Сәрсенбі, 22 мамыр 2013, Алматы 08:00


ӘЛЕУМЕТ / Жаңаөзен - 2011 / Полицейлер соты

Полицейлер Жаңаөзен оқиғасында өздерін басқарған адамның атын атады

Куәгер полицейлердің бірі «Алаңда әйелдер мен бала-шағалар бұзақылардан қашып келе жатқанын» баяндады. Енді бір полицей 16 желтоқсандағы оқиға кезінде басшыларының «тек аспанға атуға ғана бұйрық бергенін» айтты.

Полицейлер соты өтіп жатқан ғимарат маңында жүрген сарбаздар. Ақтау, 3 мамыр 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
Полицейлер соты өтіп жатқан ғимарат маңында жүрген сарбаздар. Ақтау, 3 мамыр 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
Мәтін көлемі - +
Бүгін түске дейін Ақтаудағы «Полицейлер сотында» әуелі жәбірленушілер, содан соң куәгерлер полицейлер сот алдында жауап берді.

Бастапқыда 2011 жылы 16 желтоқсанда оқ тиген, әлі кәмелетке толмаған екі жасөспірім туыстарының қатысуымен сұралды. Оның біріне Saule540 түсірген видеодағы атыс кезінде оқ тиген.

Жәбірленушілердің арасында ұлы Парахат Дүйсенбаев «Жаңаөзен соты» бойынша қамауда жатқан, қызы Айжан Дүйсенбаева16 желтоқсанда аяғына оқ тиіп, балдаққа сүйеніп қалған,  күйеуі сол кезде оқтан көз жұмған Нұрсәуле Дүйсенбаева да болды.

Жасөспірімдердің аналары «сотталушылардың қылмысы дәлелденсе, қолмен жасағанын мойындарымен көтерсін» деді. Ал Нұрсәуле Дүйсенбаева «айыптыларды түгел таппай тынышталмаймын» деп мәлімдеп, сот залынан шығып кетті.

«АСПАНҒА АТТЫҚ»

16 желтоқсандағы Жаңаөзен оқиғасы бойынша өткен сот процесінде аты-жөні жиі аталған адам, Жаңаөзен қалалық ішкі істер басқармасы бастығының бұрынғы орынбасары Әбдірасул Өтешев бүгінгі сотқа куәгер ретінде келді. «Қазіргі уақытта 
Жаңаөзен оқиғасы кезіндегі полицейлер. 16 желтоқсан 2011 жыл.Жаңаөзен оқиғасы кезіндегі полицейлер. 16 желтоқсан 2011 жыл.
x
Жаңаөзен оқиғасы кезіндегі полицейлер. 16 желтоқсан 2011 жыл.
Жаңаөзен оқиғасы кезіндегі полицейлер. 16 желтоқсан 2011 жыл.
Мұнайлы ауданы ішкі істер бөлімі бастығының орынбасарымын» деген ол 16 желтоқсанда «өзі көрген жайттарды» баяндап берді. 

Әбдірасул  Өтешевтің сөзіне қарағанда, «полиция отряды Тәуелсіздік алаңы жағына, перзентхана жанына келгенде ғимараттарды өртеп жүрген бұзақылар жағармайы бар шөлмектер мен тас лақтырған – полицейлердің кейбіреулерінің қалқанына бытыра да тиген».

Өтешевтің айтуынша, «бұзақылар онымен де қоймай «бұл - жай оқ, қаруларын тартып алып, өздерін өлтірейік» деп айқайлаған. Тіпті ішінде біреуі «міне көрдіңдер ме, маған ештеңе де болмайды» деп ортаға шығып билеген. Сол кезде ғана полиция жасағы аспанға оқ атқан».

- Біз көргенде алаңда әйелдер мен бала-шағалар бұзақылардан қашып келе жатты, - дейді Жаңаөзен қалалық ішкі істер басқармасы бастығының бұрынғы орынбасары Әбдірасул Өтешев.

«БҰЙРЫҚ БЕРГЕН - ӨТЕҒАЛИЕВ, БІРАҚ...»

Әбдірасул Өтешев «2011 жылы 16 желтоқсан күні Жаңаөзен қаласындағы полиция қызметкерлерінің жеке құрамына кім басшылық етті?» деген сауалға сот залында қамауда отырған полицей Қабдығали Өтеғалиевті көрсетті.

