Бейсенбі, 24 мамыр 2012, Алматы 23:35

ӘЛЕУМЕТ / Жаңаөзен - 2011

Жаңаөзенге жете алмаған қоғамдық комиссия

Жаңаөзен оқиғасына орай құрылған қоғамдық комиссия Жаңаөзен қаласына жете алмай, Алматыға қайтып келді. «Билік түрлі тосқауыл қойып, халыққа шындықты жеткізбеуге күш салып отыр» дейді комиссия мүшелері.

«Азат» ЖСДП тең төрағасы бірі Болат Әбілев. Алматы, 23 желтоқсан 2011 жыл.
Мәтін көлемі - +

Желтоқсанның 23-інде Алматыдағы баспасөз үйінде Жаңаөзен оқиғасы бойынша белгілі саясаткерлерден құрылған тәуелсіз қоғамдық комиссия мүшелері өздерінің Ақтауға барғанымен, Жаңаөзен қаласына жете алмай кейін қайтқанын, «бірақ соның өзінде Маңғыстау облысында моральдық-психологиялық ахуалдың ушығып тұрғанын байқағандарын» айтты.

Баспасөз мәжілісіне Болат Әбілев, Әміржан Қосанов, Мұхтар Тайжан, Рысбек Сәрсенбай қатысты.
  
«87 ШАҚЫРЫМДЫҚ ДЕМОКРАТИЯ»

– Облыс әкімінің орынбасары Жұмашев мырза президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жаңаөзенге баратын жолдың бәрі ашық» деген сөзін айтып:  «Қаласаңыздар қазір-ақ Жаңаөзенге жеткізейік» деді. Бірақ біз өз көлігімізбен аттандық. Олар көлігіміздің нөмірін жазып алып қалды. Бірақ Жаңаөзенге 40 шақырым қалғанда, Жетібайға жете бере бізді полиция тоқтатып, артқа қайтару жөнінде бұйрық болғанын айтты, – дейді «Азат» ЖСДП тең төрағаларының бірі  Болат Әбілев.

«Азат» ЖСДП-ның бас хатшысы  Әміржан Қосанов «тәуелсіз қоғамдық комиссия өкілдеріне Жаңаөзенге баруға рұқсат бергеніне қарап, билік расында да ел ішіндегі алыпқашпа сөздерге тоқтау салғысы келеді екен-ау деп үміттеніп қалғанын» айтты.

– Бірақ Қазақстандағы демократия 87 шақырымнан аспады. Жетібай деген жерге 
«Азат» ЖСДП бас хатшысы Әміржан Қосанов. Алматы, 23 желтоқсан 2011 жыл.
x
«Азат» ЖСДП бас хатшысы Әміржан Қосанов. Алматы, 23 желтоқсан 2011 жыл.
​​жақындағанда, жүргізушіміздің куәлігін алып қойды, сөйтіп полиция бізді оншақты шақырымға дейін кері ұзатып салды, – дейді Әміржан Қосанов.

«Жаңаөзен оқиғасына дейін билік күнделікті ресми БАҚ арқылы айтып келген «тыныштық, тұрақтылық, экономикалық өрлеу» туралы аңыздарының бәрі быт-шыт болды. Ал Жаңаөзен оқиғасы кезінде Қазақстан қоғамы екіге жарылды. Біреулер қолында қаруы жоқ азаматтарды неге атты деген сұрақ қойды. Ал екінші жағы ереуліге шыққандарды айыптауға кірісті. Ал Жаңаөзен оқиғасынан кейін біздің қоғамымыз қандай болады, осы оқиғаға әділ баға бере аламыз ба? Әлде билік берген бағасымен келісіп қоя саламыз ба?» дейді оппозициялық саясаткер.

«АҚЫРЫ АТТЫҚ, ЕНДІ ӨЛТІРЕ САЛАЙЫН!»

Қоғамдық комиссия мүшелерінің бірі Рысбек Сәрсенбай «Жаңаөзенге жете алмаса да, бірақ жайтқа көз жеткізгендерін» айтты.

