Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 04:45

ӘЛЕУМЕТ

Жаңаөзендегі сайлау қатаң бақылаумен өтті

Жаңаөзендегі мәслихат пен парламент мәжілісінің сайлауы 2 мың полицейдің қадағалауымен өтті. Сайлау комиссиясының өкілдері «алғашқы сайлаушының тіпті таңғы алты жарымда келіп алғанын» айтады.

80 жастағы Ұлмекен Доспаева сайлауға келді. Жаңаөзен, 15 қаңтар 2012 жыл.
Мәтін көлемі - +

Қаңтардың 15-і күні таңертең Жаңаөзен қаласының коменданты Аманжол Қабылов журналистермен 5 минут қана сөйлесіп, «қалада тыныштық екенін, сайлаудың ойдағыдай өтіп жатқанын» айтты.

Ол «сайлау барысын хабарлау үшін Жаңаөзен қаласына кіргізуге рұқсат сұрап өтініш білдірген он журналистің тек үшеуінің ғана өтінішін орындағанын, басқа жеті журналистің Ақтауда қалғанын» Азаттық тілшісіне растады. Бірақ қалаға кіруге қандай басылымдардың журналистеріне рұқсат берілгенін айтпады.

Жексенбі күні түске дейін Қазақстандағы оппозициялық «Голос республики» газетінің редакциясы өз тілшілерін, соның ішінде басылымының бас редакторы Татьяна Трубачеваны да Жаңаөзендегі билік қалаға кіргізбей қойғаны туралы мәлімдеме таратқан еді.

Аманжол Қабыловтың айтуынша, тек сайлау учаскелерінде ғана суретке, бейнетаспаға түсіруге болады. Ал қала көріністерін түсіруге рұқсат жоқ. Комендантық сағат кешкі 11-ден таңғы 6-ға дейін жалғаса береді.

ЖАҢАӨЗЕНДЕГІ ЕКІ МЫҢ ПОЛИЦЕЙ

Қала коменданты Аманжол Қабылов Жаңаөзенде «жалпы ахуалдың тұрақты екенін, қауіпсіздік пен тыныштықты сақтау үшін ішкі істер министрлігінің 2 мың полиция жасағы жұмыс жасап жатқанын» да хабарлады.

Жаңаөзен қаласының коменданты Аманжол Қабылов. 21 желтоқсан 2011 жыл.
x
Жаңаөзен қаласының коменданты Аманжол Қабылов. 21 желтоқсан 2011 жыл.
​​​​Оның айтуынша, басқа облыстардан келген полицейлер «өздерімен бірге сайлауға қатысу туралы құжаттарын алып келген», сондықтан олар да Жаңаөзенде дауыс бермек.

Аманжол Қабылов Жаңаөзенде бұған дейін қанша адамның ұсталып, жауап беріп жатқанын айтпады. «Оны тергеу-тексеру амалдарын жүргізетін бөлімнен сұрау керек» деді. Іздеу салынған адамдардың бәрі мәлім екенін, тек алты адамның ғана тұлғасы анықталып жатқанын айтты. «Ол алты адамның бәрі мұнайшылар ма?» деген сауалға жоқ:

– Жоқ, қала тұрғындары, қарапайым адамдар. Арасында мародерлер бар деп іздестіріп жатырмыз, – деді.

«ҚАЗМҰНАЙГАЗДЫҢ» «ЗАҢ БІЛМЕУІ»

Жаңаөзенде сайлау күні «Қазмұнайгаз» барлау-өндіру мекемесі журналистер мен халықаралық бақылаушыларды кеңсесіне шақырып, баспасөз мәслихатын ұйымдастырмақ болды.

Бірақ жұрт түгел жиналған кезде «Қазмұнайгаз» барлау өндіру мекемесі бас директорының кеңесшісі  Ербол Исмайылов келіп, «заңды білмегендіктен шақырғандарын, баспасөз мәслихат ұйымдастыруға болмайтынын енді білгенін, сауалдардың бәріне ертең Астанада жауап берілетінін» айтып, журналистерді таратты.

«АЛҒАШҚЫ САЙЛАУШЫ АЛТЫ ЖАРЫМДА КЕЛДІ»

Азаттық тілшісі Жаңаөзендегі №7 орта мектепте орналасқан № 73 сайлау учаскесіне барды. Сайлау комиссиясының төрағасы Талмуринов Ырзағалидың айтуынша, сайлау өз уақытында, сағат 7-де басталған.
Талмуринов Ырзағали

«Алғашқы дауыс беруші – 1955 жылы туған Орынбай Қойшыбаев тіпті таңғы алты жарымда келіп алды, учаске ашылғанша күтті» дейді комиссия өкілдері.

№ 73 сайлау учаскесіндегі сайлау комиссиясының төрағасы «Дауыс берушілер арасында ереуілші мұнайшылар болды ма?» деген сауалға «Оны білмеймін, 
Сайлау участкесі. Жаңаөзен, 15 қаңтар 2012 жыл.
x
Сайлау участкесі. Жаңаөзен, 15 қаңтар 2012 жыл.
​​өйткені мұнайшылардың ешбірін танымаймын» деп жауап берді. Азаттық тілшісі сайлау учаскесінен ереуілші мұнайшылардың біреуін ғана көрді. Ол «дауыс бергенін, бірақ аты-жөнін айтпайтынын» мәлімдеді.

Бұл учаскедегі сайлау комиссиясының құрамында Қазақстанда халықтық коммунистік партиясының, «Руханият» партиясының өкілі, Ауған соғысына қатысушылар қоғамының, Зағиптар қоғамының өкілі бар екен.

Бес адамнан тұратын бақылаушылар тобының құрамындағы екі адам – облыстық мәслихатқа түсіп жатқан кандидаттардың өкілі, екі адам – «Нұр Отан» партиясынан.

Облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Мақсат Ибағаровтың сенімді өкілі  әрі бақылаушы Шілтенов Қуанғали «Осынша қысқа мерзімде үгіт-насихат жұмыстарын қалай жүргізіп үлгердіңіздер?» деген сауалға былай жауап берді:
Шілтенов Қуанғали

«САЙЛАУШЫЛАР БЕЛСЕНДІ ЕМЕС»

Азаттық тілшісіне сұхбат берген British Kazakh parliamentary group ұйымының өкілі Джон Уэйверли Жаңаөзен қаласында сайлау әзірге тыныш өтіп жатқанын, бірақ "сайлаушылардың дауыс беру белсенділігінің төмен екенін" айтты. Уэйверли Жаңаөзендегі оқиғалардың сайлау барысына қалай әсер ететінін білу үшін ешқандай шақыртусыз, өз бетінше келген.

АҚШ-тан келген бақылаушы, Жаңа демократия институтының атқарушы 
Жаңа демократия институтының атқарушы директоры Маргарита Ассенова. Астана, 28 қазан 2009 жыл.
x
Жаңа демократия институтының атқарушы директоры Маргарита Ассенова. Астана, 28 қазан 2009 жыл.
​​директоры Маргарита Ассенова да сайлауда дауыс берушілер белсенді емес екенін хабарлады.

Ал Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Байбек Ызастың айтуынша, сағат 16-ға дейін сайлаушылардың 50 пайызға жуығы келіп дауыс берген. 

