят Ыбыраев өз еркімнен тыс қамады немесе ұрды-соқты» деген жоқ, – дейді Абзал Құспанов.

Адвокаттар жәбірленушілердің жауаптарында қарама-қайшылықтар көп болғанын, тіпті айыптау тарапынан келген сарапшының да жауабынан бас тартқанын айтты.

– Бірақ бұлар турасында судьяға өтініш бергенімізбен, мұның бәрін ескерген жоқ. Сот оған көз жұма қарады. Сотталғандардың кінәсі дәлелденбегендіктен оларды ақтау туралы үкім шығару керек, – дейді адвокаттар.

Прокурор Тұрмашев «адвокаттардың өтініштеріне қатысты сұрағы жоқ екенін» айтып, үнсіз отырды.

Сот барысында судья «Кассациялық соттың ерекшелігі - мұнда дәлелдердің нақты болғаны-болмағаны тексерілмейді. Бұл – бірінші соттың құзыреті. Мұнда тек процессуалды заң бұзу туралы ғана айтыңдар» деп, адвокаттарға ескерту жасады.

Үзіліс кезінде адвокат Абзал Құспанов судьяның ескертуімен келіспейтінін айтты:

– Дәлелдерді зерттеу барысында қандай заңды талаптар бұзылғандығын кассациялық алқа тексеруге міндетті. Әріптестерім «Біз осындай дәлелдеме тапсырдық, бірақ оны тіркемей тастады. Іс жүргізу кодекстерінің талаптарына сәйкес, оны тіркемеуге құқығы жоқ» деп жатыр. Судья айыптау жағының дәлелдемелерін алады екен, неге қорғау жағының дәлелдемелерін алмайды? Осыны айтсақ, «Жоқ, айтпаңыздар, қажет жоқ» деп отыр.

«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАРҒА ШАҒЫМДАНАМЫЗ»

Айыпталушы Саят Ыбыраевтың әйелі Ләззат Ыбыраеваға қоғамдық қорғаушы ретінде сөз берілген кезде ол «сот алқасы қоғамдық пікірді ескеру керек; сот үкімі 
Профессор Саят Ыбыраев.Профессор Саят Ыбыраев.
x
Профессор Саят Ыбыраев.
Профессор Саят Ыбыраев.
өзгеріссіз қалса, жоғарғы сотқа, халықаралық ұйымдарға шағымданамыз» деді.

Бүгінгі сотта адвокаттардың бірі алғашқы үкім бойынша бес жылға сотталған Арнур Куникинге байланысты рақымшылық заңын қолдану туралы өтініш берді. Сот бұл өтінішті де ашық қалдырып, келесі сот отырысын сәуірдің 25-і күніне белгіледі.

Сот отырысына сотталған адамдардың туыстары да келді. Олар да үзіліс кезінде «айыпталушылардың әділетсіз қамалып отырғанын, алдыңғы соттың тым біржақты болғанын» айтты.

Адвокаттардың айтуынша, «Сопылар ісі» бойынша сотталған сегіз азамат қазір Алматыдағы тергеу изоляторында қамауда отыр.

Бұл азаматтарға қатысты үкім 14 ай бойы тергелген қылмыстық іс бойынша, 2011 жылы қазанның 19-ы күні Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық сотында шыққан еді.