"Жас алаш" газетінің бас редакторы Рысбек Сәрсенбай. Алматы, 23 желтоқсан 2011 жыл.
x
"Жас алаш" газетінің бас редакторы Рысбек Сәрсенбай. Алматы, 23 желтоқсан 2011 жыл.
​​– Жергілікті билік журналистерді өздері әзірлеп қойған жаралы адамдармен ғана жолықтырып жатқанға ұқсайды. Біз сөйлескен жаралылар шындықты айтты. Соның бірі, 19 жастағы жігіт айғай-шуды естіп далаға шыққанын, сол кезде оқ тигенін, орнынан тұра бергенде қайта ұрып құлатып, бір полицейдің тапаншасын шекесіне қадап тұрып: «Ақыры аттық, енді өлтіре салайын!» дегенін» айтты, – дейді Рысбек Сәрсенбай.

«Жаңаөзен тұрғындары 16 желтоқсанда алаңға шығып, «президент Назарбаев орнынан кетсін, жердің қазба байлықтары мемлекетке қайтарылсын» деген саяси талап қоймақ болған. Оны жергілікті билік те өте жақсы білген. Сондықтан алаңда мерекелік той жасауды жоспарлаған» дейді ол.

Қоғамдық комиссия мүшесі Софы Сматаев «үндемей қалған, не болмаса билікті қолдап, ереуілшілерді айыптаған» жазушыларға ренішін білдірді. Ал Мұхтар Тайжан азалы күн жарияланып, сайлау кейінге қалдырылмаса сайлау кампаниясына қатысудан бас тартып отырғанын «Руханият» партиясының басшылығына ескертіп қойғанын айтты. 

«ОДАН САҒАН НЕ ПАЙДА?»

Комиссия мүшесі Болат Әбілевтің ойын, «мемлекет басшысы елдегі жағдайға бақылаудан шығарып алған».

– Кеше «берген тапсырмам орындалмады» деп өзі де  айтты. Онда президент немен шұғылданып жүр? Кеше бір адам президентке болған жағдайды жеткізді. Президент не деді? «Сіздің айтқаныңызды тексереміз, егер өтірік болса сізді соттаймыз» деді. Міне, президентттің әңгімесі. Біз ауруханаларда жатқан жаралылармен кездестік, оның 70 пайызы – кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдар. Шөкеевпен кездесуге қатысқандардың бірі «Оқ атуға кім бұйрық берді?» деп сұрағанда, ол «Одан саған не пайда – сен де, мен де ол адамға ештеңе істей алмаймыз» деді, – дейді Болат Әбілев.

АЛТЫ ТАЛАП

Қоғамдық комиссия мүшесі Әміржан Қосанов журналистерді болған оқиғаны боямасыз баяндауға шақырып, осы комиссияның Қазақстан президенті алдына қойған алты талапты оқып берді.

Олар – «мұнан кейін бейбіт адамдарға қарсы ешқашан қару қолданылмайтынына президент жария түрде кепілдік берсін», «Жаңаөзен оқиғасын тексеретін мемлекеттік комиссия құрылсын», «қарусыз адамдарды атуға бұйрық берген адамды тапсын», «мұнайшылардың еңбек дауы реттелсін», «Қазақстанда жалпыұлттық аза күні жариялансын», «парламент мәжілісінің сайлауы кейінге шегерілсін» деген талаптар.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Байганин
23.12.2011 21:27
+0 / -0
Осы істі аягына дейін апару керек кой. Сіздерге күш қуат берсін деп тілеймін!!!!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
24.12.2011 11:14
+0 / -0
Әлемге үлгі болған бірлігіміз мен ынтымағымызды одан әрі нығайта түссек әлі талай асуларды бағындыратынымыз сөзсіз. Құрметті жерлестер! Ынтымақ болған жерде қашанда ырыс мол болмақ.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
25.12.2011 12:48
+0 / -0
дұрыс айтады, арандатушыларды тауып, елдің бірлігін сатау керек

