Accessibility links

“Адамдар металл үшін отыра ма?” немесе Қазақстан президентіне ашық хат


Мақала авторының айтуынша парламентте заңсыз түрде алтын өндірумен шұғылданатын адамдарды жауапқа тарту керектігі жөнінде Қылмыстық кодекске өзгерту енгізу керектігі ұсынылған заң жобасы әлі күнге шейін қабылданбай жатқан көрінеді.

Бір топ мәжіліс депутаттары Қазақстан Республикасының президентіне ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді жекеменшікке беру керектігі жөнінде референдум өткізу қажеттілігін айтып ашық хат жазған.

“Экспресс К” газетінің 5 маусым күнгі санында Алексей Баницкиннің “Адамдар металл үшін түрмеге отыра ма?” деген мақаласы жарық көрді. Мақала авторының айтуынша парламентте заңсыз түрде алтын өндірумен шұғылданатын адамдарды жауапқа тарту керектігі жөнінде Қылмыстық кодекске өзгерту енгізу керектігі ұсынылған заң жобасы әлі күнге шейін қабылданбай жатқан көрінеді. Осыған орай Степнагорск қаласының депутаты Валерий Котович бастаған бір топ мәжілісмендер кезінде үкіметке хат та жазған болатын.

Бірақ үкімет заңсыз жолмен алтын өндіретіндерді жауапқа тартуға үзілді-кесілді қарсылық білдірді. Өйткені Қазақстан мемлекетінде алтын қымбат металл болып саналмайды екен. Бұл ешқандай да қалжың емес, ұлттық компанияның экс президенті, экс-премьер-министр Нұрлан Балғымбаевтың шешімі” дейді мақала авторы. Айтылған сөздерін дәлелдеу үшін мақала авторы экс-премьер-министр Нұрлан Балғымбаевтың 1998 жылдың 28 маусымында Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісіне жолдаған хатын келтірген.

Аталмыш хатта Нұрлан Балғымбаев “Бүгінгі таңда бүкіл әлемде алтынға деген көзқарастың өзгергендігін, республикада соңғы жылдары бұл өндіріс саласының құлдырап кеткендігін және алтын өндірушілерге жағдай жасап, кеңінен жол ашылу керектігін тілге тиек еткен. Мақалада келтірілген деректерге жүгінсек, 1998 жылы үкімет қымбат металл мен тастарды заңсыз өндірген азаматтарды жауапқа тарту қажеттілігі туралы бапты Қылмыстық кодекстен алып тастау жөнінде ұсыныс жасапты. Сол себептен де бүгінгі таңда Қазақстан мемлекетінде заңсыз жолмен алтын өндіру мен оны сату қылмыс болып есептелмейді.

Мақала авторының сөздеріне сенетін болсақ, үкіметтің осындай қамқорлығының арқасында тонна-тонна алтын шет елге кетіп қалған. Бірақ Қазақстан алтынының шет елге тонналап кетіп жатқандығына қарамастан әлемде қазір бұл қымбат металдың бағасы көтеріліп жатыр. Бұл салада бір тәртіп енгізу қажеттілігін түсінген депутаттар заңсыз жолмен алтын өндіретіндерді жауапқа тарту керектігін айтып, үстіміздегі жылы тағы да үкіметке хат жазды.

Алайда депутаттардың ол хатына да үкімет мардымды жауап бермеген. Бірінші рет берген жауабында үкімет бұған қатысты толық шешім 20 наурызда шығатынын жазған. Екінші рет берген жауабында “үкімет жобасының дайын екендігі, таяу арада оның отырыста қаралатындығы жөнінде жауап келген. Ал заң жобасының ешқандай қозғалыссыз жатқанына жарты жылдан асыпты.

Мақала авторының айтуынша мәжіліс депутаттарымен кездескен кезде Әділет министрлігінің вице-министрі Қайрат Раев бұл мәселеге қатысты ішкі істер министрі Қайырбек Сүлейменовке, экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Қайрат Келімбетовке тапсырма бергендігін мәлімдепті. Бірақ Әділет министрлігі заңсыз жолмен алтын өндіргендерді жауапқа тартудың қажет деп санамайды. Нақты деректерді білу үшін Әділет Министрлігі Ішкі істер министрлігіне сұрау салғынымен, олар жауап берген жоқ” дейді мақала авторы.

Мақала авторы өз ойын былайша түйіндейді: “Қарақшылық жолмен алтын өндіретіндердің зардабынан республика бюжеті миллиондаған доллар жоғалтып жатыр. Ал үкімет болса алтынды қымбат металға жатқызарын білмей дал. Қаржы министрлігі депутатардың сауалын жауапсыз қалдырды. Заң жобасы бойынша жүргізілген жұмыс барысында оның бір-де бір өкілі жұмысшы топтың немен шұғылданып жатқанына көңіл бөлген жоқ. Міне сондықтан да бұл саладағы ахуалдың әзірше өзгеретін түрі жоқ” делінген “Экспресс К” газетінің 5 маусым күнгі санында жарық көрген Алексей Баницкиннің мақаласында.

“Сөз” тәуелсіз апталығының кезекті санында бір топ мәжіліс депутаттарының Қазақстан Республикасның президентіне жолдаған ашық хаты жарық көрді. Хатта былай деп жазылған: “Біз-төменде қол қойып отырғандар –Сіздің бұрын ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді жекшелендіру мәселесін бүкілхалықтық референдумға шығарам деген бастамаңызды қолдаймыз. Осыған орай Парламент мәжілісі депуттары: Ғани Қасымов, Серікболсын Әбділдин, Владислав Косарев, Борис Сорокин жариялаған үндеуге қосыла отырып, осы бастаманы қолдап. Оны жүзеге асыратын Қоғамдық комитет құрамыз.

Үкіметке сенім білдіру бойынша дауыс беру нәтижесі – Үкімет пен Парламенттің төменгі палатасының басым көпшілігінің позициясы бір-біріне мүлде қарама-қарсы екенін көретіп берді. Ол сонымен бірге, Мәжіліс пен Сенат көзқарастарының еш қиылыспайтынын білдірді. Осыған орай біз атқарушы билік пен заң шығарушы органның арасында конструктивті қарым-қатынас орнатуды дереу күн тәртібіне қою керек деп санаймыз

Бүгінгі күннің осындай өте маңызды саяси мәселесін шешу үшін үкіметтік “команданы” қайта құру керек деп санаймыз және Жер кодексіне қол қоюға асықпауыңызға немесе оны қайта қарау үшін кері қайтаруыңызды сұраймыз” делінген “Сөз” тәуелсіз апталығының кезекті саныда жарық көрген бір топ мәжіліс депутаттарының Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа жолдаған ашық хатында. Хатқа он төрт депутат қол қойған.
XS
SM
MD
LG