Жексенбі, 19 мамыр 2013, Алматы 03:46


ӘЛЕУМЕТ / Жаңаөзен - 2011

Жаңаөзенде төтенше жағдай жарияланды

Ереуілшілер қалада "наразылық жалғасып жатыр" десе, билік "жағдай тұрақталды" деп мәлімдеді. 17 желтоқсанда президент Назарбаев қалада төтенше жағдай жариялады. Дәл осы күні Шетпе станциясының тұрғындары полициямен қақтығысып, "бір адамы өліп, сегізінің жараланғаны" туралы хабарлады.

Жаңаөзен қаласының орталық алаңында тұрған ереуілшілер. Стан.tv видеопорталынан алынды. 16 желтоқсан 2011 жыл
Жаңаөзен қаласының орталық алаңында тұрған ереуілшілер. Стан.tv видеопорталынан алынды. 16 желтоқсан 2011 жыл
Мәтін көлемі - +

Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына байланысты мерекелі іс-шаралар атқарылып жатқан кезде президент Нұрсұлтан Назарбаев Жаңаөзен қаласында төтенше жағдай тәртібін орнату туралы жарлық берді. Желтоқсанның 17-сі Астанада өткен қауіпсіздік кеңесінде президент Назарбаев "мұнайшылардың еңбек келісім-шартына байланысты туған дауды бандиттік топтардың әрекетімен шатастырмау керек" деген пікір айтты. Нұрсұлтан Назарбаев "бұл қылмыстық топтардың қайдан қаржыландырылып жатқанын және ұйымдастырушының кімдер екенін анықтаймыз" деп мәлімдеді. Ал ереуілшілер Жаңаөзенде болған оқиғаны "бұзақылар мен бандиттік топтардың жаппай тәртіпсіздік тудыруы" деп сипаттаумен келіспейді.  

КОМЕНДАНТТЫҚ САҒАТ

Қазақстан президентінің вебсайтына жарияланған жарлық бойынша Жаңаөзен қаласының аумағында 17 желтоқсан күнгі кешкі сағат 18.00 мен 2012 жылдың 5 қаңтары күнгі таңғы сағат 7.00 аралығында төтенше жағдай тәртібі жарияланды.

Төтенше жағдай уақытында түнгі сағыт 01.00-ден бастап, таңғы 07.00-ге дейін коменданттық сағат болады. Жаңаөзенде комендатура құрылып,  оған Қазақстандағы «Төтенше жағдай туралы» заңның аясында жұмыс істеу құзыры берілді. Жаңаөзен қаласының коменданттығына Маңғыстау облыстық ішкі істер департаментінің бастығы Аманжол Қабылов тағайындалды.

Төтенше жағдай тәртібі мезгілінде мынадай шаралар қарастырылған:

- Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында жүріп-тұру әрекетіне, оның ішінде көлік қозғалысына шектеу қою;

- Адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттарын, олардың заттарын, көлікке тиелген жүк, тағы да басқа заттарды тексеру;

- Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласына баратын, қаладан шығатын қимыл-қозғалысты тұтас шектеу;

- Жиналыс, митинг, пикет, шерулер өткізуге тыйым салу (бұған мәдени, және спорттық шаралары да жатады);

- Заңдық тұлғалардың қызметін тоқтату турасында қандай да бір әрекет етуге және ереуіл жасауға тыйым салу;

- Көшіріп басып, көбейтетін, радио-теле хабарлар тарататын және аудио-видео жазатын аппаратураларды қолдануға тыйым салу, дыбыс күшейткіш техникалық құралдарды тәркілеу.

Желтоқсанның 17-і, сенбі күні президент Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді.
     
Мәжілісті қорытындылай келе президент "жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушылар" табылады, жауапқа тартылады деп мәлімдеді.

Төмендегі интернет арқылы тарап кеткен бейнематериалда қақтығыстан кейінгі Жаңаөзеннің жағдайын көруге болады.




ЖАҢАӨЗЕНДЕГІ ЖАҒДАЙҒА ҚАТЫСТЫ ҚАРАМА-ҚАЙШЫ ПІКІРЛЕР

Қазақстан ішкі істері министрі Қалмұхамбет Қасымов желтоқсанның 17-і таңертең "Жаңаөзендегі тәртіпсіздіктер басылып, жағдай тұрақтанды" деп хабарлаған болатын.

Бұдан бөлек желтоқсанның 17-і түстен кейін ресми мәлімдеме жасаған бас прокуратураның өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков қалада байланыстың үзіліп қалғанына "тәртіпсіздіктер кезінде кабельдердің зақымдалғаны себеп болды" деді.  

- Кеше (16 желтоқсанда - Азаттық) Ақтау қаласында да аздаған мазасыздану болған. Адамдар жиналған. Бірақ, қала прокуроры мен ішкі істер басшылығымен сөйлескесін тарап кеткен, - деді Нұрдәулет Сүйіндіков.
Сүйіндіковтың айтуынша, Жаңаөзенде қаза тапқан он адамның барлығы - "жаппай тәртіпсіздіктерге қатысушылар".

Бас прокуратура өкілі Маңғыстау облысының басқа қалаларында жаңаөзендік ереуілшілерді қолдағысы келетіндер туралы ақпарат бар, бірақ мұндай жағдай ахуалды дұрыс түсінбегендіктен туып отыр деген тұрғыда пікір айтты.

- Бұқаралық ақпарат құралдары көпшілікке Жаңаөзенде болып жатқан оқиғалар туралы объективті ақпарат жеткізеді деп үміттенем, - деді бас прокуратура өкілі.

