Бейсенбі, 24 мамыр 2012, Алматы 23:31

АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ / Журналистерді қудалау

Stan.tv журналистері Назарбаевқа хат жазды

Қаңтардың 11-і күні Алматыда Stan.TV бейнепорталының журналистері жиын өткізіп, Маңғыстау облысындағы мұнайшылар ереуілі жайлы хабар таратуды бастағалы бері өздеріне құқық органдары тарапынан қысым күшейіп кеткендігін айтып, президент Нұрсұлтан Назарбаевқа хат жазғандарын жариялады.

Stan.TV бейнепорталының журналисі Қасым Аманжолұлы. Алматы, 11 қаңтар 2012 жыл.
Мәтін көлемі - +

Олар соңғы алты айда өз журналистеріне қатысты тексеру-тергеу әрекеті қатайғанын ескертіп, президенттен «Ұлттық қауіпсіздік комитеті және құқық органдарының күшейіп кеткен қысымын доғаруды» сұрайды.

«ЕСІРТКІ, ҚАРУ ЖӘНЕ ЭКСТРЕМИСТІК ҰЙЫМДАР»

– Қаңтардың 10-ы күні біздің кеңсемізге ҰҚК-нің алты қызметкері келіп, біздің үш қызметкерімізді (Шернияз Шағатай, Бауыржан Ыдырысов, Мұрат Белгібаев) алып кетті. Оларды күні бойы ұстап, тергеуге алған, – дейді бейнепортал журналисі Қасым Аманжолұлы.

Ол ел президентіне «ол мейірімді немесе қайырымды, қамқор болғандықтан емес, біздің құқықтарымыздың сақталуына кепіл болуға міндетті болғаны үшін» арнайы хат жазып отырғандарын айтады.

«Соңғы уақыттары күш құрылымдары тарапынан үкіметтік емес ұйымдарға қарсы әрекеттер мен тәуелсіз журналистерге қысым көрсету өсе түсті» деген журналистер көпшілік алдында мәлімдеме жасады.

– Stan.TV қызметкерлерінің есірткіге әуестігі жоқ, заңсыз қару ұстамайды, ешқандай экстремистік ұйымдармен байланысы жоқ. Сондықтан біздің қызметкерлерді бұл көрсетілген қылмыс түрлерімен айыптау арандатушылық деп бағаланатындығын ескертеміз, – дейді Қасым Аманжолұлы.

«ӨЗГЕЛЕРДЕН ӨЗГЕШЕЛІК»

Stan.TV бейнепорталының журналистері Маңғыстауда ереуіл басталған алғашқы күннен бастап ақпарат беріп келеді.

– Сол себепті желтоқсанның 16-сы – қанды оқиға болған күні сол алаңда жүрген тек біздің тілшілер еді. Олар, әрине, өз көрген-білгендерін тергеу барысында куәгер ретінде айтып беруге дайын. Бірақ тергеуге шақыртылған қызметкерлерге 
Stan.TV бейнепорталы бас редакторының орынбасары Жұлдыз Төлеу. Алматы, 11 қаңтар 2012 жыл.
x
Stan.TV бейнепорталы бас редакторының орынбасары Жұлдыз Төлеу. Алматы, 11 қаңтар 2012 жыл.
​​Жаңаөзенге мүлдем қатысы жоқ сұрақтар қойып жатыр. Мәселен, күні кеше ғана ұсталған режиссеріміз Мұрат Белгібаев Жаңаөзенде мүлдем болған емес. Одан «Қандай файлдармен жұмыс істейсіңдер? Сендердің өзгелерден қандай өзгешеліктерің бар?» деген сынды, Жаңаөзенге қатысы жоқ техникалық жайттарды сұрастырған, – дейді бейнепортал бас редакторының орынбасары Жұлдыз Төлеу.

Бейнепортал басшылығы «қазір құзырлы органдар Жаңаөзендегі оқиғаның себеп-салдарын анықтаудың орынына сол «оқиға жайлы ақпарат қалайша интернет арқылы тарап кетті» дегенге бас қатырып отыр» десті.

– Егер журналистерге оқиғадан өзге сұрақтар қойылып жатса, онда тергеу Жаңаөзендегі жаппай тәртіпсіздікке журналистердің өздерін кінәлі етпек ойы бар шығар, – дейді бұл жағдайға қатысты пікір қосқан заңгер Сергей Уткин.

