Accessibility links

Қырғыз сайлауында алты партия межеден өткен

Электронды жәшікке дауыс берген сайлау бюллетенін салып жатқан сайлаушы. Бішкек, 4 қазан 2015 жыл.

Қырғызстанда парламентке өтуге қажетті жеті пайыздық межені алты партияның еңсергені хабарланды. Бұрын президент Алмазбек Атамбаев басқарған партия көш басында тұр.

Қырғызстанда қазанның 4- күні парламент сайлауына қатысқан сайлаушылардың дауыс берген бюллетендерін санаудың алдын ала нәтижесі бойынша, парламентке өтуге қажетті жеті пайыздық межені және 0,7 пайыздық аймақтық межені алты партияның еңсергені хабарланды.

ПАРЛАМЕНТКЕ ӨТКЕНДЕР

Қырғызстанның сайлаулар мен референдумдер өткізу жөніндегі орталық комиссиясы жексенбі күні кешкісін сайлаушылар даусын санаудың алдын ала нәтижесіне сүйеніп, парламентке жеті пайыздық межені еңсерген алты партияның өткенін жария етті.

Тізім басында 2011 жылы ел президенті болып сайланғанға дейін Алмазбек Атамбаев басқарған Қырғызстандағы ең ірі партия тұр. Одан кейінгі орындарда тиісінше «Республика - Ата-Журт», «Қырғызстан», «Онугуу-Прогресс», «Бир Бол» және «Ата Мекен» партиялары орналасқан.

Парламент сайлауына дауыс беруге келген сайлаушылар кезекте тұр. Бішкек, 4 қазан 2015 жыл.

Парламент сайлауында берілген дауыстарды санау әлі жалғасып жатыр. Оның қорытындысы туралы алдын ала ресми мәліметті орталық комиссия дүйсенбі, қазанның 5-күні таңертең жарияламақ.

Ресми мәліметке сәйкес, Қырғызстанда дауыс беру құқығына ие 2 миллион 761 мың 297 адам сайлаушылар тізіміне енгізілген.

Биыл Қырғызстанның бір палаталы парламентіндегі 120 орын үшін өткен саяси бәсекеге барлығы 14 партия түсті. Олар – «Замандаш», «Мекен Ынтымагы», «Ата Мекен», «Аалам», «Ар-Намыс», Қырғызстан социал-демократиялық партиясы, «Бутун Кыргызстан - Эмгек» (Бүтін Қырғызстан - Еңбек), «Азаттык», «Улуу Қырғызстан», «Конгресс народов Кыргызстана», «Онугуу-Прогресс», «Қырғызстан», «Республика - Ата-Журт» және «Бир Бол» партиялары.

САЙЛАУҒА ДАУЫС БЕРУ

Қырғызстан парламенті сайлауына дауыс беру сайлау учаскелерінде жексенбі күні жергілікті уақытпен таңертеңгі сағат 8:00-де басталып, сағат 20:00-да аяқталды.

Парламент сайлауына дауыс беруге келген сайлаушыға учаскелік сайлау комиссия мүшесі бюллетеньді электронды жәшікке қалай салу керегін көрсетіп тұр. Қара-Жиғаш ауылы, 4 қазан 2015 жыл.

Сайлау барысында Қырғызстанның сайлаулар мен референдумдер өткізу жөніндегі орталық комиссиясының мүшесі Нурмамат Ашымов алдыңғы сайлаулармен салыстырғанда бұл жолғы сайлауға қатысушылар белсенділігі бәсең екенін айтқан еді.

Оның сөзінше, Нарын және Талас облыстарында сайлаушылар белсенділігі байқалған, ал Бішкекте дауыс беруге келгендер бұрынғы кездегіден аз болған. Ашымов мұны сайлаудың ашық әрі әділ өтіп жатқанының дәлелі деп санайды. Ол бұл жолғы сайлауда «лас әдістер қолданылған жоқ» дейді.

Сонымен бірге, Нурмамат Ашымов сайлаушылар тізіміне байланысты туындаған проблемалар үшін Мемлекеттік тіркеу қызметін кінәлады. Бүгін бірқатар сайлау учаскелерінде биометрикалық деректер тапсырудан өткен азаматтар сайлау тізімінен өздерін таба алмағанына шағым айтқан.