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
23.12.2011 21:39
+0 / -0
бари-бир булардын колдарынан ештене келмейди, не истеп жургендерин оздери де билмейди,
Пікір алмасу

Кімнен: шындық іздеуші Қайдан: Қазақстан
23.12.2011 22:54
+0 / -0
Менің ойымша жергілікті оппозицияның, қоғамдық коммисияның шындықты ашуға шамасы жетпейді. Олар шетелдік сарапшылармен, тәуелсіз батыстық журналистермен бірге жұмыс істесе бірдеме шығып қалуы мүмкін. Әйтпесе, билік өз артын өзі ашпайды ғой...
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
24.12.2011 11:16
+0 / -0
Адамзат тарихына үңілер болсақ бірлігі жарасқан елдердің ұзақ ғұмыр кешіп алып мемлекетке айналғанын көресіз
Пікір алмасу

Кімнен: сона Қайдан: шағам
24.12.2011 00:32
+0 / -0
Б. Әбілевтерге сенбеймін. Әлі бір іс бітірген жоқ!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
23.12.2011 21:50
+0 / -0
Ең бірінші талап,қоғамдық комиссия мен тәуелсіз журналистерді Жаңаөзенге жіберіп,қамауға алынып ,азапталып жатқан адамдарға арша түсу емес пе?!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
23.12.2011 23:37
+0 / -0
Дұрысын айттыңыз.

Әуелі қамауда отырған азаматтарымызды азаптаудан арашалап алуымыз керек!
Қуғын-сүргін жасауға еш мүмкіншілік қалдырмау керек!
Оққа ұшқан азаматтардың толық саны мен аты-жөндерін анықтауымыз керек!
Мемлекет құратын комиссияға сенуге болмайды!
Қатарды бұзбай, бірауыздылықпен сауатты талаптарымызды қашан толыққанды әділеттілік орнағанша үдете беруіміз керек!
Назарбаев ертеңін ойласа, қысқа мерзім ішінде ары, жаны таза мемлекеттің ертеңі үшін жаны күйетін азаматтардан құралған уақытша үкіметке билікті табыс етуі керек!



Б.Мұхаметжановты әкім тағайындауы - елдің болашағын ойлағандығы емес, керісінше алдарқату жолдары арқылы өз билігін бекемдегенін білдіреді.


Кімнен: ара Қайдан: ұядан
23.12.2011 21:50
+0 / -0
бугінгі хабардың орысша кешкі жаңалықтарында НӘНнің қалай зарлағанын көрсеңіздер...
"мен мұның бәрін білмей қалдым, жазда мұнайшылармен кездесуге барайын дегенде, әкімдер мені алдады, ол жақта бәрі дұрыс деп" дейді.

тықыр таянса керек НӘНге де.
осылай халық жиі-жиі жиналып қарсылық көрсетсе НӘн де ойланатын болады. ал осы сайттағы кейбір адамдар құсап, бізге сабыр керек, тыныштық сақтайық деп билікке жағымпаздана берсе, билік одан әрі есіріп алады!
Пікір алмасу

Кімнен: сона Қайдан: шағам
24.12.2011 00:35
+0 / -0
НӘН-ді барлық әкімдер алдап-соғуда! Отырған орындарынан айырылғылары келмейді!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
24.12.2011 00:58
+0 / -0
Айттым ғой, атамды барлығы алдайды деп!
Сендер сенбейсіңдер. Өздерің телевизордан естіген соң енді сенетін шығарсыңдар?
Атам қатты сенгіш, аңқау, алданып қала береді. Иә, рас, жазда Жаңаөзенге барам да барам деп қанша қиғылық салса да аналар бәрі де тамаша ол жақта деді ғой.
Атам бірде Йотобтан шетін көріп қап, әй, осы сендер мені алдап отқан жоқсыңдар ма. анау жиылып тұрған көпшілік кімдер деді. Сонда аналар: а, ол деген Нұротан. Нұрсұлтан деп қуанып, ән айтып, би билеп жүргендер ғой деді. Атам болса сенді де қалды. "Ә, бар болғырлар, тойлап жүр екен да, шүкір, күнде жиын, күнде той, жүрген жерім-ай" деп.
Кешегі Хабардан естігенің сол болар.
Атамда түк күнә жоқ!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
25.12.2011 00:21
+0 / -0
Атаңның басы!