- Бірақ ол «адам өміріне қауіп төнген кезде ғана атыңдар» деп бұйырды. Менде 
Жаңаөзенде жүрген полицейлер. 17 желтоқсан 2011 жыл.Жаңаөзенде жүрген полицейлер. 17 желтоқсан 2011 жыл.
x
Жаңаөзенде жүрген полицейлер. 17 желтоқсан 2011 жыл.
Жаңаөзенде жүрген полицейлер. 17 желтоқсан 2011 жыл.
тапанша мен автомат болды, тапаншадан 5 рет аспанға аттым, - дейді Әбдірасул Өтешев.

Өтешевтің сөзіне қарағанда, 2011 жылы 14 желтоқсанда Жаңаөзенге келген Маңғыстау облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Қабдығали  Өтеғалиев оқиға болған кезде жоғары лауазымды қызметкер әрі куратор ретінде Жаңаөзендегі ішкі істер бөлімінің барлық жасағына басшылық еткен.

Бұл сөзді кейіннен сот алдында жауап берген куәгерлер - Маңғыстау облыстық ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары Ержан Сәденов те, Жаңаөзен қалалық ішкі істер басқармасының сол кездегі орынбасары Мұхтар Қожаев та растады.

Алаңға жасақты бастап барғандардың бірі Мұхтар Қожаев та Қабдығали  Өтеғалиевтің бұйрығы бойынша әрекет еткенін, бірақ оның «тек аспанға атуға ғана бұйрық бергенін» бөле-жара айтты.

ТІРКЕЛМЕГЕН СЕГІЗ АВТОМАТ

Кешегі сот отырысында куәлардың бірі Жаңаөзен қалалық ішкі істер бөліміне тиесілі сейфте 221 тапанша және 29 автомат бар екенін, 17 желтоқсанда соның тең жартысы қайтпай қалғанын айтқан. Бірақ ол қарудың бәрі полицейлерге берілген-берілмегені түсініксіз болып қалған еді.

Бүгін Маңғыстау облыстық ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары Ержан Сәденов «автоматтардың полиция қызметкерлеріне берілгенін, алайда соның ішінде сегіз автоматтың арнайы журналға тіркелмегенін, бірақ оны алғандардың анықталғанын» айтты.

Кешеден бері қаруды алу мен тапсыру тәртібіне байланысты сауалдар қойып отырған адвокаттардың бірі тергеу кезінде бір автоматты кімнің ұстағаны анықталмай қалғанын айтып, «Ол осы сегіз автоматтың ішіне кіре ме, жоқ па?» деген сұрақ қойды. Өйткені қамауда отырған сотталушылардың біріне «осы автоматтан оқ атты» деген де айып тағылған екен.

Ержан Сәденов бұл сұраққа анық жауап бермей, «тергеудің шынында да үстірт жүргізілгенін, дәлелдеменің болжамға негізделгенін» айтты. 

«ОППОЗИЦИОНЕРЛЕР КЕЛЕДІ ДЕ ҚОЗДЫРЫП ЖІБЕРЕДІ»

Жаңаөзен қалалық ішкі істер басқармасы бастығының бұрынғы орынбасары, қазір  ішкі істер министрлігіне қызмет ауыстырған Мұхтар Қожаевтың да жауабы ұзаққа созылды. Ол ереуілшілермен өздерінің көптен бері сөйлесіп келе жатқандарын, олардың кейде «ереуілді доғармақшы болғанын» да есіне алды.

- Ереуілшілер тарқағалы тұрғанда Алматыдан оппозиционерлер келеді де қайтадан қоздырып жібереді, - дейді Мұхтар Қожаев.

Ол 2011 жылы желтоқсанның 15-і күні Жаңаөзен алаңына киіз үй тігерде ереуілшілердің «бұл жерге киіз тікпейміз, бұл күн - қаралы күн» деп қарсылық көрсетіп, үй тігушілерді қарғағанын» айтты.
Қарап тұрған, жазығы жоқ адамға оқ атқан ешкімді көрген жоқпын. Егер біз онда бармасақ, адам шығыны мұнан да көп болар еді.

