Жексенбі, 19 мамыр 2013, Алматы 21:37


ӘЛЕУМЕТ / Жаңаөзен - 2011 / Полицейлер соты

Қаруды тіркетпей алғандардың саны көбейе түсті

Жаңаөзендегі қанды оқиға бойынша өтіп жатқан полицейлер сотында куәгер полиция офицері былтырғы желтоқсанның 16-сы күні әрбір ішкі істер бөлімі қызметкеріне 50 адамнан жабылды деп мәлімдеді. Ал құқық қорғаушылардың бірі «сотталушы мен куәгердің тасада сөйлесіп тұрғанын кездейсоқ көріп қалғанын» айтты.

Ақтау қаласындағы "Полицейлер соты" өтіп жатқан ғимарат төңірегінде ойнап жүрген балалар. Ақтау, 7 мамыр 2012 жыл.
Ақтау қаласындағы "Полицейлер соты" өтіп жатқан ғимарат төңірегінде ойнап жүрген балалар. Ақтау, 7 мамыр 2012 жыл.
Мәтін көлемі - +
Ақтау қаласында өтіп жатқан «Полицейлер сотында» бүгін тағы да жәбірленушілер мен куәгерлер сұралды.

16 желтоқсанда оққа ұшқан Жанар Әбдікәрімованың күйеуі Аманжол Әбдешев жәбірленуші ретінде сөйлесе, оқ тиген кезінде жанында болған құрбысы куәгер ретінде жауап берді. Олардың айтуына қарағанда мереке күні алаңға шыққан екі құрбының қаперінде ештеңе болмаған. Үйден сәл ұзай бергенде-ақ Жанарға оқ тиіп, қатты жараланған.

«ҮЛКЕН ҰЛЫМ ПОЛИЦЕЙ КӨРСЕ, ІЛІНІСКІСІ КЕП ТҰРАДЫ»

Сот үзілісінде Азаттық тілшісімен сөйлескенде Аманжол Әбдешев «Анасынан айрылған төрт балам қатты күйзеліп жүр, әсіресе колледжде оқитын үлкен балам полицей көрсе, өзін-өзі ұстай алмай, ілінісіп қала беретін болды, арандап қала ма деп қорқамын» деді.

Оның сөзіне қарағанда бұл отбасының Ақтөбе қаласынан Жаңаөзенге көшіп келгеніне екі жылдай ғана болған. Әлі күнге пәтер жалдап тұрады.

- Әйелімнің өлімінен кейін қалалық әкімшілік жатақханадан бір бөлме берді. Қарт шешемді әкелдім, бір бөлмеде алтаумыз тұрып жатырмыз, - деді ол.

Әбдешевтен кейін жауап берген Жаңаөзен қалалық жедел жәрдем стансасының дәрігері Асылбек Рахметов «оқиға кезінде адамдарды тіркеп үлгере алмағандарын, ауруханада орын қалмағанын» айтты. Залда отырған жәбірленушілердің кейбірі «дәрігерлер уақытында жәрдем көрсеткенде балам тірі қалар еді» деп жатты.

16 желтоқсанда оққа ұшқан Жанар Әбдікәрімованың күйеуі Аманжол Әбдешевтің жарының қалай оққа ұшқаны туралы айтқаны: 

Loading
12:00:00 / -:--:--


«50 АДАМНАН ЖАБЫЛДЫ»

Өзін Маңғыстау облыстық әкімшілік полициясы басқармасының бастығымын деп таныстырған Ұлықбек Мылтықовтан жауап алу ұзаққа созылды. Өйткені Жаңаөзен оқиғасы кезінде полиция күштерін алаңға басқарып барғандардың бірі осы Ұлықбек Мылтықов екені көпшілік аузында жүрген болатын.

Алайда Ұлықбек Мылтықовтың жауаптары да өзіне дейін куәлік берген лауазымды қызметкерлердің пікірімен үндес шықты.

- Ішкі істер департаментінің 107 қызметкерін 14-і күні Жаңаөзенге басқарып бардым. 16-сы күні таңертең алаңға бардық. Сахна алдында бізді таспен, таяқпен, темірмен аямай ұра бастады. Бөтелкелер лақтырды. Көптеген қызметкеріміз жарақат алды. Бір полиция қызметкеріне 50 адамнан жабылды. Қаруларын тартып алайық деп жүгірді, - деді ол.
Мылтықовтың осы пікірін жәбірленушілердің адвокаты Абзал Құспанов қайта сұрағанда ол «әр полиция қызметкеріне жабылған адамдардың санын 20-30-ға дейін» түсірді.
 