Нұрдәулет Сүйіндіковтың айтуынша, Жаңаөзенде қаза тапқан он адамның барлығы - "жаппай тәртіпсіздіктерге қатысушылар".

- Қақтығыс басталған сәтте алаңда ашу-ызалы 800 адам жиналып үлгірген, ал қоғамдық тәртіпті бар болғаны 120 қару-жарағы жоқ полиция қызметкерлері қорғап тұрған. Олардың командирінде ғана қару болған, - деп мәлімдеді бас прокуратура өкілі.

Азаттық радиосы Жаңаөзен қаласында желтоқсанның 16-сы болған қақтығыстан кейінгі ахуалдың қалай өзгергенін барынша анықтауға күш салып жатыр. Куәгерлердің айтуынша жергілікті ауруханаларда жаралы адамдарды жатқызатын орын қалмаған. Бүгін тағы бірнеше ғимарат тоналып, өртенген.
Бірақ, таңертең алаңға мұнайшылар қайта шықты. Олар қолдарына ақ ту мен плакаттар көтеріп шықты. Онда «Бейбітшілік», «Мир» деп жазылған.

Азаттық тілшісімен телефон арқылы сөйлескен Жаңаөзендегі «Стан» видеопорталының тілшісі Өркен Жоямерген былай деп хабарлады:

- Кешегі оқиғадан кейін Жаңаөзендегі «Тәуелсіздік» алаңынан барлық мұнайшы күштеп шығарылды. Бірақ, таңертең алаңға мұнайшылар қайта шықты. Олар қолдарына ақ ту мен плакаттар көтеріп шықты. Онда «Бейбітшілік», «Мир» деп жазылған. Оларды күштік құрылымдар қайта қоршауға алып, мұнайшыларға Жаңаөзен қаласының прокуроры келіп, келіссөзге шақырды. Араларынан бірнеше адамды бөлек шақырды. Прокурор: «Ешқандай ешнәрсе бүлінбейтін болса, ұрлық жасалып, ғимараттар өртенбейтін болса, біз сіздерге тиіспейміз» деді.

Мұнайшылар да өздерінің қанды қаламайтындығын, келісімге келеуге тырасатындығын айтып жатқан. Дәл қазір олар әлі сөйлесіп жатқан. Кеше үш ғимарат: әкімшілік, қонақ үй мен «Өзенмұнайгаздың» ғимараты өртенгендігі белгілі. Бірақ бүгін таңертең (желтоқсанның 17-і - Азаттық) тағы 2 кафе 1 дүкен тоналып, өртеніп кетіпті. Жаңаөзеннің өзіндегі ауруханада емдейтіндей жағдай жоқ, сондықтан көптеген жараланғандарды облыстық ауруханаға алып келіп жатыр.

«АҒАЛАРЫМЫЗ СЕНДЕР ҮШІН ӨЛДІ. АЛАҢНАН КЕТПЕЙСІҢДЕР!»

Желтоқсанның 17-і ресми билік өкілдері Жаңаөзендегі жағдайдың «реттелгенін» хабарлады. Алайда «Алға» партиясының белсендісі Айжангүл Әмірова Азаттық тілшісіне өзімен дәл осы күні таңертең хабарласқан ереуілшілердің бірі – Айман Оңғарбаеваның алаңнан кейбір адамдардың кете қоймағаны туралы айтқанын хабарлады.

- Айман әлі алаңда тұрғандарын айтты.  Ол жерде расымен бей-берекет жағдай қалыптасқан. Қалжыраған ереуілшілер кетейін десе, оларды құрбан болғандардың туыстарының жібермей тұрғанын айтады. «Біздің ағаларымыз сендер үшін көз жұмды, қалай кетіп қалмақсыңдар» деген соң тапжылмай тұрмыз деді, - дейді Айжангүл Әмірова. 

Мына бір интернет арқылы тараған видеоклипте қақтығыстың қалай басталғаны, ереуілшілерге полицияның оқ ата бастаған алғашқы сәттері бейнеленген.


Тіркелмеген «Алға» партиясының бастамасымен желтоқсанның 17-сі күні бір топ журналист Жаңаөзенге баруы тиіс еді. Алайда белгісіз себептермен олардың таңғы сағат 7.00-дегі рейстері кешкі 19.00-ге дейін шегерілген.

Азаттық тілішісімен хабарласқан жаңаөзендік ереуілшілер желтоқсанның 16-сы күні кеште де Жаңаөзендегі қарулы қақтығыстар жалғасып, құрбандар мен жаралылар санының арта түскені айтады.

Олардың сөзіне сүйенсек, желтоқсанның 16-сы күні кеште қаза болғандар саны 25-тен асса, 40-тан аса адам көз алдарында ауыр жарақат алған.

- Күннің аязына қарамастан алаңнан ешкім тапжылған жоқ.  Жаңаөзендегі орталық алаңда адамдар әлі толып жүр,- деп мәлімдеді кешкі сағат 22.00 шамасында алаңда тұрған дерек көздеріміздің бірі.

Оқиға куәгерлерінің сөзіне сүйенсек, қалада әскери жағдай қалыптасқан. Анықталмаған ақпарат бойынша көрші облыстардан күштік құрылымдары көмекке тартылған.
Ақтауда кеш бата полиция көліктері келіп алаңда тұрғандарды да, жәй өз бетімен өтіп бара жатқандарды да машинаға сүйреп, тоғытып алып кетті. Олардың арасында біздің ереуілші жігіттеріміз де кеткен сыңайлы.

