Бейсенбі, 9 ақпан 2012, Алматы 11:56

ӘЛЕУМЕТ

Жаңаөзенде ереуілдеткен жұмысшылар талап орындалмаса, аштық жарияламақшы

Жаңаөзендік мұнайшылар наурыздың 4-нен бастап тағы ереуілге шықты. Олар «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалындағы жұмысты толық тоқтатып, жалақыға қосымша төленетін аймақтық коэффициентті бұзбауды талап етуде. Өндіріс әзірше іске қосылған жоқ.

Мәтін көлемі - +
Жұмысшылардың наразылығы наурыздың 5-сі күні кешке дейін ары қарай жалғасып жатты. "Өзенмұнайгаздың" ескі ғимаратының қасындағы көлік алаңына шоғырланған мұнайшылар көтерген мәселелерін шешуді талап етіп, жұмысқа шықпай отыр. Олар бұған дейін  1-2 наурыз күндері де жұмысты 1 сағатқа тоқтатқан.

Жұмысшылардың Азаттық тілшісіне хабарлаған ақпаратына сүйенсек, олардың наразылығына «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалының жаңа директоры Бағытқали Бисекеннің ақпанның 23-інде жалақыда өзгеріс болатыны туралы ресми ескерту таратуы себеп болған.

Бұған қоса жұмысшылар 2009 жылғы қаңтардың 1-нен бері төленбей келе жатқан 1,8 «салалық коэфициенттің» берілуін де талап етіп, Жаңаөзен қалалық прокуратурасы мен еңбекті қорғау департаментіне шағым түсіргендерін айтады.

ТАЛАП ОРЫНДАЛМАСА АШТЫҚ ЖАРИЯЛАУҒА ДА ӘЗІР

Бұл туралы Азаттық тілшісіне баяндаған жұмысшылар белсендісі Жак Аминов жалақыдағы өзгеріс туралы ескерту таратыла салысымен бірден қол қоюға мәжбүрледі дейді.

-Жұмысшыларды қорқытып, бір-бірден кабинетке шақыртып алып қол қойдыртты. Олардың адвокатпен ақылдасуына да мүмкіндік бермей, тездетуді талап етті. Жұмыстан айырылып қаламыз ба деп қорыққан кейбірі қол қойып та қойды. Егер бұл ескертуді бәріміз мақұлдайтын болсақ, мұнайшыларға аймақтық зияндылық үшін қосымша төленетін коэффициенттен айырылып қаламыз. Онда жалақымыз 40-50 мыңнан аспайтын болады,- деп түсіндірді ол.

Сонымен қатар жұмысты уақытша тоқтатқан мұнайшылар жалақыдан бөлек, филиалдың директоры Бағытқали Бисекен мен оның орынбасары Амантай Аншыбаевтың орынынан кетуін, кәсіподақ төрағасы М.Ибағаровтың басқа жұмысқа ауысуын талап етуде.

Жак Аминовтың айтуынша жұмысшылардың былтырғы қарашаның 15-сінде болған ереуілінен де оңды нәтиже шыққан жоқ.Тек 100 жаңа жұмыс орны ашылды. Бірақ оның соңы да ереуілге ұласып, ақыры жең ұшынан жалғасып кетті. Ал филиалдың бұрынғы директоры Абылхан Дауылбаев орнынан алынғанымен, еңбек жағдайын жақсарта алмағаны үшін жазаланудың орнына "Қазмұнайгаз Барлау Өндіру" акционерлік қоғамы бас директоры К.Ибрашевтің кеңесшісі қызметіне кірісті дейді ол.

Сондықтан жұмысшылар осы талаптары орындалмаған жағдайда науыздың 7-сінен бастап УОС-5 мекемесінің 31мұнайшысы аштык жариялайтындарын алдын ала ескертіп, қала әкімі мен прокуратураға хат жолдағандарын мәлімдеді. Олар бұл мәселені тікелей шешуді  "Қазмұнайгаз Барлау Өндіру" акционерлік қоғамының бас директоры К.Ибрашевтен талап етуде.

