Accessibility links

Қазақстандағы поляктар


Поляк халқының Қазақстанға келгеніне арналған хабар

Үстіміздігі айдың 3 жұлдызында Қазақстанда мекендейтін поляк ұлтының өкілдері Польша мемлекетінің конституция күнін атап өтті. Бұл мерекелік күнде Қазақстандық поляктар мен олардың басқа ұлтардағы достары бірігіп, Польша мемлекетінің Қазақстандағы елшілігінде бас қосады.

Поляк қызы Людмила Сикорскаяның айтуынша, Республикадағы поляк, қазақ, орыс достары жиналғанда олар міндетті түрде өздеріне ортақ әнді айтқанды жақсы көреді. 45 жасар Ғанипа Қайролина Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында дүниеге келген, Ғанипа апайдың поляк ұлты балаларының арасында достары болмасада поляқ ұлтының “Сұлу қыз” әнін жақсы білетінін айтады.

Ғанипа Қайролина ”Сұлу қыз” атты әнді жастық шағында “Дос Мұхасан” тобының орындауында жиі естігенін айтады. Сол себептен бұл әнді салғанда есіне жастық шағын алады. Ал, “Дос Мұхасан” тобының әншілерінің бірі, қазіргі кезде Қазақстанның аэроғарыштық комитеті төрағасының орынбасары Мейірбек Молдабеков “Сұлу қыз” әні төңірегінде бір қызық оқиға орын алғанын есіне алды.

Қазақстан Республикасы Аэроғарыштық комитеті төрағасының орынбасары Мейірбек Молдабеков: Енді Роза Бағланова апамыз соғыстан кейін жиі “Сұлу қыз”атты әнді радиодан орындайтын. Ол біздің жастық, балалық шағымыз, бізге бұл ән үнайтын. Соңынан “Дос Мұхасан” ансамблі дүниеге келгенде Мұрат Құсайинов сол әнді өңдеп, осы ансамбльмен орындаймыз деп дайындаған, бірақ біз бұл әнді қазақтың халық әні “Сұлу қыз” деп орындап жүрдік. Соңынан біз 1971 жылы Варшаваға барғанда сонда бұл әнді поляктар тыңдап, бізбен қосылып айтты. Біз таңғалдық, соңынан олар бізден сұрады, поляк әнін қайдан білесіңдер деп,біз бұл қазақтың әні деп жауп бердік. Алайда олар,бұл поляк халқының “Шла дэвечка долэ сечка” деген халық әні дегенді айтты. Біз Қазақстанға оралғаннан кейін Роза Бағланова апамыздан сұрап білсек, ол кісі бұл әнді соғыс жылдары Польшаға барып жүргенде әкелгенін жеткізді.

Гүлмира Хамза: Қазақпен поляк ұлттарын жақындырған “Сұлу қыз” әнінің тарихын, Кеңес Одағының еңбек сіңірген әртісі Роза Бағланова былай деп сипаттап берді.

Кеңес Одағының еңбек сіңірген әртісі Роза Бағланова: Мен Польшаны өзімнің әніммен, құдіретті айтылған әндермен Польшаны алып, Варшавада болып, Рокосовскийде қонақта болдым. Ал поляк халқының әдемі, құдіретті әндері бар, мен мың әнін алып келдім, әлденеше кітапша. Соның ішінде маған ұнаған әні “Шла дэвечка доля сечка” деген әнін поляк тілінде айттым. Бұл өлеңді “Дос Мұхасан” тобы қазақ әні деп айтыпты. Сосын біреулер айтыпты бұл өлеңді Роза Бағланова айтқан деп. Қазір Мұрат Құсайнов айтып жүр "Роза Бағланованың әні" деп.

Гүлмира Хамза: Тарих ғылымының докторы, профессор Серік Мәшімбаев мырзаның пайымдауынша, қазақ пен поляк халықтарын бұл өлеңнен өзге де біріктіретін тарихи оқиғалар көп.

Тарих ғылымының докторы, профессор Серік Мәшімбаев: Бұл өзі Қазақстанға поляктардың келуінің арғы негізгі тарихы 1831 жылы патша үкіметінің қоластында тұрған кезінде, поляктардың көтерілісі болды. Олардың көбісін соттады патша үкіметі, сол себептен олардың көбі жер аударған.

Бұл бір үдіріс, екінше үдіріс поляктардың келуі 1863-1964 жылдары тағы да көтеріліс болды. Әсіресе Ресей патша үкіметінің отарлық саясатына қарсы. Сол екі көтеріліске қатысқан поляктардың көбі жер аударды. Поляктардың тарихын сонау 1831-1864 жылдардан бастаймыз. Жер аударғандардың басым көпшілігі Қазақстанда, сол кезеңнен бастап олар жұмыс жасаған. Мысалы Абайдың әкесі Құнанбаев пен бірге болған поляктар бар. Янушкевич деген поляк. Олар ағартушы ретінде, сол кезеңде патша үкіметінің жүргізген саясатын өз көзімен көрген. Қазақтар жөнінде көптеген еңбек жазған.


Гүлмира Хамза: Жалпы профессор Серік Мәшімбаевтың пайымдауынша Қазақстанда 100 мыңдай поляк мекендеген, қазір олардын саны 70 мыңдай адам. Солардың бірі - Людмила Сикорская.

Людмила Сикорская: Мен өзім Қазақстанда дүниеге келгенмін, анамның әке-шешесі 1938 жылы, ал әкемнің отбасы 1933 жылы жер аударған. Соңынан менің әкем мен анам қосылып, мен дүниеге келдім.

Гүлмира Хамза: Ата-бабалары зорлықпен жер аударып, Қазақстаннан пана тапқан Людмила Сикорскаяның айтуынша, Алматы қаласындағы поляктардың саны 5 мың адам.

Тарих ғылымының докторы Серік Мәшімбаев поляк ұлты балаларының зорлықпен жер аударуының себебін былай деп баяндайды.

Тарих ғылымының докторы, профессор Серік Мәшімбаев: Үстіміздегі жылы поляк халқының Қазақстанға жер аударып келгеніне 67 жылы болады. Бұл жер аударудың басталуы 1936 жылы қаңтар айында басталды. Поляктардың көшірілулерінің басты себебі, қазіргі кездегі біздің пікірімізше 1939 жылғы 17 қырқүйекте Батыс Украина мен Батыс Белоруссияны Сталиннің тікелей саясатымен азат етуге Совет әскері кірген болатын, осыған дайындық болу керек.

Гүлмира Хамза: Қазақстанда тұратын поляк ұлтының өкілдері ата-бабадан қалған дәстүрлерін ұмытпай, ана тілдерін жоғалпай ғұмыр кешіп жатыр.
XS
SM
MD
LG