Сот үкіміне сәйкес, «сопылық ағымның жетекшісі» аталған Исматулла Әбдіғаппар – 14 жылға, ҚазҰТУ-дың профессоры Саят Ыбыраев – 12 жылға, Ербол Исабеков – 9 
Алты жылға сотталған Жадыра Сүлейменованың ері Қайрат Сатынқанов екі баласының бірін - 4 айлық сәбиін ұстап тұр. Алматы, 19 қазан 2011 жыл.Алты жылға сотталған Жадыра Сүлейменованың ері Қайрат Сатынқанов екі баласының бірін - 4 айлық сәбиін ұстап тұр. Алматы, 19 қазан 2011 жыл.
x
Алты жылға сотталған Жадыра Сүлейменованың ері Қайрат Сатынқанов екі баласының бірін - 4 айлық сәбиін ұстап тұр. Алматы, 19 қазан 2011 жыл.
Алты жылға сотталған Жадыра Сүлейменованың ері Қайрат Сатынқанов екі баласының бірін - 4 айлық сәбиін ұстап тұр. Алматы, 19 қазан 2011 жыл.
жылға, Ербол Рахымбаев – 8 жылға, Сайпулла Моллақанағатұлы – 8 жылға, Думан Берікбосынов – 8 жылға, Жадыра Сүлейменова – 6 жылға, Арнур Куникин – 5 жылға, ал Әлия Әшірқұлова – екі жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылған.

«Сопылық ағым жетекшілері» Исматулла Әбдіғаппар мен Саят Ыбыраев «қылмыстық ұйым құрды» деп айыпталған. Оларға, сонымен бірге олардың «ізбасарларына» «экстремизм», «маскүнемдік пен нашақорлықты адамдардың денсаулығына зиян тигізе отырып емдеу», «адамдарды заңсыз бас бостандығынан айыру», т.б. қылмыстар бойынша айып тағылған.

Адвокаттардың дерегінше, Исматулла Әбдіғаппарға - 12 бап бойынша, Саят Ыбыраевқа - 6 бап бойынша айыптар тағылған. Сот екі азаматқа да жазаларын қатаң режимде өтетіп, мал-мүлкін тәркілеу жазасын тағайындаған.

Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

Kmaqpal+gmail.com

1985 жылы дүниеге келген.
2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
20.04.2012 22:09
+0 / -0
сопыларды қалай қудалау басталды, ақорданың басына қара бұлт үйірілді. Соңғы 2 жылдағы елдегі оқиғалар соның айғағы. Қазақта әулиенің назарынан қорық деген, себебі ол құдайдың назарымен қарайды деген. Егер бұл азаматтарды ақтамаса көретінімнз әлі алда ма деп қатты алаңдаймын
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
20.04.2012 23:07
+0 / -0
Жалпы Сматулла туралы ертеректе бір оқығаным, ауғандық полевой командирлер осы кісіден бата алмай жорыққа шықпайтын болған. Соған қарағанда бұл құр қаражаяу кісі емес, орыстыңл қатысы болуы бек мүмкін, орыс осырса біздің нақұрыстар жәрекімүлдә дейтіні бесенеден белгілі.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
21.04.2012 15:03
+0 / -0
Бұл істің артында тапсырыс тұрмағанда, жазықсыз адамдар бірден ақталар едi .
Пікір алмасу

Кімнен: toktar Қайдан: almaty
21.04.2012 23:58
+0 / -0
Шынкуат Байжанов деген адвокат шпион гой кеше гана уахабтарга жұмыс істеп жүрген
Пікір алмасу