- Бұрынғы сайлаулармен салыстырғанда бұл жолы халықтың белсенділігі төмен. Бұл демалыс күні өтетін отбасындағы әртүрлі шараларға байланысты шығар, қаралы үй көп қой - солар қырқын бергенше ары-бері шыға алмай, жұмысбасты болып жатқан шығар, - дейді Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясының өкілі. 

Таңертең Жаңаөзендегі сайлау учаскелерінің ешбірінің маңынан қарулы күзет көрінбеген еді. Кешке таман әр учаскенің жанында 3 жауынгер, 3 арнайы жасақ сарбазы тұрды.

Жаңаөзендегі сайлау

x

Жаңаөзендегі сайлау

​​Желтоқсанның 16-сы және 17-сі күндері Жаңаөзен мен Шетпедегі оқиғалар салдарынан, ресми ақпараттар бойынша, 17 адам қаза болып, 100-ден астам кісі жараланған.

Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) осыған қатысты өз сауалына конституциялық кеңестің берген жауабын негізге алып, Жаңаөзенде парламент сайлауын өткізбеу және жергілікті мәслихат сайлауының мерзімін кейінге шегеру туралы қаулы қабылдаған болатын.

Бірақ президент Назарбаев конституциялық кеңестің шешіміне вето қойған соң, ОСК ол қаулының күшін жойып, Жаңаөзен қаласында да жексенбі күні сайлау учаскелері дауыс беру үшін ашық болады деп хабарлаған.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір жарияланған бет , жиыны 3
    Келесі 
Кімнен: Марат; тілші Қайдан: Астана
15.01.2012 18:21
+0 / -0
Жаңаөзенде сайлау еркін әрі заң шеңберінде өтіп жатыр. Қала тұрғындарының белсенділігі өте жоғары.
Пікір алмасу

Кімнен: Іргелі
15.01.2012 18:47
+0 / -1
2000 жаналғыш бақылап тұрса, тыныш өтетіні табиғи ғой. Бірақ зорлықпен тыныштықты қашанға дейін ұстап тұаралар екенсіңдер, 25 000 марат. Сендер шеттеріңнен абсурдсыңдар ғой, өзің Астанада тұрыпсың, Жаңаөзенде не болып жатқанын біліп қоятын шайтан болып кетпесең, осы сөзіңнің сенің рухы пасық, өлік екеніңді көрсетпей ме? Елді ақымақ ойлайсың ау! Нағыз тоғышар, арамтамақ біреу көрінесің? Байқа, қылтамақ болып өліп жүрме! Өтіріктің құйрығы біртұтам деген осы!
Пікір алмасу

Кімнен: Марат; тілші Қайдан: Астана
15.01.2012 20:35
+0 / -0
Ей Іргелі есімді азамат! Осы Сіз сияқты даурықпа пессимистер халық арасында қорқыныш тудырады. Оларды жаналғыш деп айтпаңыз, олар да біздің аға інілеріміз емес пе. Олар бейбітшілік, тәртіп орнатамыз деп жүрген азаматтар.
Ақпаратты қайдан алып отыр дейсіз ғой мысқылдап. Сіз заманнан қалыс қалыпсыз, Елбасы Назарбаевтың арқасында төрткүл дүниенің төрт түкпірінен ақпарат алатындай ақпараттық жүйе елімізде әлдеқашан дамып отыр елімізде.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
15.01.2012 21:09
+0 / -0
марат мыжымашы, сен бұралқы совет заманында лениннің атында, сталиннің атында дейтін мәңгүрттің бірісің ғой, мына түріңмен! басқа елдер елбасының арқасында сондай техникаға жетіп жатып па? Қазақстанда қай бір дамыған инфрақұрылым бар, бәрі ескірген, көне. Ал болсын дейік, сонда қалай, Жаңөзенді төбесінен көріп отырмын дейсің бе? Жарайды, солай-ақ болсын, сонда сен нені көресің, кетіп бара жатқан адамдарды ғана, құрылыстарды ғана ғой? Елдің не айтып, не ойлап, қан жұтып, қазіргі арсыз билікті жұлып тастауға тісін қайрап, ата*-бабаларыңа нәлет айтып жатқан жоқ па? Оны ести алмайсыңдар? Олардың жүрегіндегі жараны көре алмайсыңдар! Ол жаналғыштар екені рас қой, бейбіт ашуланған халыққа оқ атып, қаншама адамды, 60 тай адамды қырып, 200 дей адамды жаралады ғой. Олар қанішерлер, олар шетінен жетім, тексіз, арсыз өскен шатаның тұқымдары! Олар халықтан айрылып қалған. олар ақшаға бола адам өлтіретін жаналғыш хайуандар. Ендеше адам өлтіргіштерге ренжімейсің, адам өлтіргіш жаналғыш дегенге ренжисің, өзің де жаңаөзенде адам өлтіріп, әлі де қаның қызып отырғандардың бірі болып шықпа? Менің жорамалым кейде келетіні бар!
Пікір алмасу

Кімнен: Марат; тілші Қайдан: Астана
15.01.2012 22:11
+0 / -1
Аты жөні жоқ азамат! біздер бүгінгі кенелген бар бақытымыз үшін Елбасымыз – Нұрсұлтан Әбішұлына қарыздармыз, борыштымыз! Өйткені, ол біздің Тәуелсіздігіміздің басты қаһарманы. Сондықтан, жарқын болашағы, жарқыраған ертеңі бар туған халқымызға жан-тәнімен қалтқысыз қызмет етушіге тілеулес болайық.
Пікір алмасу

Кімнен: Іргелі
15.01.2012 22:28
+0 / -0
Парат мырза, ар-ұятты жиып қойған мына желікпелігіңе қарағанда сен 25 000 емес, 26 000 ға жұмыс жасап жүргенің көрініп тұр. Сен жеңдің. Өйткені рухы шірік, есі ауысқан, фанат, жынды адамнан аулақ жүру сауап болады деген сөз бар еді, сенен аулақ жүрейікші, саубы құрысын. Ұлы мәртебелі Ұры мырзаның Қазақстанды қайсы тозаққа бастап бара жатқаны туралы айтпай-ақ қояйық, оны халық біледі, халық санасы ашылды, енді тек Отбасылық арсыз билікті жұлып тастауға мықты бір жетекші келіспей тұрған жайы бар. Ұзамасаң ол да болады. Бүгінгі тапсырмаларды орындаған болсаң ұйқта. Ертең тағы қарбалас боласың. Әсіресе өтірік айтудай ауыр жұмыс жершарында болмауы мүмкін.
Пікір алмасу

Кімнен: Марат; тілші Қайдан: Астана, m.dosaliev@gmail.
15.01.2012 23:21
+0 / -0
Ей Іргелі! Сіздің нені меңзеп тұрғаныңыздан хабарым жоқ! Мен кәсіпқой, қазақ тілді тәуелсіз тілшімін. Мынау соның айғағы:

Байтақ елім болса берік тұғырлы,
Сайлау деген шықты үздік нық үні.
Жалғыз ғана партия емес,бұл жолы
Дабыл қақты көп партия дүбірі!

