Келесі бағдарлама





Мультимедиа


 

Әлем

Чехияда қазақ діни босқындарының белсенділері мен жетекшісі қамауға алынды

Қазақ діни босқындарының жетекшісі Қайрат Досметов. Прага, ақпан, 2009 жыл.

03.03.2009

Чехияда өздерін "Таза дін" жолын ұстанушылармыз деп атайтын қауымдастықтың үш бірдей өкілі тұтқындалған. Бұл Қазақстаннан қашып шыққан жүздеген адамнан құралған кішігірім мұсылман қауымдастығы.

Азаттық радиосына белгілі болғанындай, 3 наурыз күні таңертеңгісін Костелец над Орлицей қаласында қазақ діни босқындарының жетекшісі Қайрат Досметовты тұтқындаған. Оны бетперде киіп, қаруланған адамдар қамауға алған.

Бұл туралы Азаттық радиосына өздерін «Таза дін» жолын ұстанушылар деп атайтын діни қауымдастықтың белсенді өкілі Нұрлан Қанатбаев хабарлады.
Қайрат Досметов діни босқындардың Прагадағы митингісінде. 7 ақпан, 2009 жыл.


Қайрат Досметов қазақстандық діни босқындардың Чехия билігіне қарсы осы жылдың 7 ақпаны күні Прагада өткізген митингісін ұйымдастырушылардың бірі болған-ды. Ондаған босқындар Чехияның соттары мен миграция қызметтерінің үш жылдан бері өздеріне халықаралық қорғау мәртебесін беруден бас тартып, құқтарын кемсітіп отырғанына шағымданған болатын.

Қазқстан билігі бұл адамдары салафит ағымын ұстанушылар ретінде қудалаған. Осы діни азшылықтың бірнеше өкілі қазір де қылмыстық айыптар бойынша айыпталып Қазақстанда түрмелерінде отыр.

Бүгінде Қазақстанның 205 азаматы – діни босқындар мен олардың балалары Чехиядан кез-келген уақытта депортациялануы мүмкін. Адам құқын қорғаушылар оларды Отанында азаптау мен түрме күтіп тұр дейді.

Наурыздың 2-інен 3-не қараған түні Прагада тағы бір қазақ босқыны Асылхан Жантасов тұтқындалған. Оны басқа босқындармен бірге тұрып жатқан пәтерінде қарулы адамдар келіп, қамауға алған.

Ал, үшінші қазақ босқыны Хамит Нұрғалиев Чехияның батысындағы босқындар қауымдастығы жатақханасында қамауға алынған. Оның бөлмесіне де тінту жүргізілген.

Францияда орын тепкен "Орталық Азиядағы адам құқтары" деп аталатын құқық қорғау ұйымы өткен аптада  дәл осы пәтерді  чех полициясынанбыз деген алты адамның тінтігенін хабарлайды. Дегенмен де олар тінту әрекетінің ешқандай хаттамасын жазбаған

Чех билігі тарапынан бұл тұтқындауларға қатысты әзірге еш түсініктеме берілген жоқ.
Бұл форум жабық
Пікірлерді іріктеу
     
Пікірлер
Кімнен: Гүли Қайдан: Қазақ жері
05.03.2009 12:54
Осы босқындарды несіне қайта-қайта жаза бересіңдер? Олар өз Отанының шаңырағын шайқалтып жүрген жексұрындар ғой. Қайдағы жоқ дінді бетке ұстап, о баста саясатпен ойнап жүргендердің тегін ақшасына малданып, тағдырларын тәлкекке салған бейбақтар ғой олар. Өздерін тазамыз деп қанша ақталғанымен, өз елін өзгеге жамандағандардан жақсылық шығады дегенге өз басым сенбеймін. Діншіл болып бара жатса тап-таза ИСЛАМ діні тұр ғой. Одан неге жерініп жүр, отанын сатқан сатқындар? Өз Отанына опа жегізгендерді өзгелер не қылсын?
     
Мәтін көлемі - +