- Қызметкерлер өз өмірлеріне қауіп төнген жағдайда қару қолданды деп санаймын. Қарап тұрған, жазығы жоқ адамға оқ атқан ешкімді көрген жоқпын. Егер біз онда бармасақ, адам шығыны мұнан да көп болар еді, - дейді Мұхтар Қожаев.

Жаңаөзен қалалық ішкі істер басқармасы бастығының бұрынғы орынбасарының айтуынша, «атыс қаруын қолданбауға мүмкіншілік болған жоқ - арнайы құралдар жеткілікті болса ондай мүмкіндік болатын еді».

Мұхтар Қожаев табельді қарудың, яғни тапаншаның не себепті Жаңаөзен оқиғасынан 10-15 күн бұрын беріле бастағанын да айтты. Оның сөзіне қарағанда, «Ақтөбе мен Атырау және басқа жерлердегі жағдайларға байланысты кезекші нарядты қаруландыру туралы жоғарыдан нұсқау берілген».

Мұқтар Қожаев «алаңда оқ тиіп құлап жатқан бір-екі адам ғана көргенін» айтып:

- Бірақ жарақат алғандарға көмек көрсетуге мүмкіндік болған жоқ. Біз түгілі дәрігерлердің өзін де жақындатпай қойды, - деді.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
05.05.2012 08:31
+0 / -0
Өтірікті судай сапыруын, сонда елдің бәрі бандит екен ғой. Қалқандарын кнбның заборының ішкі бетіне тізіп қойып бытыра мылтықпен өздері атқандарын жоғарғы этаждан көрген тұрғындар. Кнб, прокурор деп айыратыны жоқ бұлар бәрі бірігіп араласып кеткен, сужүрек қорқақтар, пара алуға, адам тонауға машықтанған, әке көкелеріне сенген албасты өңкей. Резеңке оғы, су шашатыны, пожарнигі бола тұра боевой оқпен атуы қауқарсыздықты, оқу жаттығу жұмыстары жүргізілмейтіндігі, өз ісінің маманы емес екендіктерінің белгісі.
Пікір алмасу

Кімнен: оқ Қайдан: оқ атылған жер
05.05.2012 20:13
+0 / -0
бұл бұйрықпен болған жағдай көздеген мақсатынан қайтпайтын маңғыстаулықтарды атып ,ұрып соттап басып тастасақ қалғандары дыбысын шығармайды деген оймен жасалған қастандық мын полицялар өздеріне тықыр таянғанда басқа жаққа бұрып өздерін тазамыз дегісі келеді бұл атқыштарды өмірлік түрмеге жабу керек

Кімнен: Елдар Қайдан: Алматы
05.05.2012 08:44
+0 / -0
Ассаламъуалейкум! Макаланы окып көрдік... Әрине 7 ай бойы айлык алмай ереуілге шыққандардың жағдайын түсінуге болады. Тек жазықсыз кәсіпкерлердің кеңселерін, дүкендер мен ғимараттардың өртеуі өздеріне минус болды ғой...Және де қашан да Ананы қадірлеген халықпыз ғой. Үлкен кейуананы ұрған және айтқан сөзіне, тастаған орамалына қарамаған ереуілшілердің Ананы сыйлаудан қадірлері кеткен ба деп ойладым... Менің ойымша араға от салып, жастардың делебесін қоздырған оппозиция! Тәуелсіз елде бірлігімізді бекем ұстайық ағайын. Әйтпесе бізге көз сүзіп отырған көптеген елдердің қол астына өтіп бұдан қиын күн көріп кетерміз субханАллаһ!
Пікір алмасу

Кімнен: Кабакай Адай Қайдан: Атырау
05.05.2012 14:33
+0 / -0
Казакша шрифт жок дегенмен айтайын. Бос созинди койшы. Биз ауел бастан коптеген елдин кол астына кирип кеткенбиз. Окига орнында болган жоксын сол себепти бет алды сойлеуинди догар. Онсыз да ызаланып, ашынып отырган елге ондай создеринди айтпа. Ортенген гимаратынннын куны адам омиринен артык емес
Пікір алмасу

Кімнен: қожа
05.05.2012 22:52
+0 / -0
ниеті дұрыскісі жер біреудін мал-дүниесін өртейме?
Пікір алмасу