Кімнен: Жақып Қайдан: Алматы
21.04.2012 09:05
+0 / -0
"Сопылар ісімен" бұрын таныс болмаған, бірақ мына мақаланы оқыған адам: "Біздің сот есуастардың оқуын оқыған ба?!" деп еріксіз таңданар.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
21.04.2012 15:01
+0 / -0
"Адам ұрпағының екі бақыты бар. Оның біреуі - осы дүниеде, екіншісі ахиретте. Адамның дүниедегі бақыты - үй-іші, бала-шағасымен, ағайын-туысы, ел-халқымен тату-тәтті, тыныш өмір сүруі. Ахиреттегі бақыты - осы дүниеде Ұлық Алланың ризалығын тауып, ахиретте Ұлық Алланың дидарына ұшырап, рахметіне мәңгі бөлену. Бұл екі бақыттың қауызы, яғни қабы бар. Өздеріңіз білесіздер, қауызсыз, қапсыз нәрсе бұзылып, азып-тозып жойылып кетеді. Одан Алла сақтасын! Сол екі бақыттың қауызы, яғни қабы - Қасиетті Ұлы топырақтың тыныштығы, бүкіл халқымыздың амандығы. Егер бұл қауыз қолдан кетсе, Құдай сақтасын, халықтың берекесі кетіп, қиындыққа ұшырайды. Екі бақыттан да айрылады. Сондықтан, осы қауызды сақтауға Алланың жәрдемімен шама-шарқының жеткенінше, күні-түні әрекет етіп, қызмет қылу - ер болсын, әйел болсын, әрбір азаматтың міндеті." Исматулла Мақсұм. Не деген керемет сөздер. Ислам философиясы, ұлттық дұниетаным, ұлттық идеология, отансүйгіштік, дін, діл, қысқасы не керек қазаққа, мұсылманға, адамзаттың бәріне тән бүкіл құндылықтарды осы бір ауыз сөздің бойынан табуға болады. Сақал мен дамбалдың шеңберінен ары аса алмай сорлап қалған догматиктер, дүмшелер мен көзін шел басқан үкімет бұл сөздердің қай жерінен дінбұзарлық, ел бүлдіру, экстремизм, тероризм сияқты келеңсіз құбылысчтарды тауып алғандарын еш түсіне алмай қойдым. Алшын.
Пікір алмасу

Кімнен: Қазақ Қайдан: Ақмешіт
23.04.2012 13:53
+0 / -0
Сопыларды мактап жатырган, сол агымнын колдаушылары ма деймін. Біздің халықты ақымақ қылып сектаға кіргізіп, өзінің құйтырқы саясатына халықты қолжаулық ретінде пайдаланғысы келген Исматулланы және соның қолдаушыларын аяудың қажеті жоқ. Қазақ халқы бейбіт халық, оны басқа елдерге айдап салу, Ауғанстанның ала-алмаған өшіне пайдалану деп түсінемін,Орыс қазір өз бетінше мемлекет, азақ өз бетінше, осы екі ортаға от салып, сосын Ауғанстанға кашып кету мақсаты іске аспаған Исматулла, шын көңілмен өкіну керек. Қазаққа дұрыс жол сілтейтін адам емес бұл.
Адвокат Шынқуат Байжанов барып тұрған өтірікші, заңды белін басып кете береді, мен ол кісімен таныспын, имам қызметі еңбек заңымен қорғалмайды деп, сотты да алдаған адам.Ығай мен Сығай біріккен екен

Кімнен: kazak Қайдан: Atyrau
21.04.2012 00:06
+0 / -0
Astagfirullah! ne aitady?

Кімнен: Қайрат
21.04.2012 04:13
+0 / -0
Алжымашы, бауырым, қарақан басыңнан аспасын.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
21.04.2012 10:43
+0 / -0
Осы кісілерді соттауға ықпал еткен" елбасымыздың інісі Қайрат Сатыбалды мен Бекболат Тілеухан"-дегені рас па? Бұлар да дінде ғой,бірақ неге кінасыз адамдарды соттатқан? Бизнестегідей бұларда да "конкуренция" ішін қысып бара ма?
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
21.04.2012 11:52
+0 / -0
Айға қарап ұлыдыңба, не деп отырсың.
Пікір алмасу

Кімнен: Қазақ Қайдан: Ақмешіт
25.04.2012 10:13
+0 / -0
Жындылықты діни жол деп жүрген адасқандардан сақтасын Құдай тағала елімізді, жерімізді, халқымызды осындай жындылардан

Кімнен: Серік Қайдан: Абдижами
21.04.2012 09:59
+0 / -0
Діни ахуалдын ушыгып турганынан коркамын. Кімнін ак-кара екенін айыру мумкін емес жагдай болды гой бул.

