Accessibility links

Пентагон шағын ядролық қару жасауды ойластыруда.


АҚШ қорғаныс министрі Доналд Рамсфелд Пентагонның шағын ядролық қарудың ғылыми-техникалық негізін зерттей бастағанын мәлімдеді. Бұндай қару идеясы Рамсфелдтің айтуынша химиялық және биологиялық қаруларды жойып жіберу қажеттілігінен туындаған.

Пентагон 5 килотонналық шағын ядролық бомбалар жасамақ ниетте.Өзінің қуаты жөнінен бұл шағын бомбалар Хиросимаға тасталған атом бомбасының үштен біріндей болмақ.Ол Хиросимаға тасталған бомбадан кезінде 45 мың кісі опат болғаны аян.Бұл идеяны көтерушілер шағын атом бомбасы, әсіресе, үңгірлерде тығылған химиялық және биологиялық қаруларды жоюға келгенде таптырмайтын құрал көрінеді.Бұ жәйлі Пентагонда кеше біріккен штаб бастығы генерал Ричард Майерс мәлімдеді:

Ядролық қарудың оларға әсері бөлек. Мысалы, антракстағы яғни түйнемедегі гамма сәулелерін жояды.Жоғары температура химиялық қаруларды жоюға оңтайлы

Шағын атом бомбасын жасауды қолдаушылар Американың үлкен атом бомбалары терроризмге және қыңыр елдерге қарсы күресте тиімсіз деп біледі. Сондай-ақ, үлкен бомбалар, егер, оларды қолданар болсаң қып-қызыл қырғыншылық болатыны белгілі. Ондай қаруды жауыңа қарсы қолданудың өзі обал. Ал, шағын бомбалар болса ондай үлкен апатқа соқтықтырмайды.

Оның есесіне, жауың, сен оған қарсы атом бомбасын қолдауыңның мүмкін екенін біліп, сескенетін болады. Бұл деген сөз, шағын ядролық қару жауды тежеп ұстау міндетін атқарды деген сөз. Доналд Рамсфелд өкімет бұл ұсынысты зерттемек ниетте деді. Алай да, бұл идеяға қарсылар болса бұл қадам әлем бойынша тағы да жанталаса қарулануға жол ашады деп шу көтеруде. Солардың бірі "Джейн әуеден ататын қарулары" басылымының редакторы Роберт Хюсон:

Егер, Құрама Штаттары бұндай қадамға барған жағдайда , онда, әлемдегі жалғыз супердержава үлгісін іліп әкетушілер көбеймесіне кім кепіл? 1999 жылдан бері жалпы ядролық қаруды дамытуға мараторий болып келгені аян.Бұл мараторийды Үндістанмен мен Пәкістаннан басқа әлемнің барлық қуатты елдері ұстанып келді. Енді, бұл қадамға Американың өзі барар болса, онда сен, қайтып, өзгелерге бұлай жасауға болмайды деп айта алмақсын, - дейді Роберт Хюсон. Сейсенбі күні ядролық қаруға маманданған әйгілі ғалымдар өздерінің президент Бушқа жазған ашық хатында атом бомбасы химиялық, биологиялық қаруды жоюдың орнына, оны бұрқыратып шашады деп мәлімдеді. Лондондағы стратегиялық зерттеулер институтының маманы Гари Самор Американың бұндай қару шығаруға қадам басуы ядролық қару таратпау жөніндегі халықаралық Шартқа қарсы дейді:

Ядролық қарудың бұндай жаңа түрін жасау сынақтардың қайта басталуына әкеліп соқпақ.Ғалымдар жаңа зерттеулер жүргізуге бет бұрмақ. Егер де, Құрама Штаттары сынақтарын қайта жалғастырар болса, бұл, Жаппай Сынақтарды Тоқтату туралы Шарт жұмыс істей бастамағандықтан да , оны бұзу болмайды. Алай да, одан кейн көптеген қуатты елдер бұл бастаманы іліп әкететін болады. Ресей Қытай Үндістан Пәкістан тәрізді елдер Американың істегенін істеуі мүмкін.

Гари Самор оның орнына ҚШ жәй қаруды дамытумен айналысқаны абзал деп біледі:

Менің ойымша атом бомбасын қолданудың, тіптен, ол шағын болса да, оны қолданудың саяси салдары тым ауыр болмақ.Оны қолдану тым күрделі сауалдар тудырады.Сондықтан, мен, президент ондай шағын ядролық қару жасағаннан гөрі, қарапайым қаруларды дамытқан жөн деп табады деп ойлаймын

АҚШ сенаты сейсенбі күні шағын ядролық қару жасауға қарсы осыдан 10 жыл бұрын салынған шектеудің күшін жойды.Конгрестің өкілдер палатасы бұндай қаруды жасауға емес, оны зерттеуге жол ашатын шешімді талқылағалы отыр
XS
SM
MD
LG