Қырғызстандағы парламент сайлауынан фоторепортаж:

Қырғызстандағы парламент сайлауы

Қырғызстан парламенті &ndash; Жогорку Кенеш сайлауына дауыс беру қазанның 4-і, жексенбі күні жергілікті уақыт бойынша таңертеңгі сағат 8:00-де басталды. Сайлау учаскелерінде дауыс беру сағат 20:00-ға дейін жалғасады.<br />
<br />
Суретте: Бішкектегі сайлау учаскелерінің біріне дауыс беруге келген адамдар.
1/18 Қырғызстан парламенті – Жогорку Кенеш сайлауына дауыс беру қазанның 4-і, жексенбі күні жергілікті уақыт бойынша таңертеңгі сағат 8:00-де басталды. Сайлау учаскелерінде дауыс беру сағат 20:00-ға дейін жалғасады.

Суретте: Бішкектегі сайлау учаскелерінің біріне дауыс беруге келген адамдар.
Қырғызстан азаматтары 4 қазанда ел парламенті – Жогорку Кенеш сайлауына дауыс беріп жатыр. Бір палаталы ел парламентіндегі 120 орын үшін Қырғызстанның 14 саяси партиясы өзара бәсекеге түскен. Сайлау барысын қадағалауға 600-ден аса халықаралық бақылаушы мен шетелдік журналистер тіркелген.
Парламент сайлауына дауыс беруге келген қырғыз сайлаушылары. Бішкек, 4 қазан 2015 жыл.
2/18 Парламент сайлауына дауыс беруге келген қырғыз сайлаушылары. Бішкек, 4 қазан 2015 жыл.
Қырғызстан азаматтары 4 қазанда ел парламенті – Жогорку Кенеш сайлауына дауыс беріп жатыр. Бір палаталы ел парламентіндегі 120 орын үшін Қырғызстанның 14 саяси партиясы өзара бәсекеге түскен. Сайлау барысын қадағалауға 600-ден аса халықаралық бақылаушы мен шетелдік журналистер тіркелген.
Ош қаласындағы сайлау учаскесіне парламент сайлауына дауыс беруге келген азаматтар. Қырғызстан, 4 қазан 2015 жыл.
3/18 Ош қаласындағы сайлау учаскесіне парламент сайлауына дауыс беруге келген азаматтар. Қырғызстан, 4 қазан 2015 жыл.
Қырғызстан азаматтары 4 қазанда ел парламенті – Жогорку Кенеш сайлауына дауыс беріп жатыр. Бір палаталы ел парламентіндегі 120 орын үшін Қырғызстанның 14 саяси партиясы өзара бәсекеге түскен. Сайлау барысын қадағалауға 600-ден аса халықаралық бақылаушы мен шетелдік журналистер тіркелген.
Ресми мәлімет бойынша, Қырғызстанда бұл жолғы сайлауда дауыс беру құқығына ие 2 миллион 761 мың 297 адам сайлаушылар тізіміне енгізілген.
4/18 Ресми мәлімет бойынша, Қырғызстанда бұл жолғы сайлауда дауыс беру құқығына ие 2 миллион 761 мың 297 адам сайлаушылар тізіміне енгізілген.
Қырғызстан азаматтары 4 қазанда ел парламенті – Жогорку Кенеш сайлауына дауыс беріп жатыр. Бір палаталы ел парламентіндегі 120 орын үшін Қырғызстанның 14 саяси партиясы өзара бәсекеге түскен. Сайлау барысын қадағалауға 600-ден аса халықаралық бақылаушы мен шетелдік журналистер тіркелген.
Қырғызстанның сайлаулар мен референдумдер өткізу жөніндегі орталық комиссиясының хабарлауынша, парламент сайлауына 2 миллион 768 мың 305 бюллетень әзірленген. Оның 2 миллион 239 мың 758-і &ndash; қырғыз тілінде, ал 528 мың 547 бюллетень &ndash; орыс тілінде басылған.
5/18 Қырғызстанның сайлаулар мен референдумдер өткізу жөніндегі орталық комиссиясының хабарлауынша, парламент сайлауына 2 миллион 768 мың 305 бюллетень әзірленген. Оның 2 миллион 239 мың 758-і – қырғыз тілінде, ал 528 мың 547 бюллетень – орыс тілінде басылған.
Қырғызстан азаматтары 4 қазанда ел парламенті – Жогорку Кенеш сайлауына дауыс беріп жатыр. Бір палаталы ел парламентіндегі 120 орын үшін Қырғызстанның 14 саяси партиясы өзара бәсекеге түскен. Сайлау барысын қадағалауға 600-ден аса халықаралық бақылаушы мен шетелдік журналистер тіркелген.
Суретте: Ош қаласындағы сайлау учаскесіне дауыс беруге келген сайлаушылар. 4 қазан 2015 жыл.