Осыдан нақ он-жиырма жыл бұрынғы халықтың тұр¬мыстық жағдайы мен рухани келбетін көз алдыңызға елестетіп көрсеңіз, өткен уақытта қаншама ерлік істердің, ерен іздердің жатқанын көресіз
Пікір алмасу

Кімнен: Danni Қайдан: Almaty
17.01.2012 11:33
+0 / -0
Әй Іргелі, сенде осы Жаңаөзенге барып келгендей сөйлейсің ғой! Адамның пікіріне пікір білдір, бірақ оның өзінде нең бар?! Ертең елдің іші қырықпышақ болып өзара бет жыртысып жатса сенің көңілің толады ма?! "Бет көрсе, жүз ұялады" деген қазақтың жақсы сөзі бар. Ғаламтордың арғы бетіне отырып алып жазған; "пасық, абсурд, өлік" деген сөздеріңді қалай түсінуге болады?
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
15.01.2012 18:59
+0 / -0
Марат тілші оттама! Бір жеріңді қысып отыр, болмаса ештеңе айтпа!
Пікір алмасу

Кімнен: Марат; тілші Қайдан: Астана
15.01.2012 19:44
+0 / -0
Аты жөні көрсетілмеген азаматқа! Жаңаөзенде сайлау еркін әрі заң шеңберінде өтіп жатыр! Бұл ШЫНАЙЫ ЖАҒДАЙ! БАҚ танысып шығыңыз да, өзіңіздің қателескеніңізді көріп, осы жерде тез арада МЕНЕН КЕШІРІМ СҰРАҢЫЗ! Сөйлеу мәдениетін сақтаңыз!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
15.01.2012 21:18
+0 / -0
Жанаозендеги сайлау учаскесине 17.05-те дауыс берип келдим.Дауыс берип жатырган адам жок.Танертеннен бери бар болганы мен берген учаскеде 900 -ге жакын адам дауыс берген.Кала халкынын дауыс беруге деген белсендилиги оте томен.Жалгыз бир учаске емес барлыгында осылай дейди.Комп-та казахша шрифт болмагасын осылай жазуыма тура келди.
Пікір алмасу

Кімнен: Мүдделі Қайдан: Қостанай
15.01.2012 23:13
+0 / -0
Іргелі, біз ортақ елдің азаматтарымыз. "Болар елдің балалары - бірін бірі батыр дейді, болмас елдің балалары - бірін бірі қатын дейді" деген нақылды басшылыққа алсақ дұрыс болар еді. Қайтеміз бір-біріміздің бетімізді тырнап, бейбітшілікте өмір сүрейік!
Пікір алмасу

Кімнен: маке Қайдан: астана
15.01.2012 23:34
+0 / -0
марат емес мал ат
Пікір алмасу

Кімнен: Марат; тілші Қайдан: Астана
16.01.2012 15:25
+0 / -0
Ардақты ағайын! Сайлау әділетті өткеніне баршасы куә болып отыр. Барша халық дән риза! Ендігі кезекте күні ертең тәуелсіз Қазақстан мемлекетіндегі ауызбірлікті, достықты, ынтымақты алдымен ойлайтын, елдігімізді бұрынғыдан да нығайту жолында Президентімізге лайықты көмекші бола алатын адамдарды қолдайық ағайын! Тәуелсіз тілші, Марат
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
15.01.2012 22:16
+0 / -0
Мына Марат тағы міне жерде жүр ғой, басқа жұмысың жоқ па? қатындар сияқты барлық жерді аралап, өсек айтпашы!
Пікір алмасу

Кімнен: Марат; тілші Қайдан: Астана, m.dosaliev@gmail.
16.01.2012 15:36
+0 / -0
Сайлау әділ өтті. Халықтың пікірі осы! Бұл еліміздегі тұрақтылық пен ұлтаралық татулықтың, әлеуметтік өсудің және қарқынды дамудың көрінісі!
Пікір алмасу

Кімнен: Тұрғын Қайдан: Түркістан
15.01.2012 22:46
+0 / -0
Марат; тілші, қай жерде жұмыс істейсіз?
Пікір алмасу

Кімнен: Марат Қайдан: Астана
16.01.2012 00:00
+0 / -0
Тұрақты жұмыс істейтін жерім ЖСДП партиясының Астана қалалық филиалы Баспасөз қызметінің меншікті тілшісімін
Пікір алмасу

Кімнен: Марат; тілші Қайдан: Астана
16.01.2012 15:44
+0 / -0
Кеше де, бүгін де байқаушылар сайлаулардың әлемдік стандарттар деңгейінде әділ, мөлдір әрі ашық өткендігін атап өтуде. Ештеңе де біздің бірлігімізге нұқсан келтіре алмады. Кейбіреулер Жаңаөзен оқиғасын саяси пайдаланып, «қолын жылытқысы» келді. Ал жаңаөзендіктердің өздері «Нұр Отан» партиясына шамамен 70 пайыз дауыс беріп, дәлелдеді. Міне бұл олардың барлығына берген жауабы. Бұл қарапайым халық пен мұнайшылардың еш кінәсі жоқ екендігін көрсетті. Марат; тілші
Пікір алмасу

Кімнен: Svetok Қайдан: Орал
16.01.2012 17:55
+0 / -0
Выборы прошли честно и прозрачно, партия «Нур Отан» победила заслуженно.
Все заявления оппозиции о системных нарушениях выборного законодательства беспочвенны, голословны и абсолютно неубедительны.
Выборы прошли, совсем скоро будет сформирован новый многопартийный состав Мажилиса, который утвердит новое Правительство.
Пікір алмасу

Кімнен: самат Қайдан: ақтау
16.01.2012 21:58
+0 / -0
сен сапбас әлі тірі жүр екенсің-ғой!

Кімнен: Азат Керейт Қайдан: Монголия
15.01.2012 19:41
+0 / -0
Бисмиллаһиррахманиррахим
Ассалаумағалейкум мұсылман бауырлар!
“Жаңаөзен қырғыны” қазақ тарихындағы қаралы оқиға деп тегі қандастардың қабырғасы қайысты.
Ең әуелі бейуаз оққа ұшқан біреудің жалғыз ерке ұлы, біреудің жас отбасының азаматы... дегендей қаншама адамды қайғыға батырған қасіреттеріңізге ортақтасып бір Алладан медет тілейміз!
Бұл қанды оқиғаға Ислам көзімен қарасақ да халықта еш кінә жоқ. Қарыны ашып жылаған баланы “үніңді өшір” деп буындырып өлтіргенмен бірдей ауыр қылмыс. Бір кісіні нақақ өлтіру адамзатты өлтіргендей ауыр күнә дейді. Олай болса осы қырғынға қатысты өкіметтегілер түгел Құдайдан қорықпайтын тасжүректер. Қарапайым халық осыған қатысы бар-ау дегендердің атын тізіп атап лағынат қарғыс айтуда. Біз де амин дейміз.
Екінші. Адамзат құқығы көзімен қарасақ да халықта еш кінә жоқ. Халық өз пікірін жиынмен, ереуілмен білдіруге толық хақысы бар. Егер пікірі ескерілмей әбден ызыланып өртеу, бүлдіру бастағанның өзінде халыққа оқ атуға ешкімнің хақысы жоқ. Ал тіпті қолдарына қару алып көтеріліске шыққан күннің өзінде бұған Елбасы араласып төтенше жағдай деп жариялап көтерілісшілерге сес көрсету мақсатында ғана оқ ататын айрықша бұйрық шығаруға тиісті ғой.
Ал Жаңаөзендегі “құқық қорғаушылар” аң атып жүрген есерсоқ қарақшыларға ұқсайды. Олай болса қазіргі өкіметтегілердің аузынан түспейтін “адам құқығы” деген сөзді Жаңаөзенге байланысты айтудың өзі ұят. Сөйтіп, Еуропа саммитінде елге ақыл айттық деп мәз болып жүрген “бейбіт қазақстанның” өкіметі бүгін әлем алдында елін “қылмыскер қазақстан” деген масқараға ұшыратты.
Үшінші. Саясат заң көзімен қарасақ да халықта еш кінә жоқ. Казіргі қылмыскер өкіметті ақтап “үшінші күштің әсері” деп жағымпазданып жатқан екіжүзді біртоп жазушылардың айтқанындай болса “үшінші, төртінші, бесінші...” күш келіп халықты қырғызғанға дейін өкімет ай қарап отыр ма!? Сол күштерді бұрынырақ тауып бейшара халқын қорғау керек емес пе еді!?
Олай болса, қазіргі өкімет халықтың өкіметі емес. Өзін өзі сайлап алған өз билігін ғана күшейтуді, өз дегенін ғана істеуді әлдеқашан нығайтып алған халыққа қарсы “диктатор мафия”. Мұндай елде демократия нөлге айналады. Яғни халыққа жанашу деген қалмайды.
“Жаңаөзен қырғыны” жаңа басталып жатқан алғашқы “өкіметтік террор” ғана емес, осыдан 6-7 жыл бұрын Жақиянов, Әбілов бастаған жаңашыл демократтарды түрмеде азаптаудан бастап, халық қаһармандары Заманбекті үйіне түсіп өлтіріп, Алтынбекті ұрлап желкесінен атып, “Шаңырақтағы” қазақтарға таңалдында полиция армиясымен шабуыл жасап, Талғарлықтарды заңмен талқандап, Ақтөбеліктерді қуып атып... т.т талай шектен шыққан қанды шиқанның жарылуы бұл!
Пікір алмасу

