Accessibility links

Еуропа Одағы елдерінде економикалық өсу қарқыны төмендей бастаған.


Өткен тоқсанға қарағанда, осы жылдың алғашқы үш айында Еуропалық Одақ елдеріндегі економикалық өсу қарқыны тоқтаған.Бұл мәліметтерді бүгін Еуростат статистикалық агенттігі жариялаған. Германия мен Нидерландының економикалық төмендеуі ресми тіркелген. Үстіміздегі жылдың алғашқы үш айында Герман Федеративті Республикасында ішкі өнім көлемі оннан екі процентке қысқарған, ал Нидерландыда бұл көрсеткіш оннан үш процентке түсіп кеткен. Италияда оннан бір процентті көрсетуде. Економикалық төмендеу соңғы екі тоқсандағы економикалық өсу қарқынының дұрыс емес көрсеткішінен болып отыр. Сонымен қатар, Еуропалық комиссия 2003 жылдың екінші, үшінші тоқсандарында економикалық өсу қарқыны оннан төрт процентке жетеді деген болжам жасап отыр.
XS
SM
MD
LG