Өткен жылдың қазан айында Ақтауда жүрген Stan.TV журналисті мен операторына шабуыл жасалған еді. Бұл іске қатысты қылмыстық іс қозғалғанымен, күдіктілер әлі күнге дейін табылған жоқ.

Stan.TV бейнепорталы – мұнайшылар ереуілін, 2011 жылы желтоқсанда Жаңаөзен мен Шетпеде халыққа оқ атылып, 17 адам (жергілікті халықтың айтуынша, одан да көп адам) мерт болған оқиғаны егжей-тегжейлі көрсеткен санаулы ақпарат құралдарының бірі.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Өтініш
11.01.2012 22:41
+0 / -0
Ой нән ай қолыңнан бәрі келеді екен ғой. тағы не істей аласың көрсетші және пәлеқор, жалақорлар.

Кімнен: Alash_azamaty Қайдан: Almaty
11.01.2012 23:36
+0 / -0
Билик осы жолы сонына деин баруга бел шешкен екен. Жаппай репрессия деген осы емеспе. Ай, бул истери халыктын ашу-ызасын одан ары келтирмесе баса алмайды-ау. Ашык согысты бастап та жиберген екен. Казырше халыктан жауапты соккы болмаганнан кеин ойына келгенди истеп жатыр. Шыдандар журналист кауымы, аз калды.

Кімнен: Қаһарман
12.01.2012 00:14
+0 / -0
16 желтоқсан күні Жаңа Өзен қаласында тап сол уақытта, тап сол жерде оппозициялық журналистердің табылғаны таңғалдырады! Немесе бұл митинг арнайы оппозициялық топтың ұйымдастыруы мен өткеніне еш күмән келтірмейді
Пікір алмасу

Кімнен: Жақайым Қайдан: Арал
12.01.2012 12:21
+0 / -0
Қаһарман деген топасқа айтарым бар! Сен мүлде жағдайдан хабарың жоқ, атыңа затың кері топас екенсің! Жеті айдан бері сол журналистер Жаңаөзенде жүргенжоқпа, сол мұнайшылардың хал ахуалын халыққа жеткізумен айналысты, арине 16-сына алаңда олар болмағанда кім болады?! Хабар мен қазақстан немесе ктк болады деп педің, олар той тойлап, арақ ішіп құлап жатыр ол кезде. Так что әуелі ойланып, біліп ал, сосын жаз! Миыңның жоқтығын дәлелдеп масқара болғанша.

Кімнен: Бегом Қайдан: Ақтау
12.01.2012 00:34
+0 / -0
Көмек,пана сұрайтын адамды тапқан екенсіңдер.Ол өз тағынан басқаға кепілдік болмайтынын көрсетті ғой.Кониституцияға түкірген адам ол,осының бәрі сол НӘН нің тапсырмасымен істелініп жатқан тірлік.Жауап берместен меңіреу күйде отыра береріне мен кепілдік берем.

Кімнен: Нұрлан Қайдан: Көкше
12.01.2012 00:38
+0 / -0
барлық елдердің пролетарлары бірігіңдер!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
12.01.2012 09:31
+0 / -0
Барлықтарыңызға Аллам Иман берсін. БІРІҢДІ ҚАЗАҚ БІРІҢ ДОС… Көрмесең істің бәрі бос.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
12.01.2012 10:07
+0 / -0
Мынау баяғыда Қазқстан телеарнасындағы Қасым деген жігіт қой. Кезінде сол арнаны зікіршілер билеп тұрғанда солардың жамағатына кіріп, зікір салып жүрген жорналшы. Артынан зікіршілер Қазақстаннан кеткен соң бұл да олармен ат құйрығын кесісіп, жоғарыдағы әрекеттерінің бәрінен бас тартып, мойындамай қойды. Енді келіп оппозиционер бола қалыпты.
Түйін, "кімнің тарысы піссе, соған түсетін", "заманың түлкі болса тазы болып шалды" берік ұстанған өзіндік позициясы жоқ біреу болды ғой...
Пікір алмасу

Кімнен: 789 Қайдан: Алматы
12.01.2012 10:40
+0 / -0
Қалай болмасын Қасым Аманжол қай кездеде халық үшін қызмет істейтін азамат! сен бар ғой бір қатындар бар ғой бір нәрсе жлт етсе соны өсектей жөнелетін, тура сол екенсің!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
12.01.2012 12:00
+0 / -0
сенимен толык косылым. кезинде ол зiкiршiлердiн сойылын согып, жаны тыныш кезiнде НАНды жактайтын, оппозицияны жамандайтын. казiр озi оппозиционер бола калыпты(((((
Пікір алмасу

