Шиит мұсылмандарының Агахан басқаратын әлемдік имам Исмаили қауымдастығының Тәжікістан, Қырғызстан, Қазақстан өкіметтерімен 2000 жылы жасасқан шарттары негізінде осы 3 елдің үшеуінде де Орта Азия Университі жұмыс істей бастады.
Университет Тәжікістанның Бадохшан өлкесінде, Қырғызстанның Нарын облысында және Қазақстанның Алматы облысының Текелі қаласында орналаса бастады. АҚШ дағы Хопкинс Университетінің маманы Фредерик Стар осынау Орта Азия Университетінің де ректоры .Енді Фредерик Стардың пікіріне ден қоялық:
- Осы заманғы күрделі әлеуметтік және мәдени проблемалардың дені олардың ішінде нашақорлық, экстремистік, жоқшылық осындай таулы өлкелерде қанатын кең жайған. Орта Азия университеті осынау назардан тыс жатқан аймақтардың экономикалық және әлеуметтік дамуын қолдау тұрғысында ашылады, - дейді Университет ректоры Фредерик Стар. Бұл Университет таза діни оқу орны емес, зайырлы оқу орны.Имам Исмаили қауымдастығының рухани көсемі Агахан Орта Азия университетін ашуға 15 миллион доллар қаржы бөлді.Оқуға қаржысы жоқ студенттерге Университет қаржылай жәрдем береді дейді ректор Стар.
Толық курстар басталғанша әлі бірнеше жыл өтуі мүмкін. Өйткені студент қалашықтарын тұрғызу жұмыстары енді басталды. Университетте ағылшын тілін, компютерді меңгеру жолға қойылмақ.Бұл жоба туралы Қазақстан оқу министрі Шәмша Беркімбаеваның пікірі төмендегідей:
- Бізде осындай Университет ашылатын болса оның оқытушылары, студенттері басқа елдерге барып тәжрибе алмаса алатын болады.Бұл өте дұрыс.Біз томаға-тұйық өмір сүре алмаймыз.Екінші жағынан ол бізге келіп жатқан инвестиция.Бұ қаланы дамыту үшін пайдалы.Университет ашылса бұ қала (Текелі) мәдениет ошағына айналмақ
Университет онда оқимын деушілерге төрт жылдық бакалаврлық, 1,5 жылдық магистрлік бағдарлама ұсынады. Студент қалашықтарын салу жұмыстары басталды. Өткен жылдан бері аталмыш 3 елдің үшеуінде де 1000 бала даиындық курстарына түсіп өз ана тілдерінде бір жылдық курсті аяқтады. Университет, сондай –ақ, студенттердің ұсыныстарын да ескереді.Бұ жәйлі ректор Стар былай дейді:
- Қазақстанда бизнесті яғни кәсіпті қазақ тілінде жүргізу туралы талап болды.Әйел құқығы туралы да мәселе көтерілді. Біз осынау бөлімшелерде, сондай-ақ, аймақтағы мұғалімдердің білімін көтеруге, орта дәрежелі қызметкерлердің кәсіби деңгейін қайта көтеруге де күш саламыз.
Бұл бастаманы Қырғызстанның Ош қаласындағы Халықаралық дағдарыс Тобының өкілі Давид Леуш қызу қолдады:
Халыққа экономика әлемі қалай жұмыс істеп жатқаны туралы түсінік беру қажет.Сондай-ақ, халыққа бүгінгі әлем жәилі де жаңа көзқарастар керек.Бұ салада оқу-ағартудың маңызы зор.
Давид Леуш Орта Азияда ашылып жатқан Орта Азия Университі өз оқу орындарын қалаларға емес, шалғай таулы аудандарға орналастыру арқылы білім ошағына қолы жетпей жатқан халықтың қалың ортасына мәдениет сәулесін түсіре алады деп біледі.