Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 04:44

ӘЛЕУМЕТ

Ереуілші мұнайшылар – алаңда, заңгері – Атырау түрмесінде

«Қаражанбасмұнай» компаниясы кәсіподағының заңгері Наталья Соколова қазір Атырау қаласындағы 157/11 әйелдер колониясында жазасын өтеп жатыр. Ал мұнайшылар алдағы мереке күндері де ереуілдей бермек.

Наталья Соколова (ортада), оның күйеуі Василий Чепурной (сол жақта) мен адвокаты Арман Жәменов. Ақтау, 26 қыркүйек 2011 жыл.
Мәтін көлемі - +

«Қаражанбасмұнай» компаниясы кәсіподағының заңгері, «әлеуметтік жанжал тудырды» деген айыппен тамыз айында 6 жылға бас бостандығынан айырылған Наталья Соколова «осыдан екі ай бұрын Атыраудағы 157/11 әйелдер колониясына ауыстырылды» дейді оның ері  Василий Чепурной Азаттық тілшісіне.

«ҚҰРЫЛЫСШЫ» ЗАҢГЕР

Василий Чепурнойдың айтуынша, заң бойынша Наталья Соколоваға жақындарымен жылына төрт рет ұзақ мерзімді кездесуге рұқсат етілген. Бірінші кездесу қараша айының ортасында болыпты.

Ерінің айтуынша, Наталья Соколованың жағдайы «түрмеде отырған басқа сотталушылардыкі» сияқты.

– Еңсесі түспеген. Оған адвокатқа хабарласу қиындау боп тұр. Қазір қайтадан аппеляциялық шағым жазып, өзі дайындап жатыр, – деді Василий Чепурной.

Василий Чепурнойдың айтуынша, Наталья отырған түрмеде жөндеу жұмыстары жүріп жатқандықтан тұтқындардың қолы босамайды, әзірге қысым көргені туралы шағымданбаған.

– Наталья ол жақта жынданып кетпес үшін құрылысқа араласыпты. Яғни пеш орнатуды, сылап-ақтауды, сырлауды меңгеріп жатыр, – дейді Василий Чепурной.

Оның сөзіне қарағанда, Соколова қамалған түрме жаңадан салынғанымен, ғимараттарының сылақтары түсіп, нашарлап бара жатыр.

– Жемқорлық түзету мекемелерін де жайлап алған. Бұл түрменің салынғанына екі-ақ жыл болды, бірақ қазірдің өзінде қирап барады. Жылыту жүйесі нашар, қабырғалары үгітіліп жатыр, пештер бұзылған. Сондықтан тұтқындар жөндеу жұмыстарынан босамайды, – дейді Василий Чепурной.  

Наталья Соколова Маңғыстаудағы мұнайшыларға қанша жалақы алуға тиіс екендіктерін түсіндіріп, содан кейін өрбіген ереуіл кезінде сотталған еді.

АЛАҢҒА ТАЛАСУ

Ал Маңғыстаудағы жеті ай бұрын басталған мұнайшылар ереуілі күннің суығына қарамастан әлі жалғасып жатыр.

– Мына тұрған 2600 мұнайшының отбасы ашқұрсақ отыр. Кейбіреулерінің балалары сабаққа бара алмай қалды. Қыс киімдері жоқ. Ішерге тамақ жоқ. Төлейтін пәтерақы бағасы өсіп кетті. Мына жақтан несие қысып жатыр. Кейбіреулерге «үйлеріңді босат» деп жатыр, – дейді жаңаөзендік мұнайшы Шолпан.

Мұнайшылардың айтуынша, жергілікті билік мерекеге байланысты ереуілшілерді алаңнан қуған жоқ, бірақ Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығы мерекесіне орай ол алаңда 20 киіз үй тігілмек.

«Халық майданы» қозғалысының өкілі Айжангүл Әмірованың айтуынша, 
«Халық майданы» қозғалысының өкілі Айжангүл Әмірова. Алматы, 7 маусым 2011 жыл.
​​бұған кейбір мұнайшылар наразы.

- Мұнайшылар «қордаланған сұрақтарымыз шешілмей тұрған кезде қандай мереке жайында айтуға болады» деп отыр, - дейді Айжангүл Әмірова.

