Accessibility links

ЮНЕСКО тізіміне қазақ күйі мен киіз үйі енді


Қазақ киіз үйі. (Көрнекі сурет)
Қазақ киіз үйі. (Көрнекі сурет)

ЮНЕСКО ұйымының материалдық емес мәдени мұраларды қорғау комитеті қазақтың дәстүрлі күй өнері мен киіз үйді жасау, құру өнерін материалдық емес мәдени мұралар тізіміне қосты.

Ұйымның ресми сайтының хабарлауынша, комитет мұндай шешімді қарашаның 26-сында Париждегі штаб-пәтерінде өтіп жатқан кезекті сессиясында қабылдаған.

ЮНЕСКО киіз үй жасау, құру өнерін тізімге «қазақ және қырғыз киіз үйін жасау, құру өнері мен ол жайындағы дәстүрлі білім» деген атаумен енгізген.

Комитет бұдан өзге тізімге тағы да сегіз мұраны қосқан. Олардың арасында әлемнің бірнеше ұлтының ежелден қалыптасқан би, музыка өнері, киім және ас әзірлеу үлгілері тәрізді материалдық емес мәдени мұралар бар.

XS
SM
MD
LG