Accessibility links

"Бiзде басқаша ойлаушылар дейтiндер болуға тиiс емес"


Қазақстан Үкiметiнiң жаңа басшысы Даниял Ахметовтың аузынан шыққан алғашқы сөздерiнiң бiрi осы болды.

- Бұл - жаңа Премьер - министрдiң саяси қателiгi. Ол Үкiметтiң орынтағына отырмай жатып сүрiнiп кеттi, - дейдi Мәжiлiс депутаты Серiкболсын Әбдiлдин.

Мәжiлiстiң жалпы отырысқа қатысқан 74 депутатының 73-i, Сенаттың 36 депутатының 35 i Даниял Ахметовты жақтап дауыс берген. Ал Мәжiлiстен қарсы дауыс берген бiрден-бiр депутат Төлен Тоқтасынов пен Сенаттың қалыс қалған жалғыз депутаты Зәуреш Батталова болып шықты. Тоқтасынов “Даниял Ахметов Павлодар өңiрiндегi кәсiпкерлерге қысым көрсетiп отыр. Оның Үкiмет басында әрi кетсе үш жүз күндей ғана отыруы мүмкiн. Борис Ельциннiң мемлекет басышсы болуының соңғы бiр жарым жылында Ресейде 4 Үкiмет ауысты. Тура сондай жағдай бiзде де қалыптаса бастады”,-- дейд Тоқтасынов мырза.

Ал Зәуреш Батталованың сөзiмен айтқанда, “Үкiмет өзгергенмен пайда жоқ. Қайта авторитарлық режим күшейе түспек. Өйткенi, Даниял Ахметовтың Павлодарда өткен соңғы сайлауда Сайлау заңын өрескел бұзып, бақылаушылар мен сайлаушыларға қарсы полицейлiк әрекеттер ұйымдастырғаны, оның билiкке ұнамайтын еркiн ойлы азаматтарды аяусыз қудалайтыны көпке мәлiм.”

Парламенттiң маусымның 13-i күнгi бiрлескен отырысында Мәжiлiс депутаты Вячеслав Косарев Үкiметке сенiм бiлдiру-бiлдiрмеу мәселесi безбенге түскенде бұрынғы бас министр Иманғали Тасмағанбетовтың “Мәжiлiстiң дауыс беру нәтижесi бұрмаланды”,- деген мәлiмдемесiн әдепсiздiк деп айыптады. Ал Мемлекет басшысы өз кезегiнде қызметтен кеткен адамды сынап-мiнеу және шет елге шығып елiнiң басшыларын жамандау, өкiнiшке қарай, қазақстандықтарға, әсiресе, қазақтарға тән деген ойын бiлдiрдi. Ал сенатор Әбiш Кекiлбаев Президент Н.Назарбаевқа қаратып: “Сiз мақтауға зәру емессiз. Онсыз да Нұрсұлтан Назарбаевсыз. Сiз мақтаушылардан сақтаныңыз”,- дедi.
XS
SM
MD
LG