6/18 Суретте: Ош қаласындағы сайлау учаскесіне дауыс беруге келген сайлаушылар. 4 қазан 2015 жыл.
Қырғызстан азаматтары 4 қазанда ел парламенті – Жогорку Кенеш сайлауына дауыс беріп жатыр. Бір палаталы ел парламентіндегі 120 орын үшін Қырғызстанның 14 саяси партиясы өзара бәсекеге түскен. Сайлау барысын қадағалауға 600-ден аса халықаралық бақылаушы мен шетелдік журналистер тіркелген.
Қырғыз Республикасы парламенттік республика болғандықтан бүгінгі өтіп жатқан сайлау &ndash; ел өміріндегі ерекше маңызды оқиға.
7/18 Қырғыз Республикасы парламенттік республика болғандықтан бүгінгі өтіп жатқан сайлау – ел өміріндегі ерекше маңызды оқиға.
Қырғызстан азаматтары 4 қазанда ел парламенті – Жогорку Кенеш сайлауына дауыс беріп жатыр. Бір палаталы ел парламентіндегі 120 орын үшін Қырғызстанның 14 саяси партиясы өзара бәсекеге түскен. Сайлау барысын қадағалауға 600-ден аса халықаралық бақылаушы мен шетелдік журналистер тіркелген.
Орталық комиссияның хабарлауынша, елдегі парламент сайлауы барысын қадағалау үшін әлемнің 69 елінен 40 ұйымның атынан келген 613 халықаралық бақылаушы тіркелген. Сонымен бірге Қырғызстан сыртқы істер министрлігі осы сайлау жөнінде хабар тарататын 22 шетелдік бұқаралық ақпарат құралының 45 журналисіне аккредитация берген.
8/18 Орталық комиссияның хабарлауынша, елдегі парламент сайлауы барысын қадағалау үшін әлемнің 69 елінен 40 ұйымның атынан келген 613 халықаралық бақылаушы тіркелген. Сонымен бірге Қырғызстан сыртқы істер министрлігі осы сайлау жөнінде хабар тарататын 22 шетелдік бұқаралық ақпарат құралының 45 журналисіне аккредитация берген.
Қырғызстан азаматтары 4 қазанда ел парламенті – Жогорку Кенеш сайлауына дауыс беріп жатыр. Бір палаталы ел парламентіндегі 120 орын үшін Қырғызстанның 14 саяси партиясы өзара бәсекеге түскен. Сайлау барысын қадағалауға 600-ден аса халықаралық бақылаушы мен шетелдік журналистер тіркелген.
Биыл Қырғызстанның бір палаталы парламентіндегі 120 орынға барлығы 14 саяси партия таласып жатыр.
9/18 Биыл Қырғызстанның бір палаталы парламентіндегі 120 орынға барлығы 14 саяси партия таласып жатыр.
Қырғызстан азаматтары 4 қазанда ел парламенті – Жогорку Кенеш сайлауына дауыс беріп жатыр. Бір палаталы ел парламентіндегі 120 орын үшін Қырғызстанның 14 саяси партиясы өзара бәсекеге түскен. Сайлау барысын қадағалауға 600-ден аса халықаралық бақылаушы мен шетелдік журналистер тіркелген.
Биылғы парламент сайлауында шетелде 36 сайлау учаскесі ұйымдастырылған.<br />
Суретте:&nbsp;Ресейдің Красноярск қаласында орналасқан сайлау учаскесіндегі Қырғызстан парламенті сайлауына дауыс беру. 4 қазан 2015 жыл.
10/18 Биылғы парламент сайлауында шетелде 36 сайлау учаскесі ұйымдастырылған.
Суретте: Ресейдің Красноярск қаласында орналасқан сайлау учаскесіндегі Қырғызстан парламенті сайлауына дауыс беру. 4 қазан 2015 жыл.
Қырғызстан азаматтары 4 қазанда ел парламенті – Жогорку Кенеш сайлауына дауыс беріп жатыр. Бір палаталы ел парламентіндегі 120 орын үшін Қырғызстанның 14 саяси партиясы өзара бәсекеге түскен. Сайлау барысын қадағалауға 600-ден аса халықаралық бақылаушы мен шетелдік журналистер тіркелген.
Ел тарихында алғаш рет бұл сайлауда Қырғызстан азаматтары биометрикалық жеке құжат бойынша сайлауға дауыс беруге қатысады.<br />
<br />
Суретте:&nbsp;Ресейдің Екатеринбург қаласында орналасқан сайлау учаскесіндегі Қырғызстан парламенті сайлауына дауыс беру. 4 қазан 2015 жыл.
11/18 Ел тарихында алғаш рет бұл сайлауда Қырғызстан азаматтары биометрикалық жеке құжат бойынша сайлауға дауыс беруге қатысады.