Кімнен: Алашшыл Қайдан: Дешті қазақ даласы
23.12.2011 21:54
+0 / -0
Қоғамдық комиссия біраз шындықтың айтылуына сеп болама ел жағында түрып деп ойлаған едік. қайтіп келгені несі ? Ол жақтағы жаралылармен ұсталғандардың жағдайы не болар екен..
Сол жақта жұре берсе , жұртшылық қоғамдық ұйымдар қолдау көрсетсе жөн болар еді. екі күн жұріп қайтып келу жарамады.
Пікір алмасу

Кімнен: Tas Қайдан: Taudan
23.12.2011 22:16
+0 / -0
Kazakhka Nursoltansyz soltan kerek,sharshadyk... Kadapidei kangyp ket tukymmynmen kuryp!!!!! Alga Kazakhtar!!!988
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
23.12.2011 22:21
+0 / -0
Назарбаевта еш ұят жоқ екен! Оның "білмей қалдым" дегеніне есі дұрыс адам сене ме? Білмесе, енді орнынан кетсін! Назарбаевты тайдырайық! Мына оппозицияның атын жамылғандардан ештеңе шықпайды. Халық болып көтеріліп, енді Назарбаевтан тәуелсіздік алып шынайы Азаттық мерекесін тойлайық! Өзенде мерт болғандардың рухына 16 желтоқсан бұдан былай жалпыұлттық қаралы күн болсын!
Пікір алмасу

Кімнен: Бекбау Қайдан: Шәуілдір
23.12.2011 23:03
+0 / -0
Президент Н.Ә.Назарбаевтың биліктен кету процесі басталды...аз қалды...өте аз уақыт...
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
24.12.2011 01:39
+0 / -0
Неге сенбейді "білмей қалдым" дегенге? Білмей қалды, точка!
Өз аузымен айтып отыр. Сонда ол өтірік айтты демекшісің бе?
Өтірік екенін дәлелде, әйтпесе сотталасың! Все!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
25.12.2011 00:24
+0 / -0
Не үшін білмей қалуы керек? Қандай адамдарды жұмысқа отырғызған. Онда сол өтірік айтқандарды тауып жазаласын! Оны біреу білмей қал деген жоқ қой! өз адамы өтірік айтса, шамасы келмей ме? Өзінде ми бар ма? Басқалардың өтірік не шын айтқанын ажырата алмаса, ол қалай мемлекеттік істерді ажыратады? Қалай ел басқарады? Ал атуға бұйрық беруші туралы бір ауыз айтпағанына қарағанда, ол шындықты жасырғысы келеді.

Кімнен: адай Қайдан: актау
23.12.2011 22:06
+0 / -0
Оз басым абиловтын халыкка истеген бир жаксылыгын корген жокпын..... аман боп журе берсин.... менин ойымша бари тузелетин шыгар.. бирак елдеги паракорлык тузеледи деген соз жок)))
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
23.12.2011 22:53
+0 / -0
20 жыл бойы орныққан билік. Осы 20 жылда олар өзіне қажеттінің барлығын жасап алды, құқық, мәнсап, байлық, ақпарат, барлығында иемденып алды, енді оны тайдыру қиын мәселе, негізінде бұл жүйені басынан балағына дейін өзгерту керек. 20 жыл бойы халық та уланып болды, енді бір нәрсеге шақырсақ бір-бірімен қырық пышақ болары сөзсіз, жақтаушылар және жақтамаушылар. Сол үшін халықтың санасын көтеру керек, бірақ қайдам, неше жылдардан бергі қазіргі жүйе үйіреткен әдетті қоя алмайды. Мұнда бүкіл халықтың бірлігі керек, қашан бірігеміз? қашан....
Пікір алмасу

