Accessibility links

Композитор Фулмер Жаңаөзенге реквием арнады


Музыкант Дэвид Фулмер.
Музыкант Дэвид Фулмер.

Нью-Йорктік композитор Дэвид Фулмер Жаңаөзен оқиғасында қаза тапқан адамдарға арнап «Солтүстік жұлдызы» деген реквием жазып шықты.

Премьерасы 10 ақпанда Лос-Анджелес қаласында өтетін реквиемді танымал виоленчелист Джэй Кэмпбел орындайды. Шығарма алдағы айларда Техас, Нью-Йорк пен Вермонтта қойылады.

Азаттық тілшісі Нью-Йоркте өтетін премьераның дайындығына қатысып, композитордан қайғылы оқиғаға шығарма арнауына не түрткі болғанын сұрады.

«МУЗЫКА МӘДЕНИЕТКЕ, ҰЛТ ПЕН ДІНГЕ ҚАРАМАЙДЫ»

31 жастағы Дэвид Фулмер Жаңаөзен оқиғасы туралы хабар жанына батып, сол оқиғаға байланысты «Солтүстік жұлдызы» (Star of the North) шығармасын жазғанын айтады. Шығарманың ұзақтығы – жеті жарым минутқа созылады.

– Музыкалық шығарма мәдениет, дін, ұлт атаулының бәріне ортақ. «Біз кімбіз, бірігіп не істей аламыз, не үшін жүрміз» деп ойланғанда бұлардың бәрі – мәдениет те, дін де, ұлт та маңызды болмай қалады. Осы тұрғыдан мен өз ұстанымымды осы шығарма арқылы білдірдім, – дейді композитор Дэвид Фулмер.

please wait

No media source currently available

0:00 0:00:00 0:00

Колумбия университетінің музыка факультетінің қызметкері Дэвид Фулмер Нью-
Human Rights Foundation директоры Тор Халворсен.
Human Rights Foundation директоры Тор Халворсен.
Йоркте орналасқан үкіметтік емес Адам құқықтары қорының (Human Rights Foundation) директоры Тор Халворсенге жолығып, Жаңаөзен оқиғасы жайлы шығарма жазу ойын айтыпты. Халворсен «шығарма Қазақстандағы адам құқықтары жағдайына арналғаны дұрыс» деп кеңес берген.

Халворсен туындының әсері «теңізге тамған тамшыдай, болғанымен, өте маңызды екенін», оны әркімнің еркін тыңдай алатынын айтады.

Ал Фулмер «музыкалық шығарманың адамдарды біріктіретін күші арқылы кейбіреулер бітімге келуі мүмкін» деп ойлайды.

– Бізге құр сөзбен даурығып, жұдырықтасудың керегі жоқ. Оданша музыка тыңдағанымыз абзал, – дейді ол.

please wait

No media source currently available

0:00 0:00:45 0:00

2011 жылы 16 желтоқсанда Жаңаөзенде жалақыны көбейтіп, еңбек жағдайын жақсартуды талап еткен мұнайшылар мен оларды қолдаған адамдарға полиция оқ атып, ресми дерек бойынша 16 адам қаза тапқан еді.

Human Rights Watch сияқты халықаралық құқық қорғау ұйымдары оқиғаға қатысты қуғын көргендердің көпшілігі демонстранттар, оппозициялық саясаткерлер мен журналистер екенін айтқан.

Мақаланы ағылшын тілінен Айбек Бейсебай аударды.
XS
SM
MD
LG