Суретте: Ресейдің Екатеринбург қаласында орналасқан сайлау учаскесіндегі Қырғызстан парламенті сайлауына дауыс беру. 4 қазан 2015 жыл.
Қырғызстан азаматтары 4 қазанда ел парламенті – Жогорку Кенеш сайлауына дауыс беріп жатыр. Бір палаталы ел парламентіндегі 120 орын үшін Қырғызстанның 14 саяси партиясы өзара бәсекеге түскен. Сайлау барысын қадағалауға 600-ден аса халықаралық бақылаушы мен шетелдік журналистер тіркелген.
Сайлау учаскелері сайлау бюллетенін автоматты түрде танитын электронды құрылғысы бар 3695 жәшікпен қамтамасыз етілген.&nbsp;​Сайлау жәшіктеріне салынған бюллетеньдерді санайтын электрондық жүйе жұмыс істейді. Заң бойынша, егер партия өкілдері негізі бар өтініш жасаса, бюллетеньдер қолмен саналады.
12/18 Сайлау учаскелері сайлау бюллетенін автоматты түрде танитын электронды құрылғысы бар 3695 жәшікпен қамтамасыз етілген. ​Сайлау жәшіктеріне салынған бюллетеньдерді санайтын электрондық жүйе жұмыс істейді. Заң бойынша, егер партия өкілдері негізі бар өтініш жасаса, бюллетеньдер қолмен саналады.
Қырғызстан азаматтары 4 қазанда ел парламенті – Жогорку Кенеш сайлауына дауыс беріп жатыр. Бір палаталы ел парламентіндегі 120 орын үшін Қырғызстанның 14 саяси партиясы өзара бәсекеге түскен. Сайлау барысын қадағалауға 600-ден аса халықаралық бақылаушы мен шетелдік журналистер тіркелген.
Ресей астанасындағы Қырғызстанның 9001-сайлау учаскесі. Мәскеу, 4 қазан 2015 жыл.
13/18 Ресей астанасындағы Қырғызстанның 9001-сайлау учаскесі. Мәскеу, 4 қазан 2015 жыл.
Қырғызстан азаматтары 4 қазанда ел парламенті – Жогорку Кенеш сайлауына дауыс беріп жатыр. Бір палаталы ел парламентіндегі 120 орын үшін Қырғызстанның 14 саяси партиясы өзара бәсекеге түскен. Сайлау барысын қадағалауға 600-ден аса халықаралық бақылаушы мен шетелдік журналистер тіркелген.
Ресей астанасында орналасқан 9001-сайлау учаскесінде Қырғызстан парламенті сайлауына дауыс беруге келген азаматтар сайлау бюллетенін алып тұр. Мәскеу, 4 қазан 2015 жыл.
14/18 Ресей астанасында орналасқан 9001-сайлау учаскесінде Қырғызстан парламенті сайлауына дауыс беруге келген азаматтар сайлау бюллетенін алып тұр. Мәскеу, 4 қазан 2015 жыл.
Қырғызстан азаматтары 4 қазанда ел парламенті – Жогорку Кенеш сайлауына дауыс беріп жатыр. Бір палаталы ел парламентіндегі 120 орын үшін Қырғызстанның 14 саяси партиясы өзара бәсекеге түскен. Сайлау барысын қадағалауға 600-ден аса халықаралық бақылаушы мен шетелдік журналистер тіркелген.