«ЖАҢА БАСШЫ ЖҮРГІЗУШІГЕ ДЕЙІН ӨЗІМЕН БІРГЕ АЛЫП КЕЛДІ»

Азаттық тілшісіне телефон шалған ереуілге қатысушы көлік жүргізуші «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалының жаңа директоры Бағытқали Бисекен өзімен бірге Атыраудан командасын ала келді деп баяндайды. Оның айтуынша, президент Н.Назарбаев қаңтардың 22-сінде теледидардан сөйлеген сөзінде «Қазақстан халқы біртұтас, оны бөлек командаларға бөлмеу керек» деп айтқан. Ал Б.Бисекен өзімен бірге жалпы мәселелер жөніндегі орынбасарын, тіпті жүргізушіге дейін ілестіре келді. Ал Жаңаөзенде жұмыссыз жүргендер қанша ма деп кейіді еруілге шыққандардың бірі.

Жұмысшылардың наразылығының мән-жайы туралы кәсіпорын басшысы Бағытқали Бисекеннің өз аузынан ести алмадық. Оған бірнеше мәрте телефон шалғанымызбен, ешкім тұтқаны көтерген жоқ.

ӘКІМ ҚАЛАНЫ КӨГАЛДАНДЫРЫП ЖАТЫР

Ал Жаңаөзен қаласының әкімі Орақ Сарыбөпеевке хабарласқанымызда «менің қолым бос емес, қаланы көгалдандыру мәселесімен айналысып жатырмын» деп, Азаттық тілшісіне компанияның басшысымен сөйлесу туралы ақыл-кеңес берді. Бірақ ол аштық жариялау туралы ешқандай ақпар естімегенін айтады.

Жаңаөзен қаласы жұмысшылар наразылығының эпицентріне айналғандай. Өткен жылы да «Қазмұнайгаз» Барлау Өндіру АҚ құрамындағы «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалы жұмысшылары еңбек құқықтарына байланысты бірнеше рет наразылық акциясын өткізгені туралы Азаттықта жазылған болатын.

Былтырғы қарашада мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев та Маңғыстау облысының әкімімен бірге Жаңаөзен қаласындағы жұмысшылардың мәселесін талқылаған еді.

Жаңаөзен қаласын дамыту, жұмысшылардың мәселесі мен «Өзенмұнайгаз» компаниясының филиалы жайлы арнайы тапсырмалар берілгенімен өзгерістер жоқ дейді жұмысшылар.
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір жарияланған бет , жиыны 3
    Келесі 
Кімнен: rz
06.03.2010 01:18
+0 / -0
Жаңа Өзеннің ұңғылары су айдап жатқан жоқпа.
Обводненность (Мұнайдың құрамындағы су) 93%, бұл дегенің 100 литр мұнайдың 93 литрі су деген сөз, 7 литр кімге жетеді ?!
Көтерем сиырдың емізетін жағдайы жоқ.

Кімнен: адай Қайдан: Жаңаөзен
06.03.2010 10:14
+0 / -0
Сен не оттап турсын? Обводн-ть 80 пайыз гана! Жоспар 6млн 440 мын орындалып тур! Жанаозен-Дубай болатын уакыт 45 жыл отті! Щзенге келіп кор!

Кімнен: Сұрақ Қайдан: Алматы
06.03.2010 11:09
+0 / -0
1."Жұмысшылардың наразылығының мән-жайы туралы кәсіпорын басшысы Бақтығали Бисекеннің өз аузынан ести алмадық. Оған бірнеше мәрте телефон шалғанымызбен, ешкім тұтқаны көтерген жоқ."

