Кеше Шешенстан астанасы Грозныйдан 25 шақырымдай жердегі Илисхан юрт елді мекенінде 15 мың адам қатысып жатқан діни фестиваль кезінде жанкешті екі әйелдің үлкен жарылыс жасаған әрекетінен соңғы мәліметтер бойынша 30 адам қайтыс болып, 150 адам жараланған,оның 45 нің жағдайы ауыр халде. Журналист ретінде келген жанкештілердің мақсаты осы шараға қатысып отырған Шешенстанның әкімшілік басшысы Ахмад Қадыровты өлтіру болған, бірақ ол аман қалып, оның бірнеше қорғаушысы жараланған.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Шыңжаңдағы қуғын-сүргін
"Туындыларым қар көшкендей әсер етсе деймін". Қазақстандық фотограф Ядыкар Ибраимовтың күресі