Мылтықовтың осы пікірін жәбірленушілердің адвокаты Абзал Құспанов қайта сұрағанда ол «әр полиция қызметкеріне жабылған адамдардың санын 20-30-ға дейін» түсірді.

Сотталушылардың адвокаттары да, прокурор да «оқ атуға кім бұйрық бергенін» Мылтықовтан бірнеше қайтара сұрады.

- Басшылардың бірі болғаным рас, бірақ алаңға барғанымызда Өтеғалиевтің бұйрығына бағындым, - деді ол да. 

«Сапты Мылтықов басқарып барды» деген түсініктеме бар екені туралы адвокаттардың бірінің сауалына ол: «Мен жасақты Өтеғалиевтің бұйрығымен сапқа тұрғызып, саптағыларды санап бердім. Әрі қарай соның бұйрығын орындадым» деп жауап берді.

- Оқ атуға ешкім бұйрық берген жоқ. Әрбір қызметкер заңға сәйкес өзі шешім қабылдады, - деді Мылтықов.

ТІРКЕЛМЕГЕН ҚАРУ-ЖАРАҚ

Оның сөзіне қарағанда «халыққа оқ атпауға мүмкіндік, яғни су шашатын, газ жіберетін техникалар болмаған».

Маңғыстау облыстық ішкі істер департменті жол полициясының қызметкері Абзал Әмзеев «аласапыранда қаруын тіркетпей алып кеткендердің бірі болып шықты.

Бірнеше күннен бері «оқиға кезінде тіркетпей әкетілген қаруларға» байланысты сауалдар қойып жүрген адвокаттардың бірі «қандай қару ұстағанын және неге тіркетпегенін» сұрағанда «тапанша алдым, бірақ тіркетуді ұмытып кетіппін» деп жауап берді Әмзеев.

Айта кетерлік жайт, өткен сот отырысында 28 автоматтың 8-і тіркелмей берілгені белгілі болған еді. Бұл тапаншалардың да тіркеусіз әкетілгенін айғақтайтын куәгерлер пайда болғаны жұрт назарын аударды.

Оқиғадан екі күн бұрын Ақтаудан келген қосымша күштің қызметкері Абзал Әмзеев қолындағы қаруды желтоқсанның 26-сы, яғни 10 күннен кейін ғана өткізгенін айтады.

«КУӘ МЕН СОТТАЛУШЫНЫҢ КЕЗДЕСУІ»

Әмзеевтің «ұмытып кетіппін» деген уәжінен кейін сотталушылардың бірі оған бірнеше сауал қойды. Сот отырысынан шыққан жұртшылық осындай «ұмытылған қарулардың кейбірі» сотталушыларға тағылған айыпқа негіз болуы мүмкін екендігін айтып жатты.
Құқық қорғаушы Әсел Нұрғазиева. Ақтау, 7 мамыр 2012 жылҚұқық қорғаушы Әсел Нұрғазиева. Ақтау, 7 мамыр 2012 жыл
x
Құқық қорғаушы Әсел Нұрғазиева. Ақтау, 7 мамыр 2012 жыл
Құқық қорғаушы Әсел Нұрғазиева. Ақтау, 7 мамыр 2012 жыл

Бұл жөнінде олардың адвокаттарының пікірін сұрап білуге мүмкіндік болмады. Өйткені сот алдында сөйлеген куәгерлердің бірі ғимараттың екінші бетінде, яғни былайғы жұрттан тасада сотталушымен сөйлесіп тұрды деген ақпарат көпшіліктің назарын аударып әкетті де, басқа бір талқылау басталып кетті.

«Сотталушы мен куәгердің тасада сөйлесіп тұрғанын кездейсоқ көріп қалдым» деген құқық қорғаушы Әсел Нұрғазиева мұның заңға сай келмейтінін айтты. Алайда ғимараттың екінші жағына жұртшылықты өткізбей қарауылдап тұрған полиция майоры «бұл жерде ешкім болмады» деп Нұрғазиеваның сөзін оның көзінше теріске шығарды. Бірақ бұл «кездесуді» адвокат Абзал Құспанов та көрген болып шықты.

