Accessibility links

Иран Президенті Сирияға сапарын аяқтады.


Иран президенті Мохаммед Хатами (Mohammad Khatami) бүгін өзінің екі күндік Сирияға болған сапарын аяқтады.Онда ол соғыстан кейінгі Ирақ ахуалы мен Таяу Шығыстағы жағдай жайында Сирия президенті Башар Әл Ассадпен (Bashar al-Assad ) сөйлескен. Кеше кешкісін екі елдің президенті екі мемлекеттің арасындағы сауда саттық шектеулерін біртіндеп алуды реттейтін Сирия - Иран комиссиясын құру жөніндегі келісімге қол қойып бекітті. Олар сонымен қатар, Құрама Штаттарға қатысты бірлескен мәлімдеме жасап, онда өздері атағандай АҚШ-ын Сирия, Иран, Ливан елдерін үркіткенін тоқтатуға шақырған. Бүгін Иран президенті Мохаммад Хатами Ирақтағы соғыстан кейінгі аймақтық жағдайды талқылау үшін Иеменге келді.
XS
SM
MD
LG