Кімнен: Нәби Қоңырат Қайдан: Қазақстан
15.01.2012 22:25
+0 / -0
Уағалейкумассалам! Сізге бір сұрағым бар: Осы Қытайдағы көп қазақтар "біз Қытайға көшпегенбіз, біз өзіміздің атамекенімізде тұрып жатырмыз"деп айтады ғой. Ал осы Моңғолиядағы қазақтар кезінде сол жаққа көшкендер ме әлде өздерінің атамекенінде баяғыдан тұрып жатқан қазақтар ма?
Пікір алмасу

Кімнен: самат Қайдан: ақтау
16.01.2012 02:24
+0 / -0
Нәбижан ол жерде қазақтың жері. Бір жерде оқығаным бар, қазақтар ол жаққа бұдан 2-3 ғасыр бұрғын барған. Таулы Алтай және Баян өлги бәрі қазақтың жері орыстар мен қытайдың істгендері-ғой! Әліде Нұр-аға тірі болса, бөліп береміз-ғой!
Пікір алмасу

Кімнен: Көкбөрі Қайдан: www.kaskir.wordpress.com
16.01.2012 01:34
+0 / -0
Монғолиядан Азат Керейт деп пікір жазған қандасқа айтарым. Мен Монголияның нағыз өзінде тұрам. Сенің пікірлеріңді оқып көріп Монголия қазақтарының атын жамылып жазып отырған адам -деп есептеймін...

..2008 жылы Монголияның астанасы Улаан-батырда сайлаудан жеңген МХРП партиясына наразы топ Партия ғимаратын өртегені үшін 7 адамды атып өлтірген хабар әлемге таратылған... екі-ақ миллион халқы бар Монгол қару қолданса 16 миллион Қазақстан не мылтық ұстай алмай ма? Жаңа өзенде 20 тарта ғыймаратты өртесе, күліп ыржақтап отыру керекпе еді.,,, Мен сенің жазған мәнеріңе қарап Монголия қазағы емес екеніңді білдім. Сондықтан жемтік неме шеттегі қазақтың атын жамылып арандатпашы, иттің баласы- дегім келеді....Монголия қазақтары Қазақстан егемендік алмай жатып 1990 жылдар-ақ Қазақстанға келіп қойған өте ұлт жанды халық. Олар бүгінгі Назарбайдыда Нұр-Отандыда қолдайды сондықтан Монголия қазақтарының атын жамылып оттап жүрген иттерге арттарыңды қысыңдар жемтіктер!- дегім келеді....Енді қалған сайқалдықтарың шеттегі атын жамылып қазақты арандату еді....
Пікір алмасу

Кімнен: Нәби Қоңырат Қайдан: Қазақстан
16.01.2012 11:55
+0 / -0
Көкбөрі, сіздің де жазған мәнеріңіз Азат Керейттің жазған мәнеріңе ұқсайды екен. Сондықтан, ол Монголия қазағы да болуы мүмкін. Сіз менің мына сұрағыма жауап беріңізші: Осы Қытайдағы көп қазақтар "біз Қытайға көшпегенбіз, біз өзіміздің атамекенімізде тұрып жатырмыз"деп айтады ғой. Ал осы Моңғолиядағы қазақтар кезінде сол жаққа көшкендер ме әлде өздерінің атамекенінде баяғыдан тұрып жатқан қазақтар ма?

Кімнен: Бауыржан Қайдан: Рудный
15.01.2012 20:10
+0 / -0
Жаңаөзендегі қандастарымыз үшін қуаныштымын. Елдің болашағы үшін олар да ат салысып жатыр. Мүмкіндік бәріне тең берілгені үшін. Әділдік деп осыны айт!
Пікір алмасу

Кімнен: Марат тілшіге
15.01.2012 22:24
+0 / -0
Марат, сен бір төбелесте қайтпайтын қатын сияқты екенсің, ұят емес пе ер адамға, қоя салмайсың ба? қаншама адамның қарғысын алып отырсың, Халық қарғысы жаман, байқа тиіп кетіп жүрмесін!
Пікір алмасу

Кімнен: Марат; тілші Қайдан: Астана, m.dosaliev@gmail.
15.01.2012 22:51
+0 / -0
Сәл мәдениетті сөйлесеіңіз! Менің қайтпайтын себебім, шынайы жағдайды бұрмаламай, халыққа дұрыс, шын ақпарат беру. Одан да ел бірлігі үшін мені қолдап сөйлеңіз!
Пікір алмасу

Кімнен: самат Қайдан: ақтау
16.01.2012 02:29
+0 / -0
марат тілшіге-салбырағаныңды тартып-тартып иегіңе әкеліп қоярма еді!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
16.01.2012 14:42
+0 / -0
Марат тілшіде салбыраған бірдеңе болса, ол бұлай жазбас еді. Ол қызтеке біреу ғой, сөздеріне қарағанда.
Пікір алмасу

Кімнен: Марат Қайдан: Астана, m.dosaliev@gmail.
16.01.2012 16:37
+0 / -0
Саматка! Жаңаөзендегі сайлау қорытындысы қарапайым халық пен мұнайшылардың орын алған оқиғаларға еш қатысы жоқ екендігін көрсетті. Ақтаудың сілімтігі, ел дамуына тілектес бол!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
15.01.2012 22:31
+0 / -0
Мұндай алдын-ала шешіліп қойған өтірік сайлауда қандай әділдік бар.
Пікір алмасу

Кімнен: Asel Қайдан: Almaty
16.01.2012 15:46
+0 / -0
Мұныңызбен келпеймін! Саулау жұмыстары өте таза және ұйымдасқан дәрежеде өтті!!!
Пікір алмасу

Кімнен: Нұрлан Қайдан: Ақтау
15.01.2012 23:08
+0 / -0
Марат пен Бауыржан сияқты кәрестерге арнаймын.