2.Ал Жаңаөзен қаласының әкімі Орақ Сарыбөпеевке хабарласқанымызда «менің қолым бос емес, қаланы көгалдандыру мәселесімен айналысып жатырмын» деп, Азаттық тілшісіне компанияның басшысымен сөйлесу туралы ақыл-кеңес берді. Бірақ ол аштық жариялау туралы ешқандай ақпар естімегенін айтады.
Өңшең мес қарын жемқорлар!!!Осыларға тәубесін келтіретін бір заң тармағы қашан шығар екен??????
Пікір алмасу

Кімнен: Aitok Қайдан: ZHANAOZEN
06.03.2010 16:14
+0 / -0
Ассалаумагалейкум!Азаттык радиосынын тiлшiлерiне отiнiшiм бар.ОзенМунайГаз-дын 49% акциясын Кытайга бiздiн жогарыда отырган акымактар сатуды ойластырып жатыр дегендi естiдiм.Осынын каншалыкты шындык екенiн аныктап берсенiздер. Егер бул шындык болса Жанаозен жастары жумысшылармен косылып котерiлiстiн кокесiн корсетуге дайын отыр.Сондыктан Азаттык тiлшiлерi осыны тезiрек кешiкпей аныктап берсе,бiз ягни Жанаозен жастары ел ушiн,жер ушiн барiне дайынбыз.БIЗ КАЗАКПЫЗ!
Пікір алмасу

Кімнен: ЖАНАОЗЕН Қайдан: ЖАНАОЗЕН
06.03.2010 16:52
+0 / -0
Жумысшылардын алдынгы котерiлiстерiн жергiлiктi жастар акша ушiн шыкты деп ойлагандыктан котерiлiске катысуга ниетi болган жок.Ал бугiнгi котерiлiстiн орны болек екенiн, Жанаозен халкын асырап отырган жалгыз касiпорынды Кытайга беруi мумкiн деген акпаратты естiген жастар купия турде сырт козге корiнбей(тартiп сакшыларына)ултшыл топ курылуда.Сондыктан бунын арты жаксы болады деп айта алмаймыз.Оянатын уакыт жеттi Казак халкым.Курметпен Жанаозеннiн бiр топ жастары.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
06.03.2010 16:39
+0 / -0
Жаңаөзендіктер бұрынғы Жалғас әкіммен жылап көріседі әлі. Мына әкім Сарыбөпеев әлі сарыауыз балапан ғой.
Пікір алмасу

Кімнен: Марат Қайдан: Ақтау
17.03.2010 01:02
+0 / -0
Аты - жөні көрсетілмеген: Сен кімнің сойылын соғып отырсың, мүмкін Жалғастың кө....ні шығарсың:) Қай әкімді көрдің халықты ойлаған, бәріде сен сияқты к...тенжалағандар.

Кімнен: rz
06.03.2010 17:04
+0 / -0
Щзенді көрдім, Супер-Дубай!
(Жоспар 6млн 440 мын) көбейт 80-ге, сосын шыққан шығынды есепте, миғұла!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
07.03.2010 20:51
+0 / -0
Кешiрiнiз! Казакстанда сусыз таза мунай беретiн кенiш жок. 20% оте жаксы корсеткiш.
Пікір алмасу

Кімнен: Адай Қайдан: жанаозен
08.03.2010 11:45
+0 / -0
Сен мигуласын! 6440700тонна/ 48305250 баррел/ 7657992,3 килолитр/ 3622893750 АКШ доллары /шыгын 1млрд болганда пайда 2622893750 акш долларын курайды Озен ДУБАЙ болатын уакыт отти ма? ОТТИ! Демал! ТОПАС УЛТТЫН САТКЫН ЖЕЗОКШЕСІ!

Кімнен: Aigul Қайдан: Almaty
06.03.2010 20:21
+0 / -0
Kazakhztandi asirap otirgan munaili olkege zhasalip otirgan genosidtin bul bir boligi gana!

