Accessibility links

Бүгін Норвегиядағы АҚШ елшілігі келушілерге жабық,өйткені "Әл Қайданың" басшылығы АҚШ пен өзгеде елдердің дипломатиялық өкілетіктеріне өздерінің шабуыл жасайтындықтарын айтып ескерту жасады.


Қатардың "Әл Жәзира" телеарнасы арқылы берілген мәлімдемесінде "Әл Қайданың" жетекшілерінің бірі Айман әз Зәуари АҚШ, Британия,Австралия және Норвегияға қарсы шабуылдар жасауға шақырады.Бұл көрсетілген таспаның қолдан жасалмағаны әзірше тексерілген жоқ.Норвегия Сыртқы Істер мекемесінің өкілі өз еліне не себептен ескерту жасалғандығын түсінбейтіндігін айтты.АҚШ "Әл Жәзираны" арандатушы таспаны көпшілікке көрсеткеніне өз наразылығын білдірді.АҚШтың Мемілекетік хатшысы Колин Пауелл бұған өз пікірін былайша білдірді. " Мен бұл түралы бүгін ертемен Қатар Сыртқы Істер министірімен сөйлестім.Менің ойымша олар кейбір әрекетерге барады,бірақ бұл тым кештеу.Ол таспадағы ақпарат таралып үлгерді.Біз бұл таспаның қаншалықты шынайы екендігін білмей міз.Бірақ бұл қайткен күнде де, күллі әлем бойынша жапай өшпенділік туғызады.Маған олар бұған жан жақты редакцияалық сараптау жүргізбегендігі өкініш тудырады."
XS
SM
MD
LG