Желтоқсанның 16-сы түнгі сағат 12-де ереуілшілердің бірі Марат Жүсіпбаевпен Азаттық тілшісі телефон арқылы соңғы мәрте хабарласа алды. Оның хабарлауынша, қараңғы түсе алаңға келген ОМОН сарбаздары травматикалық қарудан оқ жаудырған.

- Қараңғыда  ештеме көрінбеді. 4 адамға оқ тиді, біреуі қаза болды, - деді ол сол сәттегі жағдай туралы. Содан соң байланыс үзіліп кетті.


Жаңаөзен тұрғыны 2011 жылы 16 желтоқсанда болған оқиға туралы:






АҚТАУДАҒЫ ЖАҒДАЙ

Азаттық тілшісі желтоқсанның 17-іне қараған түнгі сағат 1-де Ақтаудағы ереуілшілермен де тілдескен еді.  «Қаражанбасмұнай» компаниясының жұмыстан босатылған мұнайшысы  Еркін Озған Ақтауда жаппай тұтқындау жүріп жатқанын айтты.

- Жаңаөзенде бейбіт халыққа оқ атылғанын естіп, оларға ынтымақтастығымды білдіру үшін бұрын наразылық білдіріп тұрған компания кеңсесінен Ақтаудағы орталық «Ынтымақ» алаңына келіп тұрғанбыз. Кеш бата  полиция көліктері келіп алаңда тұрғандарды да, жәй өз бетімен өтіп бара жатқандарды да машинаға сүйреп, тоғытып алып кетті. Олардың арасында біздің ереуілші жігіттеріміз де кеткен сыңайлы. Соларға бара жатырмыз, - деді ол Азаттық тілшісіне.

Өкінішке орай бұдан әрі хабарласу мүмкін болмай қалды. Өйткені Маңғыстау облысы бойынша ұялы байланысқа түгелдей тосқауыл қойылғанға ұқсайды.

Еркін Озғанның айтуынша, Жаңаөзендегі оқиғаға байланысты желтоқсанның 16-ы наразылық акциясына шыққан шетпелік мұнайшылар мен бірқатар тұрғындар Ақтауға жете алмапты. Олар наразылықтарын Шетпе аудандық әкімшілігі алдында жиналып білдірген. Сонымен қатар Шетпе станциясының тұрғындары ереуілшілерді қолдап, жолаушылар пойызын тоқтаттық деп хабарлады.

ШЕТПЕДЕГІ "ҚАҚТЫҒЫС"

Желтоқсанның 17-сі күні түскі сағат 12-лерде  хабарласқан Ақтаудағы  ереуілшілер "наразылықтың облыс бойынша  өршіп бара жатыр" деп мәлімдеді.

- Бізге қолдау ретінде басқа Қаламқас, Жетібай, Қаражанбас кеніштері мен "Тексако" мекемесі және Форт-Шевчонкадағы кәсіпорындар жұмысын тоқтатты. Олар Ақтаудағы орталық алаңға келе жатыр, - деп мәлімдеді «Қаржанбасмұнай» компаниясының ереуілдеп тұрған мұнайшысы Еркін Озған.

Оның айтуынша, ереуілшілерді  қолдаған Маңғыстау ауданындағы Шетпе станциясының тұрғындары жолаушылар пойызының жолын бөгеген.

Азаттық тілшісі Шетпе ауылындағы тұрғындардың бірімен хабарласқан еді. Өзін Бауыржан деп таныстырған тұрғынның айтуынша Ақтау-Ақтөбе бағытындағы №309 жолаушылар пойызы желтоқсанның 17-сі күнгі түскі уақыттан бері тоқтап тұр.
Ақтау-Ақтөбе бағытындағы №309 жолаушылар пойызы желтоқсанның 17-сі күнгі түскі уақыттан бері тоқтап тұр.

- Біз қазір пойыздың алдында жатырмыз. Мұнда барлық ауылдардан адамдар жиналды. Олар жаңаөзендіктерге қару жұмсауды тоқтатуды, оларды босатуды талап етіп тұр, - деді Бауыржан.

Бауыржан өздерін Атырау облысынан келген "60 шақты полицейдің қарауылдап тұрғанын" да айта кетті.

- Біздің полицейлерімізді Өзенге алып кеткен. Қазір омондар келеді деп күтіп тұр. Олар бізге жақындай қойған жоқ, - деді ол Азаттық тілшісімен сөйлескен уақытта.

Азаттық тілшісі сәл кешірек Бауыржанмен тағы да хабарласқан кезде ол полиция наразылық танытушыларға қару қолданды деп хабарлады.
Мен қазір  аудандық ауруханада отырмын. 25 жастағы жігіт басынан оқ тиіп қаза болды. Сегіз адам жарақат алды.

Оның айтуынша, 17 желтоқсан күні кешкі сағат 20.00 шамасында Шетпе станциясындағы  жаңаөзендік ереуілшілерге қолдау көрсетуші халық пен күштік құрылымдар арасында қарулы қақтығыс болған.

Шетпе тұрғынының телефон арқылы баяндауынша, сағат 18.00-де келіп жеткен арнайы жасақ пойыз жолын бөгеп тұрғандардың кетуін талап еткен. Алайда темір жол үстіне топтасқан жұрт тарқамаған. Солайша қоян-қолтық  ұрыс басталған. Оның сөзі бойынша халыққа қарсы  оқ атылған.