Азаттық тілшісі ғимаратты қарауылдап тұрған полиция қызметкерінен мән-жайды сұрағанда «сотталушы адам куәгермен, егер қажет болса, үйіне шақырып алып та сөйлесе алады» деген пікірін айтты. Өйткені «полицейлер сотында» жауапқа тартылушылр «үйқамақта» отырғандар болатын.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Ауылдың қазағы Қайдан: Алматы
07.05.2012 22:50
+1 / -0
Биліктің "спектаклі" немен аяқталары басынан бастап белгілі болған. Айыпталушылар - жазықсыздар сотталады, айыптаушылар - атушылар ақталады, сонымен концерт аяқталады...
Әрман қарай қызық емес болғанмен, қазақ ұлтының жүрегіндегі қанішер билікке деген ыза-кек мәңгілікке сақталады, ұмытылмайды!

Кімнен: Түсінбедік Қайдан: Жынқаққандар елінен
07.05.2012 23:22
+1 / -0
Бұл малғұндар көрде тұр, баяғы Өзбекқалиевке ұқсап құтылып кетейін деп тұрау шамасы. Ал сот ертең мұнайшыларға жыл кесіп, мыналарды ақтап шығарса қалай болмақ?
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
08.05.2012 10:13
+1 / -0
Бұларды билік әдейі таңдап отыр ғой.Атқыштар кемі 50-60 адам.Ішінде ең жауыздары,көпшілік желтоқсаннан бері аитып жүрген, Мылтықов пен Өтешов жоқтығы таң қаларлық нәрсе.Мұны қалай түсінеміз.Бәрі әділетсіз өтіп жатқанын көрсету үшін,халықты одан ары ашындыру үшін біреулер әдейі оларды алып қалып жүрген сияқты.

Кімнен: маубас Қайдан: парламенттен
08.05.2012 00:33
+1 / -0
дым түсінбедім ... сонда кездескен бе жок па куәгер сотталушымен ??? кездессе не туралы пікір алмасады олар ???

Кімнен: Үкім .
08.05.2012 02:42
+1 / -0
Әулиелі жерде оқ атып оиран салған жалмаңдаған жаудан жаман погонды қанішерлер көргендерің азап болсын , 70 жастан асқан көкелерің қашанға деиін сендерді қорғаиды екен оныда көрерміз . Халықтан қашып құтыла алмаисыңдар аспанға ұшсаңдар аяқтарыңнан тартамыз , жерге кірсеңдер шаштарыңнан тартып шығарып аламыз , қаитадан соттаимыз ату жазасын алатының анық .

Кімнен: Сана Қайдан: Атқан жылатқан ел
08.05.2012 20:09
+0 / -0
Жаңаөзенде қаншама жазықсыз жандар жапа шекті , қаншасы қырылды толық санын білмеиміз , Алматыдағы желтоқсанда қырылған жастардың толық санын білмеи келдік . Өзендеде жасырылған тобымен көмілген жер болуы мүмкүн , бұл көтерлістің шынаиы келбетіде жасырылған . Назарбаев қалаи билік басынан кетеді сондағана барлығы анықталып шындық ашылады , онымен бірге ауыр қылмыстары кімнен қанша алғаны , жерді қаншаға сатқаны , кімді кім не үшүн өлтіргені , шетелге тыққандары анықталар Әзірге құртуды , атуды алдына мақсат етіп қоиған басшы ұзаққа бармас , әділдіктің ақ таңыда атар .
Пікір алмасу

Кімнен: Серік Қайдан: Актау
09.05.2012 14:50
+0 / -0
Сол туысқандары оққа ұшса да үндерін шығармай, азаматын жоқтамай отырғандар сатқындар. Өлгендер 70 тің үстінде, бірақ ағайындары бірі қорықаннан, бірі сатылғаннан үндемей отыр. Қазақтың қорқақтығына таң қаламын. Әлде надандық па? Жаңаөзен туралы әңгіме қозғай қалсаң бәрі үрейленіп жан-жағына қарап, басқа әңгімеге аударып кетеді. Осыша қорқақпыз деп ойламап едім.

Кімнен: Заман Қайдан: Атырау
09.05.2012 10:48
+0 / -0
Аманжол, жарыңыздың қазасының арты қайырлы болсын. Елім деп еңіреп, аңсап келгенде полицайдың қаңғыған оғынан ажал құшып отыр. Нұрекеңннің жар салған "Нұрлыкөш" бағдарламасының жемісі осындай

Назарға көп іліккен

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

Samsung, Өзбекстан халқы және "Болашақ-Серхетяка"

Сұрақ 1/ 5

Сұрақтың фотосы
Samsung компаниясы байланыс саласында соңғы үлгідегі қандай жоғары технологияның сынақтан сәтті өткенін хабарлады?