Сендер "Елбасы Назарбаевтың арқасында .." деген жағымпаздыққа немесе көтен бергіштікке ұялмайсыңдарма?!
Бұл "Сталиннің арқасында немесе Ким Ил (?) Сонның арқасында" деген сияқты естіліп отыр. Шаш қи десе бас алуға әдейі дайындалған 2000 полицейлер мен солдаттарды тыныштық сақтауға көмектеседі не бейбітшілікті қорғауға келген азаматтар дейсіңдер. Әрине, бізде білеміз оларға да тамақ асырау керек екенін. Олардың жұмысын түсінуге болатын сияқты, бірақ бұл "азаматтар" қабаған иттермен бірдей, тек тамақтарының тоғына мәз. Милары жоққа жақын, түгел халықты қыруға дайын. Сонда бұл кім үшін? Шындығын айтқанда олардың жағдайының ереулшілерден асып бара жатқан ештеңесі жоқ. Шындығын айтқанда олар билікте отырғандардың балалары емес қой, олар қарапайым халықтан шыққан. Биліктегілер өз балаларын бұндай қауіпті жерде жұмыс істетпейді, олар мүмкін жылы жерде отырып "ат, қыр" деп айдап салатындар шығар. Олардың басында ми болса, олар халыққа қол көтермеген не оқ атпаған болар еді. Олардың білмейтіні,билік өзінің жанын сақтау үшін "міне, мыналар атқан не тепкілеген" - деп көрсетіп, ертең жаңағы мисыздарды соттатып жіберуге себеп болады. Ал, сендердің өздеріңе Назарбаев және оның қыздары мен күйеу баллары қарапайым халыққа 20 жылдың үстінде жасамай отырған нендей жақсылық жасады? Менің сендерге тілейтінім: Көздерің бола отырып, әдейі соқыр болмаңдар! Мүмкін ЕЛГЕ пайдасы тиер!
Пікір алмасу

Кімнен: Марат; тілші Қайдан: Астана
15.01.2012 23:42
+0 / -0
Нұрлан, бері қара! Тыңда! Осыдан нақ он-жиырма жыл бұрынғы халықтың тұрмыстық жағдайы мен рухани келбетін көз алдыңызға елестетіп көрсеңіз, өткен уақытта қаншама ерлік істердің, ерен іздердің жатқанын көресіз.
Пікір алмасу

Кімнен: сәмет-әшірбек
16.01.2012 01:45
+0 / -0
Ағайын, өздеріңіз соңғы кезде байқап отырғандай елімізде қандай да бір маңызды жағдай туындаса осы сайтта құны 25 мың теңге пікір айтқыш комментаторлардың комменттері молайып отыр, соған орай Азаттық сайтына өтініш айтайын деп едім. Құрметті Азаттық сайтының модераторлары, біз - осы Азаттықтағы халайық Базарбайдың трольдерімен ашық пікір сайыстан қашпаймыз, арамыздағы азаматтардың өнегелі ой, жүйелі сөздерімен Базарбайдың арзан жалдамалыларының "мойындарына су құйып отырғанын" сіз де біз де көріп отырмыз. Десек те бізге оппонент болып отырғандардың өкінішке орай жалаң ұрандарынан басқа Базарбайларының басын ақтап алардай не бір құнды пікір, не бір салиқалы сөз айтпай отырғанын осы сайтқа кірген көзі қарақты оқырман аңғарып отырған болар. Осы мәселеге байланысты сіздерге өтініш - осындай арзан комментаторлардың ешқандай мағына бермейтін, бір пікірі екінші пікірінен ерекшеленбейтіндей ұқсас немесе "нұротан жаса" сияқты байбалам, жалаң ұрандарын жарияламасаңыздар екен. Ардақты сайтымызға қоқыс тықпалап жатқандардың әрекетіне тосқауыл қою еліміздің демократиясына ешқандай залалын тигізбес деп ойлаймын.
Пікір алмасу

Кімнен: zheltocsan
16.01.2012 02:34
+0 / -0
..Тыңда! Осыдан нақ он-жиырма жыл бұрынғы халықтың тұрмыстық жағдайы мен рухани келбетін көз алдыңызға елестетіп көрсеңіз, өткен уақытта қаншама ерлік істердің, ерен іздердің жатқанын көресіз.
_______________

ал сен де бері қара! Жалпы, сен кімді ақымақ қылғың келіп отыр? Ол кез бен бұл кездің шындықтарын ұға алмайтын, әлде сен нағыз надансың ба?! Осыдан жиырма жыл бұрын біз кімге бағындық? Табиғи байлығымыз, жеріміз, өндірген өніміміз кімге қарады? Мәскеу ол байлықтарымыздың, өнімдеріміздің қанша пайызын орталыққа әкетіп, қару жарақ өндіруге жұмсап, одан ауысқанын кедей республикаларды дотациялауға жұмсап, қанша пайызын өзімізге қалдырды? 95 пайызын әкетіп отырды! 95 пайызын! Ал қазір сол байлықтардың бәрін Мәскеу өзімізге қалдырды. Демек, халыққа түсетін табыс, халықтың тұтынатын өнімі, біз Мәскеуден бөлінгеннен кейін 20 есе артуы керек еді! (Бұл барлық жер, өндірістер, шикізат қорлары, банктер, сауда мен қызмет орындары мемлекет қарамағында қалғанның өзінде және шетелдермен бүгінгідей шекара ашық болмағанда және шикізаттың нарықтағы бағасы қазіргідей аспандап көтерілмей тұр деп санағанда солай болуы керек еді.) Бірақ олай болған жоқ, халықтың жуастығын, кеңпейілдігін, көзі жабықтығын, надандығын, әлемдік жағдайды білместігін, саяси, экономикалық сауаты жоқтығын өз бастарына ұтымды пайдаланып қалған Назарбаев бастаған жоғарғы биліктегілер мен соларға бағынышты төменгі биліктегілердің жақын-жуықтары мен тума-туыстарының, сыбайластары мен соларға жақындардың ғана табыстары мен меншіктері миллиардтап, миллиондап артып жатты да қарапайым көпшіліктің табыстары 4-5 есеге дейін өсіп, көпшілік халық байлыққа бір кенеліп қалғандай болып отыр. Ал осы өтірік пе?!
Пікір алмасу

Кімнен: Марат; тілші Қайдан: Астана
16.01.2012 11:21
+0 / -0
Құрметті zheltocsan деген ақылгөйсымақ! Сауатсыз саяси сараптауыңызбен келіспеймін. Қазақта мақал бар: "Иттің орнына шошқа үріпті" деген. Осы сөзден бәрі түсінікті шығар сізге.......
Пікір алмасу

Кімнен: zheltocsan
16.01.2012 12:36
+0 / -0
Құрметті zheltocsan деген ақылгөйсымақ! Сауатсыз саяси сараптауыңызбен келіспеймін. Қазақта мақал бар: "Иттің орнына шошқа үріпті" деген. Осы сөзден бәрі түсінікті шығар сізге.......
____________________________

түсінікті, ит деп отырғаның сендерге 25 мың беріп, үргізіп қойған ұры иттер, ал шошқа деп отырғаның соны алып отырып маған ешқандай уәж келтіріп айта алмай, дұрыс үре алмай отырған сендер сияқты шошқалар.
Пікір алмасу

