Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 04:23

ҚАЗАҚСТАН

Оралдық азамат дәрігерлік айықтырғыштан ауруханаға түсті, енді ол мүгедек болып қалуы мүмкін

Оралдық Жұмабай Тамаев дене жарақаттарымен айықтырғыштан ауруханаға жеткізілген. Содан кейін дәрігерлер оның миына операция жасаған. Полиция оның кереуеттен құлап жарақаттанғанын айтады. Ал аяқастынан мүгедек болып қалған жанның жұбайы күйеуін полицейлер аяусыздықпен ұрып-соққан деп отыр.

Мәтін көлемі - +
ДӘРІГЕРЛІК ТҰЖЫРЫМ

56 жастағы Жұмабай Тамаевтың ендігі халі не боларына туыстары қатты алаңдаушылық танытуда. Әзірге облыстық аурухананың дәрігерлері берген диагноз қобалжулы көңілдің күдігін одан бетер күшейтуде. Олар Жұмабайдың өмірбақи мүгедек болып қалатынын жасырмайды.

Жақында Жұмабай Тамаевтың миында ісік болғандықтан дәрігерлер операция жасаған еді. Операция жасалғалы бері ол жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, оның басындағы жарақат - ауыр соққылардың зардабы.

- Оған бас сүйектің трепанациясы жасалып, ісік алынып тасталды. Қазір оның жағдайы қанағаттанарлық, бір қалыпты күйде, бірақ, әлі анық сөйлей алмайды. Бұл оның миының орталық бөлігінің зақымдануынан болған нәрсе. Мұндай ауыр жарақаттың зардабы әлі де байқалуы мүмкін, - дейді дәрігер-нейрохирург Алмас Жалғасбаев.

«ОНЫҢ ДЕНЕСІНІҢ САУ-ТАМТЫҒЫ ЖОҚ»

Жәбірленуші Жұмабай Тамаевтың зайыбы Зайнап Тамаева жұбайының 12 ақпан күні қаладағы кафелердің бірінде достарымен кездескенін айтады.

- Ол үйден шығарда осы отырыстан кейін әрі қарай Атырауға кетіп қалуы да мүмкін екендігін айтты. Сондықтан, ол үйге қонуға келмегеніне уайымдай қойған жоқпыз. Оны Атырауға аттанып кеткен шығар деп мән берген жоқпыз. Ал ертесіне Жұмабайдың аурухананың жансақтау бөліміне келіп түскенін естідік, бұл суық хабардан төбемнен жай түскендей есеңгіреп қалдым, - дейді Зейнеп Тамаева.

Зейнеп Тамаеваның айтуынша, Жұмабай Тамаев ауруханаға айықтырғыштан әкелініпті. Дәрігерлік айықтырғыш мекеменің қызметкерлері Жұмабайдың кереуеттен аяқасты құлап, түрлі жарақаттар алғанын айтады. Бас сүйегінің ауыр зақымдалуы соққының кесірінен екен.

- Олардың бізді ақымақ деп санағанына түсінбедім? Кереуеттен оқыста құлап, бұлай ауыр жарақат алғанды бірінші рет көріп тұрмын. Мұндай жарақат алу үшін үлкен биіктіктен немесе кереуетке қайта-қайта шығып құлау керек шығар, ал есі дұрыс адамның олай істемесі анық,- дейді Зейнеп Тамаева.

Сол күні Жұмабай 30 мың теңге (шамамен 200 доллар) жалақысын алыпты. Бейсауат жүргіншілер, оны полиция машинасы келіп алып кеткенін де көрген. Меніңше, оны полицейлердің өздері ұрып-соғып, қалтасындағы ақшасын тартып алған. Бірақ, мұнша қатыгездікпен айуандық қорлық көрсетудің не керегі бар еді? Енді ол сөйлей де алмайды. Ол тіпті өзіне не болғанын да жеткізе алмайды, - деп күйінеді Зейнеп Тамаева.

Жұмабай Тамаевтың туыстары Орал қаласының прокуратурасына да шағымданды. Бүгінгі күні осы іске қатысты тергеу басталды.

ПОЛИЦИЯНЫҢ ТҮСІНІКТЕМЕСІ

Батыс Қазақстан облыстық ІІД баспасөз хатшысы Фатихолла Маштақов полиция қызметкерлерінің бұл іске қатысы барын теріске шығарып отыр.

- Бұл айыптаулардың еш негізі жоқ. Өйткені, бұл адам мас болып, көшеде жатты. Біздің қызметкерлер оны тауып алып, айықтырғышқа әкелген. Ол сол кезде кереуеттен құлап түскен деп айтып жатыр ғой. Қазіргі күні қызметтік тексерулер жүргізіліп жатыр, - дейді Фатихолла Маштақов.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Тәкең Қайдан: Елден
26.02.2010 22:59
+0 / -0
Мүмкін кереуеттен неге құладың деп біреулер тепкілеген шығар!

Кімнен: Мент Қайдан: караганда
26.02.2010 23:11
+0 / -0
Мент - мусор! ....Жалпы олардың барлығы қаніш-р!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!

Кімнен: Арыс Қайдан: Шымкент
26.02.2010 23:12
+0 / -0
Ия полицайлық мемлекетте бұдан да зоры болып тұрады....

