Accessibility links

Ресей Польшадан байкерлерді өткізбеу себебін сұрады


Польша-Беларусь шекарасында "Брест" бақылау-өткізу бекетінде тұрған ресейлік "Ночные волки" клубының байкерлері. 27 сәуір 2015 жыл.
Польша-Беларусь шекарасында "Брест" бақылау-өткізу бекетінде тұрған ресейлік "Ночные волки" клубының байкерлері. 27 сәуір 2015 жыл.

Ресей Польшадан екінші дүниежүзілік соғыста нацистік Германияны жеңудің 70 жылдығы құрметіне мотоциклмен сапарға шыққан ресейлік байкерлерді ел аумағынан өткізбей қоюының себебін түсіндіруді талап етті. 24 сәуірде Варшава Ресей президенті Владимир Путинмен байланысы бар "Ночные волки" байкерлік клубының мүшелерін Польша территориясына кіргізбейтінін хабарлаған.

Шамамен 20 адам 25 сәуірде Мәскеуден Берлинге шыққан. Польша шекара қызметінің өкілі 27 сәуірде байкерлерді құжаттарына байланысты польша-беларусь шекарасынан өткізбей қойғанын хабарлады.

Ресей сыртқы істер министрлігі ресми мәлімдемесінде Польшаның байкерлерді өткізбеу шешімін "екінші дүниежүзілік соғыста нацистермен шайқаста ерлік көрсеткен совет сарбаздарының ерлігін қорлау" деп айыптады.

XS
SM
MD
LG