Accessibility links

АҚШ адам саудасымен шұғылданушы қылмыскерлерді жауапқа тартуға шақырады.


АҚШ Мемлекеттік департаменті өзінің жылдық адамдарды құлдыққа сату жағдайына арналған хабарландыруын жарияалады. Мемлекеттік хатшы Колин Пауелл қазіргі заманың құлдары мәселесі түралы хабарландыру, бұндай ұятты іске байланысты елдерге ықпал жасар деп үміт білдірді.

АҚШ Мемілекеттік департаментінің соңғы хабарландыруында әлем бойынша бір миллионға тарта адамның қылмыстық жолдармен құл мен күңге айналдырылатындығы туралы айтылады, бұл хабарландыруда 15-елдің егер бұл мәселе бойынша нақты шаралар қабылдамаса онда шектулерге ұшырайтындығы жайлы ескерту жасалып отыр-деп бастайды Азаттық радиосының жаңалықтар бөлімінің қызметкері Джефри Донован өзінің Уашиңтонан жолдаған хабарын.

Сәрсембі күні Уашиңтонда АҚШ Мемілекеттік хатшысы Колин Пауелл адам саудасы туралы жылдық хабарландыруын жасады.Пауелл барлық елдер адамдарды құлдыққа сатушыларды сотқа тарту туралы белсенді түрде шешім қабылдаулары керектігіне тоқталды.

"Біздің 21-інші ғасырда, азаттық пен демократия барлық құрлықтарға таралып жатқан шақта, жүздеген мың адамды, әйел бала шағаны қылмыскерлер азаптап. қорлап. қанап отырғаны сын көтермейді және бұл адамгершілік тұрғысынан болмайтын нәрсе."

Пауелл құл саудасы таралмаған ел жоқ,Құрама Шатардың өзінде 20-мың адам жыл сайын заңсыз жолдар мен әкелініп нәпісханаларда, кондитерлікфабрикаларда және фермаларда жұмыс жасауға міндеттеледі деді.

Мемілекеттік Департамент бұл мәселеге баса назар аударып,Уашиңтон құлдыққа адамдарды сатушыларға ешқандай жаза қолданбайтын елдерге қарсы Әлемдік банк пен Халықарлық қаржы несие қорының көмектері мен қарыз берулерін доғару сынды шектеулерге баратындығы туралы ескертіп отыр.

15-ел 3-нші Деңгейдегі ең төменгі талаптарды да орындамай отырған тізімге кіргізілген,бұлар : Босния Герцоговина, Куба, Грузия, Грекия, Қазақстан, Солтүстік Көрей, Судан, Түркия және Өзбекістан.

Пауеллдың аға кеңесшісі Джон Миллердің айтуынша, АҚШ шектеулер салмас алдын аталмыш елдер өздеріндегі жағдайды түзеу үшін уақыт бар.

"Шектеулер қолдану туралы ел басыға берілетін ұсыныс осы жылдың күзі 1-қазанға шейін шейін шешіледі. Бұны ұғынып 3-Деңгейге жатқызылған елдер айтарлықтай әрекет жасаулары қажет."

Хабарландыруда 74-ел 2-інші Деңгейге жатқызылған,оларда ең төменгі талаптарды орындап отырған жоқ,бірақ бұған талпыныс байқатады.Бұл тізімге Албания, Белорусия, Бұлғария, Қытай, Хорватия, Венгрия, Жапония, Қырғыстан, Латвия, Молдова, Пәкістан, Румыния, Ресей, Сербия Черногория, Словакия, Словения, Тәджікістан және Украйна кіргізілген. 1-Деңгейдің талаптарын толық орындаушы елдерге Чехия, Литва, Македония, Польша және Британия жатады.1-Деңгейдегі елдер 2000-ншы жылдың қазанында қабылданған АҚШтың Саудаға Салынған Құрбандарды Қорғау бойынша заңын толық орындайды.Келісімнің орындалу шартарына қылмыстық сауда, адам сатушыларды заң тұрғысынан жауапқа тарту, және құрбандарды қорғау және тағдыр тәлкегіне душар болғандарды сотқа тартпау.

Бірақ Миллердің айтуынша тіпті ең шоқтығы биік елдердің өзіде адамдарды саудаға салу сынды керағар мәселені толық жеңе алмауда, бұл әсіресе әйел бала шағаларға тікелей қатысты,олар көбіне нәпісханаларда не қара жұмысты атқарушы күңмен құлдарға айналады.

"Біз кейбіреулер егер ел 1-Деңгейден табылса онда бұл мемілекет барлық талаптарды орындап онда ешқандай қыйыншылықтар жоқ екен деп ойламасын.Әлемдегі кез келген ел қазіргі заманың құлдығымен бетпе бет келеді,бұл Құрама Штатардың басында да бар."

Өткен жыл ішінде Бірікен Арап Әмірліктеріғана 3-Деңгейдегі елден 1-Деңгейдегі ел деңгейіне көтеріле білді.Өткен жыл ішінде Армения, Белоруссия, Ресей және Тәжікістан 2-Деңгейге шейін көтеріліу үшін керекті істер атқарды.

Миллер Ресейде құлдыққа қарсы қабылданған заң өзге елдерге үлгі бола алады деді.

Бірақ Миллер коммунистік елдер Солтүстік Көрей мен Кубаға ерекше назар аударды.

"Куба үкімет бақылауындағы кәмілетке толмағандарды жыныстық қызмет көрсетуші туризмге ие.Кубада бұған жол бермеу не сотқа тарту атымен жоқ.Ол тіпті айтуға келмейді.Тура сондай жағдай Солтүстік Көрейдеде бар,үкіметік емес ұйымдардың хабарлауынша халықты тегін жұмысқа жегіу бар."

Хабарландыру Әлемдегі АҚШ елшіліктерінің көмегімен,сондайақ БҰҰ-ның Халықаралық Балалар Қоры, БҰҰ-ның Босқындар Бойынша Жоғары Комиссияасы, Халықаралық Амнисти және Хюман Райтс Уач сынды үкіметік емес ұйымдардың көмегімен жыйнақталды.

Пауеллдың айтуынша ол Уашиңтон бұл хабарландырудың көмегімен күллі әлемдегі адам саудасын тыйыу үшін дұрысырақ саясатты дамытар деп өз үмітін білдірді деп,-айақтайды Азаттық радиосының жаңалықтар бөлімінің қызметкері Джефри Донован өзінің Уашиңтонан жолдаған хабарын.
XS
SM
MD
LG