Кімнен: gfgf Қайдан: dfdg
21.04.2012 13:54
+0 / -0
Алла жар болсын! Коргаушылар!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
21.04.2012 14:45
+0 / -0
«Қазақтың ескі шалдарынан көрген қасиетті ғибадатты, терең насихатты Исматулла мақсымнан естідім»

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
21.04.2012 14:48
+0 / -0
Биссмилла-һи рахман рахим!

Бір шың қалмай еже басын нұр шалған,
Ай да, Күн де көрінбейтін кір-шаңнан.
Жаулап алып тажал қолы құрсанған,
Айрылғанда Еркім менен Мұршамнан –
Жариялап – жаудың шынын, жат сұмын,
Келдің бізге,
Исматулла мақсымым!

Ай сәулесі сәлделеген ақ басын
Баба-шыңға тіредіңіз ат басын.
Аштың бізге – діл дүбара шақта сын,
Хақ Расул мен Құл Қожа Ахмет қақпасын.
Қақпаны аштым – танып сонда хат сырын,
Ердім Сізге,
Исматулла мақсымым!

Жүректерге басып қойған тас мөрі
Талқан болды Ібілістің! –
Қашты өңі.
Жала жауып жады жын мен нас пері,
Аласұрды-ай сайтанаттың әскері!
Нардай артып Сұбхан-Хақтың пәк сынын,
Тарттың азап,
Исматулла мақсымым!

Алдым Сізден саф өнеге, хас тәлім,
Көрдім Нұрдың бұлтты түріп ашқанын;
Көрдім жынның күрт шұбырып қашқанын,
«Алқа зікір» – жуды қазақ аспанын!
Жаршысысың Жеті Сайран астының,
Сертті қазақ –
Исматулла мақсымым!

«Өзіңді – ішің, сыртың өртеп Ғаламды»,
Кірді Нұрың бар жүрекке қараңғы.
Реушендей тырнап аштың санамды,
Таптым Сізден: шүкір, пікір, тобамды!
Мың бір шүкір! –
Жоқшысы боп Жақсының,
Ендім Сізге,
Исматулла мақсымым!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
21.04.2012 20:50
+0 / -0
АҒАЙЫН ТӨРЕЛІГІН ӨЗДЕРІҢ АЙТЫҢДАРШЫ, СОПЫЛАРДЫҢ МЫНА ІСТЕРІНІҢ ИСЛАМҒА ҚАЙ ЖЕРІ САЙ КЕЛЕДІ??? ЖЫНДЫ адамның ісі ғой мынау деген!!!!

Сопылар кімге сәжде жасайды:
http://www.youtube.com/watch?v=J4--nQvpXUI&feature=related

Нақшбани тариқаты Пәкістанда:
http://www.youtube.com/watch?v=WOweWcueLkk&feature=related

Африкалық зiкiршiлер;
http://www.youtube.com/watch?v=vsVHhO33VZo&feature=related

Сириялық сопылар, мүридтермен бірге;
http://www.youtube.com/watch?v=PvICZHsDEpQ&feature=related

зiкiршiлер Суданда:
http://www.youtube.com/watch?v=nUnDDKM4U4c&feature=related

Қазақстанда сопылық

http://kiwi.kz/watch/wfi4k0qbym33


Достар (сопылар кiмдердi дос тутады)
http://www.youtube.com/watch?v=jsJvjZxGmHU&feature=related