Суретте:&nbsp;Ресейдің Санкт-Петербург қаласында орналасқан сайлау учаскесіндегі Қырғызстан парламенті сайлауына дауыс беру. 4 қазан 2015 жыл.
15/18 Суретте: Ресейдің Санкт-Петербург қаласында орналасқан сайлау учаскесіндегі Қырғызстан парламенті сайлауына дауыс беру. 4 қазан 2015 жыл.
Қырғызстан азаматтары 4 қазанда ел парламенті – Жогорку Кенеш сайлауына дауыс беріп жатыр. Бір палаталы ел парламентіндегі 120 орын үшін Қырғызстанның 14 саяси партиясы өзара бәсекеге түскен. Сайлау барысын қадағалауға 600-ден аса халықаралық бақылаушы мен шетелдік журналистер тіркелген.
Суретте:&nbsp;Ресейдің Новосибирск қаласында орналасқан 9010-сайлау учаскесінде Қырғызстан парламенті сайлауына дауыс беруге келген қырғыз азаматы сайлау бюллетенін алып тұр. 4 қазан 2015 жыл.
16/18 Суретте: Ресейдің Новосибирск қаласында орналасқан 9010-сайлау учаскесінде Қырғызстан парламенті сайлауына дауыс беруге келген қырғыз азаматы сайлау бюллетенін алып тұр. 4 қазан 2015 жыл.
Қырғызстан азаматтары 4 қазанда ел парламенті – Жогорку Кенеш сайлауына дауыс беріп жатыр. Бір палаталы ел парламентіндегі 120 орын үшін Қырғызстанның 14 саяси партиясы өзара бәсекеге түскен. Сайлау барысын қадағалауға 600-ден аса халықаралық бақылаушы мен шетелдік журналистер тіркелген.
Суретте:&nbsp;Ресейдің Новосибирск қаласында орналасқан 9010-сайлау учаскесінде Қырғызстан парламенті сайлауына дауыс беріп тұрған қырғыз азаматы. 4 қазан 2015 жыл.
17/18 Суретте: Ресейдің Новосибирск қаласында орналасқан 9010-сайлау учаскесінде Қырғызстан парламенті сайлауына дауыс беріп тұрған қырғыз азаматы. 4 қазан 2015 жыл.
Қырғызстан азаматтары 4 қазанда ел парламенті – Жогорку Кенеш сайлауына дауыс беріп жатыр. Бір палаталы ел парламентіндегі 120 орын үшін Қырғызстанның 14 саяси партиясы өзара бәсекеге түскен. Сайлау барысын қадағалауға 600-ден аса халықаралық бақылаушы мен шетелдік журналистер тіркелген.
Суретте:&nbsp;Ресейдің Владивосток қаласында орналасқан 9004-сайлау учаскесіндегі Қырғызстан парламенті сайлауына дауыс беруге келген Қырғызстан азаматы. 4 қазан 2015 жыл.
18/18 Суретте: Ресейдің Владивосток қаласында орналасқан 9004-сайлау учаскесіндегі Қырғызстан парламенті сайлауына дауыс беруге келген Қырғызстан азаматы. 4 қазан 2015 жыл.
Қырғызстан азаматтары 4 қазанда ел парламенті – Жогорку Кенеш сайлауына дауыс беріп жатыр. Бір палаталы ел парламентіндегі 120 орын үшін Қырғызстанның 14 саяси партиясы өзара бәсекеге түскен. Сайлау барысын қадағалауға 600-ден аса халықаралық бақылаушы мен шетелдік журналистер тіркелген.
Previous slide
Next slide