- Мен қазір  аудандық ауруханада отырмын. 25 жастағы жігіт басынан оқ тиіп қаза болды. Сегіз адам жарақат алды, - деді Бауыржан Азаттық тілшісіне. 

Бауыржан: Шетпеде 1 адам мерт болып, 8 адам жараланды
Loading
12:00:00 / -:--:--


Кейінірек тағы қоңырау шалған Бауыржан жарақат алғандар санының  ұлғайып бара жатқанын хабарлады.

Тағы бір дерек көзі дәл осындай халық наразылығының Жетібай ауылында да басталғанын, наразылық білдірген тұрғындар ауылдық әкімдік алдына  жиналғанын хабарлады. Бұл мәліметтерді прокуратура тек желтоқсанның 18-і ресми түрде растады.

Ал «Қаражанбасмұнай» компаниясының мұнайшысы Еркін Озған облыстағы барлық кеніштер жұмысының  тоқтағанын тағы  қайталай хабарлады. Оның айтуынша, кеніштердің жұмысшылары Ақтаудағы орталық алаңға топтасып жатыр. 

Шетпедегі жағдай туралы Маңғыстау ауданының әкімі  Қармыс Боқановпен сөйлесе алмадық. Әкімнің ұзақ жиылыстан қолы босамады.

"ӨЗЕНМҰНАЙГАЗДА" ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ"

Алайда аты аталған бірқатар кеніштердің бас акционері саналатын «Қазмұнайгаз» Барлау Өндіру» компаниясының баспасөз хатшысы Дәулет Жұмаділ өзінің басқа компания жұмысшыларының бұл әрекеттерге қатысы туралы естімегенін айтты.

- Мен тек "Өзенмұнайгазға" қатысты айта аламын. Бізде жағдай тұрақты, мұнай өндіру ырғағы бірқалыпты. Өндірістік нысандар мен жұмысшылар қауіпсіздігі сақталған, - деді ол.

Баспасөз хатшысының айтуынша, "Өзенмұнайгазда" бірқатар қиындық туған.

- Ауысым жұмысшыларын таситын автобус жүргізушілерінің жұмысқа  шықпай қалғанын жасырмаймын, - деді ол. – Оларға түсіністікпен қараймыз. Өйткені олар өздері мен отбасыларының өмірі үшін қауіптеніп отыр.

Ал «Қаражанбасмұнай» АҚ вице-президенті Әли Сахимов бұл  әңгімені "100 пайыз жалған ақпарат" деп бағалады.

- Біздің мекемеміз күш-қуаты еш кемімей жұмыс жасап жатыр, - деді вице-президент.

ҚОҒАМДЫҚ ПІКІР

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданындағы Қызылоба ауылының тұрғыны 70 жастағы зейнеткер Бахытжамал Магденова Азаттық тілшісіне өзі телефон шалып, ауыл адамдарының алаң көңіл күйін жеткізді. Оның айтуынша Жаңаөзендегі жағдай туралы мүлдем ақпарат болмағандықтан қызылобалықтар оқиғаның қалайша өрбіп жатқанынан хабарсыз.

- Кеше қазақстандық телеканалдардың бірінен 1 минутқа жетер-жетпес жылт еткен хабар болды. Жаңаөзендегі бассыздықтар туралы. Бүгін кешке дейін күтіп жүрміз, түк ақпарат жоқ. Біз жаңаөзендіктерді материалдық та, моральдық жағынан да қолдауға дайынбыз, -деп мәлімдеді Бахытжамал Магденова Азаттық тілшісіне.
Жаңаөзеннің орталық алаңында тұрған полиция қызметкерлері. 16 желтоқсан 2011 жыл
Жаңаөзеннің орталық алаңында тұрған полиция қызметкерлері. 16 желтоқсан 2011 жыл

Ол өзінің шағын ауылындағы адамдардың жаңаөзендіктердің әрекетін дұрыс деп санайтындықтарын айтты.

- Олардың еңбек жағдайын түзеуді талап еткендеріне ешкім құлақ аспайды. Сондықтан ашу-ызаға ерік бергендері орынды, - деді зейнеткер.

Жаңаөзендегі ереуілшілердің полициямен қақтығысы туралы хабарды Қазақстандағы ресми бұқаралық ақпарат құралдарының форумындағы комментаторлар мен әлеуметтік желілердің қолданушылары әрқилы бағалап жатыр. Ереуілшілердің наразылығын «бұзақылық іс-әрекет» ретінде сипаттаған бас прокуратура мен ішкі істер министрлігінің позициясымен үндес пікір білдірушілер де бар.

Ресми мәліметке сәйкес желтоқсанның 16-сы күні Жаңаөзенде болған қақтығыс кезінде 10 адам қаза тапқан. Желтоқсанның 17-сі Шетпе станциясында болған толқу кезінде бір адам полиция қолынан оққа ұшқан.  

(Бұл мақаланы дайындауға Алматы бюросының тілшісі Мәншүк Асаутай қатысты).



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір жарияланған бет , жиыны 6
    Келесі 
Кімнен: Бақытжамал Магденоваға
17.12.2011 17:18
+0 / -0
Бәке, осынау қиын шақта жылы сөз айтып моральдық қолдау білдіргеніңіз үшін адай халқының атынан Сізге мың да бір рахмет! Біз Сізді ешқашан ұмытпаймыз!
Пікір алмасу

Кімнен: Қызылордалық Қайдан: Қызылорда
17.12.2011 19:01
+0 / -0
Бауырларымызға қүш-қуат пен төзімділік тілеймін! Қайтпа - қазақ!