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
21.04.2012 14:59
+0 / -0
Зікіршілер деп отырған азаматтарыңыз – шын мәнінде, ата-бабаларымыздың дәстүрін үгіттеуші, насихаттаушылар Сопылар Ясауи дүниетанымының негiзiнде сопылық жатыр. Сопылық -- басқа танымдардан ерекше исламдық дүниетаным формасы. Сопылық ешқашан ислам­ға сырттай да, iштей де оппозициялық сипатта болған емес! Сопылық исламның, мұсылмандардың ең қиын-қыстау кезiнде қорғаушысы бола бiлген. Суфизмнiң iшкi мәнiн ашып түсiндiруге бiр мақала түгiл, зерттеушiнiң өмiрi де жетпейдi. Сондықтан сопылықтың сыртқы қырына қарап-ақ оның мұсылмандық тарихындағы орнын тануға болады. Мысалы, тарихта моңғол шабуылына қарсы -- куб­раийа, крестшiлерге қарсы -- шазилия, орыстардың отарлауына қарсы -- ясауиа, нақшбандиа, қалмақтарға қарсы -- нақш­бандиа, Африкада француз импе­риа­листерiне -- сенусийа, тижанийа, ағылшындарға қар­сы -- сухрауардийа тариқаттары үздiксiз соғыс жүргiз­ген. Көрдiңiз бе, сыртқы дұш­пан­дар­ға сопылық тариқаттар қалай қарсы тұрған?!
Қазақстанға зiкiрден келе­тiн қауiп жоқ. Сопылық жолды тұтын­ғандарды соттауға, жазғыруға, айыптауға болмайды!

Кімнен: Қазақ Қайдан: Қазақ елі
21.04.2012 15:14
+0 / -0
Әулие деп отырғандарың Исматулла ма? Ол ешқандай да әулие емес, тек зікірші. Басын отырып алып шайқай берген адам қандай әулие болмақшы. Тек жынды болады. Бұл орынды сот еді, енді неге қайта іс қаралмақшы екен. Бұл жақсылық емес. Бұның астарында билікті жағалап жүрген діншіл кісілердің арасындағы текетірес сияқты. Болмаса не болуы мүмкін. Бекболат депутаттықтан кетті, Исматулла қамалды, батыстағы әсіре діншілдер сотталды. Кеше ғана 45 адам діншіл, террорист болып сотталып еді, бүгін міне Исматулланың соты қайта қаралмақшы. Кландар байлыққа таласқанды қойып, енді дін арқылы атыспақ сияқты ғой. Алла тура жолдан тайдырмасын. Негізінен қазаққа Исматулланың да, Бекболаттыңда, Қайрат Сатыбалдыныңда діні жат нәрсе, Бірі - зікірші, бірі - құранит. Қазақ тек Абу Ханифа мәзһабымен жүруі керек.
Пікір алмасу

Кімнен: Надан Қазаққа Қайдан: Ханафистаннан
21.04.2012 18:00
+0 / -0
Уахаббизм бул ханбали мектебі, Құраниттер деген исламға жат, Исматулла Мақсым устанып отырған тариқат Суннитік ағымның, Ханафия мазхабы, ақидасы жағынан Матрудия! Бұл нағыз ата бабмыз ұстанған жол! Діннен хабарың болмаса, Ханафия деп ұранданқанынын еш пайда жоқ. Ханафи мазхабының озінің ішінде бірнеше ағымдар бар, содан хабарың жоққой, Бытпырақтап жаза бересің Мықты болсаң корсет Хақтың жолын, білмесең білгеннен сұра, немесе кітап оқы, Абай, Шакаримнен, Мұқановты оқымағаның көрініп тұр, қәсіби мамандардың еңбектері жайында естімегенсіңде. Бостан босқа қаралағанша тілеуін тіле аман болсын деп бір момын бауырың, қателескен болса жаратушым өзі жолға салсын деп, Әрбір мұсылманның парызы осы емеспе? Жақсы күнде көріскейміз! Алла жар болсын! Аман болайық!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
21.04.2012 20:48
+0 / -0
не деп оттап отырсың?!?!