Оның сөзінше, бұл туралы жергілікті билік әзірге ештеңе айтпай отыр.

Ал Жаңаөзен қаласы әкімінің кеңесшісі Айнаш Тілекқабылова «мұнайшыларды алаңнан ешкімнің қумайтынын» айтады. Оның сөзінше, желтоқсанның 16-сы күні алаңға киіз үйлер тігіліп, мерекелік шаралар өте береді.

– Олар тәуелсіздік күнін мерекелеу шарасына қатысса да болады. Оларды ешкім қуайын деп отырған жоқ. Бұл алаңды оларға ешкім берген жоқ. Бұл – қаланың алаңы. Мерекелік шаралардың барлығы осында өтеді. Өте береді де! – дейді Айнаш Тілекқабылова.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: саясат Қайдан: үкіметтен
13.12.2011 22:00
+0 / -0
осы Сокалова бәрін бастаған. жазасын тартсын! тыныш отырған бүркітті, артынан түртіп үркітті.

Кімнен: Иман Қайдан: Астана
13.12.2011 22:06
+0 / -0
Ой АЛЛА карасагор озин каншама бала шага уйде киналып жатыр, тым болмаса балалардын несибесин бериндер олар Казахстаннын болашагы емеспа.Жумыс орындарына кайта ала коягоймай ма екен жигиттерди.Ала ауыздык осыдан басталады емеспа.

Кімнен: саясат Қайдан: үкіметтен
13.12.2011 22:16
+0 / -0
ереуілдеушілерді орнына 3-4 ай шақырды, келмеді. орнына адам алғаннан кейін барып, орнын талап етті олар. сонда олардың орнына кіріп қойғандарды жұмыстан күштеп шығарады ма? бұл бір.
бір күн ұрыстың 40 күнге кесірі тиеді. ол екі.
ереуілдеушілермен де кездестік, мақсаты айқын емес. сұрағаны әділдік. бірақ әділдік өздері істеген ісінде жоқ. тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп құлағынан айырылыптының кері болған іс.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
13.12.2011 23:43
+0 / -0
Бүкіл адай көтеріліп кеткенде көрер ем мына үкімет деген итаршының қалай сайрайтынын
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
14.12.2011 03:39
+0 / -0
Бир кун урыстын кырык кун кесири бар.... Бул атам Казактын сози. Адай да котерилмесин, баска да котерилмесин.... Ен бастысы - аманшылык. Бул - биздин ен асыл казынамыз.
Пікір алмасу

Кімнен: иілмеген қазақ Қайдан: Ақтау
14.12.2011 10:22
+0 / -0
Қайдағы аманшылықты айтып отырсың? Алматысы тұрғанда, жын қаққан адам құсап ,Астана саламыз деп, қаржының бәрін соған жұмсап, жолдарымыз салынбай қалды. Бүкіл дүние жүзі бір жақты тегіс жолдарға көшкенде біздер әлі бұрынғыша, екі жақты, онысы да шұрық тесік, ойдым-ойдым, апандар жолмен қалдық. Соның қырсығынан жылына 4500 адам жол апатынан опат болады екен. Сол аманшылық па? Немесе, әлеуметтік жағдайдың нашарлығынан, бұрын 5-6 дан кем тумайтын қазақ әйелдері, енді 2-3 тен артық тумай қалды, сол да аманшылық па. Мұнайшылардың заңды еңбек ақысын талап етіп , Қазақстанда сот институтының қолды болғанының қырсығынан(президенттің жеке меншігі), төрелігін айтатын орынның жоқ болып,айтса да қайта-қайта иесінің пайдасына шеше бергенінен,олардың 8 ай сенделуі тыныштыққа жата ма? Қарсы сөйлегендердің түрмеге тоғытылуы, немесе өлтірілулері аманшылыққа, тыныштыққа жата ма?

Кімнен: қорқақ модераторға
14.12.2011 09:30
+0 / -0
Модератор, "үкіметтің саяасатына" жазған пікірім қайда? АЗАТТЫҚпыз деп жүрген сендер цензура қолданасыңдар басқаларға нежорық, қорықсаңдар жауып тастаң, әз-әулие болмай.
Пікір алмасу

Кімнен: Модератор
14.12.2011 14:25
+0 / -0
Құрметті оқырман!
"Ей, "үкіметтің саясаты", бетпердең сыпырылып қалды ғой..." деп басталатын пікіріңіз форум ережесіне қайшы келгендіктен жарияланбады. Адамды хайуанға теңеп, жеке басын қорлаған пікірлерді құптамайтынымызды білесіз.

