Accessibility links

Непалда зілзаладан жүзден аса адам мерт болған


Жер сілкінісі салдары. (Көрнекі сурет)
Жер сілкінісі салдары. (Көрнекі сурет)

Непалда бүгін 7,9 магнитудалы жер сілкінісі болған. Оның эпицентрі ел астанасы Катмандудан солтүстік-батысқа қарай шамамен 80 шақырым қашықтықта 15 километр тереңдікте орналасқан деп хабарлады АҚШ Геологиялық қызметі.

France Press агенттігі Непал ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап, соңғы мәліметтер бойынша кемінде 114 адам қаза тапқан деп хабарлады.

Зілзаладан жүздеген үйлер қираған. 19-ғасырда тұрғызылған Дхарара мұнарасы да бүлініп, қиранды астында кемінде 50 адам қалып қойған.

Жер сілкінісіне байланысты елде әуежай жабылып, көлік және телефон байланысы бұзылған, электр желілері үзілген.

Непалдағы жер сілкінісінің дүмпулері Пәкістан мен Үндістанда да сезілген.

XS
SM
MD
LG