қай атаңнан көріп едің мынандай "дінді":

http://kiwi.kz/watch/wfi4k0qbym33/
Пікір алмасу

Кімнен: Надан Қазаққа Қайдан: Ханафистаннан
23.04.2012 13:45
+0 / -0
сен кай атаннан кормедим? мен кордим зикирди ата бабам салган. китап окыдым. Исматулла Максымнын илими жат емес! бұл менің пікірім! сенің баска далелің барма? Сабит Мұкановтың Ботагоз романында жазылган кіп кішкене Амантай деген бөлімін оқысаң корер едің! Өзің бір ата бабамның қасында жүрген сиякты зікір жоқ деп жүрсің, осындай адамдардың кесірінен дінен айырылдық! Зікір бар қазақта, тағы бір мысал Массонның Города Туркестана деген еңбегі бар 1929 жылы жазылған соны оқы Түркістандағы зікір жайында жазған! Енді кезек сенде зікір болмаған деген мысалыңды күтем! Немесе сенің пікірің өз көзкарасыңа негізделген ба?
Пікір алмасу

Кімнен: Қазақ Қайдан: Ақмешіт
24.04.2012 09:37
+0 / -0
Мешітте отырып жастарды кісендеп қамап, ұрып согып жатыр, егерде осы надандар көздеген мақсаты билікке келсе, құлдық заман орнайтын шыгар, оның бәрі біздің елге қастық ойлаған шпиондардың мақсаты, қазақтың берекесін қазақ арқылы алу, қазақтың жауы қазақ дегеніміз осы болар
Пікір алмасу

Кімнен: Надан Қазаққа Қайдан: Ханафистаннан
27.04.2012 18:05
+0 / -0
Кезінде мешітте отырып балдардыда шыбыыкпен урдыгой, тәрбиеледі, заман өзгереді! Бауырым істің анығын білмей Исматулланы жамандаудың қажеті жоқ! Ол кісінің істеген жақсылығын неге ескермейсіңдер! 10 жыл ішінде мыңдаған адамдар емделіп шықты, қанша семья қосылды! оның бәрін ескермейсіңдер! бір оншақты наркоман арызын көтеріп алып ту қылып шауып жүрсіңдер! Сопылық жоқ дедіңіз-бар екені анықталды! зікір жоқ дедіңіз бар екені дәлелденді, суннит емес дедіңдер-суннит екенін дәлелденді, ақидасы да дұрыс екені дәлелденді, енді біреуді ұрды деп қараладыңдар! Ұяттарың жоқ екен, Исматулладай адамдар қазақта болғанына қуанайық, Бауырым ойлан! Біреудің аман-саулығын тілеу мусылманның парызы! Алла жар болсын! Жақсы күнде жолығайық!
Пікір алмасу

Кімнен: Қазақ Қайдан: Ақмешіттен
28.04.2012 13:40
+0 / -0
Надан қазаққа , айналайын бауырым, адассан өзіңше адаса берсейші, елді қайтесің адастырып, Исматулла әкелген жындылықты, Қожа Ахмет Яссауиге , Ал-Фарабиге, Абайға, Шәкәрімге жағып нелерің бар,сопылықты көп оқымайды,ешкімге зияның тимей, ешкімнің атын жамылмай қарапайым күн кешіп жүрсен, сеннен артық сопы болуы екі талай, айһайлап елді шулатып, мен елді емдеп жатырмын деп, топ құрып, жындылыққа бірге адасайық дегенің адамдық қасиетке келмейді. Ондай әрекетті Құдай тағалада қолдамайды. Мұндайда данышпан Абай :"Көпте ақыл болмайды" -дейді. Өзіңнің ісәрекетіңе жауап бере бер. Үкіметті ақымақ санау дұрыс емес.Мен бір таза жүретін ақсақалдың сөзін айта кетейін. :"Үкіметпен карта ойнамаймын" - деген, бір қылмыстық әрекетке қызметтестері қол қоюын сұрағанда. Міне сопы осындай болады.
Пікір алмасу

Кімнен: Казақ Қайдан: Қазақстан
28.04.2012 15:36
+0 / -0
http://www.youtube.com/watch?v=h5xLf50zgUg&feature=player_embedded#! Кандай керемет мынау!