Кімнен: шымкентбай Қайдан: шымкенттен
06.03.2010 21:33
+0 / -0
не де болса жанаозендиктер ер екен ,биздин кызылорда мунайшылары кытайдын кол астында мардымсыз акшага аптап ыстык пен какаган суыкта жумыс жасап унтинсиз.
Пікір алмасу

Кімнен: Жеменей Қайдан: Жанаозен
07.03.2010 01:46
+0 / -0
Мен тусинбеймин. Неге аузымыз бир емес! Неге колдамаймыз Жанаозендиктерди! Оян казак! Тек алга!

Кімнен: Мұрат Қайдан: Атырау
07.03.2010 08:09
+0 / -0
Бұгін көтерілісщілерді қолдамасаң, ертең бұл күн өз басыңа туғанда ешкім саған да қол созбайды. Сонда көрерміз қалай мөңіреніңді:

Кімнен: Тәкең Қайдан: Елден
07.03.2010 10:37
+0 / -0
Өзінің командасымен келген әкім жұмыс жасасын! 1 жылдай мүмкіндік беріңдер... Алдын-ала байбалам салмай... Кімнің кім екені сонда белгілі болады. Ал арандатып шулатып жүргендер өздерінің бұрынғы жылы жұмысақтарынан айрылып қалмау үшін көпшілікті арандатудан тайынбайды....Олар тек өз бас пайдасын ойлаушылар шығар! Қай кезеңде де қазақ кімнің қол шоқпары болмаған!
Пікір алмасу

Кімнен: Нағыз Қазақ Қайдан: Қазақия
17.03.2010 00:29
+0 / -0
Тәке, тәлімсімей тиыш отыр. Осы уақытқа дейін оңған әкімді көрсем мурныма қосып екі бұтымның арасын қоса кесіп берейін. Айтар сөзіңді білмесең тиыш отыр

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
07.03.2010 15:00
+0 / -0
6млн.400мың дегеніміз, жаңағы 80% судан және басқа да қоспалардан тазартылған мұнай! Сен , ендi осы 6млн.400мың тоннаны баррельге аудар да сосын шыққан санды 75$-ға көбейт!

Кімнен: Адай қызы Қайдан: Атырау
07.03.2010 16:19
+0 / -0
Боқты боққа қосса былш етеді
Пікір алмасу

Кімнен: Басқа адай қызы
08.03.2010 01:33
+0 / -0
Не айтқыңыз келді сонда?
Оданда әділетсіздіктен әбден ашынған адамдарды қолдамайсызба?
Біздің қазақтың басына қашан жақсы күн туар екен осы, а?!!!!!!!!!!!!

Кімнен: kazak Қайдан: kazakstan
07.03.2010 16:34
+0 / -0
jana ozandikter korikpandar alga basindar, senderdi bular bara-bara kul kiladi, tuinga jumys jasatadi, kush korsetetin kez keldi. jastar kaidasindar birigeuik, olar jogarida otirip alip kaltalarin oilagannan baska dim bilmeidi, jana ozen kunnen kunge kurip barajatir, nazarbaidin itterine jol jok. biz barine dauinbiz, jan jaktan komek kerek kazaktar

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
07.03.2010 17:07
+0 / -0
Өзің қыз болсаң, оның үстіне адайдың қызы болсаң сенің не айтқың келгеніңді түсінбедім. Осы Жаңаөзенде ереуілге шыққанның барлығы адайдың қыз-жігіттері! Бұл мәселеге басқа қосарың болмаса дәретханаға бар да боқты боққа қосып былшытып отыр!!!

Кімнен: Мұрат Қайдан: Атырау
07.03.2010 17:58
+0 / -0
Мына Тәкең деген биліктің қолшоқпары. Былайша айтқанда үндемей келіп артыңнан ұратынның өзі. әкім жұмыс жасасын дейді. ол деген тонап алоыпкетсін деген сөз. командасымкен келген әкім дейді! Командасымен келген деген, тонауға келген деген сөз. Өздерінің жегенін сатпайтындарды ғана алып келеді. Қай кезеңде қазақ кімнің қолшоқпары болмаған деген сөз, сен де БІЗДІҢ қол шоқпарымыз боласың деген келемеж сөз. Мына Тәкең деген нағыз әр әкімнің артын жалап жүрген бір мүсәпір.