Кімнен: батыстың қызы Қайдан: астанадан
16.01.2012 22:54
+0 / -0
20 жылда еліміз рухани азып-тозып бітті. Қыздаымыз жезөкше болып ақша тауып жүр. Ұлдарымыз қытайдың құлы болып, арба итеріп, ауласын күзетіп жүр.
Жер сатылды! Оның асты мен үстіндегі бар байлық кім болса, соның қолында кетіп жатыр!
Баға күнде өзгеріп, қымбатауда тауарлар! Тауарлар шет мемлекетерден әкелінеді. Біздер шет елдің экономикасына қаржы құйып жатырмыз. Біздің ақшамызға қытай мемлекеті өзінің экономикасының әл-ауқатын көтеріп алды!
Жерімізді қытай қаптап, мұнайдың 30 пайызы соларға сатылып кетті! Енді не қалды! Ал, сендер Нұр Отан! Нұр Отан ! деп кеңірдегіңді созып, күшене айқайлайсыңдар! Сорлы қазақ, жан-жағыңа қарап, ойлансаңшы! Қандай миғұла, кеще болып кеткенсің!

Кімнен: Бір Жан
15.01.2012 22:50
+0 / -0
Бауырлар, мен бір ой айтып жіберсем... айыпқа бұйырмассыздар. Әлбетте, өзімді мың жылдығын болжаған Мөңке әулие немесе Нострадамус сезінгендігім емес. Тек, осы ой маза бермей отыр. Сол жаңалықтардың өзіне жазуға мүмкіншілік болмаған себепті осында жазып отырмын. Мешітті өртенуі жөнінде. Интернетті ақтарсаң, небір зілзала, су тасқыны, өрттерден кейін, тек жалғыз мешіттер ғана аман қалған жағдайлардың суреттерін, видеосын көптеп табуға болады. Енді, біз айдың-күннің аманында бұл мешіттің өртенуі, тағы да дәл сайлау күні өртенуін қалай жорысақ болады??? Алланың қаһары ма? (((((((((
Пікір алмасу

Кімнен: Менде соны ойладым.
16.01.2012 00:52
+0 / -0
Айдың-күннің аманында мешіт өртену деген, меніңше Нұршәйтанға табынған дүмше имамдардың Алланың қаhарына ұшырағаны.
Бұл жақсылықтың белгісі емес. Адамы азғындыққа ұшыраған ел Алланың қаhарына ұшырай береді.

Бұл бір Алланың қаhарына ұшыраған ел болып тұр ғой. Ұлттық тағамы ет болса да, халықтың көбі тиісілі мөлшерде ет жеуге мүмкіншілігі болмай ауруға шалдығуда.

Негізгі діні ислам бола тұра қатын-қыздары жалаңаш жүреді.

Жер бетінде ең байлығы көп жер бола тұра, жарымай, отбасының берекесі кеткен, бала сатқан, халқын фашистерден жаман қырған, қанішер билігі бар ел болып тұр ғой.
Алла Тағыла мұның бәрін ниеті бұзылған, бір тұлғаға табынған халықты ұйқыдан ояту үшін жасап жатыр.

Тыныштық, тыныштық дейді. Тыныштық осы айтқан сорақылықтар жойылса ғана орнайды.

Марат; тілші ма, әлде билікпен екі ортадағы тілмаш па, осыны анау, Нүршәйтанның маниягі түсінер ме екен!?
Пікір алмасу

Кімнен: zheltocsan
16.01.2012 01:38
+0 / -0
шынында да бұл бір ескерту.. Жалпы, мешітті атақ жинау үшін мемлекеттік орындарда намазға тыйым салған Құдайдан безген атеистерге дейін, өсімқорлықпен айналысқан аса ауыр күнәһар банкирлерге дейін салдыратын болып кетті. Ал мешіт деген атақ-даңқын көрсету үшін емес, алаяқ, зұлым, әділетсіз патшаны мадақтау, жарнамалау үшін емес, мұсылмандардың бірігіп құлшылық қылуларына арналып орташа-орташа, бірақ халық санына, орналасу ара қашықтықтарына байланысты жиі-жиі салынуы керек еді, ал бұл заманда керісінше сирек, көлемі, ара қашықтары тым есепсіз, оның есесіне атақ-даңқ үшін, мақтан үшін салынатын болып кетті.

Кімнен: Ақмарал
15.01.2012 23:04
+0 / -0
Ютубтен Кплюствказ да Қасым Аманжолдың Жаңаөзен туралы жүргізген хабарын оқыңыз!!!

Кімнен: Лаура Қайдан: Жанаозен
15.01.2012 23:15
+0 / -0
бул жазгандар шындыкка жанаспайды! Бизде бари оте тыныш отти! Барлык акпараттар еки тилде толыктай малиметке толы болды !!! жалпы тургындардын сайлауга катысуы жогары ! кау осекке сенбейк казакстандыктар!
Пікір алмасу

Кімнен: Бір Жан
15.01.2012 23:20
+0 / -0
Лаура, сен де сол 25 мыңның жұмысына орналастың ба? Әлде анығын жазып отырсың ба? Егер айтқаның рас болса, аузыңа май. Тек қана қуаныштан басқа ештеңе жоқ, бізде...Басқа кім бар, Жаңаөзеннен?
Пікір алмасу

Кімнен: Марат; тілші Қайдан: Астана, m.dosaliev@gmail.
16.01.2012 00:13
+0 / -0
Лаура дұрыс айтады, Жаңаөзенде сайлау еркін әрі заң шеңберінде өтті. Қала тұрғындарының белсенділігі өте жоғары болды.
Пікір алмасу

Кімнен: Мырқымбай Қайдан: Астана
15.01.2012 23:29
+0 / -0
Сайлау! Бұл қол байлау!

Кімнен: даке Қайдан: жанаөзен
15.01.2012 23:40
+0 / -0
Сайлауға түскен партияларбың ішінде қазақты "қой үстіне боз торғай жұмыртқалаған" заманға жеткізейін деп жүргені шамалы. Мен, өзім тіл мәселесін көтергені үшін "Руханиятқа" дауыс берем деп жүргенмін, онда да Шаханов болғаны үшін емес Мамбеталиннің және Тайжанның /егер жаңылыспасам/ тіл туралы үндеуге қол қойғанынан бас тартпағаны үшін, және тілдің маңызы қазақ халқы үшін қандай екенін түптеп түсіндіре алатыны үшін дауыс берем деп ойлағанмын. Өкінішке орай олардың партиясы сайлаудан шығып қалды. Ал, анау Абилов Болат кезінде карметті ала алмай қалғаны үшін әлі сол үкіметке өкпелі. Егерде оларда қазақ тілінде таза сөйлеп, қазақтың ұлтын сақтап қалуға күш салатын болса, сосын еңірегенде етектері толып жыламайтын болса, басқа партияларды, билікті жамандай бергенше, қазіргі халықтың басындағы қиыншылықтан шығатын жолды көрсетіп үлгі болатын болса ғана олар сөзсіз жеңіске жетер еді. Ал олар болса қай жерде ереуіл бар, қашан сайлау басталған кезедерде ғана пайда болады. Жармахан заңгер адам, мықты болса Жаңаөзенде ереуіл баталған кезде өзі неге келіп, әрбір жұмысшымен кездесіп сөйлесіп солардың не айтқанын, өзінің оған қандай жауап бергені туралы есеп берсе, интернет арқылы болса да несі кетер еді. Қайта беделі өсер еді. Бірақ тек шындықты айту керек, жұмысшылардікі дұрыс болса солардікі дұрыс болса оларға көмектесіп, егер жұмыс берушінікі дұрыс болса оны да айтып, жұмысшыларға қай жерде қателескендерін ашып түсіндіруі керек еді. Оппозициядан Болат Абилов келді сосын тағы біреулер олар тек жұмысшыларға сендердікі дұрыс деуден басқа ештеңе айтпады. Не заң жүзінде, не болмаса экономикалық тұрғыдан.
Әрине мен билікті де, ереуілшілердіде жақтап отырғаным жоқ. Егер сондай елге танымал адамдар мынауың дұрыс оның дәлелі мынау, ал мыналарың дұрыс емес себебі мынада деп қолға таяқ ұстатқандай қылып түсіндіргенде кешегі қантөгісте болмаспа еді. Ол қантөгіске тек мемлекет басшылары емес, сол мемелекетке қарсы қоятын құрал ретінде пайдаланғандарда кінәлі деп ойлаймын. Умный решает проблему, мудрый предвидит деген сөз бар.
Мен бүгін сайлауға барып дауыс бердім. Келесі сайлауларда Мамбеталин мен Тайжан Шахановсыз қатысса да дауыс жинай алады деп сенемін, егер тіл туралы және басқа да қазақты мемлекеттің негізі ретінде көрсететін дүниелердің өмірде орын алуына күш салса.
Пікір алмасу