Кімнен: 789 Қайдан: Алматы
12.01.2012 12:18
+0 / -0
Зікіршілердің сойылын соғама? не істеседе ниеті дұрыс, Қазіргі режимнен көрі зікір айтсада, күна жасамай жүргені мың артық! Сен тағыда қатын сияқты шыға келіпсің-ғой!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
12.01.2012 15:24
+0 / -0
Қасым қазір де зікіршілерді қолдайды. Мен де қолдаймын оларды. Бәленің бәрі, елдің де, елбасының да кері кетуі осы зікірге қарсы шабуылдан басталғанын көбіңіз білмейсіңіздер. Сенбесеңіздер, артқа зер салып қараңыздар: 2005-2006 жылдары алғашқы толқын болды. Қазақстан билігі бұл кезде алғаш қан төкті. 2007-2008 жылдары 2 толқын шабуыл болды. ал бұл кезде елдің экономикасы кері кетті. 2010-2011 жылдары 3 толқын шабуыл болды. 2010 жылдың тамызында Исматулла ұсталғанда Қазақстанда бұрын болмаған сұмдықтар орын алды. мысалы, Исматулла қамалған соң терактілер, алапат табиғат құбылыстары мысалы, алматының шыршаларының құлап қалғаны, Каспидегі жер сілкінісі, су басу т.б. көптеген, адам өлімі орын алды. Ал, 2011 жылы сотталған соң міне Жаңаөзен оқиғасы орын алды. әрине, бұлардың арасында тікелей байланыс бар деп кесіп айтпағанмен, мынаны түсіну керек. елдің тілеуін тілеп отырған Құдайдың сүйген құлына көрсеткен қиянат елеусіз қалмайды. Соны ұққанымыз абзал.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
12.01.2012 16:06
+0 / -0
Қос саусақтың арасынан шығатын 25000 теңгеңді барып ала ғой!

Кімнен: &&&&&& Қайдан: &&&&&
12.01.2012 12:02
+0 / -0
Қазақстанда Қасым Аманжол сияқты ұлт жанды, шыншыл журналистер өте аз. Хабар, КТК т.б теле арналар 19 желтоқсан күні ақтау қаласында пресс конференция да министр Қасымовтың ақтауда да бирнарсе бүлінсе "халықты атам" деген сөзін түсіріп алып берген жоқ қой, олар МВД-ның былықтарын өндеп халыққа басқаша көрсетип жатқан жоқ па? Соны түсінуге көп ақылдын да керегі жоқ сияқты. Тек Алладан тілеріміз 37 жылдағыдай Сәкен, Беймбет, Ақмет, Мағжандардан айрылып қалғанымыздай енди Қасым Аманжол сияқты азаматтарымыздан айрылып қалмасақ екен.
Пікір алмасу

Кімнен: Текті қазақ
12.01.2012 12:16
+0 / -0
Заңды белінен басып, бетіне түкірген бетсіз құрылымдар мен бәлеқор билік "ақты қараға, шынды жалаға" айналдыру үшін, "қараңғы үйден қара мысық" іздеуге көшті. Бірақ оны таба алмайды. Себебі, ол жоқ. Ол олардың ойлары мен қиялдарында, үміттері мен армандарында ғана бар. Олар сол қара мысықтарға қара жүректерін тырналаттырып, ақыр түбінде тағдыр теперішін тартып, көр азабын көреді.
Мұның барлығы да, "Жаңаөзен" оқиғаларынан бастап партияларға, адамдарға, ұйым қоғамдарға жасалып жатырған жабайы түрдегі арандатулар, түгелдей ""Нұротан" мен биліктің қолымен әдейі жасалып отыр, және өте сауатсыз қойылым.
Мақсат, халықты қорқытып, үрейлендіру. Елді езу, үстемтаптарға билетіп солардың арқасында байлыққа кенеліп мемлекет, үкімет, "нұротандықтар" құл иеленушілерге айналып, армандарына адай жанын алып, адам қанын төгіп болса да, кез келген жолмен жету.
Бірақ олай болмайды.
Себебі оған сауатты да жанқияр журналист ұл, қыздар, ары таза, ақылы мол қазақ перзенттері жол бермейді. Оларға хауіп төнер болса барша ел, қарапайым халық билік зорлығына қарсы көтеріліп, қасық қаны қалғанша қырқысады. Шындықты жақтаушы, жалаланғанды ақтаушы, адамдық, азаматтық арларын таза сақтаушы халықтың хас батырларына қастық әрекет жасаушылар халыққа қастық жасаушылар деп танылады.
Өмір осымен бітіп қалады деп ойламаңдар. Жазықсыздарға зәбір беру, өзіңді-өзің құртқызуға әмір беру екенін ұмытпаңдар зәбірлеушілер!
Журналистердің жағасына жармаспаңдар. Олардың тырнағына да татымайтын арамбездер, арсыз ездер!
Пікір алмасу