Кімнен: Маңғыстаулық
17.12.2011 18:01
+0 / -0
Қазір Өзенде не болып жатқанын ешкім де біле алмай отыр, белгілісі - қаланы қазақ әскері қоршап алған, қанды қасап жасап қырып жатырған сияқты. Өзенде тұратын тумаластарымыздың жағдайын біле алмай қатты алаңдап отырмыз, әлі телефон байланысы жоқ. Генерал Қасымовтың айтқаны шындыққа жанаспайды, егер қала тынышталған болса бір хабар болар еді. Сол сияқты прокурор Дауылбаевтың айтқаны да өтірік, ол айтқан өлген 10 адам туралы ақпар Евроньюсте де жүр, ал шындығында өлген адам саны ең аз дегенде 40 сияқты. Атыс әлі болып жатырғанға ұқсайды, қала енді партизандық соғыс тәсіліне көшуі мүмкін, олай болса басқа қалалардан келген жас қазақ жігіттеріне обал-ақ болады, олар бұйрықты орындаймыз деп босқа өлуі мүмкін, себебі жергілікті халық өз қаласын жақсы біледі. Сондықтан баласы Ақтауда службада жүргендер балаларыңызға сақ болыңыздар, оларды өз халқын қыруға жұмсаған адамдардан жауапкершілік талап етіңіздер!
Пікір алмасу

Кімнен: Сары Қайдан: Бишкек
17.12.2011 19:14
+1 / -0
Казак боордоштор. Биз силер мененбиз! Шейит кеткендердин жаны жаннаттан жай болсун. Сабырдуу болгула. Биздин да журок зыркырап турат...
Пікір алмасу

Кімнен: эльза Қайдан: уз.респ
18.12.2011 13:45
+0 / -0
кайда журсем атамекен,кокеймде жатады екен.каза болган кандастарымнын отбасына жане жакындарына алла сабыр берсин,о дуниге аттанган бауырларымнын жаны жаннатта болсын.Астанада сол мунай кушимен салынган кала болса керек.мунай ондирушилер енбеги адил багалану керек.Казахстанга тыныштык бейбитшилик тилеймин!
Пікір алмасу

Кімнен: Нуртас Қайдан: Жанаозен
19.12.2011 02:27
+0 / -0
Жанаозендеги айкайга кіналі Мангыстау обл әкімі орынбасары Айткулов пен Жанаозен әкімі Орак Сарбопиев осылар оздеринше аланды алу ушин 20 киз уй курып тойлады.Мен карсымын ызаландырып не керек деген Оларды тындамаган Озенмунайгаз бастыгы Ишмановты Айткулов Егер тикпесен корсетем деп коркытыпты. Айткуловтын жандосы ауылдасы Ыкылас Шангереев Аланды тарату ушин жумыссыз кала жастарын дайындап атысты бастаган сол. 10 жас жигитти акимшликте Айткуловты куткару кезинде койша кырып салган. Айткулов 10 жигитти олтирип уялмай УВДда штаб командир болып отыр. Касында Орактын кенесшиси аферистка Айнаш Тилеккабылова да жур.Теккана жазыксыз дукендер ортенди. Айткуловтын досы кассасы Жанат садыковтын Жибек жолы базары, Дастархан супермаркети, Абат, Арай дукендери ортенбеген. Бокен базары да ортенбеген Осылар 6-ай бойы акша тамак берип уволенныйларды асыраган. Айткуловка Аллах корсетеди Жол апатына ушырап арам оледи! Айткулов, Кызанбаев Кушбай, Баска да калпак оралмандар Биликке таласып халыктын обалына калды.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
19.12.2011 21:27
+0 / -0
нуртас осы окыйгага оралмандар кинали болса,оралмандарды олтире бер балдарымызды,озимизди шеткерлетесиндер,жерине сыйдыра алмасан олтир,менде сонда кошип барамын алдагы жылы мениде олтир,озбекке мол хозох,сендерге биш оралман болганнан олген жаксы.етинди сенин...
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
20.12.2011 04:50
+0 / -0
окинишке орай калпак емес киши жуз сенин карындасынмын корши елдеги.кошипте бармаспын ру айратын сендер кызыксындар.

Кімнен: Ызалы, шарасыз қазақ
17.12.2011 18:13
+1 / -0
Билік ереуілшілерді сайлауға дейін қалайда тарату үшін арандату жасап күш қолданып отыр - бұл ешқандай да құпия емес. Көпшіліктің 4 күн демалыста жайбарақат дем алатынын да ескерген болуы керек, егер жұмыста болса онда адамдар бұл жағдайды бір-бірімен қызу талқылар еді де, бұл билікке тиімсіз болып шығар еді. Сондықтан не де болса билік тарапынан алдын-ала дайындық жұмыстары жүргізілген. Мақсаттары - мұнайшыларды біржолата тұқырту, енді қайтіп бас көтермейтіндей ету, сөйтіп ел байлығын бұрынғыша еш бақылаусыз тонай беру, сондай-ақ адай халқының сағын сындыру! Меніңше, олар бұл мақсаттарына тіпті де жете алмайды! Өйткені мен өз халқымның мінез-құлқын өте жақсы білемін!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
17.12.2011 18:26
+0 / -0
Бейне жазбаларды мұқият қарап шықтық. Неге дауыс ұлғайтқыш аппаратураларды құлатып жүрген жігіттердің түрлері көрсетілмейді? Олардың киген киімдері мұнайшылардың қызыл күрең формаларына ұқсаймайды ғой. Әдейі мұнайшыларды арандату үшін белгілі күштер біреулерді жұмсап ереуілшілерді жаман атты етуге, оларды қылмысты етіп көрсетуге тырысып жатқан жоқ па? Мұнайшылар негізі осы күндері ереуілдерін 2-3 күнге тоқтатып, үзіліс жариялап қоя тұру керек еді. Адам өлімі болғаны өкінішті. Оған ең алдымен облыс әкімі мен елдің премьер министрі отставкаға кетіп, заң алдында жауап беруге тиіс. Сосын, өзгелер де жазасыз қалмасы белгілі.