Кімнен: самат Қайдан: ақтау
16.01.2012 01:46
+0 / -0
даке отан сүйгіш болсаң неге барасың сайлауға, қырылып қалған бауырларымызды сыйламадың ба!? саясаткер болағойыпсың-ғой өзіңше!
Пікір алмасу

Кімнен: Карынаш-шаныраК
16.01.2012 18:00
+0 / -0
Самат сыкылды сауаты шамалы дымбілместерім-ау... Сайлауга бармай кимди киналттын, карагым-ау? Сайлауга бармау аркылы сен Биліктің "НурОтанына" дауыс берген екенсің гой. Сенің ак бюлетеніңді НурОтанга берді деп белгі согып жымыскы ойларын жузеге асырды гой олар. Сайлауга бармаганын ушін "НурОтан" атынан мын да бір рахмет, жаным! Бір бюллетень болса да НурОтанга жазылды сенің сайлауга катыспауың аркасында!
Пікір алмасу

Кімнен: Даке Қайдан: жаңаөзен
16.01.2012 22:36
+0 / -0
Самат, мен саясаткер емеспін. Бірақ қазақ халқына басқалар қызыға қарайтындай болса екен деп армандаймын. Сол арманымды іске асыру үшін ненің не екенін баларыма түсіндіріп отырамын және оларға үлгі болуға тырысамын. Арақ ішіп отырып, бір езуінде темекісі, тілінің ұшында боқтық отырған ата ананың "арақ ішпе, темекі тартпа" дегеніне қай бала құлақ асады деп ойлайсың. Ел басқару да сондай. Өзі ұрлап отырып жалпы халықты ұрламауға шақыру арқылы елде береке орнату мүмкін емес.
Сайлауға бармағыныңа ешкім қиналмайды, қайта қуанады. Сен ертең паралменттенде, оған сайланған депутаттарданда "анау қалай, мынау қалай" деген сияқты талап қоюға заңды түрде хұқың болсғанменде, рухани тұрғыдан хұқың жоқ, себебі сен сайлауғу барған жоқсың, елдің жағдайын өзгертуге талпынған азаматтарға мысқалдайда болса қол ұшыңды беруге жараған жоқсың.
Мен ешқандай ағымның көзсіз берілген фанаты емеспін, тек шындыққа тура қарау керек, ақылмен, парастпен шешу керек шиеленіскен мәселелерді.

Кімнен: zheltocsan
15.01.2012 23:48
+0 / -0
биліктің ұры-қарақшылары енді "ел бірлігі" дегенді ауыздарынан тастамай "бірлікшіл" бола қалыпты.
Ұры, жемқор, қарақтармен ел ешуақытта бір бола алмайды, осы естеріңде болсын! Аллаһ біледі, күндерің жақын, үйткені сендердің мойындарыңда жазықсыз өлген адамдардың қаны бар!
Пікір алмасу

Кімнен: Марат; тілші Қайдан: Астана, m.dosaliev@gmail.
16.01.2012 16:29
+0 / -0
Сіз не, ел бірлігін қолдамайсыз ба, онда халық жауы болдыңыз ғой, сірә! Одан да ақылға келіп, Елбасының саясатына барынша қолдау білдірейік! Халықтың қалауы осы!
Пікір алмасу

Кімнен: zheltocsan
16.01.2012 20:40
+0 / -0
қызмет бабын асыра пайдаланып елдің барлық байлығын оңды солды бөліп алып, одан қалды билікті, ақпарат кеңістігін монополиялап алып елдің бірлігін қашырып берекесін кетірген сол ғой. Қайта сендер ақылдарыңды ертерек кіргізіп, "өтіріктің құйрығы бір тұтам" деген нақылды естеріңе алып, анау Каддафиден сабақ алыңдар! Халық бір көтерілмесін, көтеріліп кетсе не боларын, үйлеріңді өртеп, дүние мүліктеріңнің күлін көкке ұшыратынын анау Жаңаөзенде көрдіңдер ғой. Содан сабақ алыңдар!

Кімнен: Саламат Қайдан: ууу
16.01.2012 00:51
+0 / -0
Жители Жанаозена должны проголосовать как полноценные граждани РК!

Кімнен: Сымбат Қайдан: актау
16.01.2012 01:02
+0 / -0
кешки 6га 10 минут калганда Актаудагы №28 сайлау учаскисине барып ЖСДПга дауысымды бердим.менен баска сайлаушы болмады сол уакытта. 5-6 журналист,сарапшылар отыр.жолда 3 жауынгер мен 3 омонды кордим.

Жогарыдагы МАРАТ деген тилши еркек емес каниги катындардан аумай калыпты го бейшара.Сункылдамай жайына отыршишы...осында журтпен керисуге келгендей...

Кімнен: Өскемен Қайдан: Өскемен
16.01.2012 01:29
+0 / -0
Мұғалім бейшараларды әдеттегідей жаман қинады аянышты дүние, көңілім соған жабығады ұстаз қауым ғой әр адамға екінші ана болған. Біреулерін наблюдатель қылып сквозняк спортзалдарда таң азаннан қараңғы түнге шейін ұстап, екіншілерін көше аралатып, үй аралатып балағат естіртіп, үшіншілерін учительскийге "қамап" бос бланкілерді....

Кімнен: ishky bulkhinys Қайдан: astana
16.01.2012 03:38
+0 / -0
ЖСДП: "Нұр Отанға" қайтара дауыс берушілерді анықтадық
Басып шығару
Досыңа жібер
Бөлісу



МӘТІН КӨЛЕМІ
15.01.2012
"Азат" ЖСДП өкілдері "сайлау кезінде Алматы қаласында заң бұзылғанын анықтадық" дейді.

Тілшіміздің хабарлауынша, партия белсенділері Абай даңғылы мен Манас көшелерінің қиылысында "Нұр Отан" партиясына дауыс беріп жүрген 50-ге тарта адамы бар, мемлекеттік нөмірі А158НВО автобусын анықтаған. Партия белсендісінің айтуынша, автобустағы әйел адам "Нұр Отан" партиясына дауыс бергені үшін 2 мың теңгеден берілетінін айтқан.