Полицайлар қазір бетімен кеткен.... Олар да биліктің бір тармағы, сондықтан олардың сөзіне еш сенуге болмайды да!!!!....

Ол орындарға беттері қалыңдар ғана қабылданады....

Кімнен: Жесірлелден мұң
27.02.2010 01:11
+0 / -0
Іш, оңбаған,іш. Кереңді іштің бе, алқаш, көрінгеннен таяқ жеп? Ішпе деп, қанша зарымды қылдым. Айлығыңды бір тиініне тиіспей үйіңе апар дедім. Ана собутыльниктеріңнен қорқасың ба, былай кетіп қалуға, әлде олар қатын-балаңнан саған жақын ба? Қатын-балаңның жүрісі анау, киім мен тамаққа жарымай, сенің тапқан айлығыңның түрі анау, 30-ақ мың. Қазір ондай ақшаны қатындар да ақша деп есептемейді. Адам іше алмағаннан кейін ішпеу керек. Іштің бе, өз-өзіңе отвечать ете алатын болуың керек қой.
Ой, қазір қазақтың еркектері совсем ұсақталып кетті, даже әйелдерін риза етеалмайды. Арақ та іше алмайды, ең болмаса мұсылман да бола алмайды. Біресе көшеде біреу өлтіріп тастайды, біресе меттер өлтіріп тастайды, сотталса түрмеде өлтіріп тастайды. Сүйтіп біз байсыз қалудамыз. Енді жүрміз әркімге жалтақтап, біресе орысқа, біресе жүндестарге, біресе араларға.
Кейінгі кезде бізге шетелдіктер түгіл неге екені бергісіз подружкаларымыздыңдың байлары да қарағысы келмей кетті.

Кімнен: 111 Қайдан: Алматы
27.02.2010 10:01
+0 / -0
Сол полицейлер кімнің құқын қорғау үшін жалақы алып отырғандарын мұтып қалған ау деймін,жоқ ,ол сұмырайлар оны мүлдем түсінбейтінде шығар ...

Кімнен: қалмақ
27.02.2010 16:38
+0 / -0
менттер жоғарғы жақты қорғау ушін қызмет етеді,соныда тусіндіру керек па?

Кімнен: ермұрат Қайдан: жарқын жақта өмір сүр
27.02.2010 17:14
+0 / -0
Орал Полициясындағы бір мекмеде істейтін танысымның айтуынша, Полиция бастығы полицейлерге күніне пәлен ақша өткізіп тұруды жүктейтін көрінеді, егер орындай алмаса, онда оны ақырындап жұмыстан шеттетеді екен.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
27.02.2010 17:19
+0 / -0
Мен біліп отырмын: ол байғұс айықтырғышта кереуеттен құлап кетіп, сол үшін өзін-өзі тепкілеп тастаған. Өзін-өзі аямай ұрған. Ашу-ызасы бұған да басылмағасын, барған дағы қабырғаны басымен соққан.
Енді келіп, бұның кесірінен жазықсыз "менттарды" жазғырғалы жатыр.
Немене сенбейсіз бе. Адам өзін өзі бұлайша ұра ала ма дейсіз ғой, шамасы...
Неге ұрмасын, ұрмақ түгілі өзін-өзі бір емес, үш рет атты емес пе Заманбек.


Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
27.02.2010 17:21
+0 / -0
Оңбаған менттер, қорқау қасқырлар, суайттар, екіжүзділер, рақымсыз, қанішерлер, ұрылар, жазаларыңды Құдай берсін!!!

Кімнен: Ғабит Қайдан: Орал
27.02.2010 23:16
+0 / -0
Менттің бастығы айтып отыр, кереуеттен құлады деді ғой деп. Әрине, оның кереуеттен құламауын менттер бақылауы керек, сол үшін ақша алады, оның жұмысы сол. Әрине, ол кереуеттен құламаған, қарсылық көрсеткен де шығар, сол үшін өлтіріп отыр. Шет елдерде менттер демонстрация, митинг жасаған халықты қорғайды, ал бізде УВДның бастықтарының бұйрығымен сабайды. Әрине, УВДның бастығына әкімдер бұйырады, әкімдерге НӘН бұйырады, халық жаппай сауаттанып, көшеге шығып, Қазақстан байлығынан үлестерін сұрайды деп.

Кімнен: қазақ әйелі
02.03.2010 10:29
+0 / -0
Қойыңдар қыздар олай артық кетпеңдерІІ Еркектер де казір оңып жүрген жоқ. Қаңғытып қойды емес пе халықты мына ,,қарынбайлар,,. Не тамаққа тоймайды , жылтыраған біреудің қатыны мен қызын тартып алады. Ақшаның барлығы осыларда. Осыларға береді енді ақшаны--,, кәсіпкерлік дейді анау-мынау,,. Ой айта- айта шаршадық???. Қайтесін құрбым қатты уайымдама.!!! Кім ұрсада сол таяқ келіп айналып өзіне тисін!! Шын айтамын.,,АНА,,-ретінде айтамын . Қарғыс атсын!! Жазықсыз біреуді жәбірлесең түбі алдыңнан шығады ғой. Біз оған сенеміз!!!!