Кімнен: адай Қайдан: алматыдан
17.12.2011 18:32
+1 / -0
Мен Ақтаудағы туыстарыммен хабарласып отырмын. Жағдай қиын, кейбіреулердің айтуынша 70-тей адам өлген. Қаламқасмұнайгаз бүгін жұмысқа шықпаған. Шетпенің халқы Өзендіктіреді қолдау үшін темір жолды жауып тастаған. АқтөбеАқтау пойызын тоқттатып татаған. Бірақ Жаңаөзенге сырттан адам кіргізбейді. тек солдаттар мен милициядан басқа. Барлық жақтан Алматы Өскеменнен әскер кіргізіп жатырғанұқсайды. Бұл деген масқара ғой! Халықты қойдай қырмақшы! Билік бәрін өтірік айтып отыр, сенбеу кк! Біз жаңаөзендіктерді қолдаймыз! Ұшып жетуге қанатымыз жоқ!

Кімнен: Marat Қайдан: Paris France
17.12.2011 18:52
+0 / -0
Батыс казахстанда болып жаткан бул жагдайларды естип шошип кеттик,билыктын карапайым халыкка ок жаудырганы дурыс емес
Кайтыс болган бауырмыздын тустарына кайгырып коныл айтамыз
Адам олтырумен ешнарсе шешылмеиды
Халкын аяаусыздыкпер кырган каддафй мубарак салехтардын
Не болганын корып отырмиз акйкат соссйз женеды онын артында
Шындык бар
Жанаозендыктердын кайгысына ортактасып коныл айткан
Еуропа казак ары

Кімнен: Қуаныш МҰҚТАЙ Қайдан: Алматы
17.12.2011 19:03
+1 / -0
Қанішер билік ең ақырғы қызыл жіпті аттап, өз ұлтына қарсы мылтық атты, жазықсыз адамдардың қанын судай шашты, бала-шағаларының обалына қалды, мұның арты жақсылықпен бітпейді - жаппай көтеріліске әкеліп соқтырады! Менің мынау тексіз билікті ЖАУ деп қақсап келе жатқанымның себебі - басынан бастап Назарбаевтың қазақ ұлтына жау екендігін сезгендіктен еді. Бұнымды көрегендік деп мақтана алмаймын, менің мұным - интиуция (көкейкөздік) еді.
Қылмыскер билік басы Назарбаев болып, Жаңаөзендегі сұмдық қылмыстары үшін халық соты алдында жауап бермей тұрып ешқандай да сайлау өтпеуі керек! Сайлау өткізуге қанішер биліктің ешқандай құқысы да қақысы да жоқ! Қылмыскер билік қылмыстары үшін халық алдында қылмыстық жазаға тартылуға тиісті! Олай болмайды екен, бұның ақыры Назарбаевтың Каддафидің жолын құшуымен аяқталмақ!

Пікір алмасу

Кімнен: Қоштау
17.12.2011 20:13
+0 / -0
Мен де ақын-Қуаныш МҰҚТАЙ-дың сөзін қоштаймын.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
17.12.2011 20:36
+0 / -0
Аумин! Айтканын келсін! Маркум Каддафиден артык емес
Пікір алмасу

Кімнен: Медет
17.12.2011 21:16
+0 / -0
Менің мынау тексіз билікті ЖАУ деп қақсап келе жатқаным
__________________________________
Кеудеңді соғып сөйлеуді қашан қоясың, Мұқтай? Бұл сөздерді жалғыз сен бе едің айтқан? Сен милицияда жүрген кезде мұны сонау НӘН билікке келген кезден-ақ қақсап айтып келе жатқан Жасарал, Хасендер. Бірақ олар ешқашан сен сияқты кеудесін соққан емес. Бүгін де Республика алаңындағы митингіде Назарбаевтың Жаңаөзен қырғыны үшін биліктен кетуін және сотқа тартылуын ашық талап еткен сен емес, солар. Ал сенің бар білетінің - сайтқа шығып алып "батырсыну" ғана.
Пікір алмасу

Кімнен: Шахановшыл Қайдан: Республика алаңынан
17.12.2011 21:56
+0 / -0
Медет болып шыққан Жасаралға ешкім жақпайды, Шахановты жамандап болып, енді ақын Қуанышпен ұстасып шыға келді. Республика алаңында біз Жасаралды емес Хасеннің айтқан сөзін естідік, ал Жасаралдың бірдеңе дегенін естімедік. Так что ең әуелі өзіңе қарап алу керек шығар. Милицияда істесе несі бар екен, Хасенді арестовать еткен Қуаныш па?