Кімнен: Жатыпатар Қайдан: Маңғыстау
14.12.2011 11:10
+0 / -0
Мен әрине, мұнайшылардың талабының орындалғанын жақсы көремін. Бірақ, мұнайшылар енді қоя қойса да болады. Үміт бәрібір Назарбаевтық режимде орындалмайды.Осы ереуілді тоқтатпай отырған меніңше "Халық майданының" өкілдері. Тұыңдар, шыдаңдар, ертең еуроодақтан келеді, бәленшеден келеді, деп алдаусыратып келеді. Мұнайшы Талғат Сақтағанов президентпен кездесуге кетті деп және алдап отыр. Маңғыстаудың әкіміне кіре алмаған Сақтағанов Назарбаевқа кіре алады дегенге менің сенгім келмейді. Сақтағанов Қазір демалыс орындардың бірінде жатыр. Мұның бәрі мұнайшыларды алдау. "Халық майданы" Әблязовтың күші екені белгілі. Әблязовтың ойы Маңғыстаудың мұнайшыларын пайдаланып, Назарбаевқа соққы беру. Оның мұнайшыларға шын жаны ашиды дегенге сену қиын. Айжангүл Әмірова деген- тіпті көшеде жүретін, орынсыз үретін, дарақы қатынның өзі. Маңғыстауда саяси беделі нөл. Жанболат МАМАЙ - оппозициялық бір басылымда "Әблязов ұры, 10 миллиард долларды елден жымқырды" деп жазып еді. Қазір сол Әблязовтың артын жалаумен жүр. Тіпті, саясат дегенде де нағыз еліне жаны ашитын азамат мұндай болмаса керек. есіріп кеткен. Жанболат мынадай, анадай дегенге "бақыттан" басы айналып жүр. Алматыны көтерем, студенттерді көтерем деп ұрандайды.Бірақ, он шақты студентті шығарып, қаматқаннан басқа әрекеті қайсы? Қай жерін жегісі келіп жүрген аққу екеніне түсінбедім. Алматыда студенттерді шығарды ма? Жоқ! Мамай - Маңғыстаудың маңына жолама! Сен ешкім де емессің. Тек кімнің тарысы піссе, соның тауығысың. Шыны сол! Менің айтып отырғаным өсек, гу-гу емес. Биліктің қуыршағы да емеспін. сырттай бақылап жүрген жәй қарапайым студентпін. Мұнайшылар талабы орындалмайды. Көресіңдер!
Пікір алмасу

Кімнен: иілмеген қазақ Қайдан: Ақтау
14.12.2011 12:55
+0 / -0
Назарбаев тұрғанда ереуілшілердің талаптарының орындалмайтынын, сен айтпай-ақ та біліп отырмыз.Бірақ сол үшін халық жағында шыр-пыр болып жүрген Аблязовты, Халық майданын, Жанболат Мамайды кінәлауға болама? Олардың да осы жолда рахат көріп жүргендері шамалы, сотталып, таяқ жегеннен басқа. Сонда не дегің келеді,құл болып жүре берің дегің келеме. Студентпін дейсің, жарыған екенбіз онда студентке, сендей студенттер 1986 жылы бостандық үшін ССРО ның мұздай құрсанған армиясына қарсы шықты, сол үшін жанын қиды, түрмеде азапталды,денсаулығын бұзды. Сөйтіп келген бостандықты бізден қайта тартып алды, Назарбаев отбасы мен оның құйыршықтары. Кешегі Москвадағы шеруді көрдің бе,100 мыңнан астам адам, Путиннің жеке бас билігіне бас көтеріп жатыр, бұл Қазақстанға да келеді деген сөз, және жақын араларда.

