Accessibility links

Совет одағы құлағаннан кейінгі кезде Орталық Азиядағы қазіргі тәуелсіз республикаларда кітапханалар ауыр ақуалға кезігіп отыр


Совет одағы құлағаннан кейінгі кезеңде дағдарысқа ұшыраған, бірақ өте аз айтылған салалардың бірі болып - білім бұлағы, ғылым ошағы- Орталық Азия республикаларындағы кітапханалардың қазіргі ауыр жағдайы есептеледі.

Әлемдегі ең алғашқы, үлкен кітапқаналар қазіргі жыл санауынан алдыңғы екінші ғасыр мен 16-ғасыр аралықтарында дүниеге келген. Олар Еуропамен Қытайды байланыстыратын, Орталық Азия елдері аумағынан өтетін Ұлы Жібек жолы бойында жайғасқан еді.

Өкінішке орай, қазіргі тәуелсіз Орта Азия республикаларындағы сондай кітапқаналардың көбі өткен он екі жылдың құрбаны болды. Олар жабылды, ұрланды, тоналды. Қаржы тапшылығынан ол кітапқаналар абдан тозды, деп жазады тілшіміз.

Өзбекстандық саясаттанушы Рұстам Жұматаевтің айтуынша, әсіресе, ауыл-аймақтардағы кітапқанашылардың мамандық деңгейі барынша төмендеп кеткен. Кітапқаналардағы сирек кездесетін кітаптардың өзі қолды бола бастаған, немесе арзымаған бағаға сатып жіберілген. Біреулер ол кітаптарды өз отбасын, бала-шағасын бағу үшін саудаға салса, өз шаруасын жақсы білетін қылмыстық әлемнің өкілдері аса құнды кітаптарды бай коллекционерлерге үлкен бағаға өткізіп отырған.

Мамыр айының басында Итар-Тасс әгенттігі қабарлағанындай, Қырғызстандық және Ресейлік барлаушылардың өзара ынтымақтастығы арқасында Қырғызстандағы кітапқаналардан ұрлап, аса көне де, бағалы 40 кітапты Мәскеуге апарып сатпақ болған қылмысты топ қолға түскен.

Сол қолды болған кітаптардың кей бірінде Орыс падишасы Николай Екінің қолтаңбалары бар екен. Мамандар ол кітаптардың әрқайсысын бір мың долларға бағалапты.

Қырғызстан Ұлттық Қауыпсыздық қызметінің баспасөз кеңсесін басқаратын Шынара Әсенованың айтуынша, ол кітаптар 1802-1910 жылдар аралығында басылыпты. Оларға мемлекеттік меншік ретінде мөр басылған екен.

Ал өз есімін атамаған Бішкектегі Ұлттық кітапқананың бір қызметкерінің айтқанына сенсек, ол кітапқанадан ешқандай кітап ұрланбаған. Бірақ кітапқана қауыпсыздығын қамтамасыз ету үшін арнайы шаралар қажет. Ал оған қаржы жетіспейді , дейді кітапқанашы. ,Бұл кітаптар біздің кітапқанадан ұрланған емес. Біздің мөріміз жоқ. Бәлкім 30-40 жылдары болған шығар , бірақ қазір ондай болмайды. Кітап жетіспейді,, дейді ол.

Ал Қырғызстан білім беру және мәдениет міністрі орынбасары Сұлтан Раевтің айтуынша, міністірлік, кітапқаналарды тоналудан сақтап қалу үшін тиісті шаралар әзірлеуде екен.

Қырғызстан оңтүстігіндегі Ош обылыстық кітапқанасы директоры Бақтыгүл Мырайева, кітаптың ұрлануына негізгі себептер қатарына, сақтық шараларының жоқтығын, аса құнды кітаптардың арнайы каталоғының жасалмауын және оқырманға кітәп беру ережелерінің дұрыс орындалмауын жатқызады.

Кейбір қолды болған кітаптар шет елдерге сатуға ұсынылар екен. Түркі қалықтары тарихы жөніндегі кітаптармен жұмыс жасайтын Германиядағы Харрасович Ферлақ фирмасының өкілі де, тілшімізге, Бұрыңғы Сәуеттік Одақ республикаларынан көне кітаптарды сату жөнінде ұсыныстар болып тұратындығын айтқан. Бірақ компания ондай заңсыз бизнестен әрине бас тартып отырған.

Дегенмен сирек кездесетін кітаптар ұрлық жолымен ғана жоғалмайды. Орта Азиядағы көптеген кітапқаналар өте ыңғайсыз, ескі ғимаратттарда, жертөлелерде жайғасқан. Оларды өрт жалмап, су басып тұрады.

Сондай апаттың бірі Дұшанбедегі Дәрігерлік ұниверситетінің кітапқанасында орын алған. Су астында қалған кітаптарды университеттің ұстаз, шәкірттері бір-бірлеп теріп шығарған.

Кітапқанашы Саломат Хайрұллаеваның тілшімізге айтуынша, осы кезге дейін, қанша және қандай кітаптардың жоғалғандығын анықтау қыйын болып тұр екен. Ал түгелдей бүлінген кітаптардың орнын толтыру үшін кітапқана енді, шет елдерден демеушілік жәрдемін күтіп отырған сықылды.

Сонымен, Орта Азия елдерінде кітап жоғалуы бір мәселе болса, шағын кітапқаналар қаржы жоқтығынан жаңа басылымдарға қолдары жетпейді .

Ал Қазақстанда болса, кітапқаналар да бірер жылда, оңтайландыру сайасатының құрбаны болып шыға келді. Шағын кітапқаналар жабылып, ондағы рұхани дүниелер қалалар, обылыстық орталықтардағы кітапқаналарға өткізілді. Босаған үйлер Коммерсиялық дүкендерге айналды.

Қазақстан астанасы Астанадағы Еуразия ұниверситетінде ашылған Отырар кітапқанасының диреторы Тұрсын Жұртбаевтің айтуынша, Мысырдағы көне Александрия кітапқанасы үлгісінде Астанада бой көтермек Жаңа кітапқана құрылысына бас міністір Иманғали Тасмағанбетов қолдау жасап отырған көрінеді.

Тұрсын Жұртбаевтің айтуынша, қазірдің өзінде жыйнақталған 5 мыңдай сирек кітаптың ішінде, сонау 9-ғасырда көне Ұйғыр әліппесінде жазылған құнды қолғазбалар бар екен. Оның пайымдауынша, Ауғанстандағы түпнұсқа соғыс өрті кезінде жойылған сыйақты.

1936-жылы ашылған Қазақстан Ұлттық кітапқанасындағы 5 жарым млн басылымның арасында 12-ғасырда дүниеге келген кітаптар, көне қолжазбалар, Қазақ саз өнерінің дыбыс таспалары бар. Бұл кітапқана да сол бай мұраның бүлінбей сақталуы үшін Үкіметтік көмекке зәру.

Ал, Тауелсіздік заманының сыйы – Астанадағы Президенттік Мәдени орталықтың кітапқанасында қазірдің өзінде 700 мың кітап жыйналыпты. Бірақ ол дүниелерге әркімнің қолы жете бермейді.

Ал, заманауи техника жетістіктерінен пайдаланып, Қазақстанда алғаш болып кітаптарды компютор жадына еңгізүді Шығыс Қазақстандағы А.С. Пушкин атындағы кітапқана бастапты.
XS
SM
MD
LG