Accessibility links

Алматыда "Мигрант" операциясы өтіп жатыр.


Алматы полициясы "Мигрант" арнайы операциясының кезекті сатысын өткізуде.

Алматы қалалық ІІББ баспасөз қызметінен дүйсенбі күні хабарлағандай, кезекті мұндай операцияны өткізуге заңсыз көші-қон оқиғаларының республикадағы, оның ішінде әсіресе Алматы қаласындағы демографиялық және қылмыстық ахуалға кері әсер етіп, жалпылама сипатқа көшуі түркі болып отыр.

Таратылған ақпаратқа қарағанда, бүгінде Алматыда тіркелетін пәтер тонау және қалта қағу, жезөкшелікпен айналысу сынды құқық бұзушылық көріністерінің 40 проценті келімсектермен тікелей байланысты орын алып отырған көрінеді.

Операция аясындағы тек соңғы екі күн аралығында Алматы ІІББ көші-қон полициясының қызметкерлері мен учаскелік инспекторлар Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан келген 500-ден астам ТМД азаматтарын ұстап, арнайы қабылдау бөлімшесіне жеткізген. Тексеру кезінде олардың барлығының дерлік тиісті ішкі істер мекемесінде тіркелмегендігі , немесе тіркеу мерзімі өтіп кеткендігі белгілі болған. Ал кейбіреуінің тіпті жеке басын куәландыратын құжаты да болмай шыққан.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, осыған сәйкес Алматы қаласы аудандық соттары ҚР аумағынан аластау туралы шешім шығарғаннан кейін заңсыз мигранттар еліміз аумағынан сыртқа шығарылуда. Мәліметтерге сенсек, тек 2003-жылдың соңғы 5 айының көрсеткіші бойынша Алматыға заңсыз келген мигранттар саны 70 мың адамды құраған.
XS
SM
MD
LG