Кімнен: лиза Қайдан: Актау
21.04.2012 15:30
+0 / -0
Осы мен тусинбейм сопылар уагыз айтпай сопылыгын тыныш жасап журе бермей ма екен.Жай дан жай соттамайды гой Исматулла максымга кудайга табынгандай табынады не ушин.Демек бир уйым болып бир насихат жургизип отырган шыгар.Саят Ыбырайдын окыган бир оленин тындадым кадимги жаксы басталады да арасында мынандай соз бар ананын ак сутинен жумактын иси артык деген.Ал тусинип корин.Меккеге ананды уш аркалап барсанда ананын ак сутин отей алмайсын дейди гой.Демек ана сути ешкшанда отей алмайсын деген соз гой.Мен тусинбедим жумактын иси артык дегенди.Тусинсендер маган тусиндирип бериндер
Пікір алмасу

Кімнен: zheltocsan
27.04.2012 13:46
+0 / -0
.Саят Ыбырайдын окыган бир оленин тындадым кадимги жаксы басталады да арасында мынандай соз бар ананын ак сутинен жумактын иси артык деген.
______________

"ойшылдыққа" ұрынған қуғынбайдың сөзі ғой. Аллаһ Тағала адам баласынының еркіне екінінің бірі - ананың ақ сүті болмаса жұмақты таңдауды қойған емес, Аллаһ Тағала күнә істеп, Аллаһға қасарылысып тәубеге келмеу мен тәубеге келіп, Аллаһты мойындап, күнәға өкініп, сауап істеу еркіндігін қойған. Ал бұндай Құран мен Суннада жоқ "шығармашылықтар" адамды адасуға бастайды.

Кімнен: Ізжан Қайдан: Актау шәрі
21.04.2012 16:40
+0 / -0
Исматулла Мақсұм әулие кісі! Жұрт не десе, о десін Исмтулла мақсұм бұрынғы шалдардың арты, қазіргі шалдардың алды!Иншалла, ол кісі де, жанындағы аға қарындастар да бостандыққа шығатынына сенімдімін, тілекшімін!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
21.04.2012 16:41
+0 / -0
Олардың жұмыс орны – бірінші адамның жүрегі; екінші, адамның миы. Осы екі жерде тұрып рух пен періште адамды түзейді. Осы екі жерде тұрып нәпсі мен шайтан адамды бұзады. АЛТЫНШЫ сөз мынау: рухтың тамағы бар. Ол – ғибадат немесе Аллаға құлшылық ету. Алла өзі Құранда былай деп баяндады: «Жаратпадым мен адам баласын және жындарды, мағаруф жараттым ғибадат қылу үшін». Бұл ғибадаттың мақсаты не? Алла айтады: мені тану үшін. Бұл ғибадат екі түрлі болады. Біреуінің кесулі шарты бар. Ол – исламдағы парыз. Ол шарттар мынау: әуелі кәлимәні қайыру. Бес уақыт намазды уақытында оқу. Жылына бір ай ораза тұту. Малы зекетке толса, зекет беру. Ақшасы үй қаржысынан артылса қажыға бару.

Кімнен: Жойқын
21.04.2012 18:41
+0 / -0
Егер дін біртекті болса мазғап болмас еді, ағым болмас еді. Бір қарасаң бәрі де дұрыс секілді, бұл бәрі де қате екенінің дерегі. Шындығы Тәңірінің бар екендігі. Қалғаны адамдар құрастырған ертегі мен аңыз, теория мен шешендік қана.

Кімнен: ара Қайдан: ұядан
21.04.2012 20:45
+0 / -0
НЕ ҚҰРАН ДА, НЕ АТА БАБА САЛТЫНДА ЖОҚ "ЗІКІРДІ" ОЙЛАП ТАУЫП, ЕЛІМІЗГЕ БҮЛІК ТУДЫРҒАН АДАМДЫ АҚТАП ҚАЖЕТІ ЖОҚ!!!!!

