Accessibility links

Әлем бойынша адамдардың діни құқықтары бұзылып жатыр


АҚШ-тың діни құқық бойынша өкіметтік агенттігі әлем бойынша бірнеше елді адамдардың сана бостандығын бұзып отыр деп сынға алды. Ол агенттік, сондай ақ, адамның діни құқын бұзып отырған кейбір мемлекетермен ауыз жаласып отыр деп Вашингтонның өзін де сынға алған.

АҚШ-тың діни бостандық бойынша федералдық агенттігі адамның діни бостандығын аяқ асты етіп отырған елдер ішінен Ауғастан мен Сауд Аравиясын бөліп алып көрсеткен.Сондай ақ, адамдардың діни құқына Ресей мен Беларуссияда да қатер төніп тұр деп біледі аталмыш агенттік.

Агенттік жария еткен өзінің жылдық баяндамасында Вашингтонды адамдардың діни құқықтарын бұзып отырған Өзбекстан және Пәкістан тәрізді елдермен әмпей-жәмпей болып отырғаны үшін сынға алады.Бұл елдермен Вашингтон 2001 жылғы 11 қыорқүиек оқиғасынан кейін террризмге қарсы күресте одақтасқаны белгілі.Вашингтон болса бұл елдермен одақтасқанымен оларға адам құқықтары бойынша қойып отырған талаптарымызды жұмсартқан жоқпыз дейді.Алай да агенттік комиссиясының мүшесі Фелице Гаир Америка өзін өзі ұятқа қалдырып отыр дейді:

Егер де осы комиссияға тән бір сенім-концепция болса, ол ҚШ дың адам құқықтары, діни бостандық саласындағы ұстанған саясатын террористік шабуылдарға қарсы күрес дегенге айырбастауға болмайтыны жәйлі сенім еді .

Агенттік әлем елдеріндегі адам құқықтары діни бостандық туралы Конгреспен Ақ Үйге ұсыныстар беріп тұратыны белгілі. Осы баяндамаға сәйкес Вашингтон тізімдегі елдерге әртүрлі қысымдар жасайды. Өткен жылы осы агенттік аталмыш адам құқықтарын бұзып жатқан елдер деп Бирма Иран Қытай Ирақты көзге шұқып көрсеткенболатын.Агенттік сондай ақ Ақ Үйге өз кемшіліктерін аталмыш елдердің қалай жөндейтінін де көрсетіп береді.Осы соңғы баяндамасында Агенттік ҚШ СІМ Колин Пауелды аталмыш құқықтардың бұзылыуына орай Үндістан Лаос Сауд Аравиясы Түркменстан және Виетнам өкіметтеріне салмақ салмады деп сынаған.Вашингтон одақтастарының ішінде Ауғанстан мен Саударавиясы діни бостандықты қорлаған елдер қатарында көрсетіліп отыр.Комиссия мүшесі Лейла Надия Садат бүгінгі Ауғанстандағы кейбір соттар шетелдіктерге қарсы қинау аяқ қолын шабу тәрізді жазаның ауыр түрлерін әлі де қолдануда дейді.

Бұның негізі,әсіресе, діни бостандыққа қатысты негізі, Ауғанстанда Талибан режимінен кем соқпайтын репрессияшыл режимдер тұсында қаланған.Бұл енді бүгіндері кейбір жағдайларда ҚШ дың келісімімен тіпті кейде оның жәрдемімен іске асып отыр.

Агенттік өз баяндамасында Вашингтонды Ауғанстандағы қауіпсіздік шараларын Қабұл қаласының сыртына да таратуға шақырады. Ауғанстанның жаңа Конституциясы қабылданарда бұл елдегі адамның діни бостандығын нақты қорғауға шақырады.Сондай ақ, агенттік өз баяндамасында Сауд Аравиясында Вакхабистерден өзгелерге діни бостандық атымен жоқ дейді. Сауд Аравиясындағы діни бостандық деңгейі туралы комиссия төраағысының орынбасары Маикл Янгның пікірі төмендегідей:

Вакхаби еместердің мінажат ететін көпшілік орындарына толық тиым салынған.Шииттерге христиандарға өз діни көзқарастарын білдіріп, мінажат етер болса онда оларды ұстауға, қамауға және қинауға жол берілген.

Баяндамада сонда ақ Ресей мен Беларуссия дағы өз елдеріндегі діни азшылыққа қысым көрсетіп отырған елдер қатарында аталады .
XS
SM
MD
LG