Кімнен: Жатыпатар Қайдан: маңғыстау
14.12.2011 13:32
+0 / -0
Иілмеген қазақ! Ал, Әблязов тобы не бітірді? Дәмболсын! Мұнайшыларды арандатты! Басқа түк те бітірген жоқ. Менің де назарбаев режиміне жыным келеді. Бірақ, 3000 адам жерлесіміз жұмыстан шығарылды. Ал, Әблязов Англияда ай қарап жүр ме? Соны түсін! Мамайдың өз айтқаны бар. Әблязов - жеке өз мүддесі үшін жүр деп. Түлкібұлаңға салынған Мамай енді әблязовшыл бола қалды. Ол- ертең сені де сатады. Ақша үшін бәрін құрбан ететін адам ғой Жанболат! Алданба, алаңнан кету кетпеу өз еркің! Бірақ, буынсыз жерге пышақ ұрып жүрсіңдер, су шықпайтын жерден құдық қазып.......

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
14.12.2011 17:12
+0 / -0
Ереуилшилерди куып шыгу керек7 Олардын ойынша расымен оздери занды бузганына карамай, орындарына алган адамдарды кайта жумыстан шыгару керек дейди ме? Ол кылыктары иске аспайды ау шамасы?! булары типти жарамайды!

Кімнен: Әділдік іздеуші
14.12.2011 17:44
+0 / -0
Ау азаматтар, бұлай кінәласпай қоя тұрың,мұнайшылар талабы шешілер,шешілмес,бірақ қай адам болса да өз ақысын сұрауға қақысы бар,бұл жерде билік кінәлі,неге вице президент 39млн кварталға,ал қарапайым жұмысшы әрі кетсе 200 мың кварталға алуы керек,арасындағы айырманы байқап отырсыңдар ма,сенбесеңдер қолымызда дәлел бар,сол адамның жировкасы,соны көре тұрып мен неге сұрамауға тиіспін,ал жақсы ақша ақша ғой,өзінің жекеменшік үйін айына 850мыңға өз мекемесіне жалдап отырғанына не дейсің,сонда қолыңнан келсе қонышынан бас дегің келе ме,служебный мініп жүрген джипті әңгіме қылмай ақ қой,ол само собой міндетті нәрсе ғой,Соколованы да сүттен ақ,судан таза деп айта алмаймын,дегенмен де осындай ұрлықтардың бетін ашып кетуіде үлкен ерлік деп білемін,жалпы қай қай жерде де солай ғой,Храпунов анау ішкен жегеннің бәрін ашып жатқаны,система іріп шіріп бастауының алды осы.Жоғарыда Алла бар болса көріп отырған болар,сол күштің қалауы шығар,осылай бағытталуы,жігіттердің өз азаматтық позициясын білдіруі дұрыс,дегенменде икемге де келуі керек,менікі дұрыс деп қатып қалмай,бір жерден ұтсаң,бір жерінен ұтылуың керек қой.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
14.12.2011 18:23
+0 / -0
мунайшылардыкы дурыс негизи брак жогарыда алабаилар баргои жигиттер канша жеседе тоимаитын

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
14.12.2011 17:52
+0 / -0
Ереуіл заңсыз бола қойсын,ал сонда Еңбек Кодексіндегі локаут уақытындағы жұмыстан шығарылмайды деген бапты алып тастау керек,алдымыздағы сайланатын нұротар депутаттарына,сонда құда да тыныш,құдағайда тыныш.