Кімнен: Шәуілдір Қайдан: Өтікен
23.12.2011 23:00
+0 / -0
Болат Әбілов мырза түбі президент болатын тұлға!!!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
23.12.2011 23:32
+0 / -0
Болат Абилов президент болса сол сиякты еки создин басын кура алмай шалаказак ели боламыз
Пікір алмасу

Кімнен: Адай Қайдан: Бейнеу
26.12.2011 20:50
+0 / -0
сөзіңнің жаны бар, азат радиосынан Ауған соғысы ардагері Мұхтар Мұхамбетжанның берген сұқбатын аяғына дейін тындап көр. Тәуелсіздіктің 20 жылдығына берген медальінен бас тартып, кері қайтарған АЗАМАТ.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
23.12.2011 22:55
+0 / -0
Бұлар сол өңірде жүрген Шүкеевке неге жолықпаған?
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
24.12.2011 01:42
+0 / -0
Үйден шығармай қамап тастаса, шыққандарды сүйреп әкеліп түрмеге салып жатса, атасының басына Шүкейге жолыға ма. Невидимка болып келіп жолықпаса.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
23.12.2011 23:04
+0 / -0
Ана түрмеге қамап қойып, ұрып-моғып жатқан жастардың жағдайын кім ойлап жатыр екен? Олардың жазығы не, жалақыларын дұрыс төлеуді талап еткені ме? оларды босатпай болмайды.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
24.12.2011 20:18
+0 / -0
Ең бастысы сол болып тұр! Қалай босатамыз оларды! Қалай!?? Өлтіреді ғой жап-жас балдарды! Олар (полицайлар) ешкімді аямайды!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
24.12.2011 00:22
+0 / -0
«Оқ атуға кім бұйрық берді?» деп сұрағанда, Шөкеев:
- «Одан саған не пайда – сен де, мен де ол адамға ештеңе істей алмаймыз» деді, Назарбаев туралы!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
24.12.2011 02:21
+0 / -0
Мен бүлдіршін баламын, бірақ атамнан екі күн бұрын зарлай бастадым ғо, атам білмей қалды деп. Осы сөзімді бүгін атам өзі қайталады, оны бәрің естідің.
Енді осы ентырнат істеп тұрғанда айтып қалайын: атам ғой алғашқы өздерің сайлап, уақыты жақындағанда, ал мен болдым, енді елді басқа біреу басқарсын деді.Жоқ, бәрің зар еңіреп бола бер, бола бер дедің. Рас па? Сосын ол мерзім де аяқтала келе атам айтты, қарақтарым-ау, мен де бір демалайын адам құсап деді, кемпірімнің жанында жатып деді. Жоқ, тағы да өздерің ғой, сен болмасаң болмайды деп атамды зорлап отырып прзент еткен. Халық жапырылып жолында жылап жатса атам қайтеді енді, қинала-қинала тағы көнді.
Атамның кісі көңілін жықпайтын ақкөңіл екенін пайдаландыңдар, атамды алдап отырып прзент еттіңдер! Байғұс атамды демалуға да жібермей зорлап прзент қылып қойдыңдар.
Ертең атам өзі де айта жатар, бірақ мен шыдамай жазып отқаным ғой.
Ататайым-ай, жазықсыз сөз естіп жатсың-ау! Неден де жазықты боп қалдың?
Айттым, ата сақ бол, ата ешкімге сенбе, ата тым аңқаусың, ата қазаққа неге сонша елжірей бересің деп. Сенің жақсылығыңды тобыр ұқпайды деп.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
24.12.2011 12:50
+0 / -0
Аллахтың Қарғысының ең жаманы атсын сені бала болып отырған сайқымазақ!!!! Амин!!! Халық қаралы-аза тұтып отырғанда сенің атам-*атам дегенің халықты мазақ қылып отырғаның
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
24.12.2011 16:01
+0 / -0
Түсінбедің. Бұл шошқа атасын мазақ етіп отыр. Қарғыс атасын атсын. Әумин!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
25.12.2011 00:27
+0 / -0
Қақпас атаңа обал-ақ болды.

