Accessibility links

ЕО және Балқан: Брюсель шоғырланған күйде қала ала ма ?


Европа елдерінің Кәсіподақ басшылары мамырдың 21-күні Салникиде өтетін Еуро Одақтың бас қосуына Балқан елдерінің басшыларын шақырып отыр.Бұл Грекияаның Еуро Одаққа 6-ай басшылық жасағандағы ақтық шешім, Еуро Одақ пен Балқан аймағы арасында көпір құру әрекетті.

Бірақ басқа мәселер қатарында Еуро одақ үстіміздегі жылдарда аймақтың тұрақтылығын сақтауына көбірек көңіл бөлмек.

Еуро Одақтың табалдырығында тұрған батыс Балқан аймағының шағын 5-елі соңғы он жылдық ішінде бірнше ұлт аралық соғысты бастан өткізіп, қазірде этникалық соғыстың шығып кету қаупі алдында тұр,-деп бастайды Азаттық радиосының жаңалықтар бөлімінің қызметкері Брефни О'Рук өз хабарын.

Қазір Еуро Одақта өтпелі ел басылықты атқарып отырған Грекия одақтың мүмкіндіктерін пайдаланып аймақта шынайы бейбітшілік орнатпақ ниетте.

Келесі аптада 27 Европалық мүшемен одаққа үміткер елдердің кәсіподақ басшылары бас қосып, Балқанда нақты тұрақтылық орнатуға жол ашпақ ниетте.

Бұл оңайға соқпайды.

Грекия ел басының өкілі Русос Кундуростың айтуынша, кеңейіп келе жатқан Еуро Одақ бұны өзіне міндет қылуы керек.

" Еуро Одақ өзіне аталмыш Балқан елдеріне көмек беруді өзіне міндет етіп алды,кейін келе олар Еуро Одаққа мүше ретінде қосылуға құықылы."

Кундуростың айтуынша, Грекия Европа Одағы мен Балқан арасында тұрақтылық келісіміне бағыталған ассоциацииа құруды қалайды. " Біз Еуро Одақтың жаңа 10-үміткермен өткізген келіссөздерінің тәжірбиесін батыс Балқаның 5-еліне біздің байланыстарымыз үшін пайдалануды жөн санаймыз."

Ол Еуро Одақтың әртүрлі бағдарламаларына бұл елдер тікелей қатынасу арқылы өз елдерінің әкімшіліктерін Еуро Одақтың талаптарына сай етуге жағдай туғызар еді деп түсіндіреді.Афины сондайақ жүздеген миллион еуроның қосымша жәрдеміне де сеніп отыр.Бұл үшін Салоники бас қосуында жоғары деңгейдегі келісімдер қажет.Грекияаның Еуро Одақтағы ел басылығы қазір бітпек,бірақ оның өкілінің айтуынша Одақ бұл аймақты міндеті түрде өз назарынан қалдырмауы тиіс.

" Грекия өз көршілері алдында тікелей жауапкершілке ие.Біз еуро Одақпен етене жақындықты қорғаймыз.Біздің пікірімізше біздің атқарып жатқан бұл тірлік тікелей Еуро Одақ мүдесіне сай.Біз ешқашан олардың Европа елдері екендігін,әрі бұларсыз Европаның толық болмайтындығын естен шығармауымыз қажет."

Кейбір саясый талдаушылар бұл жол жеңіл болмайды деуде. Лондонда орналасқан Европалық Реформа Орталығының талдаушысы Хезер Грабтың айтуынша Еуро Одақ басшыларының басқа мәселері шаш етектен, сондықтан олар бір ғана Балқанға бар назарын аудара алмайды.

" Балқан қазіргі таңда Еуро Одақ басшылары үшін ең басты мәселе болып отырған жоқ.Оларды атлантикааралық мәселер көбірек толғандырады,менің ойымша бұл мәселе өзінше." Грабтың айтуынша Еуро Одақ үшін Балқан елдерін мүшелікке қабылдау ол болашақта туындайтын мәселе.оларды көбірек тайау жылдардағы Орталық және Шығыс Европаның 10-елімен, одан кейін Бұлғария мен Румынияның мәселесі толғандырады.

Бірақ Хорватия қазірдің өзінде мүшелікке өтініш беріп қойды.Ол одаққа кіру үшін аймақтың өзге елдерін күтуге мәжбүр ме ?-деген сауалға Граб:

" Хорватия Югославияаның өзге елдерін күтуі керек пе ? Бұл Еуро Одақ айасындағы үлкен мәселе.Бұл тұтас аймақтық қамту қажет пе, не елдерді бірінен кейін бірін қабылдаған дұрыс па ? Бұл Еуро Одақ саясатының өте қуақы сауалы, жалпы атыраптық серіктестік арқылы аймақаралық топтар басында қабылдануы тиіс пе, әлде олардың дәрежелеріне сай мүшеліке өтініштерді қабылдау дұрыспа."

Осы аптада "Файнэншл Таймс" газетіне берген сұқпатында Македония ел басы Борис Трайковский Салоникиде өтетін жоғары дәрежелі кездесуді 1993-жылғы Копенгагендегі Еуро Одақтың жоғары дәрежелі кездесуі кезінде бұрынғы Советтік блоктың құрамында болған елдердің саясый және экономикалық деңгейлерін талқылау сәтімен салыстырды.Бұл кеңейу келесі жылы іске асылуы тиіс.

Балқан елдеріде Еуро Одақта Балқан елдерін кезекті кеңейуге енгізу майда өтеді деп үмітенуде,-деп айақтайды Азаттық радиосының жаңалықтар бөлімінің қызметкері Брефни О'Рук өз хабарын.
XS
SM
MD
LG