Accessibility links

«Рейтингтің» басы мен соңындағы университеттер


Абай атындағы ҚазҰПУ-дың бас корпусы. Алматы, 1 шілде 2012 жыл.
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың бас корпусы. Алматы, 1 шілде 2012 жыл.
Маусым айында «Рейтинг.kz» зерттеу орталығы жұмыс берушілер мен түлектердің арасында Қазақстанның 27 жоғарғы оқу орны туралы сауалнама жүргізді.

«Рейтинг.kz» зерттеу орталығының айтуынша, бұл рейтинг 72 ірі компания жетекшілері мен кадр бөлімі мамандары арасында жүргізген сауалнама негізінде жасалған. 2012 жылдың мамыр-маусым айларында жүргізілген зерттеудің негізгі мақсаты – «талапкерлерге көмек ретінде сапалы біліммен қамтамасыз ететін қазақстандық жоғары оқу орнын анықтау» болған.

Зерттеу қорытындысында гуманитарлық университетттер, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) – 41,7 пайыз жинап, 5-орында, ал Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (ҚазҰПУ) – 5,5 пайызбен 20-орында тұр.

Біз тізімде алға шыққан және соңында қалған екі университетте оқып жүрген кейбір студенттердің сауалнама туралы пікірлерін білдік.

«ҰСТАЗДАРЫМЫЗ - БІЛІКТІ»

Азаттық тілшісімен сөйлескен ҚазҰУ-дың филология факультетінің 2 курс студенті Салтанат Мінәйхан ҚазҰУ алдыңғы үштікке ілінуі керек, оқу ордасының білімі де,
Салтанат Мінәйхан, ҚазҰУ студенті. Алматы, 1 шілде 2012 жыл.
Салтанат Мінәйхан, ҚазҰУ студенті. Алматы, 1 шілде 2012 жыл.
сапасы да жоғары деп санайды. Сондықтан зерттеу нәтижесімен келіспейді.

«Рейтинг.кз» ұйымының сауалнамасындағы негізгі өлшемдердің бірі – университеттегі ағылшын тілін оқыту сапасы.

– Кез-келген пәнде ағылшын тілін білуге мұқтаждайтын жайттар бар. Себебі магистратураға түсемін, әрі қарай ғылыммен айналысамын деген адамға өте керек екенін білеміз. Осы мақсатта студенттер түрлі қиындыққа ұшырап жатады, - деді Салтанат Азаттық тілшісіне.

Сонымен қатар ол оқу корпусы мен жатақханаларға да көңілінің толатындығын атап өтті.

– Тегін интернет ҚазҰУ-дың интернет орталығы мен оқу залдарында бар. [Басқа оқу орындарында] бұрынғыдай жатақхана мен корпуста тегін интернет желісі жоқ. Тек
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бас ғимараты.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бас ғимараты.
белгілі орындарда ғана. Сосын кейбір студенттер оқу ақысына қиналып жатады. Біздің филология факультетіне 420 мың теңге деген лайықты оқу құны деп ​санаймын. Алайда қазіргі заманда шет елдердегі оқу құнымен салғастырғанда біздікі әлдеқайда Құдайға шүкір, – дейді студент.

Салтанат оқытушылары өз мамандығын кәсіби тұрғыда өте жетік біледі деп ойлайды.

ҚазҰУ-дың қазақ филологиясы кафедрасы меңгерушісі Бағдан Қатайқызы пән барысында ағылшын тілінде дерек көздерін оқу жиі тапсырылатынын айтады.

– Студенттер қалаған таңдау пәндерін оқу арқылы топ-топқа бөлініп, жеке оқытылады. Арнаулы лекциялардың көбі элективті курстарда жүргізіледі. Ондай
ҚазҰУ студенттері Нобель сыйлығы лауреаттарымен өткен онлайн-кездесуде. Алматы, 24 мамыр 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
ҚазҰУ студенттері Нобель сыйлығы лауреаттарымен өткен онлайн-кездесуде. Алматы, 24 мамыр 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
топтарда шамамен 15-20 студент болады. Мұндай дәрісте аудиторияны еркін меңгеруге болады. Студент үшін де, ұстаз үшін де тиімді. Алдағы күзден бастап таңдау пәндерін таза ағылшын тілінде оқытамыз деген мақсатымыз бар. Ағылшын тіліндегі ғылыми зерттеулермен танысу барысында студенттер потенциалды деп ойлаймын. Біздің университет – Қазақстандағы білім беру саласындағы бренді. Сондықтан зерттеу қорытындысымен келіспеймін. ҚазҰПУ-дың бізден кейін тұруы да заңды шығар, – деді Азаттық тілшісіне Бағдан Қатайқызы.

«ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕҢ БІРІНШІ УНИВЕРСИТЕТ»

Ал Абай атындағы ҚазҰПУ-дың филология факультетінде 4-курста оқитын Назерке Махамбетова ұстаздарының кәсіби біліктілігін «өте жақсы болмаса да, жақсы» деп бағалайды.

– Университет бойынша жеке студенттерге арналған дәріс өте аз. Көбіне
Назерке Маханбетова, Абай атындағы ҚазҰПУ студенті. Алматы, 1 шілде 2012 жыл.
Назерке Маханбетова, Абай атындағы ҚазҰПУ студенті. Алматы, 1 шілде 2012 жыл.
мұғалімдер мен аудиториялардың аздығы себеп болады. Сондықтан лекцияны группаларды топтастырып өткізуге мәжбүр, – деді студент Азаттық тілшісіне.

Сонымен бірге ол ағылшын тілінің тереңдетіп оқытылмайтындығын айтты.

– Оқу бағасы көңілден шығады. Жалпы, ҚазҰПУ-да оқу құны әлеуметтік жағдайға лайықты. Біздің университетте көбіне ауылдан келгендер оқиды. Себебі ақылы негізде оқуына мүмкіндік бар, – деді Назерке.

Ол студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету шарасы дұрыс болмауы да студенттердің оқу үлгеріміне әсерін ететіндігін айтады.

– Жатақханаларда бір бөлмеде 8-10 студент тұрамыз. Тегін интернет жүйесі кейбір жатақханаларда бар, негізгі корпуста енді ғана іске қосылды. Интерактивті тақтамен
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың №1 жатақханасы. Алматы, 1 шілде 2012 жыл.
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың №1 жатақханасы. Алматы, 1 шілде 2012 жыл.
жұмыс істеуді студенттердің көбісі білмейді. Ол оқу барысында қолданылмағандықтың кесірі. Оқу аудиторияларын жабдықтап, компьютерлік сыныптарды көптеп ашса деймін. Бірақ басшылық барлық жағдайды қамтуға тырысады, – деді Назерке Азаттық тілшісіне.

Оның ойынша, Қазақстандағы ең бірінші университет болғандықтан ҚазҰПУ-да оқу жүйесі қалыпқа түскен. Бірақ университеттің техникалық-материалдық жабдықталуына дұрыс көңіл бөлінбейді. Студент «осы жағынан алғанда зерттеу қорытындысымен келісуге болады» деген пікірде.

Осы университеттің филология факультетінің деканы Балтабай Әбдіғазиұлының айтуынша, оқытушылардың кәсіби біліктілігі өте жоғары деңгейде.

– Ағылшын тіліндегі дереккөздерді оқу біздің пәнімізге қажеттілігіне байланысты. Үнемі болмаса да, ара-тұра пән барысында ағылшын тіліндегі материалды
Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері. Алматы, 1 шілде 2012 жыл.
Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері. Алматы, 1 шілде 2012 жыл.
қарастырамыз. Негізі біздің мамандығымызға қатысы жоқ. Ал оқу бағасы пәлендей қымбат емес. Негізінен бұл сұранысқа байланысты. Біздегі оқу құны келер жылдан бастап 350-370 мың теңге шамасында болмақ. Әрине, бұл ауылдық жерлердегі күнкөріс жетегіндегі адамдарға қиындау. Бірақ заман сондай ғой, – деді декан.

«Университеттегі сабақтан тыс мәдени іс-шаралар ұнай ма?» деген сауалымызға екі университеттің студенті де ондай шараларды өздері белсене ұйымдастырып, қатысатындарын айтты. Салтанат Мінәйхан да, Назерке Махамбетова да университеттерінің оқу жүйесін «либерал-прогрессивті» деп бағалады.
XS
SM
MD
LG