Кімнен: Бүлдіршін бала Қайдан: Ынтырнат
24.12.2011 04:45
+0 / -0
Ау, қоймадыңдар ғой тегі!
Шимодан, шимодан боп кетіп жатыр қасқалар. Апаммен, т.б. қимастармен қимай қоштастым. Шетелдегі веллелерге барып тұрат та.
Қалғанын ертең айтайын.

Кімнен: www.abai.kz Қайдан: Алматы
24.12.2011 11:11
+0 / -0
Әлібек Шегебай, ақын.

"Маңғыстау мұңы".......


Көтеріліс пе,

Қозғалыс па,

Қылмыс па?

Мен білмедім, білетінім тым қысқа.

Шаңырағы шайқатылып шындықтың,

Жаңаөзен жаурап жатыр бұл қыста.



Қажытты ма, қуыршақты «ғажаптар»,

Мезі етті ме, маймыл мінез - мазақтар.

Ояныңдар, ойланыңдар дегендей

Отпантаудан от тұтатты Қазақтар.



Мен білмеймін айла ма әлде арбау ма,

Біле алмадым жоқтау ма әлде зарлау ма?

Құлынынан айырылған сорлы Ана

Құдайын да, мұнайын да қарғауда.



Қайғысы мен қасіреті батпандай,

Бұл не деген қорқынышты шақ қандай.

Жаңаөзеннің жанарында мөлтілдеп,

«Желтоқсанның жаңғырығы» жатқандай.



Мен сенбеймін, сене алмайды жүрегім,

Бір шындық бар бұғып жатқан білемін.

Айыра алмай есерлік пен ерлікті

Ес жия алмай есеңгіреп тұр елім.



Кімдер тойып, кімдер тоңып секірді?

Көрсетпестен жел қариды бетімді.

Шындығыңды күте-күте шаршаған

Батысымның «бастаңғысы» секілді.



Мейлі, тіпті билігіне бас ұрсын,

Айласын да, арбауын да асырсын.

Ауруды жасыруға болмайды

Атқан оқтың ақиқаты ашылсын!

«Абай-ақпарат» www.abai.kz

Кімнен: барыс
24.12.2011 13:46
+0 / -0
УНЕМИ ЖЕТЕ АЛМАЙ ЖУРЕСИНДЕР ГОЙ СОРЛЫЛАР БИЛКТЕН ЕСЕК ДАМЕ ЖЕТЕ АЛМАЙ КЕТЕСИНДЕР ГОЙ УНЕМИ ИСТИ ТУБИНЕ ДЕЙН ЖЕТКИЗЕ АЛМАЙТЫН ЖЕТЕСИЗДЕР

Кімнен: Оян қазақ Қайдан: алматы
24.12.2011 14:01
+0 / -0
8 айға созылған ереуіл мәселесі неге дер кезінде шешілмеді? 2-3 мың адамға аяған ақша айналып келгенде бюджет үшін 3 млрд теңге шығынға айналды. Ең бастысы -адамдар өлді! Қазақ қырылды! Оның құнын немен есептейміз? Демек, бәріне жауапты -президент, сосын - жалған ақпарат беруші , ішкі саясатты айқындаушы - А.Мусин, өз міндетіне немқұрайды қараған, қылмыстық әрекетсіздік салдары ауыр зардапқа соққан бас министр -К. Масимов. Кәсіби деградацияға ұшыраған күштік құрылымдар мен жергілікті басшылар, компания жетекшілері кінәлі. Не істеу керек? Президент қармағындағы басшылардың көбін орынан алып тастап ( әсіресе негізгі 3 адамды) өзгелерді қою, жастармен жұмысты жақсарту, күллі жаңаөзендік жастарды жұмыспен не оқумен қамтамасыз етуді қолға алу керек. Ешкімді жазаламау. Жаңаөзендіктер мен Шетпеліктерге кешірім жасалуы тиіс. Ашу-ызадан шыққан тірліктерге кең пейіл болуымыз керек. Олар өзіміздің балалар! Мемлекет бойынша қаралы күн жариялану керек!
Пікір алмасу
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
24.12.2011 16:06
+0 / -0
Оқ атуға приказ берген главный жауыз сол тағында отыра берсін демексің ғой, нұротаншыл албасты!