Кімнен: халық
12.01.2012 12:30
+0 / -0
Жұлдыз, Аманжол және олардың әріптестері жарайсыңдар! Қайтпаңдар, халық сендермен бірге!
Пікір алмасу

Кімнен: Қыңыр
12.01.2012 12:58
+0 / -0
Желтоқсандарда шелектеп төгілген қанның обалы НӘН-ді қан қақсатады!

Кімнен: Мейіржан Қайдан: Алматыдан
12.01.2012 13:55
+0 / -0
Қасым Аманжол сөз жоқ, мықты журналист! Бөле бермеңдерші, анау-мынау деп. Адамдарды сеніміне қарай бөлу сауатсыздықтың белгісі. Қара қарғалардың шуылдағанына мән берме, Асеке. Еңбегіңіз жана берсін! Аман болыңыз!!!

Кімнен: Гүлсара Қайдан: Ақтау
12.01.2012 15:17
+0 / -0
Әділетсіздікке жаны қас,шындықты шыңғырып айтар азаматтар аман болсын. Қасым Аманжол інімде солардың бірі осындай жастарды көріп бұлыңғыр болашақтан үміт сәулесін көрем. Мына қоғам әділдік жолындағы қай азаматқада үлкен сын,қауіп қатері көп ұшпа.Өтерміз мәңгілік дүниә емес қой бауырлар .

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
12.01.2012 16:13
+0 / -0
Тәуелсіз газет, жорнал, Стан ТВ, К+ каналдарда істеп жүрген қыз-жігіттеріміздің әр қайсысымен мақтансақ, олар оған әбден лайықты!

Кімнен: патриот Қайдан: алматы
12.01.2012 16:48
+0 / -0
ҚАЗАҚ ЕЛІ атынан STAN.TV ЖӘНЕ РЕСЕЙ ЖУРНАЛИСТЕРІНЕ АДАЛ ҚЫЗМЕТТЕРІНЕ МАМАНДЫҚТАРЫ ҚАУІПТІ БОЛСА ДА , БАСТАРЫН ҚАТЕРГЕ ТІГІП, ШЫНДЫҚТЫ ӘЛЕМ АУДИТОРИЯСЫНА ПАШ ЕТКЕН, ӘЛЕМ ЖҰРТШЫЛЫҒЫНА ШЫНАЙЫ ҚАЛТАРЫССЫЗ, БҮКПЕСІЗ ТАЗА ҚАЛПЫНДА ЖЕТКЕРЕ БІЛГЕНДЕРІНЕ ТАҒЫ ДА, ҚАЗАҚ ЕЛІ АТЫНАН БАС ИЕМІЗ!
ЕҢБЕКТЕРІҢ ЖАНА БЕРСІН!
ЖАҢАӨЗЕН ЕЛІНДЕГІ ҚАЙСАР ХАЛҚЫМА БАС ИЕМІЗ!
БҮКІЛ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ СІЗДЕРМЕН БІРГЕ!
ХХ1-ҒАСЫР ТАРИХТА ӘДІЛДІК ЖОЛЫНДА КҮРЕСКЕН ЖАҢАӨЗЕН ХАЛҚЫНЫҢ ҒАСЫРЫ!
ШЕЙІТ БОЛҒАНДАРДЫ АЛТЫН ӘРІППЕН ЖАЗАТЫН УАҚЫТ ТУАДЫ!
Пікір алмасу

Кімнен: Қара халық
12.01.2012 17:06
+0 / -0
Журналист болсаң осылардай-ақ бол! Анау хабар, қазақстан, ктк-ның журналистері қарабет болыңдар! Сендер шошқасыңдар, даже одан да төменсіңдер, осыны оқысаңдар егер, сол оқып отырған көздерің ағып қалсын! Халықтың қарғысының Нәннен ауысқаны сендерге!
Пікір алмасу