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
17.12.2011 19:03
+0 / -0
Hairan qazaq qor boldi,
Qitaishilding ezine!
Пікір алмасу

Кімнен: Азаттық Қайдан: оқ атылған жер
18.12.2011 02:57
+0 / -0
НӘН және оның айналасындағылар ертеме кешпе осы жасаған қылмыстарыңның сұрауы болады тағы айтарым ол күн алыс емес ойланың Каддафиді халқы не жасағанын

Кімнен: керей жанбек тукымы Қайдан: алматы
17.12.2011 19:11
+0 / -0
Бул жеке адай емес жалпы казакка келген машакат жирма жылдын алдында орыстардан каза тапкан казак енды оз казактармыздан каза тапты тым окншты билктын жаи халкка ок атар кукыгы жок олар оз азаматтык адамдык муддесынкоргауга кукы бар жонгаргада орыскада кытаигада карсы шыгып намсын коргаган казак неге аза заманда соз бостандыгы азамат бостандыгн коргаи алмаиды ?мен сол курбан болган кандас казактарма аза боиым каза уиктаи алмадым?тек елде жаппаи булиншлик пада болама деп аландаисын сырртта казакка жау коп билкты силап еркелеткен халыкты билик нег силамаган биз билкке акшамен мунаиды баилыкты атсак неге олар бизге ок атады халык ар кез соз бостандыгы ои бостандыгына улт болашагына куресукерек егер олаи болсмаса бары далбаса болашак болмаиды алла сол каза болган батыс азаматтарна адаидын батыр жигттерне жаннаттан орын бергеи мен озим орта жуз кереи деп озимды боле алмаимын бармиз бир казак азаттыкка бостандыкка бирге умтылган казак кыиндыктыда бирге котеру керек?биз казактар ерин батыр халыктын урпагымыз бизды ешким кушпен баса алмаиды тек ар мен намыска иуатка бас иемиз егер кушке келсе онда олар женлды деи бер мен тек соны аитам бар казах ертенгы улт урпак болашагына аландаитын кез жетты ?борктинын намсы бир оиан казах? жирма жылдык мерекеге солаи дуга кылдым алла тек жаксылыкка жазсын аумиын
Пікір алмасу

Кімнен: табын Қайдан: кiшi ЖYЗ
18.12.2011 13:11
+0 / -0
АЛFA
Пікір алмасу

Кімнен: Максат Қайдан: Семей
18.12.2011 15:51
+0 / -0
Халыкка ок атуга карсымын.жазыксыз адамдар кетип жатыр.

Кімнен: Алаш Қайдан: Алашорда
17.12.2011 19:28
+1 / -0
Оян Қазақ! Үкімет оставкаға кету керек, шұғыл. бұның бәріне сарт премер мұртынан күліп отырған шығар - шешеңді, - қазақты жұмысынан айырып қытайға сатып, енді келіп бүлікшілер деп оқ атып отырған билігінді - осы кісілердің бір пікірімен санасты ма? бүйтіп мал бол жүргенше алаңда өлген артық.

Кімнен: Белгісіз Қайдан: Батыс
17.12.2011 19:28
+0 / -0
Адайлықтар, біздің нағашылар! жарайсыңдар!
Пікір алмасу

Кімнен: Азат Қайдан: БҚО
18.12.2011 17:53
+0 / -0
Бұны сен жаксы еп отырсынба! еіліміз бұндай болганына куанасынба! созім жок халқым!

Кімнен: Актаудан
17.12.2011 19:57
+0 / -0
http://video.rosbalt.ru/view_video.php?vid=8560&page=1 К+ арнасынын екинши видеосын. Кориндер

Кімнен: казак кызы Қайдан: мангыстаудан
17.12.2011 20:06
+0 / -0
Кеше жараланган бауырларын акелген Жанаозендиктерден естигеним олген адамдардын ишинде 9жасар ербала, 16 жасар кызбала , жукти келиншек те бар дейди. Маскара гой мынау , карапайым халыкты кырып жатыр. Ал телевизорда сол куанышты тойлагандай концерттен коз ашпай жатыр. Актауга кеше аланга шыккандарга да атып тастаймыз деп сес корсетипти. Олар карсыласпаган , егер карсыласса оларды да ойланбастан атып тастар еди. Мына онбаган билик ойына келгенин истеп жатыр. Актау халкын бир-бирине карсы кылып койган олар акша ушин кырылып жатыр деп. Кеудесинде намысы бар , казакпын деген жигиттер казир ынтымакта тур жауыз каскырдын арландарымен бетпе-бет. Бауырлар соларды колдайык.
Пікір алмасу

Кімнен: ауыл қызы Қайдан: жетібайдан
18.12.2011 21:25
+0 / -0
дұрыс айтасындар қаншама кінәсіз адамдар құрбан болып жатыр оқ атқан дұрыс емес

Кімнен: kairat Қайдан: kg
17.12.2011 20:14
+0 / -0
kaitpandar baurlastar aiagyna cheiin turundar aitpese kesh bolady

Кімнен: Жақайым Қайдан: Арал
17.12.2011 20:25
+0 / -0
Қазаққа оқ атқызғандар оңбайды, түбінде қазақ халқы жеңіске жетеді! АЛЛАХЫМ өзің жәрдем берегөр! Күнәхарлар түбінде тозақтан ғана орын алады! Осы биліктегілерді аяймын, өздеріне тозақты сатып алып жатқандарын білсе еді..., әлбетте бұлай істемес еді. Қарапайым халықты жазықсыз өлтіру - неткен зұлымдық!
Пікір алмасу

Кімнен: zheltocsan
18.12.2011 01:12
+0 / -0
ой, бауырым, мемлекеттік мекемерде өзіне табынуға (ұлықтауға) тыйым салмай, Аллаһға табынуға тыйым салғандарда тозақтың барына сенетін Иман қалды ма екен өзі? Экологияның әбден құрып тұрған заманында қартаюды тежейтін дәрі табылады деп сеніп жүргендердің бастарында ақыл қалды ма десейші?

