Accessibility links

АҚШ департаменті Кениядағы Америка азаматтарына қарсы террорлық шабуыл болуы мүмкін деп ескертуде.


Aмерика басшылығы Шығыс Африкада әсіресе, Кенияда АҚШ азаматтарына қарсы үлкен террорлық шабуыл болу мүмкіндігін ескертіп отыр. АҚШ мемлекеттік департаменті бұл террорлық әрекетке дайындық жөнінде өздерінде сенімді ақпарат бар екендігін айтып, американдықтардың бұл аймаққа барудан бас тарта тұруларын сұраған. Құрама Штаттардың сыртқы саясат мекемесінің мәлімдемесінде, Кения өкіметі әсіресе әуежолы саласындағы террорлық әрекетті тоқтата алмауы мүмкін делінген. Және бүгін Америка сарапшылары, Ер Риядта 34 адамның өмірін қиған террорлық шабуылдың жай жапсарын тексеру үшін Сауда Арабия еліне келді. Уашингтон бұл террорлық әрекеттің артында Әл Қаида террорлық ұйымы тұр деп есептейді.
XS
SM
MD
LG