Accessibility links

"Әсіре исламшыл топтар Қырғызстандағы АҚШ мүдделеріне террорлық шабуыл жасауы ықтимал"


АҚШ мемлекеттік департаменті 6 мамыр күні арнайы мәлімдеме жасап, әсіре исламшыл топтар Қырғызстандағы АҚШ азаматтарына не болмаса АҚШ мүдделеріне террорлық шабуыл жасауы ықтимал деп ескертті.


АҚШ мемлекеттік департаменті 6 мамыр күні арнайы мәлімдеме жасап, әсіре исламшыл топтар Қырғызстандағы АҚШ азаматтарына не болмаса АҚШ мүдделеріне террорлық шабуыл жасауы ықтимал деп ескертті. Осы тақырыпқа арналған хабарымызда Өзбекстан ислам қозғалысының қимылдарына көз жүгіртіледі.

АҚШ мемлекеттік департаменті яки сыртқы істер министрлігінің алтыншы мамыр күні жасаған мәлімдемесінде әсіре исламшыл топтардың шабуылдары ықтимал болғандықтан АҚШ азаматтары Қырғызстанға барса қауіпсіздігі мен сақтылығын қамдау керек деп айтылды. Министрліктің өкілі Стюарт Пәтт ондай ұйымдар Әл Қаидамен тікелей байланыс екенін естен шығармаған жөн дейді.

- Қоғамдық хабарландару американдықтарды Әл Қаидамен сыбайлас Өзбекстан ислам қозғалысы деген террорлық ұйым сияқты экстремистік топтар американдықтарды не болмаса Қырғызстандағы америка мүдделеріне террорлық шабуылды жоспарлауы мүмкін екені жөнінде ескертеді, - дейді Стюарт Пәтт.

Ескерту бойынша АҚШ үкімет адамдарының Қырғызстанның оңтүстігіне, Ош облысының батыс аймағына бару шектелді. Бәткен облысындағы қырғыз-тәжік және қырғыз-өзбек шекараларында миналар залалсыздандырылмаған аймақ әлі көп екені айтылады. АҚШ-тың Бишкек елшілігіндегі өкілі шектеу 31 қазанға шейін күшінде болады деп, АР Қырғыз редакциясына берген сипаттамасында кеңірек түсінік айтпады, мемлекеттік департаменттің ескертуі қатардағы мәлімдеме деп қысқа қайырды.

Қырғызстанда тұрып жатқан американдық азаматтар болса мемлекеттік департаменттің ескертуіне алаңдап отырған жоқ. Мәселен, Бішкекте орналасқан Орталық Азиядағы американдық универститеттің профессоры Уильям Хансен мазасыздануға еш себеп көмей отырмын дейді.

- Соңғы тарихқа, айталық бес жылға көз жүгіртсек, Қырғызстанға қарағанда Америка Құрама Штаттарында көбірек террорлық шабуыл жасалынды, терроризмнің құрбандары көбірек болды. Осыған қарағанда, Құрама Штаттарынан көрі Қырғызстанда тыныштық көбірек шығар деп ойлаймын, - дейді профессор Уильям Хансен.

АҚШ мемлекеттік департаменті ескертуді дәл қазір неге жасағаны, исламшыл экстремисттік топтардың қаупіне тап болған Тәжікстан мәлімдемеде неге аталмағаны анық емес. Қырғызстан президенті әкімшілігі қорғаныс және қауіпсіздік департаментінің бастығы Болот Жанұзақов Өзбекстан ислам қозғалысының Қырғызстанға төндірген қаупі жөнінде ой жүгіртуден бас тартты.

- Олардан қауіп болады, болмайды деп айтуға болмайды. Біздің негізгі мақсатымыз, негізгі міндетіміз – мемлекетіміздің, еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Өзіміздің әскерлерімізді, жігіттерімізді әр қашан, қайсы уақытта болмасын дайын боп туруға машықтырып жатырмыз, - дейді Болот Жанұзақов.

Өзбекстан ислам қозғалысы Өзбекстаннан бастау алатын кең көлемді ислам халифатын құруды мақсат ретінде жариялаған. АҚШ әскері 2001 жылы Ауғанстанда соғыс жүргізіп, Талибан қозғалысын талқандағанда Өзбекстан ислам қозғалысыда күйзеліскі ұшырады деп айтылатын. АҚШ үкіметі енді міне Өзбекстан ислам қозғалысы Орталық Азияда қайта бас көтеріп келеді деп ескертті. Өзбекстан ислам қозғалысы 1999 және 2000 жылдары ерекше белсенді болды. Тәшкентте 16 адамның өмірін қиған бомбалық жарылыстар осы ұйымның мойнында. Өзбекстан ислам қозғалысы екі жыл қатарынан Қырғызстанға шауып, елдің мазасын қатты алды, өлім-жұтым, босу орын алды. Бәткен соғыстары деп аталған дағдарыс кезінде Бәткен тауларында жүрген төрт жапон геолог маманы және кейбір американдық альпинист-спортшылар кепілдікке алынған, оларды құтқару ұзақ әуре сарсанға ұласты.

2001 жылдың қарашасында Солтүстік бірлестіктің басшыларының бірі генерал Абдұл Рашид Достым Өзбекстан ислам қозғалысының басшыларының бірі Жұма Наманганидің ұрыс-шайқастарда қаза тапқанын жариялады. Ақпаратты Тәжікстандағы әскери бұлақтар растаған болатын. Алайда, Өзбекстан мен Ауғанстан ресми өкілдері жаңалықты сеңіккіремей қабылдады. Жұма Наманганидің өлі-тірісі осы күнге шейін анық емес.

Америка саясатын жақтырмау Қырғызстан қоғамында баршылық екені бірінші мамыр күні көрініс тапты. Бірінші мамыр мерекесінде 200-ге жұық адам Бишкекте көшеге шығып, Манас әуежайында АҚШ әскерінің қоныстанғанына наразылық танытты. Бишкек маңындағы Манас әуежайында АҚШ әскері 2001 жылы Ауғанстандағы соғыстың қамымен база құрған. Соғыс бітседе АҚШ сарбаздары Қырғызстаннан кеткен жоқ. Қырғызстан үкіметі АҚШтың Ирактағы соғысына қарсы болған, Манас әуежайы Ирак соғысындағы қимылдарға пайдаланылмады деп айтады ресми Бишкек.
XS
SM
MD
LG