Автобустағы 50-ге тарта адам Ораз Жандосов атындағы №105 мектеп-гимназиясында орналасқан № 193, 194 сайлау учаскелеріне дауыс берулері тиіс болған дейді партия өкілдері.

"Азат" ЖСДП тең төрағасы Болат Әбілев прокуратураға, ішкі істер министрлігіне хабарласқанын, бірақ прокуратура "тиісті адамның орнында жоғын" ескерткенін, ал ішкі істер министрлігінде телефон тұтқасын көтермегенін айтады.

Кімнен: Әлі Ердене Қайдан: Нарынқол
16.01.2012 03:42
+0 / -0
Ей Іргелі есімді азамат! Осы Сіз сияқты даурықпа пессимистер халық арасында қорқыныш тудырады. Оларды жаналғыш деп айтпаңыз, олар да біздің аға інілеріміз емес пе. Олар бейбітшілік, тәртіп орнатамыз деп жүрген азаматтар.Қайдағы азаматтар солар емеспе қорғансыз халықты торғайша атқан.Олар құлтемірлер пультпен басқарылатын басқа сөз жоқ
Пікір алмасу

Кімнен: семейхан Қайдан: семей
16.01.2012 09:21
+0 / -0
Марат тілшіге айтарым іні бауырларынның біреуі Жанаөзен полицайларының қолынан оққа ұшса көрер едім қалай басқаша сайрайтының
Пікір алмасу

Кімнен: Марат; тілші Қайдан: Астана
16.01.2012 11:09
+0 / -0
Әй, Әлі Ердене деген ДАНАГӨЙСЫМАҚ! "Пультпен басқарылатын адамдар халықты торғайша қырды" деген сөзіңізбен келісе қоймаймын. Жаңаөзендегі тәртіпсіздікке "біреулер" мүдделі болды. Яғни бұл жерде сыртқы күштердің ықпалы бар деп ойлаймын. Бұл ....... державасының Орталық Азияға, оның ішінде Қазақстанға деген қырғи қабақ соғысы. Солар бізге араңдатушылық жасап отырған. Нәтижесінде, саясаттан хабары жоқ бишара халқымыз жапа шекті. Саяси ойыңыз жоқ, болып жатқан шынайы жағдайдан мақұрым болсаңыз, пасық пікіріңізді сумаңдатып интернетке шығара бермеңіз!

Кімнен: саги Қайдан: алматы
16.01.2012 08:47
+0 / -0
казак халкы болмаса назарбаев кимге ел басы болар еди .казирги билик калта камын оилаиды .елимиздин ертени не болады барин жат журтыктарга берип коиды . олар не керек калтасы толса болды . 20 жылда не ондирдик базардан казакстанда жасалган туимеде жок .мактанамыз...

Кімнен: Қазақ Қайдан: Жангелдин 18
16.01.2012 09:19
+0 / -0
Сайлау талапқа сай қалыпты жағдайда өтті. Бұны халықаралық байқаушылардың өздері сойындап отыр.Ал Жаңаөзенге келсек, онда қатаң тәртіпте өтуі қажет. Өйткені қаншама мемлекеттен бәленбай байқаушы жүргенде айқай-шу шығарып, оны мемлекет реттец алмаса, масқара емес па

Кімнен: иілмеген қазақ Қайдан: Ақтау
16.01.2012 09:51
+0 / -0
Біріншіден, Гулмира Илеуова , ханым о......п тұрған сияқтысыз.Екіншіден, билік деп айтуға аузым бармайды, себебі олар кәдімгі ұрылар, мошенниктер, қанішерлер мен қол сүйгіш жалбақай азғындар, мұнайшылардың еңбекақысын төлеуге ақша қимағанмен де, нұротанның даусы үшін 2000 теңгеден ақшаны төлейді екен. Соның өзінде де үлкен фальсификация жасалып отыр, өз еркімен барған халық түгелдей дерлік ЖСДП ға берді, ал оған 1,5 пайыз деуі нағыз алаяқтық.

Кімнен: @utyubaev Қайдан: Pavlodar
16.01.2012 10:20
+0 / -0
Үкімет, Сайлау комитеті, Заңқорғаушы органдар және Жаңаөзен басшылығы арқасында Жаңаөзен сайлау тиыш және ойдағыдай өтті. Ешқандай келеңсіздіктер болған емес! Соған шүкір, соған тәуба!

Кімнен: Баука Бука Қайдан: KZ-ORDA
16.01.2012 10:31
+0 / -0
менің ойымша сайлау әділ өтті! Журналист, репортер, корреспонденттерге айтарым, жұмыстарыңызды адал атқарыңыздар, сіздердің кесірлеріңізден басқалар зардап шегуі мүмкін!!!

Кімнен: Tomiris Қайдан: Ақтау
16.01.2012 10:31
+0 / -0
Жаңаөзендегі сайлау жергілікті тұрғындардың пікірінше жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Әсіресе сайлау комиссиясының мүшелерінің мәдениеттілігі мен сыпайылығы халыққа жақсы әсер қалдырған. Белгілі жағдайларға байланысты тәртіпті қадағалау болғанымен халықтың көңіл-күйіне кері әсер ететіндей, мерекелік атмофераны бұзатындай жағдайлар байқалмаған. Сондықтан адамды үркітетіндей қадағалау болды деп айту артық деп ойлаймын.

Кімнен: Қараша Қайдан: Астана
16.01.2012 10:57
+0 / -0
Мен желтоқсан деген қонақты қолдаймын. Рас 20 жылда жақсы өзгерістер болды. Ең негізгісі санада жаңғыру пайда болды. Құлдық санадан айрылдық. ӘРбір ел азаматы өз ойын еркін жағдайға жеттік. Сол үшін кең көлемді ойланып тату болайық ағайын.
Пікір алмасу

Кімнен: zheltocsan
16.01.2012 20:50
+0 / -0
орысқа құлдық санамыз алаяқ қалмаққа құл болуға айналғаннан не қайыр? 20 жыл болғанмен құлдық сана күшеймесе азайған жоқ.
Пікір алмасу

Кімнен: Gulsara Murzhakmet Қайдан: Astana
16.01.2012 21:04
+0 / -0
Биз мунда адилдик ушин кизил кенирдек болып жатканда ОБСЕ мушелери адилетсиздиктин ушыгын шыгарып, оз багаларын берип улгерди. Иштеги былык сыртка тез коринип тур емес пе. Сондыктан "Нур Отан" да каншалыкты "нур" калды. Мен билетин нуротаншыл азаматтар шымылдык астында баска партияны нускады. НурОтан жастардан нагыз жагымпаздарды тарбиелеп емес дайындап жатканына жаным ауырады. Ойпырмай, коздери ашык корингенмен кокиректерин неге шел баскан.
Пікір алмасу

Кімнен: kazbek5115 Қайдан: Уральск
20.01.2012 13:13
+0 / -0
Сіздер не десеңізде қазіргі Қазақстанның осындай жетістіктерге жетуіне басты себепші болган біздің ел басымыз. Мемлекетті көтере білді тұңғиықтан.Сондықтанда Нұр Отанның жеңіске жетуі заңды.
Пікір жарияланған бет , жиыны 3
    Келесі