Кімнен: шер Қайдан: Көқ байрақты ел
05.05.2012 21:25
+0 / -0
Көзіңді ашыңқырап, төңірегіңе көзің сал, тәуелсіз елдің ұрпағы! Осылай жүре берсек, картадағы сары елдің провинциясы қалай болып кеткенімізді білмей де қалармыз.
Пікір алмасу

Кімнен: Қожаназар Қайдан: Ақтау
06.05.2012 14:33
+0 / -0
Бәрі түсінікті болды. Бәрін биліктің ұйымдастырғанында дау жоқ еді. Тек неге басқа күн құрып қалғандай ,мейрам күні жасады екен деп,түсініңкіремей жүретін едім. Енді түсіндім.
Төлеутаеваның бастаймыз деп жүргені, сол 16 күніне белгіленген митинг екен ғой, Назарбаевтың отставкасын талап етіп. Ол шерудің болатынын билік те білген. Билік біліп,сол шеруді болғызбай тастаған, соңы атысқа ұласқан. Билік Назарбаевтың отставкасынан өлердей қорқады, сондықтан да солай өлермен әрекет жасаған. Бәрін биліктің ұйымдастырғанына шүбә жоқ. Екі арадағы полицейлер де биліктің ойынын білмей қалған болуы әбден мүмкін. Бірақ, одан полицейлердің кінәсі жеңілдемейді. Ал, КНБ ролін тексеру керек. Бұл жерде бірде бір КНБшниктің жауапкер болмауы үлкен күдік туғызады.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
05.05.2012 11:48
+0 / -0
Мына полицейлер бұлай сөйлеуге АЛЛАтагаладан қорықпай ма екен? Сонда үкімет дергімен "қорғаныс мақсатында 16 адамды атып,жүздей адамды жаралап еді"ғой бұл полицейлер.Қандай қорғаныс екені соткаға түсірілген видеоларда көрініп тұр.көрінген адамга оқ жаудырып жүрген тек полицейлер ғана.Өздері кругом видеоға түсіріп жүр.Бір-екі адам автоматқа қарсы тас лақтырғаны болмаса,халықтың қолында ешнарсе жоқ.Әуелде телевидениеден 3 ай бойы "бұзақылар оқушыларды ертіп барған физ рук мұғалім Атаберген Дүисекеновті өлтірді "деп қайталай берген.сӨЙТСЕ ОЛ ДА ПОЛИЦЕЙ ОҒЫНАН ҚАЗА БОЛҒАНЫН АҚПАН БАСЫНДА БАРҒАН ЖУРНАЛИСТЕРГЕ ӘКЕСІ АИТҚАН ЕДІ.еНДІ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУЫШЫЛАРДЫҢ ӨЗІ ОНЫ Бақытқалиұлының пистолетінен атылған деп жүр.Билік өкілдері, құқық таптаушылар Қазақстан халқын 3 жасарт бала көретін сияқты.Кешегі аитқанды бүгін ұмытып қалатын.Бұл қалай?
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
05.05.2012 17:51
+0 / -0
Өлген адам өте көп, ӨЛТІРГЕН СЕНДЕР!!!!!!!!!!! ҚҰТЫЛМАЙСЫҢДАР!!!!!!!!!!!! БАСЫМЫЗ ЖЕРГЕ КІРГЕНШЕ ҰМЫТПАЙМЫЗ!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!
КЕШІРІМ СҰРАП АЯҚҚА ЖЫҒЫЛУДЫҢ ОРНЫНА; ҚУЛЫҚҚА БАРЫП ОТЫРСЫҢДАР!!!!!!!!!!! НАН МЕН СЕНДЕРГЕ КЕШІРІМ ЖОҚ!!!!!!!!!! Өмір бойы кешірдік, УВД-дыда талай таяққа жықтыңдар, жетеді!!!!!!! Бірақ автоматпен оқ жаудырғандарың кешірілмейді!!!!!!!! Бізді аң құсатып аттыңдар, сендерге де солай болады!!!!! Аяқ астынан адам бола қалмаңдар!!!!!!! Әуелден де аң еді, аң екендеріңді бір күнде тағы дәлелдедіңдер!!!!!!!! НАН құтқарғарғанмен БІЗДЕН ҚҰТЫЛА АЛАМЙСЫҢДАР!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
06.05.2012 00:07
+0 / -0
Қазақстанның менттеріне байкот жариялау керек. Тіпті туысқан менттердің өзін маңайымыздан аластатуымыз қажет. Оларға жиіркенішпен қараған жөн. Сонда ғана олар өздерінің халқына қандай қылмыс жасағанын түсінетін шығар. Әйтпесе мақаладан байқағаным менттер халықтың қаһарынан емес құйрығын бұлғандатқан иттер сияқты өздерінің қожайындарынан қорқатын сияқты