Кімнен: Адай Ерқосай Қайдан: жаңа-өзен
07.03.2010 18:38
+0 / -0
БЕКЕТ-АТА ӘРУАҒЫ ҚОЛДСЫН!!! ЖІГІТТЕР ТЕКҚАНА АЛҒА.
Пікір алмасу

Кімнен: Амир Адай Қайдан: Жана Узен
07.03.2010 23:37
+0 / -0
Халықты ашындырман!!!! Халық қаласа хан астындағы атын соят!!!! тыныш айтқанын орындаңдар!!! Немесе Ер Шотан, Лабақ, Өмір-ТЕмірдің ерліктерін қайталайды!!!! Ешкімге екінші 86-89 қажеті жоқ деп ойлаймын!!!! Қазақ десең өзіңе тиеді қазақты қазақ қана шын суйеді!!!! Ағалар келешек бетіңе түкірмесін десең халықтың сұрағанын бер!!! тарих беттерінде атың алтын әріптермен жазылар балкім!!!!

Кімнен: Жанар Қайдан: Жанаозен
08.03.2010 01:04
+0 / -0
ӨзенМұнайГаз ӨФ бастығы Б.Бисекен мырзаны орыннан алу керек дегенге келісемін. Бірақ халықты түсініп карауларына шақырамын. Әрбір отбасында 2-3 мұнайшыдан бар үйлер бар. Соларға қанағат берсін АЛЛА ТАҒАЛА! Кейбір отбасында балалары көп, жұмысы жоқ үйлер де бар. Сол үшін Құдайға шүкіршілік етіп, барына қанағат ету керек. Халықты сабырлы болып, болашақ балалары үшін , тыныштық өмір сүруіне шақырамын.

Кімнен: Тәкең Қайдан: Елден
08.03.2010 01:10
+0 / -0
Мұратжан!
көзсіз батырлық ақылсыздық орға жықтырады. Өзің бір мәдениетсіз имансыз жан екенсің" Ашынған халықты мен оққа қарсы қойғым келмейді!
Сен сияқтылар қазақтың болашағына балта шауып жүрген! Жалған батыр болғанша шындық жолымен жүріп мен-ақ мүсәпір болайын!

Кімнен: Жаңаозен Қайдан: Жаңаөзен
08.03.2010 11:08
+0 / -0
Жаңаөзендіктер тек алға-алға. Президенттен бастап қасындағы сүтке тойған күшіктерін жоқ қылу керек. БІР АЛЛАНЫҢ ӨЗІ ЖАР БОЛСЫН

Кімнен: Жеменей Қайдан: Жанаозен
08.03.2010 14:19
+0 / -0
Коп соз бок соз! Оданда испен корсеткен жон! Колдау керек! Мине бугин 5 кун болды халыктын турганына, али ешкандай талаптар орындалып жаткан жок! Себеби оларды жауаптары жок, келуге беттери жок. Барин бирдей куу керек!

Кімнен: Жеменей Қайдан: Жанаозен
08.03.2010 14:25
+0 / -0
Мундай адилетсиздикти коре тура, калай ун тунсиз жатамыз! Бирлик бар жерде тирлик бар! Жел турмаса шоптин басы кимылдамайды! Жастар кайдасындар, болашак биздердики емес па?
Пікір алмасу

Кімнен: aktau Қайдан: aktau
15.03.2010 16:40
+0 / -0
eee kazak sen ne jastardy koterylyske wakyryp otsyn? 86 kaitalagyn kelema kan wawyp kyrgyn kelema? ulkender ozdery wewed barlygyn! waw al dese bas al dep
Пікір жарияланған бет , жиыны 3
    Келесі 

Назарға көп іліккен