Кімнен: Талғат Қайдан: Қарасай
12.01.2012 17:54
+0 / -0
Президент аман болсын!
Пікір алмасу

Кімнен: Талғатқа
12.01.2012 18:05
+0 / -0
Талғат сен президентіңнің бір жеріне басыңды тығып қой , президентіңнің өмірі аз қалды, так что көріңді қаза бер сенде

Кімнен: қазақ баласы Қайдан: қазақ даласы
12.01.2012 19:56
+0 / -0
Жана өзендегі халықты атқан жалмауыз қанішерлерді Тараздағы жалғыз өзі бес ментті өлтірген жендетке жіберетін оларды солайымен халықты қалай қырды сол жендеттердіңде жанын жаханамға жіберетін еді қанішер менттар сендердің баратын жерлерің тозақ омір бақи окініп отесіндер

Кімнен: Өтініш
12.01.2012 20:45
+0 / -0
Талғат сен президентіңнің бір жеріне басыңды тығып қой , президентіңнің өмірі аз қалды, так что көріңді қаза бер сенде

Кімнен: АСЫЛБЕК Қайдан: ҰЛЫТАУ
12.01.2012 21:28
+0 / -0
ПАТРИОТ ДҰРЫС ЖАЗҒАНЫҢ!!!! АЛАШ АЗАМАТТАРЫ ЖАН ЖАҚТАҒЫ ҚАЗАҚТАРҒА АЩЫ ДА АҚИҚАТ АҚПАРАТ ЖЕТИСПЕЙДІ,КӨМЕК КЕРЕК, ҒАЛАМТОРДАҒЫ ТӘУЕЛСИЗ АҚПАРАТТЫ ТАРАТУ КЕРЕК,100 ЕСТИГЕНШЕ 1 РЕТ КӨРГЕН АРТЫҚ,ҚАРАПАЙЫМ ХАЛЫҚҚА ТАУЕЛЬСІЗ АҚПАРАТ АУАДАЙ ҚАЖЕТ,ТАЗА АУА ЖҰТСЫН ХАЛЫҚ,нәнСУАЙТ ХАБАР,КТК,ТАҒЫ БАСҚА АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНАН ХАЛЫҚТЫ ҚҰЛАҚТАН ТЕУІП ЖАТЫР,ЕРІНБЕҢДЕР АПТАСЫНА 1ҮЙГЕ ТАУЕЛЬСІЗ АҚПАРАТ ( ЖАНАӨЗЕНДЕГІ,ШЕТПЕДЕГІ БОЛҒАН ,БОЛЫП ЖАТҚАН ЖАҒДАЙ БЕЙНЕЖАЗБАСЫ)ЖЕТКІЗСЕҢІЗ 1 АДАМ,ОНЫҢ ЖАНҰЯСЫ ТАУЛЬСИЗ ШЫНДЫҚҚА ЖАҚЫНДАЙДЫ,КЕТ НҰРШӘЙТӘН!!!!!!!!!

Кімнен: көкермен Қайдан: елден
13.01.2012 10:50
+0 / -0
Жолын білетін азаматтар болса осы СТАН ТВ К плюс арнасын бүкіл ел көреалатын мемілекеттік деңгейдегі Ұлттық Тәуелсіз Арнаға айналуына бүкіл ел болып талап етейік!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
13.01.2012 14:59
+0 / -0
Жұлдыз Төлеу - оқиға болған жерден үнемі ақпарат таратып, өзінің қайсар қыз екенін көрсетті. Журналист деген дәл осылай болуға тиіс. Жұлдызжан! сен жасыма! Билік бүгін сені қорқытпақ болса, ертең-ақ ең жоғары сыйлықты саған халық ұсынады. Сен батыл, талантты, еңбексүйгіш адал әрі сұлу жансың! Сені біз қатты жақсы көреміз.
Пікір алмасу

Кімнен: Қазақ Қайдан: Қазақстан
24.01.2012 22:20
+0 / -0
Еее, манадан айтпайсыңдар ма мәселе стан твны көтеру деп

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
14.01.2012 19:05
+1 / -0
Назарбаев Нұрсұлтанның от басына келсін жаңаөзендегі оқиға.НӘНге тілегм
Пікір алмасу

Кімнен: DDoS-шабуыл Қайдан: Тау
15.01.2012 15:22
+0 / -0
Әумин! Әмин! Аминь!