Кімнен: Ақтас Қайдан: Almati
05.05.2012 13:20
+0 / -0
Ендігі кезекте Өтеғалиев өзіне кім бұйрық бергенін атауы керек! "Козёл отпущения" міндетін арқалаймын деп бүкіл үрім-бұтағының алдында қара бет болғысы келмесе...
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
05.05.2012 17:44
+0 / -0
Мына Мұқтар Қожаевқа аяушылық болмауы тиіс!!!! Ол өзінің қылмысын бүркемелеп, оппиктерге аударып отыр! Мұның ойы тереңде! Бұл халықтың қырылғанына ешқандай қысылмаған адамның сөзін айтып отыр. Ол әлі де болса соттар өзін арашалайды деп далбаса үмітпен отыр! Сен құтыла алмайсың, өйткені пиғылың жаман!
Пиғылы жамандар түбі сатып кетеді, Осыны ұмытпаңдар!
Теріс пиғылдыны кешіруге болмайды! Осы оқиға бәрінің артын ашып кетті! Міне, мынаның да арты ашылды!!!!!!
Сені Нан арашаласа да түтіп жейміз!!!!!!!!
Ұмытады деп ойлама!!! Шын сөзіміз осы!!!!!! Сен танитын төрт адам жазып отырмыз!!!!!!!!!
Пікір алмасу

Кімнен: С Қайдан: Aqtau
08.05.2012 18:11
+0 / -0
Қойыңдар, Мұқтар-сұқтарларың тек пешка ғана ғой... Кінәлілерді жоғарыдан іздеу керек. Жейміз жейміз дегенше нақты бір іске асарлық дәлеліңді айтып, айыптарын аша түсу керек. Куәгерлер шындықты айтқысы келгенмен айтқызбай өлтіреді ғой.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
05.05.2012 17:53
+0 / -0
Осы Жаңаөзен сотының әңгімесін тыңдап отырсаң спектакль көріп отырғандай боласың.Бәрі жалған екені көрініп тұр ғой.Қарапайым халықтың кінәсі жоқ қой.Іштегі тентек балаға әлі келмеген полиция бізді сыртқы жаудан қалай қорғайды...түсінбеймін..Жасандылықтан шындыққа көшейікшесі...Шындықты айту өте қиын, бірақ ол қашанда ашылады ғой...

Кімнен: Ауылдың қазағы Қайдан: Алматы
05.05.2012 17:35
+0 / -0
Күштінің к-ті диірмен тартады дегенді естісіңдер күш билік жағында - полиция да, ұқк де, прокуроры да, соты да Назарбаев дегендікі, сондықтан ағайын тап менің әділ сот болады дегенге иегім қышып отырған жоқ. Заманбекті "өзін-өзі" үш рет аттырып өлтірген, Алтынбекті ұрлап әкетіп қайдағы жоқ бір елеусіз шенеунік тапсырыспен өлтіртті деген билік бұл жолы да пәле-жаланың бәрін мұнайшыларға жаба салайын деп отыр. Солай болады да,
билік ауыспай осылай бола береді де...
Пікір алмасу

Кімнен: Кылмыскер Қайдан: абакты
05.05.2012 23:50
+0 / -0
біздін казекеннін басы кашан дурыс жасайтын болады екен осы? Ен болмаса отірікті де келістіріп айта алмайды. Кылмысты да тігісін жаткызып істеуге болады гой. Колында билік, акша, куйрык жалагыштар да бар бір жалау ушін шешесін сатуга даяр. Сонын озінде де келістіре алмайды. Баланын отірігін айтады. Казір лазерная хирургиянын заманы, казекем алі тас балтамен жур. Ай бірак маймыл машинага отырганмен адам бола алмайтыны сиякты гой. Ен болмаса отірікті дурыстап келістіріп айтындаршы. нуротан саган айтам суйіндікоп ихтиандр екеуіне