ШАҒЫМДАР МЕН МӘЛІМДЕМЕЛЕР

Қырғызстанның сайлаулар мен референдумдер өткізу жөніндегі орталық комиссиясы дауыс беру барысында болған бұрмалаушылықтар туралы ақпараттарды дүйсенбіде қарайтынын мәлімдеген. Азаттықтың Қырғыз қызметі ондай оқиғалардың байқалғаны туралы түрлі хабарлар елдің әр аймағынан түскенін хабарлады.

Үкімет аппараты жетекшісінің орынбасары Алтынбек Ергешов бірнеше мәрте қайта дауыс беруге тырысқан жекелеген сайлаушылардың әрекеттері сәтсіз аяқталғаны туралы айтқан.

Қырғызстан ішкі істер министрлігі жексенбі күні Жалал-Абад облысындағы Сузак және Ноокен аудандарында сайлаушылар дауысын сатып алмақ болған әрекеттер туралы ақпарат Қырғызстанның сайлаулар мен референдумдер өткізу жөніндегі орталық комиссиясына жолданғанын хабарлаған. Жалал-Абад облысында дауыс сатып алуға әрекет жасалғаны жайлы Демократия және азаматтық қоғам коалициясы жетекшісі Динара Ошурахунова да мәлімдеген.

«Ар-Намыс» партиясынан сайлауға түскен кандидат Кубатбек Байболов Азаттықтың Қырғыз қызметіне «бүгінгідей сайлаушылар дауысын сатып алу бұған дейін ел тарихында болған жоқ» деп мәлімдеген. Бірақ ол нақты дерек келтірген жоқ.

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев парламент сайлауына дауыс беріп тұр. Бішкек, 4 қазан 2015 жыл.

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев парламент сайлауына дауыс берген соң журналистерге «дауысын сатуға тілек білдірушіден оны сатып алушы әрдайым табылатыны» туралы мәлімдеген. Сонымен бірге президент ондай әрекеттерді тек азаматтардың өздері ғана тоқтата алатынын айтқан.

Қырғызстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Тайырбек Сарпашев сайлау барысындағы бұрмалау оқиғалары туралы айтылған хабарларға қатысты баспасөзге мәлімдемесінде Жогорку Кенеш сайлауына қатысып жатқан «кейбір партиялар сайлаушылар арасында дүрбелең туғызу мақсатымен әдейі арандатпақшы болған» деген. Ол жекелеген партиялардың сайлау учаскелеріне көлікпен адамдарды топтап апарып, басқа сайлаушылардың наразылығын туғызуға әрекет жасағаны туралы ақпараттар барын айтқан.

Билік өкілдері әрбір сайлау учаскесінде бақылаушылар, соның ішінде халықаралық ұйымдар мен сайлауға қатысып жатқан партиялардың өкілдері бар болғандықтан, олар әлгіндей заң тәртібін бұзу әрекеттеріне жол бермейді деп мәлімдеген.

САЙЛАУДЫ ЖАҢАША ӨТКІЗУ

Ел тарихында алғаш рет бұл жолғы парламент сайлауында Қырғызстан азаматтары жеке басының биометрикалық дерегі бойынша дауыс беруге қатысты. Сайлау жәшіктеріне салынған бюллетеньдерді санайтын электрондық жүйе жұмыс істеді. Заң бойынша, егер партия өкілдері негізі бар өтініш жасаса, бюллетеньдер қолмен саналады.

Қырғызстанның сайлаулар мен референдумдер өткізу жөніндегі орталық комиссиясының хабарлауынша, парламент сайлауына 2 миллион 768 мың 305 бюллетень әзірленген. Оның 2 миллион 239 мың 758-і – қырғыз тілінде, ал 528 мың 547 бюллетень – орыс тілінде басылған.

«Бюллетеньдер ерекше қағазда басылған, оған арнайы маркермен қойылатын белгіні бюллетень тастайтын жәшік автоматты түрде оқып, таниды» делінген ресми хабарламада.

Ресей астанасында орналасқан 9001-сайлау учаскесінде Қырғызстан парламенті сайлауына дауыс беру. Мәскеу, 4 қазан 2015 жыл.

Бұл жолғы сайлауды өткізу үшін барлығы 2374 сайлау учаскесі құрылған, оның 36-сы – шетелде ұйымдастырылған. Сайлау учаскелері сайлау бюллетенін автоматты түрде танитын электронды құрылғысы бар 3695 жәшікпен қамтамасыз етілген.

Орталық комиссияның хабарлауынша, елдегі парламент сайлауы барысын қадағалау үшін әлемнің 69 елінен 40 ұйымның атынан келген 613 халықаралық бақылаушы тіркелген. Сонымен бірге Қырғызстан сыртқы істер министрлігі осы сайлау жөнінде хабар тарататын 22 шетелдік бұқаралық ақпарат құралының 45 журналисіне аккредитация берген.

Қырғыз Республикасы парламенттік республика болғандықтан бүгінгі сайлау – ел өміріндегі ерекше маңызды оқиға саналады.

Кейбір халықаралық бақылаушылардың сайлау туралы пікірі:

Айдар
XS
SM
MD
LG