Кімнен: Адайка Қайдан: Актаудан
17.12.2011 20:30
+0 / -0
Жалақыны реттеп беруге шамасы келмеген, келседе пысқыра қарамаған билік басқа облыстан әскер жібереді. Неге соншама халықпен ойнайды, Астана гулдеп тур ал Жаңаөзен ескі қала құсап тұр. Бүкіл маңғыстау қорғынышта отырмыз, тек тыныштық болсын, әділ шешім болсын.

Кімнен: Қазақ Қайдан: Арал
17.12.2011 20:45
+0 / -0
Полицей халыққа оқ атпаймын деп бас тартса, онда сол адамды барлық жерге жариялап, халықтың рахметін айтып қолдау керек. Сонда басқа да полицей мен ОМОНдар халыққа от жаудырудан бас тарта бастайды.

Кімнен: Тойжан Қайдан: Иран
17.12.2011 21:01
+0 / -0
Өз қандастарының қанын төккен билік оңбасын. Қазағым қашан бас көтере екен.

Кімнен: казак Қайдан: Актобеден
17.12.2011 21:17
+0 / -0
БАК-не айтар екен...? жабулы казан жабулы куиинде калдырып, жалган акпартпен тойдыратын шыгар !?!)

Кімнен: Психолог
17.12.2011 21:19
+0 / -0
Бұл қақтығыста қайтыс болған бауырларымыздың туыстарына қайғырып көңіл айтамын.
Психолог А.Маслоу адам қажеттіліктерінің ішінде мыналарды бөліп көрсетеді:
- физиологиялық (тағам, су, ұйқы, тұрғын үй, денсаулық және т.б.);
- қауіпсіздік, болашағына деген сенімділік;
- қандай да бір қауымдастықта болу (отбасы, компания, достар, ұжым және с.с.);
- құрметтеу, мойындау;
- өзін көрсету, өз мүмкіндіктерін жүзеге асыру, рухани қажеттіліктер.
7 айдан бері алаңда тұрған мұнайшылар мұның бәрінен ада болды. Жаңа Өзен жастары да мұндай шеттеулердің дәмін татты. Себепсіз ештеңе болмайды. Мен тәртіп бұзғандарды ақтап алайын деп отырған жоқпын. Бірақ осы 7 ай көлеміндегі ашу-ыза сыртқа шықты. Жазықсыз қан төгілді. Бұл істің арнайы тәуелсіз комиссия құрылып, терең зерттеулі тиіс. Көп жастардың аффект, яғни не істеп, не қойғанын білмейтін психологиялық жай-күйде болғанын да ескеру қажет. Әйтпесе, шетінен бұзақылар, нашақорлар мен маскүнемдер деп шыға келеміз.
Бұл істе билік өкілдерінің де кінәсі бар. Өйткені бейнежазуларды көріп отырып, олардың ешқайсысының қолынан дауыс зорайтқышпен басу айтқаны байқалмайды. Оған қоса мұнайшылардың ашу ызасын одан әрі келтіріп, шырша орнатып, мереке жасағандар да жазалануы тиіс.
Пікір алмасу

Кімнен: НӘН, режим құрып кетсін!
17.12.2011 21:46
+0 / -0
"Тәртіп бұзғандарды" ақтаудың еш қажеті жоқ, Психолог-сымақ. Өйткені олар ешқандай да тәртіп бұзған жоқ. Бүкіл тәртіпті де, заңды да аяққа таптап, халықты қайыршылыққа салып, көшеге шығуға мәжбүр етуші - алжыған жауыз Назарбаевтың халыққа қарсы қылмыскер режимі. Ол, міне, халыққа оқ атып, қылмыстың ең ауырын жасап жатыр. Сондықтан мен мұндай басшы мен биліктің құрып кеткенін тілеймін!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
18.12.2011 02:20
+0 / -0
кеудесінде намысы бар қазақ елінің азаматтары ояныңдар Маңғыстау АДАЙларына туған күн сендерге де туады сода қайтесіңдер осылай бұғып жата бересіңдерме
Пікір алмасу

Кімнен: Тұтас Қазақ Қайдан: CЕМЕЙДЕН
18.12.2011 02:52
+0 / -0
Құрметті Елбасы Н.Ә.Назарбаев мырза сіздің билік қазаққа оқ атқан соң, сізді ел басшысы ретінде мойындай алмаймыз. сіздің өз еркіңізбен биліктен кетуіңізді сұраймын! мен сіздің саясатыңызды қолдамаймын! Жаңаөзендіктер Желтоқсан оқиғасына қатысқандардан да ерекше құрметтелетін болады. мен ойлаймын Желтоқсан оқиғасына кінәлінің біреуі сізсіз деп.бірақ бұған дәлелім жоқ. біріқ тарих өз бағасын бере жатар әлі.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
19.12.2011 01:33
+0 / -0
тәуелсіз комиссия құрғаннан не пайда? ертен билік оларды да сатып алып ауыздарын жауып қояды ғой
Пікір жарияланған бет , жиыны 6
    Келесі 

Назарға көп іліккен

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

Samsung, Өзбекстан халқы және "Болашақ-Серхетяка"

Сұрақ 1/ 5

Сұрақтың фотосы
Samsung компаниясы байланыс саласында соңғы үлгідегі қандай жоғары технологияның сынақтан сәтті өткенін хабарлады?