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
05.05.2012 18:53
+0 / -0
мени ойландыратыны ,жагармайы бар шолмектерди лактырган бузакылар.ол шолмектерди даярлап тактап алдын ала котерилис уйымдастырган адам барга уксайды.бул жерде шиленискен жумбак адамдар бар.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
05.05.2012 23:42
+0 / -0
Коп ойлана берме басын улкен болып кетіп такиян симай калар. Ал алгі адамдарды дурыстап іздесен погон таккандар мен жумсак креслолы бузакылардын ішінен тауып каласын
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
06.05.2012 14:09
+0 / -0
хи-хи-хи;)мен такия киетин ул емеспинго кызбын.неге ойланбаска?канша адамнын омири мен тагдыры шешилип жатканда.

Кімнен: Шындық . Қайдан: Кекшіл ел
05.05.2012 19:13
+0 / -0
Біз ұлдарымызды соттатып қоиып қарап отыратын халық емеспіз . Асықбаған арбамен қоиан алар дегендеи халық болып ұрандатар кезде келер , әу бастан бұның бәрі қорқыту үшүн жасалғандаи . Кінәлілерге кешірім жоқ , ату кешірілмеитін , ұмытылмаитын ауыр қылмыс . Ертеңақ жүріп өткен жерімізге жеңіс туын қадап кетіп отырамыз . Қанша жерден бастарыңызды алып қашсаңыздарда тарихтың дөңгелегін кері аиналдыра алмаисыңдар . Қанды қырғынды түсірген көрністер аиғақ болып қалады , бұл сендерге 1986 жыл емес бәрін Москваға аударып тастап қарап отыратын Қазақ халқы кекшіл халық , кегімізді әліақ қаитарамыз . Өлгендерден батыр жасап , сотталғандарды ақтап атағын шығарып ескеріткіштер орнатамыз , нұрпатшаның ескерткішін құлатып орнына Алматыда 1986 жылғы , Жаңаөзенде 2011 жылғы қырылған боздақтарға арнап меморандум орнатып үлкен екеріткіш қоиамыз . Милйондар басына тағызым етіп гүл шоқтарын қоиатын болады . Сол кезден бастап НӘН ты есімізгеде алмаи ұмыта бастаимыз , бұрынғы жинаған атағын , беделін көңілдерден өшіріп , жақсылығы болса жоқ етеміз . Қан ішкен патшаға , атқандарға кешірім жоқ . Тозақ отынан арашалап қала алмаимыз . сол қанды 100 жылдада жуып кетіре алмасыңдар .

Кімнен: қазақ баласы Қайдан: қазақ даласы
05.05.2012 20:00
+0 / -0
бұл жауыздар халықтын канын аркалап журіп кішкентай балаша сандырактайтыны несі карап турган жазыгы жок адамга ок аткан жокпыз деп оттаганы несі сонда окка ушкан 17-адам тас лактырып барып жан тапсырганыма калган жузден асатын адамдард да тас лактырган атып өлтіре алмаган болып тур гой бұл жауыздар осы сотымызда дұрыс қазаққа деген жан ашу болса осылдардын атуға рұксат бергендерді канга кан ату жазасын беру керек сонда бақилық болған туыстарымыздың аруағы тынышталар еді тек соны тілеймін АЛЛА-дан

Кімнен: сорлы Қайдан: кор болган жерден
05.05.2012 20:25
+0 / -0
атуга руксат берген ким деп барлык казак аландаулы. НАН екенин билсек те барлыгы ким руксат берди де сурайды

Кімнен: патриот Қайдан: алматы
05.05.2012 22:42
+0 / -0
Жоғарыдағы биліктегі Ұрылардың ХХ1-Ғасыр сахнасында қазақ жастарына жасалған қатыгездік қан төгісіне арнап Тарихта қалатындай келесі ұрпақтар үшін ЖАҢАӨЗЕН Туралы ФИЛЬМ КИНО шығару керек!!!
Тек мына биліктегі Ұрылардың Эпопеясы біткен соң!!!