сопылардың "ғибадаты" мынау. осындай құлшылық бола ма?! жынды адамның ісі ғой мынау?!?

http://kiwi.kz/watch/wfi4k0qbym33/

Кімнен: шымкала Қайдан: шымкала
21.04.2012 22:25
+0 / -0
сопылык не осы биз айтып жүрген. Қазіргі сопы боп жүргендер шариғаттан ең бастауышта білімі жоқ, арбір мұсылман адам білуге тиіс шариғат қағидаларын да білмитин, аңқау елді алдап өзін әулие қып көрсетіп жүрген бейшаралар. Мен оларды аріп танымай жатып МЕН АКАДЕМИКпін деген жындыға ұқсатамын. Ал Яссауи, Нақшбандилар орны бөлек. Мұхитқа ескексиз жаман қайықпен түскен авария болады ағайындар.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
21.04.2012 23:03
+0 / -0
Мен түсінбеймін,әр адам ештеңе ұрламай,қызғанбай,көзге шөп салмай,бұйырған өз нәпақасын тауып жүрсе,одан артық не керек,жүрегіңді қаралама,жаман ой ойлама,одан артық қандай бақыт керек,менің қасымда біреуі бар намаз оқитын, жұмыс басталарда міндетті түрде намаз оқиды,содан күтіп тұрғаның,бұл қастық емей немене,сосын есалаң адам сияқты өз-өзімен отырғаны адамның жынын құрыстырады,оған қарап дінді жек көріп кетем,иә бір тылсым күш бар екені рас,бірақ ессіз соған құлай беруге болмайды ғой,ата-бабамыздан қалған сөз бар емес пе,шығасыға иесі басшы деген,екіншіден сақтансаң ғана сақтаймын демей ме,сонда денсаулықта,басқада адам баласының өзіне байланысты емес пе,қарап отырсаң дүние жүзінде соғысып жатқанда,аштан өліп жатқанда,бір-бірін қырып жатқанда, дамымай қалғанда,,диктаторларда кілең мұсылман бауырлар,тұратындары мал қора сияқты үйлер,осы діннің кері тартпалығынан болар,әлі күнге дейін басымыздың бірікпей жүргені,осы сұрағыма жауап беретін адам бар ма?

Кімнен: ешкім еместің нақ өзімін Қайдан: Ер Бекеттің елінен...
22.04.2012 00:20
+0 / -0
Жұрт не десе үй десін,
Мен үшін ешкім күймесін,
Өздері-ақ ұлып шұбырып,
Ылыққан иттей күйлесін. (Шаһкарім р.ғ)

Бақа билердің заманы болып тұрғой, әзірше. Бұл тек әзірше ғана... Биі БАҚЫЛДАП, міншісі ҮРІП қала бермек, ИНШАЛЛА. Жасағанның назарынан, жақсылығынан құр қалмауларыңа тілектеспін!

Кімнен: kazak kishizhuz
26.04.2012 12:36
+0 / -0
Ей, қазақ естеріңді жиыңдар! Бұл деген масқара ғой.Сәкенді,Мағжанды,Шакарімді игі жақсыларды құрттыңдар,енді бұларыңа жол болсын.Кінәсіз адамдарды бақайынан ұстап,түрмеге тоқыту не масқара.Бір орында отырып бір-біріңді жамандағанша,бұл істің ақ-қарасына көз жеткізіңдер.Қара суды қанша сапырсаңда май шықпайды.Жазықсыз жандар ақталсы!.

Назарға көп іліккен

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

Samsung, Өзбекстан халқы және "Болашақ-Серхетяка"

Сұрақ 1/ 5

Сұрақтың фотосы
Samsung компаниясы байланыс саласында соңғы үлгідегі қандай жоғары технологияның сынақтан сәтті өткенін хабарлады?