Кімнен: Мади
24.12.2011 17:27
+0 / -0
«Қазақстанда жалпыұлттық аза күні жариялансын», «парламент мәжілісінің сайлауы кейінге шегерілсін» деген талаптар.

Азалы күнді үкімет жарияламаса өздерің жариялаңдар! Бір күнді белгілеңдер! Халық қолдайды!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
24.12.2011 22:45
+0 / -0
Қалай болсада, болары болды. Біркүні ақиқат ашылады, менің айтпақшым: мына халықты атқан омондарды айтпақшымын, олар адамды атқанымен қоймай ұрып, төпелеп жатыр, сол видеоны қарап отырсаңыздар омондар кәдімгідей жырытқыштықпен істеп жатыр, аң екеш аңның өзін атқан соң бұлай ұрмас, ал олардың қимылында өте бір белсенділік бар, қуып жүріп қызу түрде ұрып жатыр, бұл тым хаюандық. Әсіресе алдыңғы екі омон бір нәрседен құр қалғандай 7 атасының жауын өлтіргендей ұмтылуда, сонда олар қандай адамдар, халқын қорғайтын адамдар ма? оларды қалай таңдаған? Ең алдымен ана қамауда жатқандарды азаптатпай шығару керек, сосын мына (әсіресе алдыңғы белсенділік танытқан екуі) омондарды жердің түбінен болсада тауып көкесін көрсету керек, мейлі бұйырықты орындаушы болсада олай істегендері зұлымдық. Сондықтан барлық намысы бар азаматтарды, әскерилерді осыған күш салуға шақырамын!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген Қайдан: караганды
25.12.2011 01:40
+0 / -0
Алибек акын жанын жаралы, басын каралы ел мунын жоктаган азамат екенсің, бізден де ұйқы кетті "ашиды жаның кайнайды каның " болганы кай заман, халыкка жаны ашитын патша бар ме екен, кулибаев кеткенімен онын ертен кайта айналып келмесіне кім кепіл, жоғарыдағылардың бәрі тусовка болып кетти гой...

Кімнен: Денис Қайдан: Павлодар
25.12.2011 13:06
+0 / -0
Я считаю, что выборы должны состояться в любом случае. И цель этих событий может быть и была чтобы сорвать выборы! Думаю, на выборах народ проголосует за партию, которой он доверяет!

Кімнен: Виталий Қайдан: Костанай
25.12.2011 13:07
+0 / -0
Выборы должны пройти. Ведь сколько подготовки, денег ушло на организацию выборов. А теперь опять переносить, лишние затраты. Думаю, ни у кого много времени не займет для голосования!

Кімнен: Аида
26.12.2011 11:52
+0 / -0
Абилов журген жері бетпеген? отірік іс болып шығады.Кіргізбегені де жөн болған шығар. Тек психологиялық ахуалға беріліп кетер едік!

Кімнен: Аида
26.12.2011 16:48
+0 / -0
Иә, мына Абилов екі создің басын қоса алмай жургенде бірдене дегісі келе ме? Ұят мүлдем жоқ!

Кімнен: Макпал
26.12.2011 16:53
+0 / -0
Иа, бұл адамдар не жемекші болыпты ол жақтан. Оларсыз да жұмыс жетіп жатыр!