Қылыш бар деп қолымда өлтірме сен кісіні,
Қаламайды құдірет Сол ЖАУЫЗДЫҚ ісіңді,
Шыңдалмайды Сом болат әлдекімге сұқсын деп, Сығылмайды жүзімде ащы шарап шықсын деп!
Пікір алмасу

Кімнен: Абзал Куспан Қайдан: Орал
06.05.2012 10:07
+0 / -0
ЕСКЕРТУ! Мухтар Кожаев Жанаозен калалык !!б-н!н орынбасары емес, бастыгы болган.

Кімнен: Қазақ баласы Қайдан: Атырау
06.05.2012 07:22
+0 / -0
Ей, менттар!!! Бәріңде Аллах Тағалланың алдына барасыңдар ертең!! Сонда не айтасыңдар?!! Аллахты алдай алмайсыңдар!! Одан да тәубелеріңе келіп халқыңның алдында күнәларыңды мойындап, кешірім сұраңдар, ҚАНІШЕРЛЕР!!!!!! Әйтпесе, жазаларыңды мына ашулы халқым өз-ақ беруге дайын отыр!! Бәрібір құтылмайсыңдар жазадан!!!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
06.05.2012 22:28
+0 / -0
Бұл сот шынымен де әділ өтсе екен, қанішерлер мен жауыздар жазасын алсын!!!!!!!!!!!ал бұйрық берген адам, айтпаса да белгілі гой...

Кімнен: Шаттық Қайдан: Алматы
07.05.2012 12:52
+0 / -0
Тагы да ойына не келсе, соны жазып, арандатып отырган пікір берушілер. Тагы да билік пен халыкты боле жара, іріткі салып журген даурыкпалар. Бул арекеттеріне тоскауыл болмаса, еліміздін іргесінен тыныштык кетеді. Экономикамыз бен алеуметтік жагдайды реттеуге толыкканды коніл болмей, бул маселе он шешімін таппайды. Алдымен, саяси биліктегі кателіктерге абден коз жеткізіп алындар. "Басшысыз калган ел жетім", басшыларыннын дурыс ел баскаруын Алладан тілеп, дуга кылып, тілекші болып отырудын орнына сендей соктыгысып, ар оттын басын бір шаласындар. Оппозиция окілдерінде кемшілік оте коп, екі ортада карапайым казак халкы опык жегелі тур. Сондыктан мынандай комментарийлермен ел ішін ала тайдай булінуге бастайтын бейпіл создерді койган жон. Сауатсыздыкка салынбандар. Аділ сот укімі шыгады деп сеніндер.
Пікір алмасу

Кімнен: ара Қайдан: ұядан
07.05.2012 14:16
+0 / -0
сенгің келсе өзің соған сеніп отыра берсеңші, біреуге ақыл айтып қайтесің, әркімнің осы басы бар ғой

Кімнен: казак Қайдан: мазакстан
07.05.2012 16:25
+0 / -0
ок аткан малгундарга бугын званиесын котерып,намыссыз тостерыне ордень за храбрость тагып жаткан жок па.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
11.05.2012 12:06
+0 / -0
Қандай елде өмір сүріп жүрміз?!
Пікір алмасу

Кімнен: тауелсиз Қайдан: ел
11.05.2012 13:24
+0 / -0
Тауелсиз елде омир сурип жатырмыз,Колымыздан ештене келмейди тауелсизбиз барин оздери жасап ,оздери шешетин заман..
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
15.05.2012 13:22
+0 / -0
негизи ауел баста бул биликтин кателиги. Жети ай бойына оларга кулак асуы керек еди, Кеиин байгус мунайшыларды елге,биликке,карсы шетелде кашып журген елдин жаулары пайдаланып кеткен гой, Еки ортада каска болган мунайшылар окка ушты, Негизи уйымдастырушылары болган гой, Енди келип кара халык зардабын тартып отыр.

Назарға көп іліккен

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

"Қазақмыс", Eurovision және "Хезболла"

Сұрақ 1/ 4

Сұрақтың фотосы
"Қазақмыстың" жаңа басшысы болып кім тағайындалды?