Кімнен: иілмеген қазақ Қайдан: Ақтау
14.12.2011 18:10
+0 / -0
Жатыпатар, Назарбаевтың режимінен Англияда қашып жүрген Аблязов не бітіретін еді. Сол ештеңе бітірмесін деп қуды ғой. Бір адам не бітіреді. 15000 мұнайшы да ештеңе бітіре алмай тұр ғой. Сотын да , отын да бәрін Назарбаев меншіктеп алса, қай құдайың да бітіре алмайды. Қарсыларын, Қажыгелдин, Жақиянов, Аблязов,Нұрқаділов, Сәрсембаев құсатып,не жекеменшік сотымен,не қарақшыларымен КНБ дегі, жоқ қылады.Қалғандарымыз құлға айналуымыз керек.Өзіміз де, болашақта балаларымыз да солардың балаларына құл болады.Арандатып отырған Аблязов емес,Мамай емес, мұнайшылардың еңбекақы жөніндегі дауы кімге арналған, соны орындамай, заңды белден басып отырған жұмыс берушілер, сол жұмыс берушілерді көпе-кернеу қолдап отырған әкімдер, бұлтартпас дәлелді құжаттарға қарамастан әділетсіз шешім шығарып отырған сотсымақтар.Су шықпайтынын қайдан білесің? Қырғыздар ,грузиндер су шығарды ғой, арабтар су шығарып жатыр ғой, шықпаса Мүбәрек,Каддафилер қайда, орыстар да су шығарғалы жатыр. Мүмкін бізде де су шығып қалар.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
15.12.2011 04:18
+0 / -0
Жалпы осы Казакстанда адилдик.издеу оны орындату оте киын.Мына мунайшылардын талаптары да слишком чересчур гой.Сонда нгду.уттда жасайтын арбир адам1.7-1.8ди косканда кеминде уш жуз-торт жуз мын жалакы алганда бюджетте жасайтындар сорлап калмай ма?Базар да,баскан да осы осы алатын жалакына карап тур.Жалакы алсан еки есе бәс кояды.Менин пикирим бойынша осы берген жалакысы да конил толтыларлык.Айтпесе жасап кор тоо-ларда бюджеттерде семсерде 30-40мын жалакыга.Ойлап караныздаршы мунайшы агайындар.Просто мунын бари политика жумыстан шыгып калгандар политиканын жертвасы.Кытайга сатылмайды сатыла да алмайды бул ОМГ.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
15.12.2011 10:44
+0 / -0
Оттаған екенсің, саған біреу 30-40 мыңнан асса басыңды кесем дедіме, сұраң қорықпай өз еңбектеріңді мұғалім, дәрігерлеріңмен қосылып.

Кімнен: мен Қайдан: ауылдан
16.12.2011 13:03
+0 / -0
алаңда автобус ,ағаш үй, тіккен шырша жанып жатыр

Кімнен: Жайна Қайдан: Франция
18.12.2011 10:44
+0 / -0
Осы оралмандарға Үкімет неге көмек беру керек, бізде Қазақстан азаматымыз дейді. Мысалы мен Қазақстанда туып өскен Қазақстан азаматымын, маған Үкімет ешқандай көмек берген емес.Екі сменде жұмыс істеп, оқудың ақшасын төлегенмін. Кейін байқауға қатысып, Франция мемлекетінің грантын жеңіп алдым. Елдің тыныштығын бұзып, маған көмек бер деп, біздің, салықтөлеушіліердің ақшасына салынған Еліміздің мүлкін қиратқан ақымақтардан не пайда?!Жұмысын ұнамаса, басқа жұмыс тап. Тіл үйрен, білім ал!!!Не деген сұмдық. Мемлекетті қиратуды тоқтату керек!!Оралман болсан елине оралган екенсин, пайданды тигиз. Бұрын жарияланған мақаларды оқысан, тепсе темір үзетін еркектер аштық жариялаймын деп жатыр. Ұят емес пе?Қашанғы маған беру керек деген ұғымнан айырыламыз!!"

Кімнен: жайна Қайдан: франция
18.12.2011 10:48
+0 / -0
Бари интернетте отырып алып адам адам құқығын қорғағыш, соншама сорлап аштан өліп жатсаңдар, ай сайын интернетке ақшаны қайдан тауып жүрсіңдер, әлде "Ноутбуктеріңмен" интернет кафелер аралап әшейін интернет пайдаланып жүрсіңдер ме?)))))))

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
18.12.2011 11:34
+0 / -0
Халық неге сабырға келмейді, көзі соқыр деген осы екен, шетел Қазақстанды аяқтан шалуға белсенді болып отырғанда, мына қазақ қандастарымыздың әрекетіне жол болсын! Жығылғанда жұдырық деген осы. ереуілге шыққан арсыздар, елін сатқандар сендірдің жазаларыңды Құдай берсін

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
18.12.2011 11:35
+0 / -0
Бұл тірліктің Тәуелсіздік күні қарсаңында әдейі ұйымдастырылып отырғанын қалай түсінбейді біздің анау көтеріліске шыққан маубастар!!!
Пікір алмасу

Кімнен: адай кызы
26.12.2011 01:14
+0 / -0
озин маубас!жылы жерде отырып,аржерден акылсынуын!