Accessibility links

Александр Зайчиков - ауыр атлетикадан әлем чемпионы


АҚШ-та Хьюстон қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында 23 жастағы қазақстандық Александр Зайчиков 105 килограмм салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды. 2014 жылғы Алматыдағы әлем біріншілігінде осы салмақта Илья Ильин чемпион атанған еді.

Биылғы әлемдік жарыста Зайчиков қоссайыс қорытындысы бойынша 421 килограмды (191+230) көтерді. Күміс жүлдені 411 килограмды (180+231) көтерген ресейлік Давид Веджанян иеленді. Қола медаль 405 килограмды (179+226) көтерген латвиялық Артурс Плесникске бұйырды.

Александр Зайчиковтың алтыны биылғы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының мүшелері ие болған бесінші жүлде. Бұған дейін Хьюстондағы жарыста Нижат Рахимов алтын, Алмас Өтешов пен Жазира Жаппарқұл – күміс, Жасұлан Қыдырбаев қола медаль иеленген еді.

XS
SM
MD
LG